![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Дәрістердің қысқанша жазбасы
Тақырып1 Бірлестіктің (кәсіпорынның) өндірістік және шаруашылық қызметінің негіздері мен теміржол бөлімдерінің реструктуризациясы (1сағат) Дәрістің жоспары 1. Менеджмент. Негізгі ұғым. 2. Менеджменттің атқаратын қызметі. 3. Менеджменттің ұстанымы.
Менеджмент, жалпы алғанда, екі субъектінің арасында болатын белгілі бір өзара іс-әрекеттің түрі,оның біріншісі - басқару субъектісінің ролінде болады, ал екіншісі – басқару объектісі ретінде болады. Басқару негізіне жататын, бір жағынан, субъектінің басқаруды басқару қажеттілігі мен мүмкіндігі, ал екінші жағынан- объектіні басқаруға қажеттілікпен мүмкіндігінің басқарушылық бұйрығын орындауы жатады.Егер басқару мақсаты яғни объектінің қалаған жағдайы немесе оның жұмыс істеуінің қалаған нәтижесі субъектінің басқару мақсатымен сәйкес келсе, соңғысы тиімді басқаруға негізделген. Мұны жүзеге асыруда екі жағдайда орындау керек: Басқару субъектісі өз мақсаттарына жету мүмкіндіктеріне басқарманың, жеткен жетістіктерінен тыс басқарушылық қызметі есебінен ие болмауы керек. Басқару субъектісінің өзінің басқарушылық әрекеті есебінен жеткен жетістік дәрежесі басқарманың мақсатқа жету дәрежесімен тікелей байланыста болуы керек. Менеджмент – бұл финанстық , еңбек және материалдық қорларды белгілі көздеген мақсатта рационалды пайдалану арқылы нарықтық жағдайда кәсіпорынның кез келген қаржы істері барысында нәтижеге бағытталған кәсіби тұрғыда жүзеге асатын дербес іс - әрекет түрі. Мамандандырылған басшылық еңбек тиімділігін арттыруға себепші болатын жұмысшылардың іс - әрекетіне мүмкіндік береді. Ұйымдастырудың тіршілік әрекеті негізгі үш процестен тұрады: 1. Шикі зат пен қорды сырқы ортадан алу 2. Өнім дайындау 3. Өнімді сыртқы ортаға беру Негізі ұйымдастыру процесі ең кем дегенде біреуі тоқталса , ол әріқарай тіршіліктен қалады.Менеджмент осы процестердің арасындағы балансты қолдайды және олардың тіршілігіне жұмылдырады.Басқару элементі болып табылатындар: басқару мақсаты және оның дәрежеге жету тәсілі, белгілі бір қоршаған ортадағы өзара әрекеттестіктегі басқарудың объектісі мен субъектісі. Басқару процесіне жататындар: шешім жасауда қолданылатын ( басқарушылық еңбек өнімін) ақпарат жинау, өңдеу және беру ( еңбекті басқару құралы). Бақару технологиясы- бұл басқару процесінің толығымен және оны құрайтын қызметтің орындалу әдісі,тәсілі және бір ізділігі. Менеджменттің атқаратын қызметі. Функция дегеніміз- еңбекке бөліну мен мамандандыру процесінде туындайтын басқарушылық қызметке сәйкес іс- әрекет. Басқару қызметін олардың басқару процесіндегі қайталанушылық белгісіне қарай шартты түрде жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпыға жататындар: жоспарлау, ұйымдастыру, дәлелдеу және бақылау. Жоспарлау дегеніміз- болашақтағы ұйымдастыру қызметінің мақсаты мен көрсеткішін, сонымен бірге міндеттер қою және олардың қаржысын шешуге қажетті бағасын анықтау. Ұйымдастыру кәсіпорынның мақсатынан туындаған жұмыс міндеттерін белгілеуді және кәсіпорын бөлімдеріндегі және олардың арасындағы ресурстарды бөлу мен жұмыс міндеттерінің орындалу жауапкершіліктерін айқындауды болжайды. Дәлелдеу- өзіңді және басқаларды өз мақсатына, ұйымдастыру мақсатына жету әрекетіне талаптандыру. Менеджмент принцпі ( ұсынымы) – басқарудың тәжірбиелік міндеттерін жолға қоюда қамтылатын басқарушылық жүенің түрлі бөліктеріндегі өзара қатынастарды мөлшерлі жүзеге асыратын жалпы заңдылықтар. Принцптерде басқарудың танылған заңдылықтарын және өзін дәлелдеген тәжірбие көрсетілген. Басқарудың жалпы принципіне жататындар: 1. Ақпараттық қамсыздандыру ( ақпараттық байланыс) принципі 2. Басқарудың ғылыми негізделген принципі ( экономикалық дамудың және экономикалық шынайы заңдылықтардың барлық факторларын біріктіру есебі қажет) 3. Орталықтандыру мен ( централизация) децентрализацияның тиімді үйлесу принципі 4. Коллегиальдылық принцип- әртүрлі деңгейдегі жетекшілер мен нақты шешімді орындаушылар пікірінің негізінде ұжымдық шешім шығару 5. Құқықтардың ( право), міндеттердің және жауапкершіліктің үйлесу принципі ( әрбір лауазым басқару иерархиясында нақты құқықтарға ие болады, нақтылы қызмет атқарады және өз басқаруында толық жауапкершілік арқалайды). Шаруашылық қызмет қоғам үшін қажетті өнім өндіріге бағытталады.Ол көптеген қайталау операциялары актілерден құралады, соның нәтижесінде қажетті материалдар, энергия қорлары алынады; өнімдер, жұмыстар, қызмет көрсету дайындалады және сатылады.Сонымен бірге тірі еңбек, негізгі және айналмалы тәсілдер қолданылады. Ұйымдастырудың шаруашылық қызметінің нәтижесі өндірілетін өнімнің қажеттілігін анықтайтын факторлар себебінің өзара әсер ету жүйесіне байланысты ,өндірістің қажетті материалдармен, еңбек, энергиялық және қаржылық қорларымен қамтамассыз етілуі; қолданылатын техника мен технологияның дамушылығы; өндірілетін өнімнің мөлшері, табиғи жағдайлары т.с.с. Экономикалық сараптаудың негізгі міндеттері болып табылатындар: - шаруашылық қызметті қортындысын бағалау( жоспарлар мен болжамдардың динамикасы мен дәрежесін, сонымен қатар оларға жұмсалған нормалар).
Сынылатын әдебиеттер 1.В.А Абчук,учебник. Менеджмент. –С.Петербург.:Союз,2002. 2. М. Мескон, М Альберт. Основы менеджмента. –М.:Дело,2005.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары ( тақырып 1) [1,4] 1.Менеджменттің мақсаты мен міндеті; 2. Менеджменттің өзіне тән ерекшелігі мен кезеңі; 3. Менеджмент және міндеті қызметі.
