Бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай: 1) рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және дәйексіз болған; 2) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары осы Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады. 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады. 3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Егер табиғат пайдаланушыға рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылуы бұзушылыққа жол берілген объект бойынша тоқтатыла тұрады. 4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат берiлген күннен бастап жояды. 5. Табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайтын, табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда бір ай мерзімде жүзеге асырылады. 2. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады: 1) рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім; 2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 3) салық төлеушінің куәлігі; 4) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен. Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап. Кешендi экологиялық рұқсат
1. Кешендi экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерiн сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бiртұтас құжат болып табылады. Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді. 2. Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 4. Кешендi экологиялық рұқсат осы Кодекстiң 70-бабында көрсетiлген ақпаратпен қатар мыналарды: 1) шикiзат пен энергияны үнемдi пайдалану шарттарын; 2) қалдықтарды басқару жүйесiн; 3) қоршаған ортаға қауiп төндiретiн жағдайларда объектiнi пайдалану жөнiндегi iс-әрекеттер мен шараларды; 4) ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу мерзiмдерi мен шарттарын қамтуға тиiс. 5. Кешендi экологиялық рұқсат осы рұқсатта көрсетiлген қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану жағдайлары өзгерген кезге дейiн қолданылады. 6. Кешендi экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ
Бап. Экологиялық аудит
1. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргiзуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға аудиттелетiн субъект болып табылады. 2. Экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiлердiң қоршаған ортаға әсер ету туралы есептiлiгiне талдау жасау жолымен жүргiзiледi. Парниктік газдар шығарындылары экологиялық аудит жүргізу кезінде талдау нысанасы болып табылмайды. 3. Экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде: 1) қоршаған ортаға әсер туралы ұсынылған есептiлiктiң дұрыстығын тексеру; 2) өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау; 3) өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау; 4) қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкiн. 4. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар және аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негiзiнде туындайды. Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
|