![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы
Химия кәсіпорындарындағы еңбектің гигиеналық жағдайы мынаған: - пайдаланылатын шикізатқа; - өндірістік процестерді ұйымдастыруға; - қолданылатын аппаратура және жабдықтарға; - механикаландыру және автоматтандыру дәрежесіне; - аумақтың орналасуына; - ғимарат ішіндегі жоспарлық шешімдерге тәуелді. Химия өндірісіндегі басты қолайсыз фактор көп жағдайда химиялық фактор болып табылады – жұмыс алаңы ауасының және өнеркәсіптік алаңшаның, жұмысшылардың тері қабаттары және киімдерінің, бөлменің сыртқы қоршаулары және жабдық беттерінің зиянды заттармен ластануы. Зиянды заттар бөлінуі жоғары температура және қысымды пайдалану, және де герметикалық емес аппараттар және коммуникацияларда қолдану нәтижесінде болады. Бұл әдетте, ауаның фильтрация, тасымалдау, өнімді ыдыстарға салу және аппараттарды қалдықтардан тазарту үрдістері кезінде ластануына әкеледі. Ауаның улы шаңмен ластануының маңызды көзі болып табылатын, бұл дезинтеграторлар, уатқыштар, диірмендер, шнектер, ұнтақ материалдарды тасымалдауға арналған элеваторлар. Бұдан басқа жұмыс алаңы ауасының зиянды заттармен ластануының жиі болатын себептері: технологиялық тәртіптің бұзылуы, технологиялық сынаманы толтыру кезінде сұйықтықтың сыртқа ағып кетуі коммуникациялардың бүтіндігінің бұзылуы және басқа апаттық жағдайлар. Технологиялық сынама алу кезінде ауадағы зиянды заттар концентрациясы көп рет жоғарылайды және олардың зиянды әсеріне тек лаборанттар ғана емес, барлық қызмет етуші жеке тұлғаларда ұшырайды. Бұл жағдайды болдырмас үшін, қазіргі уақытта реакционды массаның физико-химиялық жағдайына автоматикалық бақылау жүргізу тәсілдері дайындалуда және енгізіліп жатыр. Гигиеналық көзқарас бойынша, мына операциялар аппаратураны жөндеу мен тазалау және апаттық жұмыстар жүргізу маңыздылығы үлкен, бұл кезде әртүрлі зиянды заттар мен жұмысшылардың жанасуы байқалады. Жабдықтардың ішінде орындалатын операциялар аса маңызды. Апаттар жиі технологиялық тәртіп параметрлерінің бұзылуымен байланысты, нәтижесінде аппараттағы температура және қысым өзгереді. Бұл аппараттар және коммуникациялардың герметикалығының бұзылуына әкеледі (асып ағып кету , сальниктің түсуі) және зиянды заттардың жұмыс бөлмесіне түсуіне әкеп соғады. Бөлмедегі зиянды заттар концентрациясы химия өндірісін пайдалануға беру кезеңінде де тәуелді. Әсіресе гигиеналық жағынан қолайсызы , бұл жөндеуге жіберу кезде , қызмет етуші жеке тұлғаның жетілмеген басқару дағдыларымен, технологиялық үдерістің тұрақтылығымен, өндірістік ортаның ластану мүмкіндігімен сипатталады. Осыған байланысты пайдалануаның келесі гигиеналық маңызды кезеңдерін ажыратады – жөндеуге жіберу, тұрақты және жөндеу жұмыстары. Бұл кезеңдер, еңбек қауіпсіздігін салыстырмалы санитариялық-гигиеналық және алдын алуды қамтамасыз етуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігі пайдалануының тәртібіндегі тұрақты еңбек жағдайы сияқты сол шамада қамтамасыз етілуі тиіс. Химия өнеркәсібінде ауа ортасы әртүрлі химиялық заттар жиынтығымен ластанады. Олардың көп мөлшері соңғы өнім әртүрлі шикізаттан, қоспа, катализатордан алынатын синтез үдерістерінде болады. Ауада бір уақытта әртүрлі агрегаттық күйдегі – бу, газ, аэрозоль көптеген заттар және де бір-бірімен әсерлесу нәтижесінде түзілген қосылыстар немесе термиялық ыдырау өнімдері кездеседі. Ауаға түскен зиянды заттар әрі қарай бір-бірімен әсерленіп тотығу, гидролиз және басқа өзгерістерге ұшырайды. Салыстырмалы тығыздығы ауадан жоғары бу және газдар төменгі бөлікте жиналады, ал бөлменің вертикальды жоспарлануы кезінде жоғарғы қабаттан төменге ауысады. Бірақ ауаның жылу конвективтік ағыны болса кері үдерістер болуы мүмкін. Гигиеналық көзқарас бойынша айқын биологиялық әсер ететін бу-газ аэрозольдік қоспаны (БГҚ) түзетін шаң мен газ және будың адсорбциясы мүмкіндігін есепке алу қажет. Шаң мен газдың компонент арасында күрделі әсерлесу үрдістері жүреді (адсорбция, хемосорбция, каталитикалық, газдық компоненттің шаңмен берік байланысуы). Жұмыс алаңы ауасындағы зиянды заттар концентрациясы жиі ауытқып тұрады. Бұл кезде жұмысшыларға химиялық заттар интермиттерлеуші әсер көрсетеді. заттың интермиттерлеушілердің жоғары әсер ету деңгейінде аса айқын білінеді. Тітіркендіргіш әсер көрсететін және улылық әсері аз болатын заттар үшін шаңның « шыңдық» концентрациясының үлкен гигиеналық маңызы бар. Осыған сәйкес, бір заттар үшін шешуші маңызы бар, бұл орташа ауыспалы