Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып 3. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі: негізгі түсініктері мен параметрлері



1.Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау және оның негізгі түрлері. 2.Тауардың мәні, оның жіктелуі мен деңгейлері.

3.Жаңа тауар концепциясы

4.ТӨЦ, оның түрлері.

Туризмде функция атқаратын еңбек ресурстарының жиынтығы оның материалдық-техникалық базасын құрайды.

Туризмнің материалдық-техникалық базасы - туристік ғимараттардың желісін, олардың техникалық жабдықталуын, көлік құралдарын және тағы басқа негізгі қорларды қамтиды.

Туризмнің материалдық-техникалық базасының құрамына туроператорлар мен агенттер, қонақүйлер, туристік базалар, тамақтану және сауда кәсіпорындары, автокөлік кәсіпорыи индары, экскурсиялық бюро, туристік құрал-жабдықтарды жалға беру қызметттері, бақылау-құтқару қызметі, туристік клубтар, станциялар және т.с.с. кіреді. Туризмнің материалдық-техникалық базасының негізгі әрі маңызды элементтерінің бірі орналастыру орындары болып табылады.

Туризмнің материалдық-техникалық базасы ұйымдастырушылық туримзнің негізі болып саналады, себебі туристерді қажетті қызметтер кешенімен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды іске асырады (орналастыру, тамақтану, жол тасымалдау, экскурсиялар және тағы басқа).

Туризмнің материалдық-техникалық база нысандарын классификациялау келесі белгілерге қарап, жасауға болады: қызмет көрсету түрлері бойынша, экономикалық элементтері бойынша және материалдық-техникалық база нысандарының ерекшеліктері бойынша жіктеледі.

Туристік кешен – туристік инфрақұрылымның бөлігіндегі табиғи және мәдени негізгі элементтерінің жүйешелері.

Туристік кешендер әр түрлі дәрежеде бола алады, мысалы, халықаралық кешен, жеке мемлекеттің кешені, жеке аймақтық (Жетісу) кешені немесе жеке аумақтық (Бурабай аумағы) кешені, олардың бәрі бірдей құрылымды иеленеді.

Қалалық туристік кешендерде залдар, соборлар, храмдар, шіркеулер, ансамблдер, тақырыптық саябақтар және т.б. орын алуда.

Осы жүйеде турфирмалар өзінің жұмыстарын жоспарлауға үлкен көңіл бөлуде.

ҚР мемлекеттік бағдарламаның ІІІ бөліміндегі «Туризм инфрақұрылым ұйымдастырушылық сызбасын» қарастырайық (27.02.1998ж ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді).

Шекаралық-мекемелік құрылым

Бағдарламаның құрылымы екіге: халықаралық және республикалық болып бөлінеді. Халықаралық аймаққа ҰЖЖ өтетін Алматы, Тараз және Түркістан қалаларының маңындағы тарихи орталықтары кіреді, ал республикалық аймаққа Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Шығыс жол торабтары жатады. «Жібек Жолы – Қазақстан» Ұлттық компания» негізінде Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында аймақтық басқару орталықтарын ашу, сондай-ақ ҰЖЖ тармақтарындағы Қызылорда, Қарқалыда, Шевченко және Семей форттарында басқарудың бөлімшелерін қалыптастыру.

Инфрақұрылымның басты міндеттерінің бірі туристерді тасымалдау (жол, темір жол, теңіз және әуе көлігі, айлақтар-порттар және әуежайлар) болып табылады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Альпі атақты тау-шаңғы курортқа айналады. Туристік инфрақұрылым жан-жақты дамып, әр түрлі туристерге бағытталған болатын, мысалға, отбасыларға, жастарға, спортшыларға және сноубордисттерге. Осындай туризм инфрақұрылымын Қазақстанда да қолдануға болады.

Туристік өнімнің өндірісіне инфрақұрылымнан басқа супрақұрылым кіреді.