Тақырып 2 Көлік бөлімдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жоспарлаудың мәні, міндеттері мен негіздері(1 сағат) Дәрістің жоспары 1. Басқару әдісі. 2. Өндірісті ұйымдастырудың маңызы 3. Негізгі өндірістік қор және оларды пайдаланудың көсеткіштері Басқару әдісі-басқару мақсатына жету үшін басқару объектісіне ықпал жасау әдіс – тәсілдері жиынтығы. Басқару әдісінің жүйесіне үш топ басқару әдісі кіреді: 1.Экономикалық 2. Ұйымдастытыру-тәртіптеу (әкімшілік) 3. Әлеуметтік – психологиялық Бұл топтың белгісі болып тұлғаға ықпал жасау жолы мен жалпы ұжым табылады. Мұндай жолдар -3: - белгілі еңбек реті мен тәртібін сақтаудың қажеттілігін ұғындыру мақсатында ықпал жасау - материалдық ынталандыру арқылы ықпал жасау - материалдық қызығушылық арқылы ықпал жасау. Басқарудың экономикалық әдісі- экономикалық заңдарға, экономикалық көрсеткіштермен өзара байланысты ықылас және жүйе, ерекше және мөлшерге негізделген басқарудың жыинтық әдіс -тәсілдері. Бұл әдістерге енетіндер: 1. Өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей ұзақ және тұрақты байланыс орнату. 2. Экономикалық тетіктерді пайдалану, табыстарды салық салу, несиелеу. 3. Жеклей жұмыскерлерді алған мақсатына жетудегі қызығушылығын материалды көтермелеу ( еңбек ақы төлеу және сыйлық қоры жүйесі арқылы). Ұйымдастыру- тәртіптеу ( реттеу ) әдісін қолдану механизмі өндірістік жүйедегі байланыс пен лауазымдық жағдайын белгілейтін басқарудың құрлымы болып саналады. Бұл әдістер жарлықтар және бұйрықтарға міндетті ерекшіліктермен сәйкес келетін тікелей тәртіп бұзуды басшылардың қарастырып, одан соң белгілі жағдайға тартумен өзгешеленеді.Бұйрық беру әдісі басшылардың бұйрық және жарлық беруін ұйғарады.Ұйымдастыру әдісі былай бөлінеді: - Ұйымдастырушылық жобалау әдісі ( құрылымды және нормативті актілер жасау) - Ұйымдастырушылық нормалау әдісі ( басқару қызметіндегілердің басқарушылық, басқару ауқымындағы еңбек шығынын, басқарушылық операциясы мен процедурасын ұзақтығы, материалдар шығынын және басқада шығындар жүйесін және қолдану). Әлеуметтік әдістер тобына жататындар: - Әлеуметтік көпшілік процестерді басқару әдісі ( мамандыққа бейімдеу, ұйымдасқан іріктеу, жұмыс ақысын, жеңілдіктерді аймақтық реттеу ) - Топтарды басқару әдісі ( беделділік, демократиялық- беделділік және демократиялық) - Топтық құбылыстармен және процестермен басқару әдісі ( жаңашылдық , еңбек бастамалары) - Әлеуметтік нормалау әдісі ( мамандығы бойынша үздіктер конкурсы, жарысы, өздігінен іс істеу жағдайы және ішкі тәртіп ережелері) - Рольдік өзгеріс әдістері ( кейбір мамандықтың мәртебесін көтеру ) - Әлеуметтік тәртіптеу әдісі ( шарттар,өзара мідеттеме, келісім,іріктеу жүйесі) Өндірісті ғылыми ұйымдастыру . Ұйымдастыру ішкі тәртіпті жөнге келтіруді қажетті нәтижеге жетудің бір бөлігі санайды. Материалдық өндірісте екі жағын белгілейді: - Өндіргіш күштер - Бірлескенде өндіріс тәсілін жасайтын өндірістік қатынастар. Негізі өндірістік күштерді құрастырушылар- адамдар мен өндіріс құралдары.Өндіріс құралдарына еңбек құралдары мен еңбек бұйымдары жатады. Еңбек құралдары- ол адамдар еңбек бұйымына ықпал жасайтын машиналар, құрал – жабдықтар. Еңбек бұйымдары- ол дайын өнім алынатын ( шикізат, материалдар, отын, жартылай фабрикаттар). Адам - өндірістің нақты факторы; құрал-сайман және еңбек бұйымдары- заттай факторлар. Жол бойы көліктерінің жөндеу кәсіорындары екі топқа бөлінеді. Біріншісі- локамативті және депоға қатысты жол бойы кәсіпорны. Олар жол бойы қызметінің негізгі баланысында және солардың қажетін қанағаттандырады. Депо да ағымдағы жөндеуді, локамативтерге деполық және ағымдағы қызмет жасайды ( кей жағдайда капиталды (түбегейлі) жөндеу). Екінші топқа өзара кооперация жүйесімен байланысты, сол сияқты дербес баланыста тұрған және өзінің өндірістік бағдарламасы бар жол бойы көлігінің экономикалық дербес өндірістік кәсіпорын жатады. Бұл – еліміздің жол бойы қажеттіліктерін қанағаттандыратын және ең ірі саналатын, техникамен жабдықталған жылжымалы құрамды жасайтын завод. Бұл заводтар қозғалмалы құрамға жөндеу және модернизациялауды жүзеге асыруды, сонымен қатар қосымша бөлшектер шығарады. Ағымдағы жөндеуді ревизия жасау, тозығы жеткен тораптарды, бөлшектерді, аппараттарды және аспаптарды сыннан өткізу және реттеу, локомотивтердің жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату мақсатында жасайды. Күрделі жөндеуді (капитальный ремонт) пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру және қорды айырбастау арқылы жартылай қалыпқа келтіру немесе тозығы жеткендерді жылжымалы құрамның сынған агрегаттарын жаңарту. Заводтың қолында бар өндіріс құралдары еңбек құралдарын (ғимарат, машиналар, станоктар) және еңбек бұйымдары (материалдар, отын, локомотивтер, вагондар) болып бөлінеді. Өндіріс құралдары негізгі және кері болып бөлінетін өндірістік қорды жасайды. Негізгі өндірістік қорлар-өзінің табиғи- заттық формасын бірнеше өндірістік цикл ағымында ( әдетте бір жыл) сақтайтын еңбек құралдары және байланыс жасау мөлшері бойынша өз құнын дайын өнімге көшіреді.Негізгі қорлар құрамына, белгіленуіне, орындалатын өндірістік процесіндегі қызметіне қарай олардың құрлымын сипаттайтын келесі топтарға бөлу қабылданды: ғимараттар, құрлыстар,берілістік құрылым, машиналармен жабдықтау, көлік құралдары, құрал- жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь. Өндірістік процестегі негізгі қордың бөліктерінің активті және пассивті жағын айқындайды. Активті негізгі қорлар – бұл еңбек бұйымының дайын өнімге айналуына қатысатын еңбек құралы. Пассивті негізгі қор деп қордың активті бөлігінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамассыз ететін қорды айтады. Бұлар: ғимараттар, жолдар , күштік қондырғылар т.б.