концентрация, басқалары үшін – максимальды концентрация. Кейбір химиялық заттардың коммуникация және қабырға бетіндегі адсорбциялану қабілетінің болуы, бұл гигиеналық маңызы бар факт. Адсорбциядан басқа, хемосорбция үрдістері де маңызды. Химиялық сорбция үрдісі шегіне жеткенде физикалық сорбция және десорбция үрдістері басталады. Физикалық сорбция үрдісі құрылыс материалында хемосорбция үрдісі аяқталғанда басталады. Десорбция үрдісі есебінен өндірістік бөлмеде ШРЕК-тен асатын газ тәрізді улы заттардың жоғарғы концентрациясы пайда болуы мүмкін. Химия өндірісінің ішкі өңделуіне материалды дұрыс таңдау керек. Кремний органикалық, перхлорвинилді және басқа қосылыстар пайдаланатын лак бояу жабындыларының жаңа түрлері аса тиімді. Өндірістік бөлменің ауасына жалпы улы әсер ететін улы заттармен бірге мутагенді, эмбриотропты, тератогенді, аллергиялық, канцерогенді әсер көрсететін заттар бөлінеді. Зиянды заттардың канцерогенді әсері анилинді бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, пластмасса өндірісі (поливинилхлоридтер), резина-техникалық бұйымдар, жану үрдісі қолданылатын (тас, көмір, мұнай) өндірістерге тән. Жұмысшыларды қатерлі жаңа түзілімдер дамуын даусыз шақыруы мүмкін, ол заттарға мыналар жатады: бензин, бензол, винилхлорид, хром, никель, мұнай, сланц, тас көмірді айдаудың нәтижесінде қалатын өнімдер және т.б. Құрамында химиялық нысандары бар барлық химиялық комбинат және бірлестіктер, өнеркәсіптік комплекстердің маңызды ортақ гигиеналық мәселесі, бұл тек өндірістік ғана емес, басқа да өнеркәсіп алаңша аймағы ауасының ластануы болып табылады. Осыған байланысты зиянды заттар әсеріне химиялық емес өндірістік нысандардың қосалқы және қызметтердің жұмысшылары және де айналасындағы тұрғын мекендерінің халқы ұшырайды. Бұдан басқа химиялық өндірістегі сомалы желдету жүйесінің тиімділігі төмендейді, цехқа жіберілетін ауаны жұмыс алаңы ШРЕК 0,3-ке дейін сұйылту немесе тазалау керек. Шаңды фактор көптеген химиялық зауыттарда орын алады. Бұл фактор көп дәрежеде бастапқы (шикізатты өңдеу) және соңғы (кептіру, бөлу және т.б.) технологиялық үдеріс кезеңдерінде айқын болады. Бөлінетін шаң дисперстілігі әдетте жоғары: құрамында мөлшері 5 мкм аз бөлшектер көп болады. Бұл кезде сіңірілетін шаң, зиянды заттың жақсы сорбцияланатын газ және булары, десорбция нәтижесінде олардың оррганизмге түсуінің қосымша көзі болады. Физикалық факторлардан тұрақты болатын шу, діріл және қолайсыз метеожағдайлар. Химиялық зауыттағы шу және дірілдің негізгі көзі бұл әртүрлі технологиялық жабдықтар: уатқыш, элеватор, кептіргіш барабан, желдеткіш, центрифуга, компрессорлар және т.б. Бұл жабдықтардың шу интенсивтілігі 90-100 дБА және одан да жоғары болуы мүмкін. Өндірістік бөлмеде метеорологиялық жағдай технологиялық үдерістің сипатына байланысты анықталады. Ауа температурасы кейбір учаскеде +300 С-қа жетуі мүмкін. Қолайсыз микроклимат себептері – аппарат және коммуни-кациялардың жеткіліксіз жылу оқшаулауы, жабдықтарды орналастырудың жоғары тығыздығы, тиімсіз желдету жүйесі. Жабдықтар мен коммуникациялардың беттерінің жылуды оқшаулау жеткіліксіздігі тек конвекциялы ғана емес, радиациялық жылу көзі болуы мүмкін. Бірқатар химия өндірістеріне, жабық бөлмелерден сыртқы қондырғыларға жиі ауысу қажеттілігімен байланысты жұмысшыларға ауа температурасының кенет ауысып отырып әсер етуі тән. Жұмыстың кейбір учаскелерінде, әсіресе бастапқы кезеңдерде (қойма, уату, ұнтақтау бөлімдерінде) және де сыртқы қондырғылармен жұмыс істегенде жұмысшылар суық мезгілде төмен температуралы және үлкен ауа қозғалысы жылдамдығы бар салқындаушы микроклимат әсеріне ұшырайды. Центрифугалау, сүзу, тұндыру және басқа операциялар кезінде артық мөлшерде ылғал бөліну кездеседі, соған байланысты ауа ылғалдылығының жоғары болуы байқалады. Қазіргі заманғы химиялық зауыттарда өлшегіш аппаратураларда және катализатор ретінде радиооактивті заттар қолданылады. Химиялық цехтарда электрлік, механикалық, термиялық және химиялық жарақат алу қаупі жоғары. Осылайша, химия өнеркәсібінің жұмысшылары әртүрлі химиялық және физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін. Бұл әсерлер қосарланған (бірыңғай фактор болғанда), бірлескен (химиялық және физикалық факторлар) және кешенді сипатта, жұмысшылар өндірісте және одан тыс жерлерде (өндірістік алаңда, тұрғылықты жерде) әсеріне ұшырайды. Мұндай әсер, бөлек фактордың жоғары асып кетуі болмаса да назардан тыс қалмауы тиіс.
![]() |