Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Либерализм және Консерватизм: негізгі ерекшеліктері, принциптері, бағыттары



 

Негізгі саяси-идеологиялық ағымдардың сипаты. XIX ғасырдың орта шенінен бастап батыстық елдерде бір-бірімен бәсекелесіп, өзара қақтығысып келе жатқан негізгі үш саяси-идеологиялық ағым бар: олар — либерализм, консер­ватизмжәне социализм. Осы қақтығыс XX ғасырда жалғасын тауып, тіпті күшейе түскені соншалықты, кейбір саясаткер ғалымдар XX ғасырды «идеология ғасыры» деп атайды.

Бұл негізгі ағымдардан басқа да кішігірім ағымдар болғанымен, олар да осылардың төңірегінде топталып, идеологиялық ахуалды толықтыра түсері аян. Осы аталған ағымдардың өз ішінде де неше түрлі өзгешеліктер, жіктеулер бар. Бұл идеологиялық үдерістің күрделілігін, толқымалылығын білдіреді.

Либерализмнің басты идеялары — еркіндік, әр адамның
өз табиғи құқықтары, демократия, жеке меншік; мемлекет
адамдардың еркіндігін шектемеуге тиіс, сондықтан
мемлекеттік билік қажетті минимумнан әрі аспауы керек.
Консерватизм идеялары — коғам өміріндегі тұрақтылықты, тепе-теңдікті, жаңарудың біртіндеп қана орын алғанын қалап, күрт өзгерістерден бойын аулақ салады, сабақтастықты, дәстүрлілікті, қалыптасып калған тәртіпті бұзбағанды артық санайды. Адамдар туғанынан тең емес, сондықтан біреудің бай, енді біреудің кедей болуы, біреудің бақытты, енді біреудің бақытсыз болуы, сол сияқты біреудің билік басында болуы, басқалардың соған көнуі табиғи делінеді. Консерватизмнің басты құндылықтарына дәстүрлілік, дінилік, еркіндік пен жауапкершілік, адамдардың материалдық теңсіздігін табиғи деп білу жатады.

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.

 

Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.

 

Либерализм және әлеуметтік өмір

 

Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты.

 

Либерализм және мемлекеттік құқық

 

Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды. "Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні" (Г. Спенсер). Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті. Маңызды саяси мәнге ие азаматтық құқықтар: сайлау құқы, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, бірлесу және жиналу бостандығы, шеруге шығу еріктілігі. XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т.б.

Либерализм (либералис - латын тілінен еркін, азат деп аударылады) идеологиясының негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704 жж.), Ш.Л. Монтескье (1689-1755 жж.), А. Смит (1723-1790 жж.), И. Кант (1724-1804 жж.), Т. Джефферсон (1743-1826 жж.), А. Токвилль (1805-1859 жж.), Дж. Милль (1806-1873 жж.). Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия ұстанымдарының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалын тигізді.Либерализмнің негізгі ұстанымдары: адамның еркіндігі шексіз құндылық болып табылады; жеке тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы; олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы; адамдардың теңдігі; олардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке құқықтарының болуы; адамдар арасындағы өзара бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің және нарықтық қатынастардың еркіндігі; экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі.

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымныңдемократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.

Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты

Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды. "Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні" (Г. Спенсер). Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті. Маңызды саяси мәнге ие азаматтық құқықтар: сайлау құқы, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, бірлесу және жиналу бостандығы, шеруге шығу еріктілігі. XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т.б.

Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялықшараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды. Жаһандану жағдайында бәсекелестік және күш қолданбау бірдейлендіру мен дамудың кедейленуіне, алуан түрлілікті басып-жаншуға қарсы тұрады. Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді. Міне, либерализмді кейде жаһандану идеологиясы деп атау осыдан.

Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В.М.Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды. Ал, социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде - жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.

Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетге әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғыФранцуз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылы неоконсерватизм ағымы нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Оның жақтастары - АҚШ-та Рональд Рейган жәнеДжорж Буш, Ұлыбританияда Маргарет Тэтчер, Германияда Ф.И.Штраус, Гелмут Коль, JI. Шпет. Жаңа консерваторлар 1980-ші жылдары жетекші Батыс елдерінде елеулі экономикалық дамуға қол жеткізді. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мемлекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерархия арқылы және әркімнің қоғам алдын- дағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәстүрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "европеизация", "атлантизация", "евро-азиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты. Консерватизмұлтшылдыққа да қатысты. Неоконсерватизмнің көптеген өкілдерінің пікірінше, өркениетгі елдер идеологиясы неоконсерватизм болатын "постлиберализм дәуіріне" өтті.

· Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі;

· Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:

· дәстүршілдік. Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э.Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;

· либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;

жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.

 



Просмотров 16175

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!