Сынылған әдебиеттер 1 Герчикова И.Н. Менеджмент. Банки и биржа, ЮНИТИ, 1998 2 Экономика прмышленного железнодорожного транспорта. /В.А. Дмитриев, В.И. золонков, А.Д. Шишков: Под. Ред. В.А. Дмитриева. –М.: Транспорт, 1989.-363с. 3. А.Ф. Иваненько. Анализ хозяйственной деятельности на железнодорожном трансорте . –М.: Маршрут, 2004-.566с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары ( тақырып -2 ) [2,8] 1 Фирмаларды жіктеу 2 Басқару аппаратының маңызды деңгейі 3 Мақсаттардың қалыптасуы
Тақырып-3. Жаңа техника және ұйымдастыру-техникалық шараларды ендіру тиімділігін анықтау(2 сағат) Дәрістің жоспары 1. Кәсіпорын-ұйымдастыру жүйесі саналады. 2. Жүйе элементінің жіктелуі 3. Айналымдағы жабдық және оларды қолдану көрсеткіші Жүйе деп бөліктерден құралған белгілі заңмен немесе принциппен реттелген бір бірімен заңды байланыстағы шыңдық бірлігін айтады.Жүйелік қатынас- шынайы өмірді диалектикалық әдіспен зерттеудегі қажетті құрал, әрбір құбылысты оның барлық өзара байланысын біртұтас ретінде есептей отырып қарастырады, жүйеннің мақсаттары мен міндеттерін нақты тұжырымдаудың қажеттілігін, мәселені шешуге байланыста барлық жағдайды есепке алуды ұсынады. Қосалқы жүйелі тәсіл деп ойлаудың жүйелендіріген әдісін түсінеміз, соған сәйкес шешімді дәлелдеу процесі жүйенің ортақ мақсатын анықтауға негізделеді және осы мақсаттың жоспардағы көптеген қосалқы даму көрсеткіштері мен олардың стандарттарының бірізділігінде қарастырылады. Кез келген жүйе, бір жағынан, жоғары тәртіптегі қосылқы жүйесі, ал басқа жағынан, қосалқы жүйені құрайтын жиынтық ретінде қарастырылады. Жүйе теориясы тұрғысынан материалдық өндіріс өндірістік жүйе болып табылады. Әрбір кәсіпорын қызмет жүйесі ретінде қарастырылады. Жүйенің жұмыс істеуінің маңызы бұл жағдайда қалаулы шығыс ( дайын бұйымдар) алу үшін белгілі кірістерді ( материалдар, ақпараттар, аспаптар) жасаумен байланысты ақпараттар, энергия мен материалдардың қозғалысына апарады. Өнеркәсіпке жүктелген міндетті шешу үшін, оның ауқымында белгілі қызметтер жүзеге асырылады ( жоспарлы бюро) ол өзін- өзі ұйымдастыруды жүзеге асырады және өз құрамында қосалқы жүйелерді бөліп шығарады. Қосалқы жүйенің алғашқы звеносы болып-элемент саналады. Элемент - әр қарай бөліктерге бөлуге берілмейтін объект. Элементтерді әр түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мазмұнына қарай төмендегідей элементтерді бөледі: адамдар ұжымы, машиналар мен құрал –жабдықтар, материалдар, энергия және ақпарат.Өндірістік жүйеде кәсіорын төмендегідей қосалқы жүйені бөледі: әлеуметтік (жүйенің ұйымдастырушылық көрінісі ретіндегі адамдар арасындағы жиынтық қатынасы) , өндірістік техникалық, ақпараттың қосалқы жүйесі. Әрбір келтіріген қосалқы жүйе жүйелер белгілеріне ие, бірақ өзіне тән дербес жүйеден оңашаланбайды. Кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар тобын материалдық құрал – жабдықсыз және керісіше жүйе деп атауға болмайды. Элементтерді басқару белгілерімен және орындалуымен жіктеу. Кәсіорын жүйе ретіне өзара ақпаратты жеткізу жолдарымен байланысты басқарлушы және басқарушы қосалқы жүйеден тұрады.Басқарылушы қосалқы жүйе ретінде өнімді дайындау және көмек көрсетуді қамтамассыз етуді жүзеге асыратын өндірістік процестердің жиынтығы. Бұл жағдай кәсіпорындағы процестер сипатына сәйкес ( өндірісті дайындау және жаңа өнімді меңгеру, өндірістің процестер, өндірістік инфра құрылым, өнім сапасын, материалдық- техникалық жабдықтау жөні өтімі) басқарылушы жүйені қосалқы жүйеге бөлуді туғызады.Басқарушы қосалқы жүе адамдар арқылы өндірістің тиімді жұмыс істеуін қамтамассыз етудегі басқарудың өзара үйлесімді әдісі жиынтығын көрсетеді. Элементтердің құрылымдық бөліктерімен процестерге жіктелуі . Әрбір кәсіпорын өндіріспен басқару жүзеге асатын құрылымдық бөліктерден тұрады. Кәсіпорын құрамына кіретіндер: филиалдар, өндірістер, цехтар, бөлімшелер, бригадалар; жөндеуші, көліктік, қоймалық шаруашылық, заводтты басқару бөлімдері мен қызметтері. Ірі кәсіпорын құрамына элементті ретінде өз бетімен жұмыс атқаратын жекелей фирмалар кіре алады. Сондықтан оларды локальды қосалқы жүйе деуге болады. Локальды қосалқы жүйе кәсіпорын жүйесіндегідей жіктелінген элементтер құрамына ие. Осынысымен олар әдеттегі қосалқы жүйеден өзгешелінеді. Әрбір кәсіпорында элементтер ретінде жекелей процестер бөлінеді ( өндірістік процес, қайта құру процесі, техниқалық даму процесі) . Ұйымдастыру мәселесі болып толық өнеркәсіп саналмайды, ал оның локальды жүйесі, бөлімшелері, процестері мен олардың элементтері саналады.Ұйымдастыру мәселелерін шешуде толық құрамын қамтамассыз етуге және бір жақтылықтан қашу мүмкін емес.Егер жекелей ұйымдастыру мәселесін шешу басқа қосалқы жүйелердің бірікпеуі әсерінен нәтиже бермесе, бұл қосалқы жүйелер арнайы тексеру объектісі болу керек. Кезкелген өндірістік процетің міндеті кері құралы ретінде өндірістік қорды қайта құру және айналдыру қорын жасау үшін белгіленген ақшалай жиынтықты түсінеміз. Олар өндіру процестеріне және өнімді таратуға қызмет етеді. Өндіру процесіне салынған кері құрал кері өндірістік қорға жатады.