![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Амқоршы органдардың сотқа қатысу жағдайы
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық:1) ата-анасының қайтыс болуының, оларды ата-аналық құқықтарынан айырудың, шектеудiң, ата-анасын әрекетке қабiлетсiз деп танудың, ата-анасының науқастығының, ата-анасының ұзақ уақыт болмауының, ата-анасының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруының, оның iшiнде ата-анасының балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартуының салдарынан, сондай-ақ ата-аналық қамқорлық болмаған өзге де жағдайларда балаларды орналастыру, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында;2) әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi. Балаларды тәрбиелеуге байланысты iстi сотта қарауға дайындаған кезде, судья туындаған дауларды шешу үшiн тараптардың дәлелдеуге жататын мән-жайларды, оның iшiнде ата-аналардың немесе баланы тәрбиелеушi басқа адамдардың жеке бастарының мiнез-құлық қасиеттерiне, сонымен қатар осы адамдардың баламен өзара қалыптасқан қарым-қатынастарына ерекше көңiл аударып дұрыс анықтауы керек. Мұндай iстер сот мәжiлiсiнде iстi қарауға қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардан судьяның ұйғарымын орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша баланың және оны тәрбиелеуге үмiткер тұлғаның (тұлғалардың) тұрмыс-жағдайларын зерттеу актілерi алынғаннан кейiн тағайындалады. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-аналық құқығын жүзеге асыруы тәртiбi туралы iстердi қарағанда, сот iстi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қатысуымен жүргізедi6ал ата-ана құқығынан айыру, ата-ана құқықтарын қалпына келтiру, ата-ана құқықтарын шектеу және баланы асырап алуды бұзу жайындағы iстерге прокурордың қатысуы да қажет.Мемлекет кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен олардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады.Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың балаларды тәрбиелеу туралы дау бойынша қорытындысын сот, басқа iс материалдарының жиынтығымен салыстырып бағалайды Билет №3 1. 2.Алқабилер қатысуымен сот істерін қарау. Қазақстан Республикасынын заңымен 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-не жаңа «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» атты 13-бөлім енгізілді. Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш рет б.э.д. 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған дейді. ХVІІ-ғасырдың ортасында, буржуаз-демократиялык революциядан кейін Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады. Дүние жүзі бойынша сот алкабилерінің классикалық түрі, яғни бір сот және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған (АҚШ, Ресей және т.б.) Францияда алқабилер құрамы тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі (Қазакстандағы сот алқабилерінің үлгісі Францияның сот алқабилер құрамымен ұқсас) болады Сот алкабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі ерекшеліктері мынадай:— егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінің қатысуымен жүргізеді;— халық өкілеттіктері (тандалып алынған тоғыз алқаби) мен кәсіпқой сот төрешілерілар (екі сот төрешісі) арасындағы әділ сотқа өкілеттіктердің бөліну мен жіберілуі мынадай:— алқабилер қылмыс оқиғалары туралы сұрақтар мен сотталушының айыптылығы туралы сұрақтарды шешеді:Қылмыстық іс толық аяқталғаннан кейін ай сайын алқабиге мемлекет қаражатынан соттың немесе оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы мөлшеріңде, бірақ алқаби төрағасының негізгі сотта болған (жұмыстық күн саны) уақыттық жалақысынан төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс. Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына бір рет қана алқаби ретінде сот отырысына қатыса алады.Егер айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы.Ауыр қылмыс жасаған іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі алқабилердің катысуымен қарау жөнінде айыпталушылардың біреуі өтініш берген жағдайда істі алқабилердің міндетті түрде қатысуы бойынша қарастырады.Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды ал-дын ала кездейсок тандаудың тәртібі. Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алкабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алкабиге кандидаттардың келуін камтамасыз ету туралы өкім береді. Сот қаулысында іс бойынша тандап алынған алқабилердің саны керсетілуі қажБасты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің есімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай және косалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандауды жүргізеді. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алкабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандау аяқталғаннан кейін, олардың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысынын хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабиге кандидаттарға, сот талқылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алкабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетт3. 3. Билет №4
![]() |