Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып 13. Корпоративтік деңгейдегі маркетингтік стратегиялар. Бәсеклестік стратегиялары



1.Бәсекелестік стратегиясының мәні.

2.Жалпы бәсекелестік матрицасы негізіндегі бәсекелестік стратегиясы.

3.Бәсекелік күш моделі негізіндегі бәсекелестік стратегиясы.

4.Бәсекелестік артықшылықтар матрицасы негізіндегі бәсекелестік стратегиялары.

 

Халыққа көңіл көтеру қызметін ұсынатын сфераға әлемдік тәжірибеде туризм кәсіпорындарын да жатқызады. Сонымен қатар сәйкес құрал-жабдықтар мен инвентарь өндіретін өнеркәсіп салалары да ойын-сауық индустриясының құрамына кіруі керек.

Көңіл көтеру процесінің негізгі сипаттамаларына келесілерді жатқызуға болады:

– адамның көңіл көтеру түрін өз еркімен таңдауы;

– ойын-сауық түрлерінің шексіз тізімі;

– көңіл көтеруді тұтынуға тұлғаның алдын-ала дайындығы;

– ойын-сауықтың түрін адамның жиі ауыстыруы;

– ойын-сауықты басқа қызмет түрлерімен араластыру, мысалы көңіл көтеру мен демалу, немесе көңіл көтеру және спорт және т.б.;

– ойын-сауық қызметін тұтынудың кезеңділігі.

Сонымен қатар бұқаралық көңіл көтеру және дербес сипаттағы ойын-сауықты бөліп қарастыруға болады. Ойын-сауық арнайы ұйымдастырылуы мүмкін және кездейсоқ болуы мүмкін.

Арнайы ұйымдастырылған көңіл көтеру орындарының бірі – клубтар. Клуб өз мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін, творчестволық бастауын, мәдени деңгейін дамыту мақсатында құрылады. Клубқа келушілер бірге демалып, көңіл көтереді. Клубтық қауымдастық үшін инициативтілік, өзіндік іс-әрекет, қоғамдық пікір тән. Клубтарда әр түрлі мақсаттағы тұлғааралық қарым-қатынастар бекітіліп, дамиды. Өзара қарым-қатынас арқылы адамдардың әлеуметтік белсенділігі артады. Клуб – бос уақытты өткізу орталығы болып табылады.

Мамандандырылған клубтар ортақ қызығушылықтар бар тар шеңбердегі келушілер контингентіне арналып құрылады. Олар бір мамандықтың, әлеуметтік топтың, жастары шамалас адамдар тобы болуы мүмкін.

Клубтардың ғимараты әр түрлі демалыс түрлеріне байланысты қызмет көрсетуге бағдарланған болуы тиіс. Клуб мекемесінің типтік құрамы көрермендерге арналған кешен, демонстрациялық және клубтық кешендер, әкімшілік-шаруашылық және техникалық бөлмелерді қамтиды

Көреремендер кешенінің бөлмелеріне вестибюль, фойе, санитарлық тораптар жатады. Демонстрациялық кешенді сахнасы бар көрермендерге арналған зал, концерт немесе кино көрсетуге қызмет көрсететін бөлмелер құрайды. Клубтық кешен бөлмелеріне ақпараттық-лекциялық, көрмелер мен студиялар, демалыс жәнене көңіл көтеру бөлмелері жатады.

Клубтың көрермендер залы көп мақсатта қолдануға ранлаған, сондықтан ол жеңіл трансформалануы керек. Клубтың ішкі кеңістігі жанға жайлы, тартымды болғаны жөн. Дербестендірілген интерьер ерекше клубтық атмосфера туғызатындай болуы керек.

Мамандардың айтуы бойынша, кез-келген тәуелсіз кәсіпорынның басты міндеті: соңғы уақытта тұтунышының адалдығы деген жағымды түсінікті күшейтетін, нарықтың үлестік бөлігін күшейтетін және табыс алып келетін маркетинг және сұраныс тұтқаларының базалық компонеттерін анықтау мен нарыққа қатысудың рентабельді жолдарын құру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда тәуелсіз кәсіпорындардың тиімді саясатын классикалық және жалпыға танымал элементтерден басқа, нарыққа оның орнын айқандайтын, бәсеке қабілеттілігін арттыратын бірнеше өзіндік элементтерден құралады

Оларға: жергілікті болу және жоғары деңгейдегі сервис жатады.

Жергілікті болу – кейде бизнесті жүргізудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Жергілікті қоғамның мүшесі және көршісі болу – барлық тәуелсіз кәсіпорындарға тән қасиет. Бұл үлкен шығындарды керек етпейді.

Сервистің жоғары деңгейі – өзінің нарықтағы үлесін алуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруғы, клиенттердің назарын аударуға, олармен ұзақ мерзімдік байланыс орнатуға септігін тигізеді. Қалай айтсақ та тұтынушы ойын-сауық сапа үшін көп қателіктерді ескермейді. Тәуелсіз кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігінің маңызды жетістігі бұл сервис

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

1.Бәсекелестік стратегиясының мәні.

2.Жалпы бәсекелестік матрицасы негізіндегі бәсекелестік стратегиясы.

3.Бәсекелік күш моделі негізіндегі бәсекелестік стратегиясы.

4.Бәсекелестік артықшылықтар матрицасы негізіндегі бәсекелестік стратегиялары.

Әдебиеттер:

Управление конкурентоспособностью организации. Р. А. Фатхутдинов–М.: Издательство: Маркет ДС, 2008 – 432 с.

Иванова Е.В. Оценка конкурентоспособности предприятия: учебное пособие. – М.: Феникс, 2008 – 298 с.

3. Годин А.М. Брендинг: Учебное пособие. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательско – торговая корпорация «Дашков и К», 2006. – 424 с.

4. Маркетинг в России и за рубежом

5. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент. Экспресс-курс. 2-е изд. / Пер. с англ. Под ред. С.Г.Божук. - СПб.: Питер, 2006. – 464 с.

 

 



Просмотров 1352

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!