Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тәжірибелік жұмыс. Амортизациялық салымдарды есептеу



Жұмыс мақсаты:студенттерде амортизациялық салымдарды есептеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, амортизацияның түрлі әдістерімен таныстыру, тәжірибелік есептерді шешу үшін ЕХСЕL программасының АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функцияларын пайдалануға үйрету.

Сабақ жоспары:

-Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

-Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялар.

Кәсіпорында амортизациялық салымдардыесептеу бірнеше мақсаттар үшін қажет:

- Салық салынатын пайданы есептеу үшін – амортизациялық салымдар өнімнің өзіндік құнына енеді, сондықтан салық сомасын азайтады;

- Қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін қолданылатын акционерлік компания пайдасын есептеуге;

- Өндірісті жаңартуға және кеңейтуге инвестиция үшін жеке қаражаттар жинақтауға;

- Мүліктің баланстық құнын анықтауға.

Біркелкі амортизация анағұрлым қарапайым болып табылады: егер кәсіпорын осы жылы құрал-жабдық сатып алса, онда ол оның құнын нормативтік кезең бойына тең сомаға бөледі. Инфляция жағдайында біркелкі амортизация уақыт өте өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі, себебі құрал-жабдықты сатып алудың номинальды сомасы оны индексациялаусыз есептелінеді, ал бұл кәсіпорынның салық сомасының өсуіне әкеледі. Сондықтан инфляция жағдайында кәсіпорынға жедел амортизация тиімді, себебі амортизациялық салымдар алғашқы жылы жоғары, уақыт өте төмен болады. Жедел амортизация құрал-жабдықтардың тез жаңартылуына мүмкіндік береді, ал бұл тағы да өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, яғни нарықта бәсеке қабілеттікке ие болуына мүмкіндік береді.

Мүліктің баланстық құнының, яғни амортизацияның төмендеу процесін қарастырайық. Машиналар, құрал- жабдықтар, ғимараттар және басқа да мүліктердің қызмет ету мерзімі бар. Бұл мүліктердің есептік құжаттарда бекітілген құны қызмет етуі барысында нольге дейін немесе қандай-да бір қалдық құнға дейін төмендейді. Мүлік құнының азайтылған сомасы амортизациялық салымдардеп аталады.

Амортизациялық салымдарды есептеудің бірнеше тәсілдерін қарастырайық.

Біркелкі амортизация

Анағұрлым қарапайым болып біркелкі амортизация немесе құнның сызықтық кемуі, яғни оны жыл сайын бастапқы құнның қандай да бір бірдей пайызына, сәйкесінше бірдей сомаға азайту табылады.

Егер мүліктің қызмет ету мерзімі n, бастапқы құны S, қалдық құны А болса, онда жыл сайын мүлік құны (S-А)/n шамасына(амортизациялық салым мөлшері) кемиді.

1-есеп.Кәсіпорын 58000 теңгеге станок сатып алды. Бұл станоктың қызмет ету мерзімі 8 жыл. 8 жылдан кейінгі қалдық құны 4000 теңге. Амортизациялық салымдардың кестесін 11-кестені құру қажет.

Шешімі: Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін құрамыз.

11-кесте – Амортизациялық салымдардың кестесі

Қызмет жылы Амортизациялық салымдар Жыл соңындағы құны
0,00 тенге 58000,00 тенге
6750,00 тенге 51250,00 тенге
6750,00 тенге 44500,00 тенге
6750,00 тенге 37750,00 тенге
6750,00 тенге 31000,00 тенге
6750,00 тенге 24250,00 тенге
6750,00 тенге 17500,00 тенге
6750,00 тенге 10750,00 тенге
6750,00 тенге 4000,00 тенге

 

Жедел амортизация(жылдар қосындысы ережесі)

Кез келген мүлік иесі баланстық құнының шапшаң кемуіне және оның өнімнің өзіндік құнына аударылуына мүдделі, себебі салықты есептеу үшін қор азаяды, және сәйкесінше салық сомасы кемиді. Құрал-жабдықтың шынайы физикалық тозуы қызмет ету мерзімінің соңына қарағанда басында жылдам жүреді. Мысалы, автомобиль эксплуатацияның соңғы уақытына қарағанда алғашқы жылдары тез тозады. Сондықтан жедел амортизация тәсілі құрылған.

