Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Автоматтандырылған банктік жүйелерді функциональдық тағайындалуына байланысты ішкі жүйелері



Автоматтандырылған банктік жүйелердің функциональдық тағайындалуына байланысты үш ішкі жүйелерге бөлуге болады:

Front-office(жоғары деңгей) - банктің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін ішкі жүйе. Ішкі жүйеде алғашқы ақпараттарды енгізу, банктің клиенттермен, басқа банктермен, биржалармен, қор нарығымен өзара әрекеті жүзеге асырылады.

Back-office(орта деңгей) - жалпы банктік және жалпы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Accounting(төменгі деңгей) - бухгалтерлік есеп шеңберінде банк қызметін уақытылы және дұрыс бейнелеуді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Өзіндік жеке топқа - Analysis- банктің ағымдық жағдайын талдау, жоспарлау және ішкі аудит операцияларын орындау жүктелген.

Кез келген уақытта және кез келген жерден ақпаратқа енуді қамтамасыз ету концепциясы тұтынушыға компания қызметтерін пайдаланудың түрлі тәсілдерінің мүмкін болатынын таңдауға жағдай жасау деген сөз. Концепция қаржылық қызметтер мен бөлшек сауда секілді салаларда жұмыс жасайтын фирмаларда кеңінен қолданылып келеді. Бұл концепцияны іске асыру үшін клиенттерге байланыс каналдары арқылы (электрондық пошта, компания сайттары), абоненттік қызметтер арқылы, дәстүрлі пошта қызметі, телефон, факс арқылы банк қызметкерлеріне де, банктің мәліметтер қорына да ену мүмкіндігін ашу қажет.

Front-office ішкі жүйесіне банк пен клиенттер (банкте есеп шоты бар ұйымдар) арасында электрондық құжат алмасуды ұйымдаст^іруға арналған "Клиент-Банк"автоматтандырылған жүйесін(БАЖ) жатқызуға болады. Жүйе екі бөліктен тұрады - клиенттік және банктік.

"Клиент-Банк" БАЖ-ң клиенттік модулі валюталық құжаттарды (төлемдік міндеттемелер, валютаны сатуға және сатып алуға міндеттемелер, қаражаттар мен басқа да құжаттарды аударуға арыздар) дайындауға және модемдік байланыс арқылы жіберуге, сондай-ақ банктен клиенттің есептік шоты туралы есеп(көшірмелер) қабылдауға арналған. Клиент автоматты түрде жаңа валюталар анықтамасын, банктер БИК-ын, валюталар курсын және елдер кодын алады.

Интернет-банкинг - Интернет арқылы банктік шоттарды басқару қаржылық интернет-шешімдердің анағұрлым өсіңкі және өкілді бағыттарының бірі болып табылады. Ұйғарымдарды беру үшін клиенттер телефон және интернетте қолданады. Банкпен қарым-қатынас банк сайты арқылы интерактивті режимде өтеді. Қашықтағы тұлғаның түп-нұсқасын куәләндыру үшін цифрлық қол пайдаланылады.

Мұндай жүйелер есептеулер жүргізуге және барлық қаржылық қатынасқа қатысушылар тарапынан оларды бақылауға мүмкіндік береді. АҚШ-та мұндай жүйелерді бүгінде 50 миллиондай адам қолданады екен.

Интернет-банкинг жүйесінің классикалық варианты қолма-қол ақша операцияларынан басқа, клиенттерге -банк офисінде жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызметтердің толық жиынын қамтиды.

Интернет-банкинг жүйесін пайдаланудың келесідей артықшылықтары бар:

- банкке барудың қажеті жоқтығына байланысты уақыт үнемделеді;

- клиент тәулігіне 24 сағат бойы жеке есеп-шотын бақылау мүмкіндігіне ие, және қаржы нарығында орын алған жағдайға байланысты дереу осы өзгеріске сай әрекет ете алады (мысалы, банктегі салымдарын жабу, валютаны сату немесе сатып алу және т.с.с.);

- интернет-банкинг жүйесін пластикалық карталармен операцияларды қадағалауда да ештеңе алмастыра алмайды - карточкалық шоттан кезкелген қаржыны алу жүйе дайындайтын шоттар бойынша көшірмеде лезде көрініс табады, бұл да клиент тарапынан өз операцияларын бақылауды күшейтеді.

