Бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға: 1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған; 2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын; 3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн; 4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын; 4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған; 5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн; 6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн; 8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн; 9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады. 3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн. 4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Бап. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады. 2. алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 3. алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады. 5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi. 6. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
|