Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Оқу процесін ұйымдастыру



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАғЫ БАТЫС КАЗАқСТАН

МЕМЛЕКЕТТіК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТі» ШЖқ РМК

 

ЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ ЖӘНЕ Дәлелдеу медицина ОРТАЛЫҒЫ

 

Силлабус

Пән: «Дәлелді медицина негіздері»

 

Пәннің коды ODM – 3216

 

Мамандық: Жалпы тәжірибелік дәрігер

 

Оқу сағаттарының /кредиттерінің/ көлемі – 45/1

 

Оқыту курсы 6, семестрі 12

 

 

Актобе, 2015


 

 

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) ҮКД және ДМО (үздіксіз кәсіби даму және дәлелді медицина орталығы) «Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрылды.

 

 

Автор (ы): ассистент Кенжина Н.К.

 

ДМОАО кеңесінде талқыланды 07.09.2015 ж.

Хаттама №1

 

ҮКД және ДМ жетекшісі орынбасары, м.ғ.к., доцент__________ Назарбаева Р.К.

 

 

Оқытушылар туралы мәліметтер: тізімі, ғылыми атағы, лауазымдығы, ғылыми жұмысы,

ж

 

Аты жөні Ғылыми дәрежесі, қызметі категориясы Ғылыми жұмысы Мамандықты жетілдіруі Контактные телефоны, Эл почта
Назарбаева Рысты Казтугановна м. ғ.к., доцент ДМО жетекшісі сертиф пульмонология Москва, 2010 Астана, 2010, 2011, 2012 nazar.rk@mail.ru  
Алекенова Нургуль Умирбековна ассистент сертиф Ішкі аурулар Актобе, 2011, Астана 2012 8775 923 08 93 knurgul7@mail.ru
 
Маннапова Акжунус Иманкуловна м.ғ.к. ассистент сертиф. Иммунология Алматы 2007 Akzhunus@mail.ru  
Талдыбаева Айгуль Жанузаковна ассистент   сертиф. Педиатрия Актобе 2012
Кенжина Назым Касымгалиевна ассистент сертиф. Ішкі аурулар Актобе 2014, 2015 87029118169
Бекниязова Даража Кабаевна ассистент сертиф педиатрия Актобе 2015 87014212851

Қатынасу хабары: кафедраның орналасқан жері (адрес, корпус, аудитория), телефоны,

электронды адресі – Маресьев көшесі 68, 1 оқу ғимараты, 110, 111

бөлме, т.56-71-64

 

Пән саясаты:

ДМОАО негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес кәсіби білім мен дағдыларды игерген мамандарды теориялық және практикалық дайындау болып саналады.

ДМОАО өз қызметінде жетекшілік етеді:

· Қазақстан Республикасының Конституциясы;

· Қазақстан Республикасының заңдары;

· Университет жарғысы;

· Университет ОӘК, кураторлар кеңесі, ректорат, Ғылыми кеңес шешімдеріне;

· Университет ректоры бұйрығына;

· ҚР медициналық жоғары оқу орындарының РОӘБ, ҚР ДСМ және БҒМ директивті құжаттарына;

· Инструктивті хаттар мен Ережелер.

Жұмыс тарауларын орындалмағанда қойылатын талаптар: жіберілген сабаққа рұқсат қағаз әкелу, аптасына 2 рет деканатқа қызметтік жазба тапсыру (ішкі нормативті құжаттарға сәйкес).

Пәннің саясатының талаптары бірдей және келесі тараулардан тұрады:

1.3.1. Оқу процесін ұйымдастыру;

1.3.2. Оқу процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі;

1.3.3. Аудиторлық сабақтар және СӨЖ өткізуге талаптар;

1.3.4. Оқушыларға қойылатын талаптар.