WАР-банкинг - сымсыз мәліметтерді беру хаттамасы негізіндегі арнайы программалық жабдықпен қамтамасыз етілген ұялы телефон арқылы шоттарды қашықтан басқару. Дегенмен әзірге банктер WАP-банкингті жеке қызмет түріне жатқызбайды. Тек ұялы телефон арқылы ғана банктік операцияларды жүргізуді қалайтын клиентке интернет-банкинг жүйесіне қосылуына тура келеді. Қазірде ұялы байланыс жүйесінің компаниялары Интернетке шығу мүмкіндігі бар GSM стандартындағы телефондарды клиенттерге ұсынғанымен, берілетін және қабылданатын мәліметтердің қауіпсіздігін Интернетте ұйымдаст^ірылғандай, қажет деңгейде әрқашан қамтамасыз етеді деп айту қиын. Сондықтан, банктер клиент төлемдерінің конфиденциальдығына жауапкершілік ала алмайды, және әзірге оларға ұялы телфон арқылы тек шоттағы қалдықтар мен соңғы жасалған операциялар тізімі туралы қарауды ұсынып отыр. Бірақ WАP-банкинг қызметінің қауіпсіздігін жоғарылатуға қабілетті программалық жабдықтар жасалуда. Әзірге төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір банктер клиенттермен операциялар тізімін келісіп және олардың әрқайсысына сәйкес код меншіктеуде.

Банктердің ұялы телефон иелеріне ұсынатын тағы бір қызметі - SMS-банкинг. Кезкелген ұялы байланыс операторында бар қысқа хабарлар қызметі көмегімен клиент есеп айырысу шоттарының жағдайы туралы барлық ақпараттарды ала алады, сондай-ақ талап етілген кезеңге шот бойынша көшірмелер алуға болады. Мамандардың пікірлері бойынша, бұл қызметтің WАP-банкингке қарағанда болашағы зор. Біріншіден, бұл қызмет арзан, ал екіншіден, мәліметтерді беру жылдамдығы жоғары - он есе жылдамырақ, үшіншіден операциялардың қауіпсіздігі анағұрлым жоғары. SMS-сервис клиенттер арасында өте әйгілі.

Барлық бар жүйелерді үш категорияга бөлуге болады:

- мүмкіндіктері клиенттерге өз шоттары туралы ақпараттар берумен шектелетін жүйелер.

- шоттарды ара-қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер – ішкі - және банкаралық аударымдар, коммунальдық қызмет төлемдері, қолма-қол емес валюталарды сатып алу/сату және т.б.

- үшінші категорияға одан да ілгері жүйелер жатады, онлайн режимінде клиентке банктік қызметтердің барлық кешенін алуға, оның ішінде несиелеу, бағалы қағаздармен операциялар және жеке қаржыларды басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер.

Бірінші типтегі жүйелердің уақыты өтті деуге болады, ал үшінші типтегі жүйелер әлі көп таралган жоқ, сондықтан біз екінші категориядагы жүйелер туралы батыл айта аламыз.

Интернет-трейдинг Интернет арқылы осы мақсаттар үшін құрылған арнайы программалық жабдықтар көмегімен саудаға қашықтан ену мүмкіндігі. Интернет-трейдинг пайдаланушыға түрлі қаржылық құралдармен (валютамен, акциялармен, облигациялармен және т.б.) жұмыс жасауда үлкен мүмкіндіктер береді:

- өз мониторында таңдалған құлардардың ағымдық бағамын көру мүмкіндік береді;

- нақты уақыт режимінде өтініштер(арыздар) қалыптастырып және олардың тікелей сауда жүйелерінде орындалуын көруге мүмкіндік береді;

- түрлі биржалық құралдардың техникалық талдауын жүргізуге мүмкіндік береді;

Биржалардан экспортталған мәліметтерді архивтерде сақтауға, олардан графиктер тұрғызуға, MetaStock-та және басқа да техникалық талдау программаларында талдауға болады.

Интернет-трейдинг үш бөліктен тұрады: сауда жүйесі, Интернет-трейдинг пайдаланушылары және программалық жабдықтар.

Сауда жүйесі - бағалы қағаздармен сауда ең төмен тәуекелмен жүзеге асырылуы үшін құрылған биржалар (бейкоммерциялық ұйымдар). Мысалы, биржа бағалы қағаздардың жеткізілімін және мәміленің төлемі уақытылы жасалуын бақылауды жүзеге асырады. Өз қызметінің спецификасына байланысты бағалы қағаздармен сауда жасайтын ұйымдар, қайсыбір соманы биржаға кейбір тәуекелді алғаны үшін төлеуге келіседі. Ондай ұйымдар кәсіби қатысушы статусына ие болуы шарт.

Кілттік сөздер: Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ), функциональдық толықтылық, жүйе ауқымдылығы (масштабируемость), жүйе икемділігі(настраиваемость), жұмыс қауіпсіздігі және сенімділігі, орта банктер, ірі банктер, Front-office (жоғары деңгей), Back-office (орта деңгей), Accounting (төменгі деңгей), интернет-банкинг жүйесі, WАР-банкинг

Иллюстрациялық материал:слайд

Дәріс. Салықтық ЭАЖ

Жоспар:

1. АЖ қызметтері және басты ерекшеліктері

2. Салық ұйымының ЭАЖ ресурстарына шолу

3. Біріктірілген салықтағы АЖ (ИНИС)



Просмотров 1751

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!