Кері қор-бұл толық бір рет қолданылатын еңбек бұйымына жатады, бірақ өндірістің әрбір циклінде өзінің табиғи түрін өзгертеді және дайындалған өнімнің төлемін ( бағасын) толық қалдырыды. Кері қорды белгілеу өндіріс процесінің үздіксіздігін қатамассыз етуден тұрады, сондықтан олардың мөлшері және құрамы өндірістің ғана қажеттілігіне емес, айналымға да байланысты белгіленеді. Кері қаржы жоспарлау бағытына байланысты нормаланатын және нормаланбайтын болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржының пайда болуы көзіне байланысты меншікті және қарыз алынған қаржы болып бөлінеді. Кәсіпорынның меншікті айналым қаржысы деп белгіленген нормативке сәйкес өндірістік – шаруашылық қызметіне пайдалануды қамтамасыз етуге кәсіпорыннан бөлінген қаржысы саналады. Меншікті кері қаржы көзі болып табылатын: 1.Жарғылы қор (капитал), оның мөлшері өндірістік бағдарламаның көлемімен және негізгі қаржының мөлшерімен белгіленеді. Оны өзгерту негізге қорлардың (ғимарат, құрал-сайман т.б.) түсуі мен шығарылуы нәтижесінен олардың тегін берілуінен туындайды. 2.Өнімді өткізуден түскен кәсіпорын кірісі (табыс). 3.Меншікті айналым қорларына тең келетін тұрақты пассив. Тұрақты пассивке кәсіпорынның алдағы борышына (жұмысшыларға жұмыс ақысы қарызы, өнімнің дайын болу дәрежесіне байланысты несие берушілерге төлем туралы міндеттеме т.б.) үнемі аздаған қарызы жатады. Заемды қаржы – банк несиесі, ол кәсіпорынға белгілі мақсатқа және қатал түрде шектелген мерзімге беріледі, және жабдықтаушы мен кәсіпорын арасындағы есептік қатынастан туындаған несиелік қарыз. Несиені пайдаланғаны үшін кәсіпорын банкіге белгілі пайызын төлейді. Заемды түрдегі қысқамерзімді банк несиесі кәсіпорынға дайын түсірілген бұйымдар, материалдар қорын жинақтаумен байланысты шығындарды жабу, отын, тағы басқа уақытша қажеттіліктер үшін беріледі.
Сынылатын әдебиеттер 1 Планирование в предприятиях железнодорожного транспорта: Учебник для вузов./Ю.Д.Петров, Н.В.Берндт и др.; Под ред. Ю.Д.Петров.-М.: Транспорт, 1989.-294с. 2 В.А.Абчук, учебник. Менеджмент.-С.Петербург.:Союз,2002.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып-3)[2,5,9] 1 Өндірістік фирмаларды басқарудың жалпы принциптері 2 Фирмашілік жоспарлаудың мазмұны мен міндеті.Жоспарлар түрлері 3 Фирмашілік болашақ жоспарлау.
Тақырып-4. Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері (1 сағат) Дәрістің жоспары 1 Кәсіпорынның жүйе ретіндегі ерекшеліктері. 2 Өндірісті ұйымдастыру жүйесі 3 Өздікқұн, баға және қаржылық нәтиже Кәсіпорын жүйе сияқты келесі белгілерді сипаттайды: Кәсіпорынның сыртқы ортаға қатынасының ашық сипаты: 1.Жинақтылық 2.Динамикалық 3.Өзін-өзі реттеуші 4.Тұтастық 1.Кәсіпорынның сыртқы ортамен байланысына еліміздің бүтіндей экономикасы, мемлекеттік басқару органдары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, тұтынушылар жатады. 2.Кәсіпорынға, жүйе ретінде, оның жинақтылығының мақсаты мен міндеті белгіленетін жинақтылық, сонымен қатар кәсіпорынға құйылып жатқан өнеркәсіп пен басқару процесінің әртүрлілігі тән. 3.Динамика (динамизм) жүйе ретінде қала отырып, кәсіпорынның өзгеру, даму, бір сапа түрінен екіншіге көшу жағдайына әсер етуін көрсетеді. 4.Өзін-өзі реттеу кәсіпорынның белгілі мерзім ішінде төселуіне, өзгеруіне мүмкіндік туғызуын көрсетеді. 5.Кәсіпорынға, жүйе ретінде, эмержентность (бүтіндік) қасиет тән. Бүтіндік қасиет деп оның элементінде жоқ жүйеде пайда болған жаңа қасиеттің көрінуін айтады. Өндірістік жүйенің барлық элементі және қосалқы жүйелері бүтіндей қызмет атқару үшін, жүйені ұйымдастыру қажет, яғни жобалау, біріккен өндірістік жүйенің жұмыс атқаруын жасау және қамтамасыз ету. Өндірістік жүйені және ұйымдастыруды жобалауда жүйелік принциптерді жүзеге асыруда өндіріс болжайды: басқа жүйелермен өзара қатынастағы өздігінен ұйымдастырылған жүйені кәсіпорынның қарауы. Бардық процестерді қамтитын: өнімді дайындаудан іске кірістіру оны қызметіне дейін кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру жүйесін жасаудың қажеттілігі. Өндірісті ұйымдастыруда жетілдіру іс-шараларын жасауда мақсатты бастама қолдану. Экономика, техника, өндірістің және ұжымның әлеуметтік мәселесі проблемасын тұтас шешудегі бағыт. Өндірістік жүйенің көп - нұсқалы жобалауын енгізу, талдау және баламасын (альтернатив) таңдау. Жобалау және іске қосу процесінде өндірісті ұйымдастырудың тиімдігін бағалау, критерилер мен норматив жүйелерін қолдану. Өндірістік жүйені ұйымдастыру моделі көмегімен үйрену әдісін көрсететін өндірістік жүйені құруда және жетілдіруде ұйымдастырушылық модельдеу тәсілі қолданылады. Модель шынайы объектіні қарапайым бейнелеуді ұсынады. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру құрылысында енгізілуі керек: - Өндірісті ұйымдастыру мен оның критерилерін тұжырымдауды; - Кәсіпорында және оны құрастырушы өндіріс жүйесіне жалпы сипаттама; - Өндіріс жүйелерінің әрбір бөліктері жүйелерінде жүзеге асырылатын міндеттер; - Желілік жетекшілердің және арнайы бөлімшелердің өндісін ұйымдастыру ауқымындағы атқаратын міндетті істеріне сипаттама; - Өндірісті ұйымдастыру жүйесіндегі ақпараттар ағымы мен құжатайналымының сызбалары. Өндірісті ұйымдастыру жүйесі бұл- өндіріс жүйелеріндегі өнім өндіру үрдісіндегі өндіріс жүйелері бөліктерін ұтымды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Өндіріс процесінде ұйымдастыру мазмұны , ұстанымын және тәсілі әртүрлі топтар шығарады.