Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып 14. Туристік фирманың нарықтағы мүмкіншіліктерін талдау



1.Жағдайлық талдау

2.STEP – талдау.

3.SWOTталдау

4.GAP – талдау.

Ойын-сауық индустриясының әлеуметтік бағыты жеке және қоғамдық қажеттіліктердің қалыптасуына ықпал ететіндігінен көрінеді. Ойын-сауық индустриясы көп қырлы міндеттерді шеше отырып (тәрбиелеу, оптимистік көңіл-күй қалыптастыру, демалу мүмкіндігін беру, адамның мәдениетін дамыту) жалпы жеке тұлғаны қалыптастырып дамытады. Өзінің бос уақытының бір бөлігінде көңіл көтере отырып адам өзін еңбек күші ретінде қайта қалпына келтіреді.

Бос уақыт – рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт тотптан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттіліктерді өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына жәнене тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық жәнене ақыл-ойды дамытуға раналған уақыт. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт басқаша айтқанда белсенді іс-әрекетке кетеді. Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар:

1) адамның күшін қалпына келтіру;

2) физикалық жәнене рухани даму.

Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына сауықтыру, танымдық және қатысу жатады.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне жәнене психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекетін келесідей жіктеуге болады:

1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану);

2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, жеміс-жидек жинау және т.б.;

3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға сапар шегу);

4. Интеллектуалдық іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдар оқу, теледидар көру);

5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;

6. Белсенді (ойын-сауық, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;

7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.

Ойын-сауық индустриясын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қарастыру оның заңдылықтарын қалыптастыруға, типтік сипаттамаларын бағалауға мүмкіндік береді. Құрылымды зерттеуде жүйенің өзара қарым-қатынасы және сыртқы ортамен байланысы анықталады. Жүйенің бөліктерін әр түрлі белгілері бойынша бөлуге болады: уақыт бойынша, кеңістікте және аралас.

Ойын-сауық индустриясының әр түрлі елдердегі даму тәжірибесі оның жекелеген бірліктерінің құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Ойын-сауық индустриясына негізгі қызметі адамның көңіл көтеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кәсіпорындар жатады. Олар цирктер, зоопарктер, аттракциондар, ойынханалар, демалыс парктері, клубтар, театрлар, кинотеатрлар, изостудиялар, концерттік ұйымдар мен ұжымдар және т.б.

Халыққа көңіл көтеру қызметін ұсынатын сфераға әлемдік тәжірибеде туризм кәсіпорындарын да жатқызады. Сонымен қатар сәйкес құрал-жабдықтар мен инвентарь өндіретін өнеркәсіп салалары да ойын-сауық индустриясының құрамына кіруі керек.

Көңіл көтеру процесінің негізгі сипаттамаларына келесілерді жатқызуға болады:

– адамның көңіл көтеру түрін өз еркімен таңдауы;

– ойын-сауық түрлерінің шексіз тізімі;

– көңіл көтеруді тұтынуға тұлғаның алдын-ала дайындығы;

– ойын-сауықтың түрін адамның жиі ауыстыруы;

– ойын-сауықты басқа қызмет түрлерімен араластыру, мысалы көңіл көтеру мен демалу, немесе көңіл көтеру және спорт және т.б.;

– ойын-сауық қызметін тұтынудың кезеңділігі.

Сонымен қатар бұқаралық көңіл көтеру және дербес сипаттағы ойын-сауықты бөліп қарастыруға болады. Ойын-сауық арнайы ұйымдастырылуы мүмкін және кездейсоқ болуы мүмкін.

Арнайы ұйымдастырылған көңіл көтеру орындарының бірі – клубтар. Клуб өз мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін, творчестволық бастауын, мәдени деңгейін дамыту мақсатында құрылады. Клубқа келушілер бірге демалып, көңіл көтереді. Клубтық қауымдастық үшін инициативтілік, өзіндік іс-әрекет, қоғамдық пікір тән. Клубтарда әр түрлі мақсаттағы тұлғааралық қарым-қатынастар бекітіліп, дамиды. Өзара қарым-қатынас арқылы адамдардың әлеуметтік белсенділігі артады. Клуб – бос уақытты өткізу орталығы болып табылады.

Мамандандырылған клубтар ортақ қызығушылықтар бар тар шеңбердегі келушілер контингентіне арналып құрылады. Олар бір мамандықтың, әлеуметтік топтың, жастары шамалас адамдар тобы болуы мүмкін.

Клубтардың ғимараты әр түрлі демалыс түрлеріне байланысты қызмет көрсетуге бағдарланған болуы тиіс. Клуб мекемесінің типтік құрамы көрермендерге арналған кешен, демонстрациялық және клубтық кешендер, әкімшілік-шаруашылық және техникалық бөлмелерді қамтиды (1-сурет).

Көреремендер кешенінің бөлмелеріне вестибюль, фойе, санитарлық тораптар жатады. Демонстрациялық кешенді сахнасы бар көрермендерге арналған зал, концерт немесе кино көрсетуге қызмет көрсететін бөлмелер құрайды. Клубтық кешен бөлмелеріне ақпараттық-лекциялық, көрмелер мен студиялар, демалыс жәнене көңіл көтеру бөлмелері жатады.

Клубтың көрермендер залы көп мақсатта қолдануға ранлаған, сондықтан ол жеңіл трансформалануы керек. Клубтың ішкі кеңістігі жанға жайлы, тартымды болғаны жөн. Дербестендірілген интерьер ерекше клубтық атмосфера туғызатындай болуы керек.

Мамандардың айтуы бойынша, кез-келген тәуелсіз кәсіпорынның басты міндеті: соңғы уақытта тұтунышының адалдығы деген жағымды түсінікті күшейтетін, нарықтың үлестік бөлігін күшейтетін және табыс алып келетін маркетинг және сұраныс тұтқаларының базалық компонеттерін анықтау мен нарыққа қатысудың рентабельді жолдарын құру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда тәуелсіз кәсіпорындардың тиімді саясатын классикалық және жалпыға танымал элементтерден басқа, нарыққа оның орнын айқандайтын, бәсеке қабілеттілігін арттыратын бірнеше өзіндік элементтерден құралады

Оларға: жергілікті болу және жоғары деңгейдегі сервис жатады.

Жергілікті болу – кейде бизнесті жүргізудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Жергілікті қоғамның мүшесі және көршісі болу – барлық тәуелсіз кәсіпорындарға тән қасиет. Бұл үлкен шығындарды керек етпейді.

Сервистің жоғары деңгейі – өзінің нарықтағы үлесін алуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруғы, клиенттердің назарын аударуға, олармен ұзақ мерзімдік байланыс орнатуға септігін тигізеді. Қалай айтсақ та тұтынушы ойын-сауық сапа үшін көп қателіктерді ескермейді. Тәуелсіз кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігінің маңызды жетістігі бұл сервис

 



Просмотров 1557

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!