Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар



Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмыстарының мақсаты:

· өзіндік білім алуды үйрену, оларды анализдеу, түрлі жағдайларда қолдана білу;

· ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен және оқу жұмыстарымен жұмыс жасай білу;

Студенттер берілген материал бойынша оқытушымен келісе отырып өз бетінше жұмыс жасауы тиіс. Әр жұмысқа тиісті әдебиеттері көрсетілген. Өздік жұмысты көрсетілген бақылау формасы бойынша орындау керек.

 

Білімгерлердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

 

Мақсаты: Білімгерлерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдістемелік нұсқау: әр тақырып бойынша өздік жұмысты орындап отыру. Қолданбалы бағдарламалармен танысып, аймағында қолдану. Тапсырмаларды орындау барысында экономикада қолданылатын ақпараттық технологиялар туралы әдебиет көздерін және http://www.referat.onru.ru., http://useroffice.narod.ru/17.htm. Интернет материалдарын да пайдаланыңыздар.

Білімгерлерді өзіндік жұмыстарға үйрету үшін оларды, оқулықтармен, қосымша әдебиеттермен, анықтамалық құралдармен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге, олардан алынған қажетті материалды конспектілей білуге, теориялық білімді тәжірибеге өздігінен қолдана білуге, яғни тапсырмаларды, жаттығуларды орындай білуге, рефераттар жазуға, курстық және дипломдық жұмыстар орындауға, баяндамалар дайындауға т.б. жұмыстарға баулу.

Өзіндік жұмыстардың көлемі оқу бағдарламасындағы білімдер жүйесі бойынша анықталады. Дәрістерді толығымен қамту мүмкіндігі аз, бірақ меңгеруге жеңіл оқу материалдары, теориялық материалды пысықтауға арналған тапсырмалар рефераттар, баяндамалар дайындау, курстық және дипломдық жұмыстарға қажетті материалдар табу, оларды таңдай білу т.с.с. бірқатар жұмыстар өзіндік жұмыстардың негіздерін құрайды.

БілімгерлерСӨЖ тапсырмаларын орындап, нәтижесін компьютерде тексеріп, дәптерге, құжат үлгілерін дискетаға жазып, оқытушыға тексертулері керек.


СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
СӨЖ 1 1. Экономикалық ақпарат автоматтандырылған өндеу объекті ретінде Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге арналған ақпарат көздерін таптастыруы 2. Экономикалық ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйелерді таптастыруы. 3. Жаңа ақпараттық жүйелер Графика түрлері. Графикалық редакторлар. Жасанды интеллект. 4апта   Дискідегі жұмыс Реферат
СӨЖ 2 1. Желілік технологиялар Өкілдік деңгейдің протоколы. Интернет-технологиялар. 2. Банкілік ақпараттық жүйелер (БАЖ) Пластикалық картаның жүйесі. Пластикалық картаның стандарты. Пластикалық картаның жүйені даму тарихы. 3. Салық ЭАЖ ҚР ИСАЖ ведомстволық ақпараттық жүйесінің сипаттамасы. ИСАЖ кіретің модулдер. 7 апта Дискідегі жұмыс реферат
СӨЖ 3 1. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер (БУАЖ). Кіші және орта бизнестің бухгалтерлік жүйесінің ерекшеліктері. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің нарықты шолу. 2. Ақпараттық қордың ұйымдастырулуы және өткізу Ақпараттың үлкен көлемдері. Excel бағдарламаның құралдары ақпарат үлкен көлемдерімен нәтижелі жұмысы. Excel-де мәліметтер базасымен жұмыс істеу. 3. MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу. Кисынды функциялардын пайдалану мысалдары. Сочетания логических функций. Кисынды функциялардың үйлестіруі 11 апта   Дискідегі жұмыс
СӨЖ 4 1. Жинақтау кестелерімен жұмыс істеу Жинақтау кестелердің құру мастері. кестенің Параметры поля, кестенің параметрлері. Бір неше консолидациялармен жұмыс істеу. 2. Қаржылық функцияларды зерттеу. Қаржылық функцияларды зерттеу. Есептін механизмдері, мәлеметтердін форматтары, функциялардын синтаксисы. 3. Қаржылық талдау Қаржылық функциялармен талдау жұмысы. Алгоритм есептемесі.   14 апта   Дискідегі жұмыс
  Барлығы    

 


Глоссарий

Экономикадағы ақпараттық жүйелер- деп нақты өмірдегі қандай-да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жайлы ақпараттардыжинау, сақтау, өңдеу және таратумен айналысатын жүйені айтады.

Информациялық-іздеу жүйелері (ИІЖ) – құжаттар жиыны арасынан информациялық сұраныста көрсетілген тақырыптарға арналған немесе қажетті мәліметтерді іздеуге лайықталған жүйелер.

