![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
Мұнай өндіру және мұнай өңдеу өндірістеріне қойылатын талаптар арнайы "Санитарлық ережелерде" - "Мұнай өндірісіне арналған санитарлық ережелерінде" көрсетілген. Мұнай өндіру кезіндегі зиянды жағымсыз өндірістік факторлардың алдын алудың негізгі шаралары. Бұрғылау және мұнай өндіру кезінде алдын алу шараларының бағыты: зиянды газдарға қарсы; мұнаймен жанасуды болдырмау; жарақат алуды болдырмау; ауыр жұмыстарды жеңілдету және санитарлық-тұрмыстық қызметті дұрыс ұйымдастыру. Технологиялық шаралар. Соңғы жылдары мұнай өндірісінде, ғылыми- техникалық жаңалықтар енгізілуде. Мысалы, мұнайды өндіруде мұнай қабатына жасанды түрде әсер ету негізгі әдіс болуда. Мұнда ұңғыманың фонтанды атқылау уақытының ұзаруы, күшті сауықтыру шаралары . Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру саласында жасалатын жұмыстар: мұнаралық-монтажды жұмыстарды механикаландыру; түсіру-көтеру шараларын толық механикаландыру және автоматтандыру, жер асты жұмыстарын және шараларды күрделі жөндеуді, кешенді механикаландыру, бұрғылауда жуу ерітінділерін дайындау әдістерін жетілдіру, дистанционды (қашықтан басқаруды) бақылауды және мұнай ұңғымалаларын орталықтан басқаруды енгізу, қабаттарды су көмегімен жару әдісін жетілдіру. Жетілдіру шаралары енгізілуі ауыр және өте ауыр операцияларды жеңілдетеді, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс барысында мұнаймен жанасуды болдырмайды, газдың ауаға бөлінуін төмендетеді. Атмосфераға шығарылатын газдардың алдын алуда ұңғыманы пайдаға асыруда жабық жүйені қолдану, мұнда газ ұңғымадан сорылып, тұрмыстық және өндірістік мақсатта пайдаланылады. Шудың алдын алу мақсатында жұмыс алаңын редукторлы бөлмеден алшақ орналастыру, сығылған ауаны шығарғанда сөндірушілерді қолдану, шу шығаратын жабдықтарды (кожух) қаптармен жабу. Компрессорлы және насосты станциялар бөлмесіндегі басқару бекеттерін және кабиналарын оқшаулау Жеке қолдану заттарына көңілі бөлу, шудан есту мүшелерін қорғау-антифондар, бітегіштерді пайдалану. Шудың деңгейіне және секторіне байланысты жеке қорғану заттарын дұрыс таңдау және де олардың пайдаға асыру жағдайын бақылау. Желдендіру. Мұнай кәсіпшілігінде желдендіру жүйесін насосты және газкомпрессорлы станциялары орналастырылады. Насосты станцияларда мұнай өнімдері қыздырылмайды, сондықтан, жабдықтар жылу бөлмейді, яғни, конвекциялы ауа ағымының жоғары көтерілуі аз, бөлінетін ауыр газдар бөлменің төменгі бөлігінде жиналады. Сондықтан, төменгі аймақтан ауаны сорып шығару үшін механикалық қозғағышы бар. Жылдың суық мерзімінде жұмыс аймағына жылы ауаны механикалық жолмен беру. Ауаның қозғалу жылдамдығы жоғары мекен-жайларда табиғи желдендіру үшін жел күшін пайдалананады. Ұңғымалардың жер асты жөндеу жұмыстары уақытында, күкірт сутектің ауаға түсуінің алдын алу үшін Е.А. Гельфанд құбыр артындағы газды қозғалмалы ВГ-І агрегатымен сорып, жұмыс орнынан 10 м қашықтықта шығаруды ұсынады. Жарықтандыру . Мұнай кәсіпшілігінде жарықтандыруға гигиеналық қауіпсіздігін ғана емес, сонымен бірге қопарылыс кезіндеде қауіпсіздікті де сақтау керек. Мұнай газымен жұмыс істейтін компрессорлы станцияларда және газды тарату күркесінде қопарылыс қоспасы түзілуі мүмкін, сондықтан жарықтандыру сыртта орналасқан шам әйнектелген ойық арқылы түседі. Жарықтандырудың келесі шамалары ұсынылады: бұрғылау мұнарасы мен бұрғылау станогының роторында - 50лк; өлшеу-бақылау аспабының қалқаны - 100лк; ағаш балкон~"полати" - 30лк; тербелмелі станок двигателі жанында -25 лк; компрессорлы және насосты бөлімде - 50лк. Ашық алаңдарда орналасқан шамдар арматурасы герметикалы ( қымталған) , су өткізбейтін материалдан жасалуы керек. Кәсіпшілік алаңын ұтымды етіп жарықтандыру үшін прожекторды (қуатты жарық түсіретін құрал) қолдану. Жұмысшылардың салқындап қалмауына қарсы шаралар. Бұл мақсатта жылдың суық мерзімінде мұнараны 6 м биіктікке дейін тақтаймен қаптау, ал жылы мерзімде – 4 м биіктікке дейін. "Полати", насос және электр жабдықтар орналасқан сарайлар барлық жағынан қапталады. Жеке қорғану заттары. Зиянды булар, газдар және шаң жағдайында жұмыс істегенде жоғары тыныс алу жолдарын қорғау керек. Кез-келген құдықтар мен цистерналарда тек жеке противогаздармен жұмыс істеу қажет. Газдар концентрациясы (көмірсутек 5 об%, күкіртсутек 2 об% ) жоғары емес және асфикцияға қауіп болмаған жағдайларда сүзгілеуші противогаздар қолданылады. Күкіртсутек және көмірсутектен қорғану үшін противогаздың - В маркасы; өрт газдары және түтіндерде - П маркасы пайдаланылады. Улы емес шаңнан қорғану үшін Ф-46-К респираторы ұсынылады. Жұмысшылардың арнайы киімі. Мұнай кәсіпшілігінде жұмысшылардың арнайы киімі қолайсыз метеорологиялық жағдайда және де мұнаймен ластанудан қорғану керек.. Бұл мақсатта көбіне брезент костюмдер немесе төзімді мақта-қағаз кездемеден жасалған су өткізбейтін плащтар, түймелі кеудешелер пайдаланылады. Мұнаймен ластанатын жұмыстарда текстовинит-мақта матасына полихлорвинил шайыры жағылған киімдер пайдаланылады. Терінің, киіммен жабылмаған бөліктерін агрессивті заттардан қорғау үшін профилактикалық пасталар қолданылады. Ұсынылатын пасталар: ИЭР-1, ХИОТ-6, "Миколан" майлы-мұнай өнімдерінен қорғайды; ИЭР-2 пастасы қышқыл және сілтілердің сулы ерітіндісінен қорғайды. Санитарлық-тұрмыстық қызмет. Санитарлық-тұрмыстық қызметтің негізгі шешетін сұраныстары: жұмысшыларды тасымалдау үшін көлікті ұйымдастыру; ішер сумен қамтамасыз ету; қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; арнайы киімге шешінетін, сақтайтын бөлмелер жасау, душтер, моншалар ұйымдастыру.
![]() |