Главная
Обратная связь
Дисциплины:
Архитектура (936) Биология (6393) География (744) История (25) Компьютеры (1497) Кулинария (2184) Культура (3938) Литература (5778) Математика (5918) Медицина (9278) Механика (2776) Образование (13883) Политика (26404) Правоведение (321) Психология (56518) Религия (1833) Социология (23400) Спорт (2350) Строительство (17942) Технология (5741) Транспорт (14634) Физика (1043) Философия (440) Финансы (17336) Химия (4931) Экология (6055) Экономика (9200) Электроника (7621)
|
Бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн есепке алуды жүргiзудiң тәртiбi және олардың тiзiлiмдерi
1. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi ластану учаскелерiнiң түрлерi мен шығу көздерi, олардағы ластаушы заттардың көлемi мен шоғырлану көлемi, ластану учаскелерiнiң тиесiлiгi және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы деректер жинақталатын деректер банкi болып табылады. 2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi орталық және аумақтық тiзiлiмдерден тұрады. Мемлекеттiк тiзiлiмнiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 3. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
Бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi
1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi. 2. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. 3. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын өсімдіктер мен жануарлар дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады. 4. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi. 5. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер қамтылады. 6. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi: 1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы; 2) автоматтандырылған ақпараттық технологияларды қолдану; 3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.
Бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады: 1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкiлеттi орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 2) мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 3) мемлекеттiк орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 4) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры бойынша - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 6) жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде.
Бап. Ақпарат беру
1. Табиғи ресурстардың кадастрлары шеңберiнде алынған oбъектiлердi есепке алу мен тiркеудiң нәтижелерiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өтеусiз бередi. 2. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiне енгiзiлген объект туралы деректерде: 1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объект паспорты және статистикалық ақпарат; 2) объектiлердiң кеңiстiктегi жағдайы туралы картографиялық материал және аумақтарды кешендi бағалау үшiн қажеттi басқа да деректер қамтылуға тиiс. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың кадастрларында қамтылатын ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
|