Главная
Обратная связь
Дисциплины:
Архитектура (936) Биология (6393) География (744) История (25) Компьютеры (1497) Кулинария (2184) Культура (3938) Литература (5778) Математика (5918) Медицина (9278) Механика (2776) Образование (13883) Политика (26404) Правоведение (321) Психология (56518) Религия (1833) Социология (23400) Спорт (2350) Строительство (17942) Технология (5741) Транспорт (14634) Физика (1043) Философия (440) Финансы (17336) Химия (4931) Экология (6055) Экономика (9200) Электроника (7621)
|
Бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары
1. Қалдықтар орналастырылатын әрбір полигон мынадай сыныптардың біріне жатқызылуға тиіс: 1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон; 2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон; 3) 3-сынып - тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон. 2. Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар
1. Қауіпсіз қалдықтарға ғана алдын ала өңдеусіз көму қолданылуы мүмкін. 2. Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және қалдықтардың қауіпті қасиеттерін төмендететін басқа да әсер ету тәсілдері қолданылуға тиіс. 3. Қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтардың полигондарына орналастыруға тыйым салынады. 4. Белгілі бір сыныптағы полигонда қалдықтарды қабылдау критерийлері былайша айқындалады: 1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер үсті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау; 2) полигон шегінде қалдықтарды қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету; 3) қабылданатын қалдықтардың сапалық құрамы; 4) қабылданатын қалдықтардың органикалық құрауыштарының саны және олардың биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер; 5) қорғаныш критерийлеріне сәйкес ықтимал қауіпті құрауыштардың санына қойылатын шектеулер; 6) қалдықтар мен құралатын сүзінді сулардың экоуытты қасиеттері. 5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды түзуге тыйым салынады. 6. Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуға тиіс. 7. Полигонда көмуге арналған қалдықтардың саны мен қауіпті қасиеттері азайтылуға тиіс. 8. Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. 9. Қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін полигонның иесі қалдықтарды сыныптау негізінде қабылдаудың бірдейлендірілген рәсімін енгізуге тиіс. 10. Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылады. 11. Полигонның меншік иесі полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорын құрады. Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады. 12. Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі. 13. Полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар
1. Полигондарда мынадай қалдықтарды көму үшін қабылдауға тыйым салынады: 1) сұйық қалдықтар; 2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар; 3) сумен реакцияға түсетін қалдықтар; 4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары; 5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері; 6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар; 7) пестицидтер; 8) қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар. 2. Қабылдау критерийлерін орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым салынады. 3. Жергілікті атқарушы органдар биологиялық іритін қалдықтардың рециклингін, компостерлеу, өнім немесе энергия өндіру мақсатында биогаз өндіру және (немесе) пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды көмуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Ескерту. 301-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Коммуналдық қалдықтар полигондарында мынадай өнеркәсіптік қатты және шлам тектес қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады: 1) хлор өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары: синтетикалық каучук, хлор, каустика өндірісінің құрамында сынап пен оның қосындылары бар графитті шламы; метанол, оргшыны өндірісінің құрамында метанол бар қалдықтары; монохлорсірке қышқылының құрамында гексахлоран, метанол, трихлорбензол бар тұздар өндірісінің шламдары; ДДТ, уротропин, цинеб, мыстың үш хлорфеноляты, тиурам-Д тасымалы үшін пайдаланылған қағаз қапшықтар; мыстың үш хлорфеноляты өндірісінің құрамында үш хлорфенол бар шламдары; пластополимерлер өндірісінің құрамында бензол мен дихлорэтан бар пайдаланылған катализаторлары; құрамында хлоропрен бар коагулюм және омега полимерлері; үшхлорбензол қалдықтары, тыңайтқыштар өндірісінің құрамында гексахлоран, үшхлорбензол бар қалдықтары; 2) хром қосындыларын өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары: натрий монохроматы және хлорлы натрий өндірісінің шламы, калий биохроматы өндірісінің құрамында алты валентті хром бар қалдықтары; 3) сода өндіру жөніндегі өнеркәсіптің құрамында мырышы бар мырыш күйігі қалдықтары; 4) жасанды талшық өндірісінің қалдықтары: құрамында диметилтерефталат, терефтал қышқылы, мырыш, мыс бар шламдар; капролактамды сүзуден қалған, құрамында капролактам бар қалдықтар; метанолиз қондырғысының құрамында метанол бар қалдықтары; 5) сырбояу өнеркәсібінің қалдықтары: сыр мен эмаль қабықтары, құрал-жабдықтарды тазалау кезіндегі құрамында мырыш, хром, ерітінділер, тотықтырғыш майлар бар қалдықтар; құрамында мырыш пен магний бар шламдар; 6) химиялық-фотография өнеркәсібінің қалдықтары: гипосульфит пен сусыз сульфит өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары; магниттік сырдың, коллодийдің, бояулардың құрамында бутиллацетат, толуол, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары; 7) пластмасса өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары; 8) азот өнеркәсібінің қалдықтары: коксты газды тазалау қондырғысынан алынған шлам (шайырлар) және синтез бен компрессия цехының құрамында канцерогенді заттар бар пайдаланылған майлары; моноэтаноламинді айдаудан қалған, құрамында моноэтаноламин бар текшелі қалдық; 9) мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібінің қалдықтары: майларды, парафинді тазалаудан қалған, құрамында хром мен кобальт бар алюмосиликатты адсорбент; құрамында отыз проценттен астам күкіртті қышқыл бар қышқыл гудрондар; кокс алудың және жартылай коксты газдандырудың құрамында фенол бар фустары мен фусты-шайырлы қалдықтары; құрамында хром бар пайдаланылған катализаторлар; құрамында майлар бар пайдаланылған саз; алкилфенолды құю қондырғыларынан алынған сүзу процесінің құрамында мырыш бар қалдықтары; 10) машина жасау қалдықтары: құрамында хром бар төгінділердің хромды шөгіндісі; құрамында циан бар төгінділердің цианды шөгіндісі; органикалық байластырғыштағы құрамында хром бар стерженьді қоспалар; вакуумды сүзгілерден, гальвандық цехтарды ыдырату станцияларынан кейінгі құрамында мырыш, хром, никель, кадмий, қорғасын, мыс, хлорофос, тиокол бар шөгінді; 11) медицина өнеркәсібінің қалдықтары: синтомицин өндірісінің құрамында бром, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары; байыту қалдықтары мен құрамында ауыр металдардың тұздары бар шламдар. Ескерту 302-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
|