Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Шешендік өнердің даму тарихы және оның даму кезеңдері, олардың өкілдері



Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:

1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.

2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.

Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.

3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.

4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.

5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.

Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.Риторика ғылымының негізін салушылар грек Протогор және Сократ, Платон.Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған.Астанасы-Афины.Демосфенен 170 қолжазба, 60 шешендік сөздер жинағы, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған.

2.Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар “адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық, екіншісі — шешендік” деп білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда “демократия — шешендік өнердің анасы”.

3. Демосфен (б.д.д. 384-322 жж.) - ежелгі заманның ең үздік шешені, грек.«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық арасында тараған сөз бар. Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған. Соның бірі Демосфен.
Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген. Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған.

Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”, әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Құл иеленушiлiк дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам.

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды.

Цицерон шешендік өнерді игерудің бес әдісін айқындаған. Оның ең біріншісі, айтарыңның болуы, яғни сөзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды салмақтап, жүйеге келтіру. Үшіншісі, көркемдеу, яғни әдеби өңдеу.

Төртіншісі, жадыға сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып жақсылап айтып беру, сөйлеу.

Шешендік туа бола ма, жүре бола ма деген таласты пікірге осы бес әдіс жауап бергендей. Цицерон жаратылыстан болатын табиғи қабілетті мойындай отырып, тек қана соған малданып қалмай, жетілдіру қажет деп санайды. «Мен қандай шешенді болсын ғылым шыңдай алмайды дей алмаймын. Іздену арқылы жақсы қабілетті же-тілдіруге және орташаны да қалыпқа келтіруге болатынын мен жақсы білемін», - дейді.

Ол өз заманындағы, яғни Рим шешендік мектептерінің оқыту жүйесін теориялық, философия-лық негіздердің жоқтығы мен нақты тәжірибені елемейтіндігі үшін сынайды. Бұл мектептердегі оқыту декламацияға, яғни ойдан шығарылған та-қырыптар бойынша сөйлеуге негізделген.

Билет №5

1.

2. МАЙҚЫ БИ (12—13 ғғ.) – атақты би, суырып салма ақын. Энциклопедиялық өдебиеттерде оны "Майқы би", "Байқы", "Байқу" деп те атайды.
Әкесі — Ман. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді.Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген екен. "Жүз" деген сөз араб тілінен аударғанда "бөлім" деген мағынаны білдіреді. Үйсіндерді "Ұлы жүз", Қабанүлы Болатқажы бастаған бөлікті "Орта жүз", Алшын бастаған бөлікті "Кіші жүз" деп атады. Ноғай хандарының бірі — Ахметті (Алаша хан) үш жүздің ханы етіп сайлады. Бұл бірлестікке барлық 40 рудың өкілдері енген және әр бөлімге айырма белгісі берілді. Сірө, "Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді калам беріп дауға қой, Ұлы жүзді таяқ беріп малға қой" деген мәтел сол кезде шықса керек. Сондай-ақ, барлық 40 рудың өкілдеріне де өзіндік айырма белгілері берілген. Үйсіндерге — "жалау", арғындарға — "көз"... Олар (таңбалар) тасқа қашалып салынды. Бұл тастар тарихта "Майқы таңбасы" (Майқы белгілері) немесе "Нұра таңбасы" (Нүра белгілері) деген атпен қалды. Мүның соңғысы жердің атауына байланысты қойылған. Оның көп баласы болған. Ұзын және Қортық атты ұлдарына көңілі толмайтын. Сонда таңданған Майқы би: "Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын, бірақ жақсыдан да колынан іс келмейтін жамандар туатын жағдайлар кездеседі", — деген екен.Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. "Бірліксіз — тірлік жоқ" деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би" деген нақыл бар. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған
3. Сот отырысына прокурордың қатысуы

Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот iсiн жүргiзу барысында сотта мемлекет мүддесiн бiлдiре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық iстер жүргiзу, азаматтық iстер жүргiзу және өзге де заңдарына сәйкес шағым, кассация және қадағалау тәртiбiмен өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.Соттың (судьяның) iс бойынша шешiмiмен, үкiмiмен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессiздiгi немесе негiзсiздiгi себептi келiспеген жағдайда, прокурор iстi қайта қарау немесе құқықтық актiнiң күшiн жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы. Прокурор өзiнiң iстiң сотта қаралуына қатысу-қатыспауына қарамастан, соттың (судьяның) заңды күшiне енбеген заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.Прокурор соттың заңды күшiне енген шешiмдерi, үкiмдерi және өзге қаулылары бойынша iстердi өз құзыретiнiң шегiнде соттан талап етiп алдыруға хақылы.Соттың заңды күшiне енген шешiмi, үкiмi мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртiбiмен наразылық жасайды. Егер наразылық жасау оның құзыретiнiң шегiнен асып кететiн болса, онда тиiстi прокурор наразылық жасау жөнiнде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып, өтiнiш жасайды.Прокурордың соттың заңды күшiне енген шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулыларына наразылық жасау және орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiгi заңмен айқындалады.

Билет №6



Просмотров 14920

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!