Осыған сәйкес, өндірісті ұйымдастыру жүйесінде осы процестерді есепке алатын жүйелік бөлшектер бөлініп шығады. Бұл жүйелік бөлшектерге төмендегідей жұмыс істеу жүйелік бөлшектері жатады: - Өндірісті даярлау және жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру; - Негізгі өндірістік процестерді ұйымдастыру; - Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру; - Өнімнің сапасын арттыру жұмысын ұйымдастыру; - Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз етуді және өнімді өткізуді ұйымдастыру. Барлық топтар процестерін бірыңғай өндірістік процестермен интеграциялауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру жүйесі интеграциялық істі жүзеге асырады, ол өндірістік жүйені жедел жоспарлау және жүйенің экономикалық қатынасын жасау жолымен таратылады. Өзіндік құн кәсіпорынның өндірістік шығыны мен өнімді өткізудегі ақшалай түрінен көрініс табады. Оны жоспарлау кәсіпорынды жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады және құрамына өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнын және ағымдағы шығынның мөлшері мен өзгерісі көрсетіген техникалық-экономикалық есептеудің жүйесі болып табылады. Осылайша, өзіндік құнының жоспарында кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметінің барлық негізгі жақтары көрініс табады, ал өзіндік құнын көрсеткіші нәтижелі болады. Өзіндік құнды жоспарлау нормативті –баланысты және есептеу-талдау тәсілі болып табылады. Өнімнің өзіндік құны табиғи қорларды, шикі заттар, материалдар, отын, энергия, негізгі және еңбек қорларын өндіріс процесінде қолданумен байланысты шығыннан , сонымен қатар оны өндіру және ұқсатудағы басқада шығындардан құралады. Өзіндік құн өнімнің жекелей түрлерімен анықталады ( жеке өнімнің өзіндік құны), барлық шығарлған заттық өнімнің және ұқсатылған өніммен. Шығынды өнімнің өзіндік құнына қосу тәсілі бойынша шығын тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей шығын үнемі өнімнің бөлек түрлерін шығарумен байланысты және солардың өздік құнына енгізіледі, ал жанама шығын, ережеге сай , өнімнің бірнеше түрін шығарумен байланысты және қандай болмасын тепе- тең қорға бөлінеді.Қор ретіде өндіріс жұмыскерлерінің негізгі еңбек ақысы, жабдықтармен жұмыс істеген сағаты т.б. алынады. Өндіріс көлеміне байланысты шығындар ауыспалы және шартты-тұрақты болып бөлінеді:өсу тепе-теңдігі немесе өндіріс көлемінің азаюы мен көбейеді немесе азаяды,шартты –тұрақтының көлемі өзгергенмен, өнім шығару онша өзгермейді.
Сынылатын әдебиеттер 1 Экономика эксплуатационной работы и задачах: Учеб. Пособие для техн. Ж.-д. Трансп./ Н.Ф. Хохлов, В.П. Катаев и др.; Под ред. Н.Ф. Хохлова.-М.:Транспорт.-1983.-135с. 2 Ф.П. Кочнев, В.А.Акулиничев, В.М.Макарочкин. Оргаизация движения на железнодорожном транспорте .-М.: Транспорт, 1979.-259с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары ( тақырып-4) [9,11] 1 Ұйымдастыру мазмұны 2. Коммерциялық және фирмалық есеп 3. Бағаның пайда болу құны мен механизмі.
Тақырып №5. Менеджменттің дамуы(1 сағат) Дәрістің жоспары 1.Функционалдық қосалқы жүйеде жүзеге асырылатын өндірісті ұйымдастыру міндеттері. 2.Жол бойы басшыларының қызметі. 3.Өнімнің өзіндік құнына талдау (жұмыстар, қызметтер) және кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін. Өндірістің комплексті дайындықты ұйымдастырудың қосалқы жүйесі және жаңа өнімді игеру, өндірісті техникалық қайта жабдықтау, комплексті жүйелі кәсіпорында шапшаң жасауды енгізу және жаңа техниканы енгізу, өндірісті ұйымдастыруда ұйымдастыру- экономикалық механизмді жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша міндеттерді шешеді. Өндірістік процесстерді ұйымдастыру қосалқы жүйесі таңдау және жүзеге асыру түрлері мен әдістері және оларды орындау, негізгі, көмекші және қосалқы процесстердің өзара әрекетін қамтамассыз ету міндеттерін шешеді. Өнімнің сапасын қамтамассыз етуді ұйымдастыру қосалқы жүйесі ақаусыз еңбек жүйесін жүзеге асыру негізінде жоғары дәрежедегі өнімді шығаруды және өнімді өндірудің барлық этабында жоғары мамандықтағы орындаушыларды тартуды, басқарудың ілгері даму жүйесін енгізу және бақылау қызметтіндегі қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жақсартуды қамтамассыз етуі керек. Өндірісті материалдық- техникалық қамтамассыздандыруды ұйымдастырудың қосалқы жүйесі материалдық қорларды өндірістік бөлімшелерге белгіленген мерзімде қабылдануын және жеткізілуі міндетін, материалдарды тұтынуға дайындауды ұйымдастыру жұмысы міндетін материалды қорлардың талап деңгейіндегі запастарын қолдау міндеттерін шешеді. Өндірістік инфра құрылымды ұйымдастыру қосалқы жүйесі құрал- жабдықтарды жөндеу және техникамен жабдықтау, қоймалық және көліктік жұмыстарды ұйымдастыру, өндірісті энергетикалық қамтамассыз етуді ұйымдастыру міндеттерін шешеді. Өнімнің өтімі мен жүзеге асуын ұйымдастыру қосалқы жүйесі маркетингтік зерттеудің көмегімен шығарылатын өнімнің қажеттілігін үйренеді; жарнама мәселесімен өндірістің жоспары мен өтімінің келісімімен, өнімді жүзеге асыру жұмысын қамтамассыз ету және оған сервисті қызмет етуі мәселелерімен шұғылдану.