Пакетті режимде жүйедегі мәліметтер берілген уақыт мерзімі келгенгеа дейін немесе мәліметтер көлемі қандай-да бір шектен асып кетпейінше жинақтала береді.

Интерактивті режимқолданушының информациялық-есептеуіш жүйесімен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Диалогты режимқолданушы мен жүйе арасында мәліметтер алмасуына мүмкіндік береді.

Жергілікті жүйелер шығарылып отырған есебіне есептеу қуаты сәйкес келетін бір компьютерді пайдаланады.

Үлестірілген жүйелерәрқайсысы жеке компьютерде іске асырылған және басқа жүйелерге тәуелді емес өзінің функцияларын орындайтын информациялық жүйелердің бірлестігі болып саналады.

Ақпараттық технология– бұл объект, процесс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу және тасымалдау құралдары мен әдістер жиынын қолданатын процесс.

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.

Жаңа ақпараттық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдык өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.

Командалық– командаларды енгізу үшін шақыруды экранға шығарады.

WIMP-(Window-терезе, Image-бейнелеу, Menu-меню, Pointer-нұсқама).

1. SILK-(Speech-сөз, тіл, Image-бейнелеу, Language-тіл, Knowledge-білім).

Желі- бұл есептеу ресурстарының тиімді үлестірілуін қамтамасыз ететін программалық, техникалық және коммуникациялық құралдардың жиынтығы.

Есептеу желісі- бұл байланыс арналарымен қосылған компьютерлер жиынтығы.

Желі архитектурасыдеп қолданушыларға түрлі ақпараттық ресурстардың кең ауқымын ұсынатын дербес компьютерлердің(ДК) күрделі бірігуін түсінеміз.

Физикалық топологияжелі түйіндерінің байланыс каналдарына қосылуының нақты схемасы, ал логикалық- түйіндер арасындағы мәліметтер ағымының бағытталу құрылымы.

Локальды желініңкомпьютерлері көбіне барлық қатысушылар үшін хаттамалардың біртұтас комплектісін қолданады.

Сервер- бұл желіге қосылған және оның пайдаланушыларына қандай да бір қызмет көрсететін компьютер.

Жұмыс станциясы- желіге қосылған дербес компьютер, пайдаланушы осы компьютер арқылы желі ресурстарына ену мүмкіндігін алады.

Файл-сервержелі пайдаланушысының мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге енуге мүмкіндік береді.

Аймақтық есептеу желісібір бірінен елеулі қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады.

Әлемдік желіәр түрлі елдерде, әртүрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді.

Бөлім желісін- кәсіпорынның бір бөлімінде жұмыс жасайтын, бір міндет аясында қызмет ететін қызметкерлердің кішігірім тобы қолданады.

Кампус желілеріжеке ғимарат шеңберінде бөлім желілерін біріктіреді және мұнда глобальды біріктірулер қолданылмайды.

Корпоративтік желілержеке кәсіпорынның барлық территорияларында компьютерлердің көп санын біріктіреді.

Әлемдік желі- бұл жалпы байланыс хаттамасы, қосылу әдістері және мәліметтермен алмасу хаттамалары бар, локальды ақпараттық желілерді біріктіретін телекоммуникациялық құрылым.

Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ)- бұл жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде банкті ұйымдық басқару формасы.

Жүйе ауқымдылығы(масштабируемость)- бұл жүйенің қойылатын талаптарды кеңейтуге және шешетін міндеттер көлемін арттыруға қабілеттілігі: қызмет көрсететін автоматтандырылған жұмыс орындарының саны, өңдейтін құжаттар саны, сондай-ақ есептеу ресурстарын ұлғайтқан кезде оның жауап беру шапшаңдығы, жалпы өнімділігі.

Жүйеикемділігі(настраиваемость) -бұл оның мобильділігі, өзгермелілігі, шапшаңдық қасиеті.

Front-office(жоғары деңгей) - банктің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін ішкі жүйе. Ішкі жүйеде алғашқы ақпараттарды енгізу, банктің клиенттермен, басқа банктермен, биржалармен, қор нарығымен өзара әрекеті жүзеге асырылады.

Back-office(орта деңгей) - жалпы банктік және жалпы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Accounting(төменгі деңгей) - бухгалтерлік есеп шеңберінде банк қызметін уақытылы және дұрыс бейнелеуді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Analysis- банктің ағымдық жағдайын талдау, жоспарлау және ішкі аудит операцияларын орындау жүктелген.

Интернет-банкинг - Интернет арқылы банктік шоттарды басқару қаржылық интернет-шешімдердің анағұрлым өсіңкі және өкілді бағыттарының бірі болып табылады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер – бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау – жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.

Бухгалтерлік ақпарат – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады.

Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы.

Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.

Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.

Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.



Просмотров 1596

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!