Амортизациялық салымдарды есептеудің жылдар қорсындысы ережесі келесідей: егер амортизация мерзімі n жыл болса, онда арифметикалық прогрессия қосындысы формуласы бойынша жылдар номерінің қосындысын

і-ші жылдағы амортизациялық салым шамасы келесі формула бойынша есептелінеді:

2-есеп.Фирма станок құнының кему прцесін жеделдетуді қалайды(1-мысалды қараңыз). Жылдар қосындысы ережесін қолданып амортизациялық салымдар кестесін құру қажет.

Шешімі:Жылдар қосындысын есептейміз:

Енді жылдар номерін кері тәртіппен жазамыз: 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

Жылдар қосындысы ережесі бойынша бірінші жыл соңында бастапқы құнның 8/36, екінші жылдың соңында бастапқы құнның 7/36 бөлігі аударылады және осылай әрі қарай. Сегізінші жылжың соңында бастапқы құнның 1/36 бөлігі аударылады.

Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін 12-кестедегідей құрамыз.

12-кесте – Амортизациялық салымдар және қалдық құны

Қызмет жылы Бастапқы құнның аударылатын үлесі Амортизациялық салымдар Жыл соңындағы құны
0,00 тенге 58000,00 тенге
8/36 12000,00 тенге 46000,00 тенге
7/36 10500,00 тенге 35500,00 тенге
6/36 9000,00 тенге 26500,00 тенге
5/36 7500,00 тенге 19000,00 тенге
4/36 6000,00 тенге 13000,00 тенге
3/36 4500,00 тенге 8500,00 тенге
2/36 3000,00 тенге 5500,00 тенге
1/36 1500,00 тенге 4000,00 тенге

АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функциялары

ЕХСЕL-де түрлі әдістермен амортизациялық салымдарды есептейтін бірнеше функциялар бар.

Ехсеl 2000-де АСЧқаржылық функциясы көрсетілген кезеңге жылдық амортизацияны есептейді:

АСЧ(стоимость;остаточная_стоимость;время_эксплуатации; период)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период кезең(толық амортизация уақытының бірлігімен өлшенуі қажет).

3-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, бірінші жылға жылдық амортизация:

АСЧ(30000;7500;10;1) - 4090,91 теңгеге тең.

Оныншы жылға жылдық амортизация: АСЧ(30000;7500;10;10) - 409,09 теңгеге тең.

АПЛқаржылық функциясы бір кезеңге мүліктің тікелей амортизация шамасын есептейді:

АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость; время_эксплуатации)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация соңындағы қалдық құн(кейде жойылу құны деп аталады).

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

4-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, Әр эксплуатациялық жыл үшін құнның төмендеуі елесіні құрайды:

АПЛ(30000;7500;10) - 2250 теңгеге тең.

ФУОқаржылық функциясы амортизацияны тұрақты есепке алу әдісін қолданып, көрсетілген кезеңге мүлік амортизациясын есептейді:

ФУО(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период;месяц)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период амортизация есептелінуі қажет кезең.

Месяцбірінші жылдағы ай саны. Егер месяц аргументі қалдырылып қойылса, онда 12-ге тең етіп алынады.

Амортизацияны тұрақты есепке алу әдісі амортизацияны бекітілген пайыз ставкасын қолданып есептейді. Ерекше жағдай болып бірінші және соңғы кезеңдердегі амортизация табылады.

1-тапсырма.Кәсіпорын құны 200 000 тенге болатын құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 8 жыл. Қалдық құны 25 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның бірінші және бесінші жылдарына жылдық амортизацияны есептеу керек.

2-тапсырма.Фирма құны 120 000 теңге болатын компьютер сатып алсын, қызмет мерзімі 6 жыл, қалдық құны 15 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның әр жылдарына компьютер құнының төмендеуін есептеу керек.

3-тапсырма.Ұйым құны 60 000 теңге болатын лазерлік принтер пайдаланады. Қызмет мерзімі 5 жыл, қалдық құны 6000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, принтер эксплуатациясы кезеңіне жылдық амортизация шамасын есептеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1)Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

2) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функцияларды ата.

3) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялардың аргументтеріне сипаттама бер.



Просмотров 2123

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!