Главная
Обратная связь
Дисциплины:
Архитектура (936) Биология (6393) География (744) История (25) Компьютеры (1497) Кулинария (2184) Культура (3938) Литература (5778) Математика (5918) Медицина (9278) Механика (2776) Образование (13883) Политика (26404) Правоведение (321) Психология (56518) Религия (1833) Социология (23400) Спорт (2350) Строительство (17942) Технология (5741) Транспорт (14634) Физика (1043) Философия (440) Финансы (17336) Химия (4931) Экология (6055) Экономика (9200) Электроника (7621)
|
Бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу тәртібі
1. Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс. 2. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. 3. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады. 4. Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін. 5. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі. 6. Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады. 7. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.
Бап. Экологиялық дауларды шешу тәртібі
1. Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді. 2. Экологиялық құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы экологиялық даулар келіссөздер арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын келісілген дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін.
Тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап. Өтпелі ережелер
1. Табиғат пайдаланушылардың осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алған табиғат пайдалануға арналған рұқсаттары қанша мерзімге берілсе, сонша мерзім ішінде қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары табиғат пайдалануға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін экологиялық рұқсаттар алуға міндетті. 3. Қалдықтарды көму полигондарының және қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларының иелері 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде полигонды осы Кодекстің 43-тарауында көзделген экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жоспарларын әзірлеуге және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге тиіс. 4. Табиғат қорғауды жобалауға, экологиялық сараптама саласындағы нормалауға және жұмыстарға, экологиялық аудиторлық қызметке лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда қайта рәсімдеуге міндетті. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін бұл лицензиялар жарамсыз деп есептеледі. 5. Осы Кодекске сәйкес лицензиялауға жатпайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензияның қолданысы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқтатылады. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайтаруға міндетті. 6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына табиғат пайдаланушылар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін табыс еткен материалдар бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты II, III және IV санат объектілері үшін табыс етілген материалдар толық болған және олар осы Кодекстің талаптарына сәйкес болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы қарайды және береді және олар берілген мерзім ішінде қолданыста болады. 7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің бірінші ұлттық жоспары 2013 жылға бекітіледі. 8. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтардың иелері және меншік иелері қаржыландыру көздерін айқындай отырып, оларды 2025 жылға дейін жою жөніндегі бағдарлама әзірлеуге және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы тармақ қолданысқа енгізілген немесе осы қалдықтарды меншікке немесе иелікке сатып алған күннен бастап үш ай мерзім ішінде ұсынуға тиіс. Ескерту. 324-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
|