Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Орғасын зауыттарындағы еңбек жағдайы



,

Қорғасын өндіретін зауыттардың санитарлық жағдайы сол пайдалануға келетін өндірістің орналасқан жерінің климатына байланысты. Суық климатта орналасқан зауыттар толығымен жабық ғимараттарда жұмыс жасайды, ол өндірістік бөлмелердің аэрациясын қиындатады; оңтүстік аудандардағы кейбір цехтардың коробкалары (қорап), мысалы, балқыту цехының, жартылай ашық болуы көп мөлшерде сыртқы ауаның бөлмеге енуіне және бөлінген зиянды газдар мен аэрозольдердің араласуына әкеледі.

Бастапқы стадиялардағы (руданың уату мен концентрат алу) өндірістік ортаның жағдайын анықтаушы фактор бөлшектегіштерде, дезинтеграторларда, көтергіштерде, коректендіргіштерде шаңның түзілуі болып саналады. Шаң концентрациясы кең деңгейде кездеседі. Руда шаңының қауіптілігі құрамында көп мөлшерде кремнийдің бос қос тотығының болуына байланысты. Концентрат шаңының құрамында күкіртті қорғасын, ал айналым материалдарының шаңының құрамында қорғасын тотығы кездеседі. Ол күкіртті қорғасынға қарағанда улылығы жоғары қосылыс. Сонымен бірге, флюс шаңын да ескеру қажет, себебі оның 90% кварцтан тұрады. Шаңның дисперстілігі өте жоғары - 90% бөлшектердің мөлшері 5 МКМ дейін жетеді. Сондықтан, шаң құрамындағы қорғасын мен кремийдің бос қос тотығының мөлшерінің жоғарылығын ескеріп, шаңға қарсы шаралар қажет.

Агломерация сатысы кезінде, агломерациялық машиналар жұмысы барысында қарқынды шаң - газ бөлінуімен жылу таралуы болады. Көрікші алаңында азрозольдің көп мөлшерде бөлінуі шлак пен қорғасын жіберілген кезде болады; ауаның қуатты конвекциялық ағымы сорғыш желдету қондырғыларының тиімділігін төмендетеді. Негізгі мамандар - көрікші және оның көмекшісі, фурмовшылар, сифоншылар жұмысты үлкен дене ауыртпалығымен атқарады.

Жұмысшылардың жүмысында қолайсыз жағдайлар пештерді жөндегенде және төсемдерді алып тастағанда болады, бұл кезде жұмыс орындарындағы ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, жылу бөліну және температура рұқсат етілген мөлшерден асып кетеді.

Рафинирлеуші цехтардың ауасына улы заттармен аз ластану тән. Қорғасын аэрозолі, цинк аэрозолі т.б. металдардың аэрозольдері, күкіртті газ, көміртегі тотығы, азот тотығы рафинирлеуші қазандардың ішіндегі балқытылған металдың ашық бетінен бөлінеді.

Ауа ластануының себебі, қазандардың бетін толығымен жаппау және қазандардан бөлінетін шаң мен газдарды жеткілікті дәрежеде тазартпау.

Қорғасын металургиясының негізгі цехтарының метеорологиялық факторы гигиеналық нормаларға сай келеді. Агломерациялық, балқыту және рафинирлеу цехтарында қуатты жылу көзі болып технологиялық агрегаттар мен балқытылған металдың беттері. Мысалы, агломерациялық пеш жанындағы жұмыс орнында жылу бөліну 1700-2300 Вт/м2, ал көрікші жанында одан да жоғары. Балқыту цехындағы тұндырғыштардың жанында, металды төккен кезде жылу деңгейі -1700 Вт/м2, шахталық пештердің жанында - 2000 Вт/м2 деңгейге жетуі мүмкін. Рафинирлеу цехтарының жұмыс орыншдарында жылу бөліну деңгейі біршама төмен.

Агломерациялық машина жанындағы жұмыс орындарындағы 75-88% ылғалдылықта ауа температурасы 34-36 0С құрайды. Балқыту цехтарының жұмыс орындарындағы ылғалдылық 68-80% кезінде, температурасы 30-32 0С болады.

Жылдың суық мезгілінде оңтүстік аймақтарда орналасқан зауыттардың жартылай ашық цехтарында ауа температурасы көбіне 14-160С деңгейде, ылғалдылығы 87% дейін болады. Суық мезгілде осы зауыттарда жоғары ауа температурасы рафинирлеу қазандарының маңайында (34 0С), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен кезінде 58-71% болады.

Қорғасын металургиясында жұмысты механизациялау мен өндірістік процесті автоматтандыру бойынша көптеген шаралар енгізілген. Бірақ, осы уақытқа дейін кейбір шаралар қол еңбегін пайдалануымен өтеді, мысалы, Э. И. Гомберг мәліметтері бойынша рафинирлеушілер мен балқытушылар негізгі шараларды орындау үшін жұмыс уақытының 94,8%, құйғыштар - 88,5% жібереді. Жұмыс барысында тамыр соғысының жиілігі минутына 97 соғыс, дем алу жиілігі минутына 27 рет. Сонымен қатар, негізгі мамандар арасындағы жумысшыларда физиологиялық өзгерістер қатарына көру - моторлы реакциясының (21%-ке) бәсеңдеуі мен нерв-бұлшық ет аппаратының қызметінің төмендеуі жатады.

 

Аурушаңдық

Қорғасын өндіру зауыттарындағы жұмыс жағдайы уақытша жұмыс қабілетінің жоғалуымен байланысты аурушаңдықтың деңгейі мен құрылымына ықпалын тигізеді. Аурушаңдықтың деңгейі өндірістің негізгі цехтарында көмекші цехтарға қарағанда жоғары. ҚР денсаулық сақтау министірлігінің өлкелік паталогиялық ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша кейбір өндірістерде мұндай аурушаңдық көрсеткіштерінің жоғарылауы 12-16% болған. Көбіне ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесінің аурулары жоғары орын алады (10-9,6%).

Қорғасынмен уланудың қауіптілігі тек қорғасын металургиясында емес, сонымен қатар қорғасынды қолданатын өндіріс орындарында да (аккумулятор, бояу, пигмент өндіру, қорғаныс ванналарында металды өнімдерді шынықтыру, хрусталь өндіру, металды кесу, полиграфияда, қорғасынды бояу) кездеседі.

Созылмалы уланулардың негізгі себебі болып әр түрлі технологиялық процестердің дұрыс орындалмауы мен желдеткіш жүйелерінің істен шығуы нәтижесінде қорғасын концентрациясының жоғарылап кетуі саналады.



Просмотров 2135

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!