Сынылатын әдебиеттер 1 Экономика железнодорожного транспорта: Учебник для вузов./Под ред. И.В.Белова.- М.: Транспорт,1989.-232 с. 2 Герчикова И.Н. Менеджмент. Банки и биржи, ЮНИТИ,1998. 3 Технико- экономические расчеты в эксплуатации железных дорог./Под ред. И.Б. Сотникова. М.: транспорт,1983.-254с. СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (Тақырып 5) [4,8] 1.Өндіріс жүйе ретінде; 2.Өндірістік құрылым жүйесі; 3.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы.
Тақырып 6 Ұйым туралы түсінік және оның түрлері(2 сағат) Дәрістің жоспары 1.Өндірісті ұйымдастыру процессі 2.Өндірісті дайындау процесі 3.Теміржол бойы көлігі еңбегін ұйымдастыру. Өндірісті ұйымдастыру процессі жоболауды, құрастыруды,жұмыс істеуді қамтамассыз етеді және өндірістік жүйені жетілдіруді қарастырады. Ол келесі жұмыс түрлерінен құралады: - өндірісті ұйымдастыру мақсатын айқындау; - қызмет түрлерін белгілеу және жұмысқа қатысушылар тобын анықтау; - ұйымдастыру жағдайын және талдау нәтижелерін зерттеу; - ұйымдастыру консепциялары нұсқаларын жасау және тиімді нұсқаларды таңдау; - өндірісті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жобасын жасау. 1.Нақтылы ұйымдастырылған жұмысты өткізуден күтілген нәтижені анықтау қажет. Ұйымдастырушылық мақсаты болып өндірістің ырғақтылығын және тиімділігін арттыру, тауарлы- материалдық құндылықтардың т.б. қорын азайту. 2.Қызметтің мақсаты мен түрлері (мақсатқа жету үшін орындалуға қажетті жұмыс тізімі) белгілегеннен кейін кәсіпорынның бөлімшелері және мақсатқа жетуде қатысы бар нақты орындаушылар анықталады. Бұл жағдайда кәсіпорынмен басқару аппарытының құрылымына өзгеріс енгізу немесе жаңа, оның ішінде уақытша, бөлімшелерді құру мүмкін. 3.Бұл этапта сандық көрсеткіштер мен сапалық сипаттаманы анықтау (белгілеу) болжанады, жүйені ұйымдастырушылық деңгейі алынған параметрлерді мөлшерлі деңгеймен салыстыру арқылы бағалау. Бұл анализ өндірісті ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасаумен аяқталуы қажет. 4.Бірнеше нұсқада ұйымдастыру тұжырымдамалары ұсынылуы және жасалуы керек, онымен қоймай, олардың әрқайсысы қазіргі іспен жатқан өндірістік жүйенің және жаңа жасалатын сипатына ғана өзгеріс емес, ұсынылатын шығынға және жаңа енгізуді іске қосудың экоонмикалық тиімділігін сақтауы қажет. 5.Дайындалған ұйымдастыру жобасын жүзеге асыру арнайы жоспар жасауды ұсынады. Онда қажетті қорлар көрсетілген белгілі жұмыс түрлері, олардың орындалуының нақты мерзімі, кадрды даярлау, қайта даярлау іс- шаралары және ұйымдастырудың жаңа жүйесіне көшу жүйелігі көрсетіледі. Өндірісті жаңа өнім шығаруға дайындауды ұйымдастыру негізі. Өндірісті даярлау процессі- бұл өнімді жасау мен шығаруды ұйымдастыру және жасалатын бұйымдарды модернизациялау мақсатында жұмысшылар ұжымының сіңірген еңбегі. Бұл- ғылыми- техникалық ақпарат және оны материалдық объектіге (жаңа өнімге) айналдыруды бірге атқаратын қызметтің ерекше түрі. Өндірісті дайындау процесі бірнеше белгілеріне қарай жіктеуге болатын көптеген процесстерден тұрады: 1.Түрі мен сипатына қарай- зерттеулік, құрастырмалық, технологиялық, өндірістік және экономикалық (түріне қарай); ғылыми зерттеу, техникалық және ұйымдастыру разработкасы, экспериментті өндіріс (сипатына қарай). 2.Процесстер уақыт бойынша және өндірісте орналасуы бойынша (операциялар, жұмыстар, кезеңдер және фазалар) болып бөлінеді. Операция- жаңаа техника жасау процесінің алғашқы звеносы. Ол бір жұмыс орнында бір орындаушымен орындалады және бірнеше жүйені әрекеттерден құралады. Операциялар жұмыста бірігеді. Жұмыс- әрекеттің белгілі бөлігін орындауда қисынды аяқталуымен сипатталатын жүйелі атқарылатын операциялар жиынтығы. Стадия- өндірісті дайындауда нақты міндеттерді шешуді қамтамассыз ететін мазмұн мен әдістердің өзара байланысқан жиынтығы. Фаза- өндірісті дайындау процессінің аяқталу бөлігін сипаттаушы және жұмыс объектісінің жаңа сапа қалпына ауысуымен байланысты стадия мен жұмыс жиынтығы. Машина жасау өндірісі саласында жаңа өнім жасау өндірісті дайындаудың бірыңғай процесінің фазаларының жүйелілігімен жүзеге асады: 1.Ізденістік сипаттағы теориялық зерттеу. 2.Процесстің I этабында алынған білім практикалық қолданыс тапқан қолданбалы зерттеу. 3.Орындау барысында алынған білім және зерттеу қорытындысы жаңа машиналар үлгілері сызбаларында жүзеге асатын тәжірибе- конструкторлық жұмыс. 4.Жаңа бұйымдарды ұйымдастырудың технологиялық дайындау әдісі мен формасын орындау процесінде жасалатын технологиялық жобалау мен жобалау- ұйымдастырушылық жұмыстар. 5.Жаңа өндірістің техникалық жабдықталуы. 6.Жаңа өнім өндірісін игеру. Бұл жағдайда алдыңғы этаптарда жасалған бұйымдар құрылымы және оларды дайындауда жасалған әдістер тексеріліп, өндіріске енгізіледі. 7.Талап етілетін сапа мен санға сәйкес өнеркәсіптік өндіріс, яғни жаңа өнім шығару. 8.Жаңа жасалған өнімді пайдалануға қолдану. 9.Ғылым мен техникалық соңғы жетістіктерін іске асыру. 10.Еңбек өнімділігін толық салада елеулі көтеру үшін тиісті техникалық- ұйымдастырушылық жағдаймен қамтамассыз ету. 11.Өндіріс даярлығы мерзімін қысқарту мақсатында өндірісті дайындау жиынтығына (комплекс) кіретін конструкторлық, технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыс.
