![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Шешендік өнердің даму кезеңдері
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді: 1- кезең Майқы би, Аяз би дәуірі (12-13 ғасыр) 2- кезең Асан қайғы, Жиренше дәуірі (14-16 ғасыр) Осы екі дәуір шешендері «Ел құрасқан шешендер»деп аталады. 3- кезең «Ел қорғасқан шешендер».Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ дәуірі (17-18 ғасыр) 5- кезең «Би болыстарға қарсы шешендер».Бала би, Досбол, Махамбет, Сырым батыр шешендер дәуірі (19-ғасыр) Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.Риторика ғылымының негізін салушылар грек Протогор және Сократ, Платон.Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған.Астанасы-Афины. Демосфенен 170 қолжазба, 60 шешендік сөздер жинағы, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған.Онда Крас Анатия, Горденция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған.Жан Поль Марат, Максимиллиан Реберс Пьер, Ресейде В.И.Ленин, Луначарский өзінің шешендігімен көзге түскен. М.В.Ломоносов «Краткое руководство» еңбегінде орыс шешендік өнері туралы жазған. Қазақтың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон Енисей ескерткіштерінде жазылған. Онда Қорқыттың айтқан нақыл сөздері де бар. Көне жазба мұраларында Махмұд Қашқари, Баласағұнни, А.Игнеки, С.Сарайи, Құтып, Р.Хорезмнің айтқан сөздері табылған.Шешендік өнер бастауы мен даму кезеңдері 7 жарғы заңына да Салон заңына да байланысты. 2. Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты.Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 3. прокуратура қызметінің негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан: 7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;15)Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады. Билет №8 1. Соттық дәлелдеудің түсінігіҚазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Сот төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен істі қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу арқылы жасалады. 2. Әйтеке бидің шешдік өнері, сот жүйесіне қосқан үлесі ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Әйтеке БайбекұлыӘмір-Темірдің бас кеңесшісі, Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған. «Жеті жарғыда» Әйтеке үсынған баптардың ішінде — «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, «өнер құнын» және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын» төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді. Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат. Сот процесіндегі реплика құқығы. Іске қатысушы адамдар - дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот, орган (лауазымды тұлға) оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы. 2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот, орган (лауазымды тұлға) маман шақыруы мүмкін.3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар: 1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе; 2) ғылымилығы жарамды болса; 3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; 4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады. 4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын қолданудың нәтижесі, мұндай қолдануға заңмен жол берілетін жағдайларды қоспағанда, дәлелдеме ретінде пайдаланылмайды. 5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен белгіленеді немесе ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, сот жүргізген тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі. Билет №9
![]() |