![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Технологиялық үрдістер және жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Жобаның бұл бөлігін қарастырған кезде есте сақтайтынтыны, бұл СНменЕ- ге сәйкес жұмыс жобаларында ғылым және техниканың жаңа жетістіктеріне сәйкес емес технологиялық процесс және жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады. Сондықтан химиялық кәсіпорын жобасының технологиялық бөлігін сараптау үшін санитарлық дәрігер арнайы техникалық және гигиеналық әдебиетпен алдын ала танысуы тиіс. Жобаның технологиялық бөлігін санитариялық-гигиеналық сараптаудың негізгі міндеті жобаланған технологиялық үдеріс нәтижесінде дамуы мүмкін өндірістің зияндылықтарын және жобалық материалға оның алдын алу бойынша құрастыру, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық шараларды енгізудің жеткіліктігін анықтау болып табылады. Химиялық өнеркәсіп кәсіпорындары үшін өнеркәсіптік ғимаратты ұтымды жоспарлау маңызды. Жоспарлау негізінде зиянды үдерістерді 2 аймаққа бөлу – жабдықтар аймағы, негізгі технологиялық аппаратура орналасатын және басқару аймағы арқылы жекелеу принципі жатқызылады. Басқару аймағы (басқару пульттері) ауасының ортасы химиялық ластанусыз болады, бұл жұмысшыларды улы заттар әсерінен қорғайды. Жоспарлау шешімдерін таңдау кезінде өңделетін өнімдердің улылық дәрежесін міндетті түрде есепке алу тиіс. Газ және бу тәрізді қосылыстардың бір бөлімнен басқаға ауысуын болдырмау қажет. Аса зиянды бөлімдерді оқшаулау керек, ал жоғары улылықты қосылыстармен жұмыс істегенде – басқару жүйесін таза аймаққа шығарып, жабдықтарды кабиналық орналастыруды қолдану қажет. Екі аймақты жоспарлау ауа алмасудың ұтымды жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді: басқару аймағында әкелінетін ауаны айдау, ауаның таза бөлмеден (басқару аймағы) ластанған бөлмеге (жабдық аймағы) жылжуын қамтамасыз етеді. Үздіксіз технологиялық үдерісті және кейбір жұмыстың механикаландыруды енгізу зиянды заттар бөлінуін ескертеді, еңбек жағдайының біршама сауығуына әкеледі. Жоғары және аса қауіпті қосылыстарды (1, 2-қауіптілік класы) алу немесе пайдалану кезінде технологиялық үдерісті автоматтандырудың шешуші маңызы бар. Бұл үдерістерді басқару пульт бөлмесінен қащықтау болуы тиіс, бұл бөлме өндірістік бөлмелердегідей оқшаулануы керек (изоцианат, диметилсульфат, металлорганикалық қосылыстар өндірісі). Гигиенистер үшін аса көңіл аударатын аз тонналық химиялық өндірістер және де химия кәсіпорындарындағы кезеңдік үдерістер болып табылады, өйткені бұл кезде жұмысшылардың улы заттармен жанасуы жиі болады. Қандай да бір өнімді өндірудің әртүрлі әдістерін салыстырмалы гигиеналық бағалаған кезде мына өндіріс түрлеріне көп көңіл бөлінеді: жоғары улылықты бастапқы және аралық синтез өнімдерінің болмауы, улы заттар бөлінумен байланысты операциялар саны минимумге жеткізілген (кристалдау, сүзгілеу, кептіру т.б.) және де вакуумда жүргізілетін үздікті технологиялық циклды үдерістер. Шаңның бөлінуін азайту үшін маңызды болып қолданылатын бастапқы өнімдердің түрі саналады, мысалы, ұнтақ заттарды түйіршіктенген шикізат немесе престелген брикетке (тығыз жентектелген) ауыстыру. Техникалық жағынан және де гигиеналық жағынан да аса жетілдірілген жабдықтарды пайдалану (автоматты сүзгілер, гидротүсіруі бар престер, КС типті кептіргіштер және механикаландырылған тиеу және түсіруі бар басқа аппараттар) еңбек жағдайын біршама жақсартады. Ауа ортасының ластануын ескертуде басты рөл – жабдықтарды және коммуникацияларды (қарым қатнасты) герметизациялау және ондағы бүтіндіктің бұзылуын дер кезінде кетіру болып табылады және 2 қауіптілік класына жататын заттар түзілетін және пайдаланатын технологиялық үдерістер жоғары қымталған және сенімді коммуникациялары және арматурасы бар аппаратурада жүргізілуі тиіс. Мұндай аппаратураларға: қалқаланған қозғалтқышы бар реакторлар, сальниксіз насостар, қымталмалы өзі түсірілетін центрифугалар және кристализаторлар, қымтамалы кептіргіштер, сильфонды арматура, өлшегіштер т.б. және мүмкіндігінше үдерістерді қашықтан немесе автоматикалық басқару қарастырылуы тиіс. Агрессивті заттарға арналған сыйымдылық және аппараттың ішкі беті, олардың ішіндегі бұлғауыш және құбырларды коррозияға төзімді материалдардан дайындау қажет немесе сондай заттармен жабу керек. Аппараттарды атмосферамен қосатын құбырларды (ауалық құбырлар) ғимараттан тысқа шығару қажет. Өткізгіш құбырлардың жеке бөліктерін дәнекерлеу арқылы қосу қажет. Аппарат және коммуникацияларды ашу, ауыстыру, оларды сәйкес реагенттермен тиянақты жуған соң жүргізіледі. Зиянды заттардың апаттық бөлінуінің себептері – аппарат, газ жүру аппараты, қышқыл өткізгіште, насоста ақау түзілуі, технологиялық аппарат және коммуникацияларды дер кезінде жөндемеу. Өнеркәсіптік бөлмелердің ауасының зиянды заттармен ластануын ескертуде реактор, басқа жабдықтарды дайындағанда антикоррозиялық материалдарды қолдану және де агрессивтік химиялық заттарды (фторопласт, тат баспайтын құрыш т.б.) таситын өткізгіш құбырлар және пневмотранспортты дайындау кезінде мұндай материалдардың қолдануының рөлі зор. Аппаратты және операторлардың жұмысында монотондық (бір текті), күш түсу, ауырлық факторларының болуы шаралары «отыру», «тұру» кейпінде ауыстырып орындау мүмкіндігі бар жұмыс жићазы, жұмыс орынның еңбекті қысқа уақытты үзілістерді қалыптастыруымен байланысты, еңбектің түрлі элементтерімен кәсіптің барлық принципін қолданумен байланысты мәселені шешуді талап етеді. Еңбек қауырттылығын (напряженность) төмендету үшін басқару орындары және индикаторлы қалқанды қалыптандыруды жетілдіру, бақылау-өлшегіш құрал және автоматикалық реттеуіш қондырғылардың жұмысының сенімділігін жоғарылату керек. Операторлардың жабдық қасында және басқару пультінде жарты ауысым бойынша өзара ауысу принципін пайдалану тиімді болып саналады. Организм қызметінің аса зорлықпен өндіріске ену кезеңінде байқалады. Қауырттылықтың алдын алу үшін жеке тұлғалардың ену кезеңіне дайындық деңгейі жоғары болуы керек, бөлек технологиялық шараларды басқару дағдыларын жаттықтыру қажет.
![]() |