Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Несиелік белсенділікті басқару



Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты
Қолданылады: Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда Жоғары инфляцияда
Іс-әрекеттер: Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді.
Нәтиже: Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.

Азақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».

Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:

v Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеупринципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.

v Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

v Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

v Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.

v Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.

13-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Ақша жүйесінің мәнін ашып, оның қандай типтері бар екенін анықтау. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қызметін талдау. Ақша массасына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді атап, елдегі ақша массасын анықтау. Несиенің қандай функциялары ең маңызды? Қазақстандағы несие саясатына шолу жасап, несиенің қай түріне сұраныс көп екенін зерттеу. Мемлекетте ақша-несие саясатын жүзеге асыратын негізгі субъект – Ұлттық банк екенін білесіздер, осы банктің қазіргі кездегі қызметіне талдау жасау. Қазақстан Республикасында банктің көрсететін қызметіне қарай қандай банктер бар? Анықтау. Ислам Даму Банкі Қазақстанда қандай рөл ойнайды?

 

14-тақырып. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Қаржы, бюджет-салық саясаты және әлеүметтік саясаты.

Аржы жүйесінің мәні.

Мемлекеттік бюджет.

Салық жүйесі.

Леуметтік қорғау жүйесі

Мақсаты:Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру:

Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт беру.

 

Негізігі түсініктер мен терминдер

Бюджет тапшылығы; Сыртқы қарыз; Ішкі қарыз; Мемлекеттік бюджет; Мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Салық; Салық салу; Қаржы жүйесі; Қаржылар; Фискалды саясат.

Дәріс мәтіні

1. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары,

- компаниялар, кәсіпорындар,

- үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

2.Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

- ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары;

- субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі;

- субвенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты;

- дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

- Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады.

- Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз –бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

3.Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесідеп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

- Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

- Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

 

Салық жүйесінің принциптері:

 

1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтық бірнеше түрлері бар.

Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

- Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

 

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

- Тұрақты салықтабыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

- Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

-

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

 

6 график. Лаффер қисығы.  
бюджетке салық түсімі М L N 0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%) Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

4.Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады: минимальды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы мен одан табыс табу.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, сақтық (сақталған) қаржыны индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көтеруге бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумыдеп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Ең төменгі бюджет мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету.

3. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады.

Осы келтірілген негізгі бағыттармен қатар, мемлекетке дейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлауды, тұрғындардың жеке топтарын әлеуметтік қорғау механизмн жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.

 

14-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға жоспарланған бюджет шығынын қарастыру. Елде бюджет тапшылығы бар ма?

Қазақстан Республикасында салықтың қандай түрі жүреді? Салық жүйесін мемлекеттік реттеу жолдарын қарастыру. Қазіргі уақытта салық өсімі бойынша қандай өзгерістер бар? Шағын бизнеске, кәсіпкерлікке салық жөнінен берілетін жеңілдіктер.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттарының қызметі. 2011 ж. мемлекетте белгіленген өмір сүру минимумы. 2012 ж. жоспарланған ең төменгі жалақы. «Атаулы» әлеуметтік қорғауға кіретін адамдар категориясы.

 

15-тақырып. Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері. Халықаралық экономикалық қатынастар.

  1. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен формалары

2. Дүниежүзілік шаруашылық

3. ҚР әлемдік шаруашылықтағы орны

 

Мақсаты:халықаралық экономиканы қарастыру арқылы, оның ішкі ұлттық экономикаға әсерін, оның негізгі түрлерін көрсете білу. Әсіресе сыртқы сауданың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қалай әсер ететіндігін талдау.

Негізгі ұғымдар:Валюталық курс, ғаламдық проблемалар, еркін сауда (фритредерство), еркін экономикалық зона, әлемдік шаруашылық, протекционизм, сауда балансы, халықаралық сауда, халықаралық экономикалық интеграция.

 

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын (бағытын) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.

Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.

Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайтын мемлекетаралық экономикалық қатынастар да қарастырылады.
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады.

Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша, бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экономикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі де қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Буның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдалақтарының құралы.

Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида: ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды.

ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуші фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.
Сонымен, әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді. Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа cозылатын процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда –экономикалық, қаржылық және ғылыми – техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама – қайшылықтар болып тұрады.

 

 

 

 


Сурет 14.1Халықаралық қатынастардың формалары

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады.

Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады.Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесісауда балансынанкөрінеді.Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерстік немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

 
 

 


Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы

Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;

- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;

- бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.

- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);

- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.

2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.

3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.

4. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.

5. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

1. Жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;

2. Ақша және тауар капитал миграциясы;

3. Қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;

4. Қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:

- Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.

- Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.

Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.

1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.

2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)

3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.

Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:

1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.

2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.

3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.

4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.



Просмотров 2271

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!