Сынылған әдебиеттер 1.Ф.П. кочнев, В.М. акулиничев, В.М. Макарочкин. Организация движения на железнодорожном транспорте.- М.: транспорт,1979.-259с. 2.Попов Г.Х., Краснопояс Ю.И. Организация управления производством. М.:1984. 3.Мескон М.З., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента.- М.:Дело,1992.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (Тақырып 6) [2,8,11] 1.Өндірісті ұйымдастыру: мәні және формасы; 2.Операцияларды зерттеу. 3.Өндірісті ұйымдастыру бойынша бөлімшелер құрамы.
Тақырып 7 Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы(1 сағат) Дәрістің жоспары 1.Өнім сапасы. 2.Өнім сапасы көрсеткіштерінің сандық маңызы. 3.Сапа бағасы және сәйкес келмеу бағасы.
Сапа- келісімдік немесе болжамдық қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін үстейтін қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы. Өнім сапасы төменгі факторлар әсерімен қалыптасады: 1.Кәсіпорынның ғылыми- техникалық процессінің соңғы жетістігін уақытылы пайдалану қабілеттілігі. 2.Ішкі және халықаралық нарықтардың және әртүрлі дәрежедегі тұтынушылардың талаптарын ұқыпты түрде зерттеу. 3.Адам факторларының шығармашылық потенциалын жедел түрде пайдалану. Өнімнің сапасы тұтыну бағасымен тығыз байланысты. Сапа түсінігімен өнімнің техникалық деңгейі түсінігі тығыз байланысты. Өнімнің белгілі деңгейдегі жетістігі кәсіпорында сапаны жалпы басқаруды қамтамассыз етуші, оның ішінде, қоймаға материалдық қордың түсуінен бастап, дайын өнімді дайын өнім қоймасына сақтаумен аяқтайтын арнайы жүйені жасауды талап етеді. Сапаны қамтамасыз ету деп өнім сапасының белгілі талаптарына қанағаттанушы қажетті сенімділікті жасау үшін жоспарланған және жүргізілген әрекеттердің жиынтығын түсінеміз. Өнім сапасы оның қасиетін анықтаушы сандық өлшем негізінде бағаланады. Белгілеу көрсеткіштері белгіленген өнімнің қолданылуының пайдалы тиімділігін сипаттайды және оның қолдану аясын анықтайды. Мысалы, өндірістік- техникалық өнімді белгілеуде негізгі көрсеткіш өндірістік еңбек көрсеткіші болып табылады. Сенімділік көрсеткіштері (бұйымның қарсылықсыздығы, жөндеуге жарамдылығы және ұзақ қолданылымдығы). Технологиялық көрсеткіштері өнімді жасау мен жөндеуде жоғарғы еңбек өнімділігімен қамтамассыз ету үшін құрастырмалы- технологиялық шешімнің тиімділігін сипаттайды. Бұл топтың көрсеткіштері өнімді шығарудың көпшілікке бірдейлігін, өндірісті технологиялық дайындаудағы материалдық шығын мен уақытты үнемді басуды қамтамассыз етеді. Стандарттандыру және үйлестіру көрсеткіштері өнімнің стандарттылықпен, үйлесімділікпен және өзіндік құрамды бөлшектерімен толықтығын, сонымен қатар берілген өнімге басқа бұйымдармен салыстырғандағы үйлесімдік деңгейін сипаттайды. Бұйымда өзіндік құрама бөлшектері неғұрлым аз болса, солғұрлым дайындауда да, тұтынуда да жақсы болады. Эргономикалық көрсеткіштер адамның іс- әрекетінің бұйыммен процессіне, бұйымның гигиеналық сәйкес келуін, бұйымды қолдану процессінде байқалатын (тоңазытқыштың тұтқаларының орналасуы, жабдықталуы, температурасы, дымқылдығы, шу, вибрация, сәуле шашуы, машинаны басқарудағы күшеюі) адамдардың физиологиялық және психологиялық қасиеттерін қамтып көрсетеді. Эстетикалық көрсеткіштері ақпараттық айқындықты, формалардыңнақтылығын, композицияның тұтастығын, бұйымның тауарлы түрінің орындалуының жүзеге асуын және қалыптылығын сипаттайды. Тасымалдаушылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға ыңғайлылығы. Патентті- құқықтық көрсеткіштері өнімнің патентті қорғалуын және патентті тазалығын сипаттайды және оның бәсекелестік қабілеттілігін анықтаудағы дәлеледі айғағы болып табылады. Экологиялық көрсеткіштері- өнімді шығаруда немесе пайдалануда байқалатын қоршаған ортаға зиянды әсерлер деңгейі (зиянды газдар мөлшері, өнімді сақтау мен тасымалдау т.б. сәулелену). Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушылардың қолдану процессінде және қызмет етушілердің, монтаж, жөндеу, тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік сақтауын сипаттайды. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің сандық маңызы төмендегідей анықталады: -Экспериментальды техникалық құралдарды қолдануға негізделеді. -Органды- үйлесім- өнім сапасын сезім органдары көмегімен балдық жүйемен анықтау. -Әлеуметтік өнімді тұтынушылардың мәліметтерін есепке алу және талдауды пайдалануға негізделген. -Экспертті (сараптау) берілген өнім түрлеріне мамандардың ұжымдық бағалары негізделген. Кәсіпорынның әрбір бөлімшелері өз жұмыстарын әртүрлі жүйелер көрсеткіштерімен бағалайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындарының әртүрлі бөлімшелеріндегі жұмыс сапасының көрсеткіш тізімдері: Өндірістік- құрылымдық бөлімше: ақау (жарамсыз) көлемі және түзету, жұмыс нарядындағы қателер, кіргізілген өнімнің алғашқы шығуы.
Сынылған әдебиеттер 1.Вершигора Е.Е. Основы менеджмента- Гомель: Изд. ГГУ,1995. 2.В.П. Тихомиров, З.Л. Крейнис, А.М. Кузюбердин. Экономика, организация и планирование путевого хозяйства.- М.: Транспорт,1989-254с. 3.А.Ф. Иваненко. Анализ хозяйственной деятельности на железнодорожном транспорте.- М.: Маршрут,2004.-566с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (Тақырып 7)[3,9] 1.Өндірістің дамуын басқару: мақсаты және міндеттері; 2.Өндіріс процестерін жоспарлау; 3.Бюджетті жоспарлау.
Тақырып 8 Ұйымның мақсаттары және олардың классификациясы(1 сағат) Дәрістің жоспары 1.Компанияның қызметінің құрамының моделі. 2.Компанияның ұйымдастыру құрамының моделі. 3.Құрылым моделі.
