Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Социализм, Фашизм: негізгі ерекшеліктері, принциптері, бағыттары



Социал – демократия идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Негізгі құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік, ынтымақтастық.

Фашизм (италияның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан). 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф,Ницше, О.Шпемлер.

Социал-демократизм маркстік ілімнің негізінде пайда болғанымен біртіндеп ортодоксиялық марксизмнен аулақтанып, өзіндік ерекше сипатқа ие болып кеткені белгілі. Қазіргі кезде социал-демократиялық идеология Австрия, Норвегия, Швеция және т.б. елдерде өз билігін табысты жүргізуде. Оның басты артықшылығы либерализм мен социализмнің жетістіктерін өз бойына жинақтап, әлеуметтік шындықтың өзгерістеріне орай жетіліп, шыңдалып отыруында, сөйтіп батыстық қоғам көпшілігінің мүддесіне сай келетін идеологияға айналуында.

XX ғасырда Батыс Еуропада тараған идеологияның тағы бір түрі фашизм, Фашистік идеология XX ғасырдың 30— 40- жыддары, әсіресе, Германия мен Италияда кеңінен тарап, мемлекеттік идеология дәрежесіне дейін көтеріліп, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соқканы тарихтан белгілі. Фашизмнің негізгі идеясы нәсілдік астамшылдық, арийлік нәсілдердің басқа нәсілдерден жоғарылығын дәріптеу, соны саяси іс-әрекеттің арқауына айналдыру. Фашизм ұлтшылдықтың басқыншылыққа бейім шеткері бір түрі болып табылады.

Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:

а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылыкоммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;

ә) марксизммен генетикалық тұрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;

б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.

Мәселен, ортодокстік марксизм (ленинизм) Ресейде және Шығыс Еуропа елдерінде практикалық қолданыс тапты. Бұл үлгілерге мынадай белгілер тән:

а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы;

ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу;

б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау;

в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі ұжымшылдық;

г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты қағидаты болып табылатын тоталитаризм.

Жалпы алғанда мұндай Социализмді мемлекеттік немесе номенклатуралық Социализм ретінде сипаттауға болады. Сайып келгенде, "мамыражай революциялар" мен қайта құру реформалары салдарынан социализм нарықтық шаруашылықтарға өзгертілді. Батыс Еуропада Социализмнің әлеуметтік-демократиялық (скандинавиялық) үлгісі дамыды. Қозғалыстағы бұл үлгіге сәйкес Социализмге бүкіл қоғам қатысуға тиіс, оның үстіне большевиктік үлгіден өзгеше түрде бұл қозғалыс әлеуметтік келісім жағдайында эволюциялық сипатта болуға тиіс. Жалпы алғанда осы үлгіні іске асыру практикасы ойдағыдай болды. Үшінші бағыт — антиимпериалистік ұлтшылдық шегінде әлеуметтік идеяларды іске асыру (мұның өзі нашар дамыған елдерге - бұрынғы отарларға тән) Мүндай жағдайда Социализм үлттық қайта өрлеуді, өндірістің өсуін және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін қоғамдық құрылыс болып табылады. Социализмнің бұл үлгісінің ерекшеліктері: Социализм мен ұлттық қайта өрлеу идеяларының дінмен және тиісінше ұлттық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен ұштасуы жоне олардың Социализмнің осы тұрпатының табиғи негізіне айналуы. Ақыр соңында, Социализм нышандарының ұжымшылдық пен өзін-өзі басқаруға негізделген жекелеген әлеуметтік нысандарда дамып келе жатқанын айтуға болады. Олар: халықтық кәсіпорындар да (АҚШ-та, Еуропада), Израильдағы кибуцтер де, түрлі тұрпаттағы кооперативтер де. Жалпы алғанда әзірге әлеуметтік теңсіздіктер мен әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар орын алып отырғанда социализм идеялары мен оларды іске асыру әрекеттері дами береді.

Фашизм (лат. fascismo, fascio – диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

Фашизмге тән белгілер

билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,

· демократиялық еркіндіктермен күрес,

· адам құқығының қатты шектелуі,

· шовинизм,

· расизм,

· экстремистік ұлтшылдық,

· элитаризм, әскери агрессияға талпыну.

Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҰСЖП (ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.

Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).

Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бұл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан өткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні өткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн өткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.



Просмотров 6300

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!