![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру кезiндегi экологиялық талаптар
1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру үшiн орман тұқымдары мен екпе материалдарды дайындау, өңдеу, сақтау, орнын ауыстыру, сату және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар 1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың ұлттық стандарттарға, техникалық шарттарға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады. Бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бап. Қалалық ормандар мен орман саябақтарында орманды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар Қалалардың шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың тынығуына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналған. Қалалық ормандарда және орманды саябақтарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады. Бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар 1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексiнің талаптарына сәйкес жүргiзiледi. Бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру кезiндегi экологиялық талаптар 1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар. Бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар 1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
![]() |