Жүйе құрамын анықтау үшін декомпозиция жүзеге асады- бүтінді бөлшектерге ыдырау. Декомпозицияны алдымен барлық жүйеге тұтас, сонан соң алынған әрбір қосалқы жүйеге және т.б. Қолдану иерархиялық құрылымды түзеуге әкеледі. 1 және 2 суреттерде осы құрылымдар келтірілген. Ұйымдастыру жүйелеріне сәйкес иерархия моделі құрамына, мысалы, ұйымдастыру құрылымын қалыптастыруда, сонымен қатар басқарудың тұтас проблемаларын, мақсат және міндеттерін анықтау үшін қолданылады. Сонымен декомпозиция объектісінің өзі әртүрлі модельдер қалыптастыруға жетелейтін түрліше болуы мүмкін. Декомпозицияда «ұйымдастыру қызметі» ұйымдастыруға құйылатын өндірістік, әлеуметтік, басқарушылық т.б. процестердің модель құрамы қалыптасады. «Ұйымдастыру мақсаты» декомпозициясында мақсаттар ағашы қалыптасады. «Қызметшілер ұйымдастыру» декомпозициясында біз ұйымдастыру құрамы моделін аламыз. Сонымен кейбір ұйымдар үшін бір- бірінен өзгешеленетін түрлі мақсаттарға қолданылатын әртүрлі құрам моделі түзілуі мүмкін. Сынылған әдебиеттер 1 Л.И. Лукичева. Управление организацией. М., 2008г. 2 Уткин Э.А. Курс СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (Тақырып 8)[3,10] 1.Басқару қызметінің құрылымы мен есебі 2.Мақсаттың қатынасы және қортынды шешімі
Тақырып 9 Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы және өкілеттіктің әрекеттесу ұйымдастыру (2 сағат) Дәрістің жоспары 1. Ұйымдастыру құрылымының негізгі түсінігі 2. Құрылымның түрлері, жетістіктері мен кемшіліктері 3. Ұймдатыру құрылымын жобалаудың негізгі әдістері
Құрылым моделін қалыптастыру үшін жүйе элементтері арасында қатынас орнату қажет (модельдер құрамы компоненттері). Барлық мүмкіндіктер қатынасының көптеген сандары кездеседі. Одан басқа, осыған дейін айтылғандай, әртүрлі құрам модельдеріне әкелетін жүйені элементтерге бөлшектейтін көптеген тәсілдер бар. Бір- біріне сәйкес көптеген әртүрлі модельдер құрылымы жасалуы мүмкін. Нақты модельдер түрі (модельге кірістірілген элементтер құрамы мен қатынас түрлері) олардың құрылуы және пайдалану мақсаттарымен анықталады. Ұйымдастырушылық жүйелерді жобалау тәжірибесі мынаны көрсетеді: ұйымдастыру құрылымын топтау үшін бағынышты қатынас маңызды болады, өкілеттік қатынас және ұйымдастырушылық бірліктері мен ақпараттық арасындағы қатынас. Осылайша үш түрлі құрылым жобасы қажет: -бағыныштылық құрылымы (үкіметті бөлу); -өкілеттілік құрылымы (жауапкершіліктерді бөлу); -коммуникация құрылымы (ақпараттарды бөлу). 3- суретте өнеркәсіп компаниясының бағынышты құрылымы мысалға келтірілген. Бұл түрдің құрылымы иерархия түрінде бейнеленген: басшы өзіне бағыныштылардан едәуір жоғары деңгейде орналасады. Соңғы болып бірнеше бағынышты қызметкерлер т.б. орналасады. Көңіл аударыңыздар, бұл басқа типті иерархия, декомпозиция жолымен алынған иерархиядан өте жақсы. 2 және 3- суреттерде салыстырыңыздар. Біріншіде өнеркәсіп компаниясы қызметкерлері құрамы моделі: екіншіде- осы қызметкерлердің бағынушылық құрылымы көрсетілген. Модельде қосалқы жүйелердің құрамы араларында (элементтері)- бұл «бүтіннің бөлігі» қатынас түрі, бағыныштылық моделінде бағыныштылық қатынасы пайдаланылады. Өкілеттілік құрылым, әдетте, бағынушылық құрылымға ұқсас, яғни екі құрылым да бірдей сызбаның көмегімен бейнеленеді. Дегенмен бұл құрылымдағы мазмұн қатынасы әртүрлі. Төменде толығырақ қатынас және бағынушылық және бағынушылық құрылымының әртүрлі түрлері сияқты өкілеттіліктің қатынасы да қарастырылады. Коммуникация құрылымы әлдеқайда түрліше және иерархия сияқты құрылыммен шектелмейді. Мәселе мұнда: ақпараттық төмен және жоғары иерархия бойынша бағыныштылығы «тік» ағымнан басқа кез келген ұйымдастыруда әрқашан «көлденең» және «қиылысқан» ақпараттар қатысады. Формальды ақпараттық ағымдар құрылымнан басқа әр ұйымдарда неформальды хабарлар да бар. Коммуникацияның неформальды құрылымын зерттеу формальды құрылымды жетілдіруге көмек бере алады.
Сынылған әдебиеттер 1 Планирование в предприятиях железнодорожного транспорта: Учебник для вузов./Ю.Д. Петров, Н.В. Берндт и др.; Под ред. Ю.Д. Петрова.- М.: Транспорт, 1989.-294с. 2 Вершигора Е.Е. Основы управления- Минск: Высшая школа, 1995. 3 Попов Г.Х., Краснопояс Ю.И. Организация управления производством.М.:,1984. СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (Тақырып 9)[6, 11] 1.Міндетті реттеу және делегрирлеу 2.Міндет пен жауапкершілік
Тақырып 10 Басқарудың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері (1 сағат) Дәрістіңжоспары 1.Ұйымдастыру- құқықтық мөлшері 2. Фирмалардың классификациясы 3. Акционерлік қоғам Жүйелердің қосалқы жүйеге бөлінуі бір мағыналы бейнемен емес және декомпозицияның қолданылған негізімен анықталады. Декомпозицияның стандартты негізі қолданылады. Олардың өндірістік жүйелердің модель құрамы қызметін қалыптастырудағы қолданылатын кейбіреулерін келтіреміз: 1.Қызмет түрлерін бөліп көрсету (өндірістік, қаржылық, әлеуметтік, табиғатты қорғау т.б.). 2.Жекелей ақырғы өнімді өндірушілерді көрсететін қосалқы жүйе. 3. Кеңістікпен оңашаланған өндірісті бөлу. 4.Өндірістік қызмет түрлерін (негізгі және қосалқы өндіріс) бөлу.
![]() |