Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Осылайша жүргізілген ойында жаңылыспаған ойыншы жеңеді



Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты тексеру,сұрақ – жауап

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

Жаңа сабақты қорытындылау

Рефлекция

Йге тапсырма.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Өткен сабақты тексеру:

Сұрақ жауап:

Малды кім бағады?

Түйені – түйеші

Жылқыны – жылқышы

Сиырды – бақташы

Қой мен ешкіні- қойшы (шопан)

Төрт түліктің пірлерін ата.

Түйенің пірі- Ойсыл қара.

Жылқының пірі – Қамбар ата.

Сиырдың пірі- Зеңгі баба.

Қойдың пірі – Шопан ата.

Ешкінің пірі – Сексек ата.

 

Жаңа сабақ

Жылқы малын шақыру

1.құрау-құрау – биенің сауыны болған кезде құлынын емізіп, сауу үшін шақыру.

2. моһ –моһ – жылқыны ұстау үшін шақырғанда қолданылатын сөз.

3. тәк – жылқының үстіне ер салып мінгенше қозғалмай тұруы үшін айтылатын сөз.

4. тыр-р – арба мен шанаға жеккенде атты тоқтату үшін айтылатын сөз.

Түйе малын шақыру

1. Көс-көс –түйені ботасын емізіп, сауу үшін шақыру.

2. Сорап-сорап – түйені су ішуге шақыру

3. Шөк-шөк – түйені тізесін бүктіріп, шөгеру үшін айтылатын сөз

Сиыр малын шақыру

1. Аухау-аухау – бұзаулы сиырды сауу үшін шақыру

2. Әукім-әукім – сиырды ұстау үшін айтылатын сөз

3. Өк – сиырды жүргізу, айдау үшін қолданылатын сөз.

Ой малын шақыру

1. Пұшайт –пұшайт –қойды қозысына шақырғанда қолданылатын сөз

2. Шай-шй – қой тосынан үріккенде, оларды басып тоқтату үшін айқайлап айтылатын сөз

3. Құрайт-құрайт өрістегі қойды қайыру үшін қолданылатын сөз

Ешкі малын шақыру

1. Шөре-шөре – ешкіні лағына шақырғанда айтылатын сөз

2. Шек былай – бытыра, өріп бара жатқан ешкіні қайыру үшін айтылатын сөз.

Сергіту сәті

Бір , екі, үш

Бойға жинап күш.

Күнде бестік аламын,

Қуанып үйге қайтамын

 

Дәптермен жұмыс.

Биені құраулап,

Түйені көс-көстеп,

Сиырды аухаулап,

Ешкіні шөрелеп,

Шақыра аламыз.

Сауамыз, бағамызөлеңді жаттап алу.

Сабақты қорытындылау.

Төрт түлікті қалай шақырамыз?

Рефлекция

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?

Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ ұнады ма?

Кімнің жауаптары ұнады?

Йге тапсырма.

Төрт түлік туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Оқу, мазмұндау

 

Ұлттық дүниетаным

2 сынып

14-сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы; Жануарларға байланысты ұлттық ойындар.

Сабақтың мақсаты;Оқушылардың сана сезімін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.Шығармашылық, ізденіс қабілетін жетілдіру,Сауаттылыққа төселдіру. Төрт түлікке қатысты тыйым сөздерді ұғындыру..

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: Сөйлеу мәдениетіне,ұйымшылдыққа, ынтымақты болуға тәрбиелеу. Төрт түлікті бағалауы.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап,әңгімелеу, баяндау, түсіндіру

Пән аралық байланыс: ана тілі, бейнелеу

Көрнекіліктер: төрт түлік пен төлдерінің суреті ,ойын түрлері..

Сабақтың типі: аралас

 

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты тексеру,сұрақ – жауап

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Ойын түрлері

Сергіту сәті

Жаңа сабақты қорытындылау

Рефлекция

Йге тапсырма.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Өткен сабақты тексеру:

Сұрақ -жауап:

Малды кім бағады?

Түйені – түйеші

Жылқыны – жылқышы

Сиырды – бақташы

Қой мен ешкіні- қойшы (шопан)

Төрт түліктің пірлерін ата.

Түйенің пірі- Ойсыл қара.

Жылқының пірі – Қамбар ата.

Сиырдың пірі- Зеңгі баба.

Қойдың пірі – Шопан ата.

Ешкінің пірі – Сексек ата.

 

Ешкі малын қалай шақырады?

Қой малын қалай шақырады?

Сиыр малын қалай шақырады?

Жаңа сабақ

-Балалар ,бәріміз тақтаға назар аударайық.

-Не көріп тұрсыңдар?(сөзтізбек)

-Сөзжұмбақты дұрыс шешсек,торкөздің ішіне толтырып жазамыз.

Түйе

Жылқы

Есек

Ешкі

1)Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз.(Түйе)

2)Қамыс құлақ

Тостаған тұяқ,

Мінсең қанат,

Сүті дәрі,еті тамақ.(жылқы)

3)Қоян құлақты,

Жылқы тұяқты

Сұрғылт түсті,

Көнбес күшті.(есек)

-өте жақсы балалар.

Соқыртеке ойыны.

Ойыншылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап соқыртекені шығарады.Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып,соқыртекені түрткілей бастайды.Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып ,атын айтуы керек.Осылай ойнап жүргенде соқыртеке тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін.Онда ұсталған ойыншы көзін байлап ортаға шығады да, соқыртеке болады.Сондықтан олар бір орында тұрмай, үнемі қашып жүруі керек.Соқыртекенің қолына түскен бала орын ауыстырады.Мүмкіндігінше, ойыншылар шеңберден шықпағаны жөн.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы бар екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Теріп-теріп аламыз,

Аузымызға саламыз.

1,2,3

Біз жинаймыз күш,

Терезені ашамыз.

Таза ауа жұтамыз,

1,2,3

Отырамыз тып-тыныш.

Шты-ұшты ойыны

Ойынды сыныпта да, сыртта да ойнауға болады.Ойынға қатысушылар бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыруы шарт.Ұшатын зат айтылса,қолдарын жоғары көтереді де,ұшпайтын зат айтылса, тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып,тақпақ айтады немесе ән салады.Екі рет жаңылса,айып шарты ұлғаяды.Бастаушы ойынды былайша жүргізеді.

-Ұшты-ұшты,сұңқар ұшты.(қол көтереді)

-Ұшты-ұшты, тұлпар ұшты(қол көтермейді)

-Ұшты-ұшты ,қарға ұшты(қол көтереді)

-Ұшты-ұшты, арба ұшты(қол көтермейді)

Осылайша жүргізілген ойында жаңылыспаған ойыншы жеңеді.

Сабақты қорытындылау.

Рефлекция

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?

Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ ұнады ма?

Кімнің жауаптары ұнады?

Йге тапсырма.

Ойын түрлерін оқу, айту.

 

Ұлттық дүниетаным

2 сынып

15-сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы; Төрт түлікке қатысты тыйымдар.

Сабақтың мақсаты;.Шығармашылық, ізденіс қабілетін жетілдіру Төрт түлікке қатысты тыйым сөздерді ұғындыру..

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: Сөйлеу мәдениетіне,ұйымшылдыққа, ынтымақты болуға тәрбиелеу. Төрт түлікті бағалауы.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап,әңгімелеу, баяндау, түсіндіру

Пән аралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, математика.

Көрнекіліктер: төрт түлік пен төлдерінің суреті ,ойын түрлері..

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың кілт сөзі:

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі.



Просмотров 3247

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!