![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ндірістік бөлмелердің ішкі өңделуі және жоспарлау шешімдері
Химия кәсіпорындарының өндірістік бөлмесінің жоспарлау шешімдері еңбек қауіпсіздігі және гигиеналық жағдайына көп әсер етуі мүмкін. Кейбір жағдайда жеке технологиялық үдерстің және операциялардың оқшаулануы еңбек жағдайын сауықтырудың шешуші жалғыз шарасы болуы мүмкін. Химия өндірісінің өндірістік жабдықтар және аппаратурасын бір, екі- және көп салалы бірқабатты ғимараттарда, павильон типті ғимаратта, ашық алаңда, сөрелерде және жеңілдетілген типті ғимараттарда орналастырады. Бірқабатты ғимараттарды горизонтальды технологиялық үдерісті өндіріс үшін қолданылады, мысалы, жамаулық масса, таңғыш және резина-техникалық бұйымдар өндірісі. Көпқабатты ғимараттарда вертикальды технологиялық процесті әртүрлі химиялық өндірісті орналастыру тиімді. Мысалы, органикалық синтез, органикалық қышқылдар және еріткіштер өндірісі және с.с. Павильонды типті ғимараттарды вертикальды және горизонтальды, технологиялық үдерісті өндірісті орналастыру үшін қолданады. (Мысалы, анилинді бояулар, синтетикалық каучук және басқа өнім шығаратын кәсіпорындар). Соңғы жылдарда технологиялық жабдықтарды ашық алаңдар немесе жеңілдетілген типті ғимараттарға шығару кең сыналып жатыр (мысалы, бутил спирті өндірісі). Өндірістік ғимараттардың ішіндегі жоспарлау шешімдерін таңдау кезінде технологиялық цикл үдерісінде түзілетін және пайдаланатын заттардың қауіптілік және улылық дәрежесін ескеру қажет. Қазіргі уақытта химиялық өнеркәсіпте келесі жоспарлау типтері кең таралған: 1.Бір қабатты немесе көп қабатты ғимараттар тікелей бір-бірімен жалғасқан бөлмелерде бөлім және жеке цехтарды орналастыру. 2. Қабатаралық қоршаулары жоқ, яғни, қабаттар арасында қуысы бар ғимараттар. 3. Цех және учаскелердің бөлмелері бір-бірімен дәліздермен жалғасқан ғимараттар. 4.Технологиялық жабдықтар өндірістік кабинада орналасатын, технологиялық шараларды қашықтан басқару дәліздермен жүргізілетін ғимараттар. 5. Басқару пульті (тетігі) бөлек бөлмеде болатын жиі оқшауланған шығу есігі бар ғимараттар. Бөлінетін зиянды заттардың қауіптілік және улылық дәрежесіне қарап, ұсынылатыны: - 1, 2 типті ғимараттарда 4 қауіптілік класына (қауіптілігі аз заттар) жататын заттар қолданылатын өндірісті орналастырады. - 3 типті ғимаратта – 3 қауіптілік класына (қауіпті заттар) жататын заттар түзілетін және пайдаланылатын өндірісті орналастырады. Бұл өндірісті егер аса қауіпті технологиялық шараларды желдетілетін кабинаға жекелейтін болса, жартылай 1 және 2 типті ғимараттар орналастыруға болады. - 4 және 5 типті ғимаратта 1 және 2 қауіптілік класына (аса қауіпті және жоғары қауіпті) жататын заттарды пайдаланатын өндірісті орналастыру тиімді. Жоспарлау шешімдерін талдау кезінде өндірістік қауіптілігін реакциялардың бастапқы, аралық және соңғы өнімдері бойынша бағалау керек, технологиялық үдерісті соған сәйкес орналастыру керек. Ыстық климатты аудандарға жоғары қауіпті заттар қолданылатын өндіріс үшін, басқару дәлізінің ластануын болдырмау үшін, басқару дәлізін өндірістік кабинадан толығымен оқшаулау, кабинаға ауладан кіруді қарастырып жоспарлау ұсынылады. Дәліз ауасы тек ауаны жіберу кезінде ластануы мүмкін. Кейде пульттік бөлмелер ғимараттар жоғары қабаттарында орналасады. Пульттік бөлмеге цехтан кіреді, жұмысшылар ауа ортасы улы заттармен ластануы мүмкін өндірістік бөлме арқылы өтеді. Олар жұмыс уақытының көп бөлігінде цехта белгіленген орнында жабдық қасында болады. Бұл жағдай да пульттік басқару бөлмесіне кіру баспалдақтары немесе ластанған дәлізден болуын қарастыру қажет. Химия өнеркәсібіндегі жұмысшылардың еңбек жағдайына жер көрсететін жоспарлау шешімі, бұл технологиялық үдеріс және жабдықты ғимараттан тыс орналастыру болып табылады. Осылай реактор және басқа вакуумда қалыпты және жоғары қысым кезінде 2-4 қауіптілік класына жататын заттар қолданылатын жабдықтар орналастырылады. Бұл кезде технологиялық жабдықтың қымтылылуы, зауыт алаңы атмосфераның ластануын болдырмау, жөндеу жұмыстарын дұрыс жасап және т.б. қарастырылады. Қазіргі уақытта жабдықтарды ғимараттан тыс орналастырудың бірнеше нұсқалары қолданылады: а) өндірістік ғимараттарда жалғасып тұрған сыртқы қондырғыларда; б) бірқабатты ғимараттардың шатырында; в) ашық алаңдарда. Жабдығы бар ашық алаңдар ғимараттар және құрылыстармен бірге технологиялық тізбекке бірігеді. Ашық алаңда жабдықты орналастырумен байланысты өндірісті гигиеналық бағалау жұмысшылардың арнайы еңбек жағдайының (улы заттардың мүмкін әсері, қолайсыз жағдайлар), бұл өндірістің зауыт алаңы аумағының ауа ортасы жағдайына және кәсіпорынның орналасу ауданындағы атмосфералық ауаға әсерін қарастыру қажет. Осылай жоспарлау шешімдерін дұрыс таңдауда технологиялық көрсеткіш ғана емес, гигиеналық талаптарды да міндетті түрде есепке алу керек. Өндірістік бөлмелерді ішкі өңдеу жұмыстары кезінде қолданылатын әртүрлі құрылыстық материалдары, жабынды және лактардың үлкен гигиеналық маңызы бар, өйткені көптеген органикалық және бейорганикалық газ және бу тәрізді заттардың осы материалдармен жақсы сорбциялану (сорылып) және ауаға олардан десорбциялану қабілеті бар. Құрылыс материалдарында химиялық заттардың депосы (қоры ) түзілуі мүмкін. Десорбция процестері ауаның тетраэтилқорғасын, хлор, фтор, сынап сияқты химиялық заттармен ластануын жоғарылатуы мүмкін. Өндірістік бөлменің ішкі өңделуіне пайдаланылатын материалдар ретінде құрылыс материалдарын нақты химиялық заттардан қорғайтын жабындыларды пайдалану керек. Тиімділігі жоғары кремний органикалық, перхлорвинилді және басқа қосылыстарды пайдаланып жасалған лак-бояу жабындыларының жаңа түрлері болып табылады. Химиялық өндіріс бөлмесінің ішкі өңдеу жұмыстарына қолданылатын материалдар тазалау, ылғалды және вакуумда жуу, жинауға қажет болған кезде дезинфекция жүргізуге төзімді болуы керек.
![]() |