Туризмнің супрақұрылымы – экономикалық жүйенің бір бөлігі, туризм индустриясында тек туристерді қызмет көрсетумен қанағаттандырып қана қоймай, аймақта туризмнің дамуы жергілікті халыққа әсер етіп, оларға да қызмет көрсетумен айналысады.

Супрақұрылымның туристік функциялардан басқа, экономикалық және әлеуметтік функциялары да бар. Бірақ негізінен туристік өнімді шығарумен айналысқандықтан, аймақта туризм дамуының деңгейіне тікелей байланысты болады.

Туристік индустрияның супрақұрылым элементтері келесі болып табылады:

· Шаруашылық субъектілердің материалдық-техникалық базасы (қонақүйлер, көлік компаниялары, тұрғын үй кешендері, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және т.б.);

· Мемлекеттік құрылымдар немесе мекемелер (байланыс, пошта, телеграф, жолдар);

· Шетелдік мемлекеттік мекемелер (консулдық қызметтер).

Туристік өнімнің шикізат көзі болу үшін инфрақұрылым және супрақұрылым келесі сипаттамаларға ие болу қажет:

- турөнім өндіріс факторлардың жанында болуы;

- белгілі бір сапаның деңгейіне сәйкес болуы;

- даму мүмкіндігінің болуы.

Инфрақұрылымның және супрақұрылымның функциялары бір-бірімен тығыз байланыста болады, осының салдарынан туризм индустриясы тұрақты дамиды. Инфрақұрылымның және супрақұрылымның өзара байланысын екі түрге бөліп қарастыруға болады.: тікелей және жанама.

Тікелей қарым-қатынас түрлеріне қаржы, клиенттік, корпоративтік және еңбек байланыстарын жатқызады.

Ал жанама қарым-қатынас фискалды саясат немесе жергілікті халық табысынан іске асырылады.

Қазіргі туризмнің даму жағдайына байланысты туристік индустрияны құрайтын инфрақұрылым және супрақұрылым келесі тенденциялармен сипатталады:

· Аймақтағы туризм дамуының супрақұрылым өндірісіне ықпалының өсуі (көптеген қонақүйлер мен әуекомпаниялар туризм индустриясының бір бөлігі болып табылады, бірақ басында осы мақсатпенен құрылмады);

· Туристік индустрияның супрақұрылым өндірісімен қапталуы, ол дегеніміз – туризм дамуының экономикалық эффект деңгейінің көтерілуі (мысалға, банк мекемелері, сақтандыру компаниялары, автокөлікті жалға алу орындары, фотопленканың өндірушілері);

· Туристік инфрақұрылым элементтерінің супрақұрылым өндірістің басқа элементтерге айналуы (мысалға, туроператорлар кеме құрылысшыларға немесе әуеконструкторларға кеңес береді, мейрамханалар ауыл шаруашылық өндірушілердің тұтынушылары болып келеді.

Туризм инфрақұрылымның дамуы – туристік ресурстардың қолдану үрдісінің жоспарлаудағы маңызды кезеңі.

Туристік нысан қаншама еліктіргіш болса да, оған турист жететіндей жол болу керек. Егер туристік ресурсқа жеткізетін жол болмаса, онда оған жету қиындыққа соғады немесе мүлдем мүмкін болмайды. Сондықтан да Венесуэладағы дүниежүзіндегі ең биік Анхель суқұламасын (1014 м) туристер көп көре бермейді, себебі оған баратын жол жоқ. Кіші авиациядан басқа, ұшақ қонатын орын жоқ. Осы тамаша табиғи туристік нысанға жету үшін, Корона деген өзенмен жүзіп бару керек.

Осындай оңай емес қолжетерлік сусарқырамасы Дағыстанда да кездеседі. Еуропадағы ең биік сарқыраманың биіктігі 400 метрден жоғары. Оны тамашалау үшін тауда 2 тәуілік бойы жүру керек, сондай-ақ жол бойында көптеген өзен аңғарлары кездеседі. Туристік кешен ретінде бұл табиғи феномен көбінесе қолданылмайды. Ол дайындалған туристердің кіші-гірім топтар үшін ғана кол жетімді болады.



Просмотров 1352

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!