 

Оқу процесін ұйымдастыру

ДМОАО оқу процесін сабақ кестесіне сай факультет, курс және оқыту формасына сәйкес жоспарлайды және ұйымдастырады. Оқу процесінің өткізілуін жетілдіреді. Студенттер білімін ағымдағы бақылау оқу сабақтарының кестесіне сай өткізіледі. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша ағымдағы бақылаудың түрлері келтірілген: ауызша сұрастыру, жазбаша бақылау, біріктірілген бақылау, үй тапсырмалары презентациясы және тестілеу. Оқушылардың аралық аттестациясы оқу жоспары, академиялық календарь және оқу бағдарламасына байланысты жүргізіледі. Емтихан сессиясы кезінде оқушылардың білімі пән бойынша дифференциальды сынақ тапсыру бойынша өтеді. Дифференциальды сынақ тестілеу бойынша өтеді. Оқу кестесін оқу бөлімі және офис-регистратормен бірге штаттық кестеге сәйкестендіреді. Оқу-әдістемелік құжаттармен сабақта студенттерді таныстыру парағы арқылы таныстырады. М.Оспанов атындағы БҚММУ Ғылыми орталығымен тығыз байланыста. Үшінші семестрді өткізуде қосымша білім беру қызметтерін алу үшін жағдай жасайды.

1.3.2. Оқу процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі: Силлабустар, анықтама-жолсеріктер, практикалық сабақтың әдістемелік нұсқамалары, СӨЖ және СОӨЖ студенттерге электрондық нұсқасы ұсынылады. Сабақ кестесі, кеңес беру кестесі, қызметкерлердің жұмыс кестесі ДМОАО ақпараттық хабарлама тақтайшасында ілінген. ПОҚ сабақтарында уақытында рейтингтік бағалары жөнінде хабардар етеді.

1.3.3. Аудиторлық сабақтар және СӨЖ өткізуге талаптар:Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар факультет, курс және оқыту түріне байланысты сабақ кестесіне сай әдістемелік ұсыныстармен қамтылады.

1.3.4. Оқушыларға қойылатын талаптар:Практикалық сабақ пен дәрістерге қатысу міндетті түрде. Киім формасы таза, үтіктелген халат пен колпак. Студенттер үнемі еңбек тәртібін сақтауы керек. Айыппұл санкциялары «Марат Оспанов атындағы БҚММУ оқу процесін ұйымдастыру ережесі, 2009» негізінде жүргізіледі. Жіберілген сабақтары өтеу сабақтары журналында тіркеледі. Сабақтары өтелмеген студенттер аралық бақылауды тапсыруға жіберілмейді. Сабақтары өтеліп болған соң студент декан рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсырады. Сабақтары өтелмеген немесе аралық бақылау бойынша нашар баға алған студент пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді.

Бағдарлама

Кіріспе

Соңғы он жылдың ішінде медицинада – дәлелді медицина (ДМ-evidence-based medicine) деген жаңа білім саласы қалыптасты. Оны сөзбе-сөз аударғанда – «тек дәлелдерге негізделген медицина» немесе бұл термин «ғылыми – негізделген практикалық медицина» деген ұғымды береді немесе «ғылыми-дәлелденген медицина» деуге де болады. Ғылыми-дәлелденген медицина – ғылыми ақпараттардың жинау технологиясына, анамнездеріне, интерпретациясына, жиынтықтарына негізделген жаңа бағыты мен түрі болып есептеледі.

Бұл дәрігердің клиникалық тәжірибесінің, сырқат құндылығының маңызды ғылыми мәліметтерінің интеграциясы, клиникалық тексерулер мен ем жасаудың дәл, ең тиімді түрін белгілі ауруға жасай білу.

Осыған байланысты, қазіргі дәрігер тек қана медицина саласындағы технологиялық жаңалықтарды біліп қоймай, емдеудің осы немесе басқа әдісі неліктен тиімді және залалсыз болып есептелетінін анықтауы қажет.

 

Пәннің мақсаты: студенттерге дәлелді медицинаның негізін қалыптастыру, оны орындай білудің дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін, әрбір медициналық жаңалықтарды сын көзбен бағалаумен, болашаққа керекті жерінде пайдалануды оқыту.

 

3. Пәннің міндеттері:

· студенттерді ДМ-ң негізгі терминдеріне оқыту

· студентерді клиникалық тексерулердің негізгі түрлерін айыра білуді үйрету

· студенттерді ДМ-да пайдаланатын негізгі дағдыларға оқыту

· студентттерге медициналық ақпараттарды сынай бағалауды үйрету



Просмотров 1703

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!