Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Р еңбек құқығы» тақырыбы бойынша оқиғалық есептер



№1 Есеп.

Марат құрлысшы болып істейді оның аптасына жұмыс уақыты 45 сағат. Ал шартта олай жазылмаған.

Сұрақ:Ол қанша уақыты жұмыс істеуі керек?

 

№2 Есеп.

Айгүл жүкті болғансон ол демалысқа шықты. Ол жалаусынаң 20%-ін алады.

Сұрақ: Бұл дұрыс проценттін жалақыма?

 

№3 Есеп.

Бахыт мемлекеттік жұмыс орынында хатшы болып істейді. Оның тәңертен 9.00-де жұмыс орнында болуы керек еді,бірақ отбасы жағдайына байланысты жарты сағатқа кешігіп келеді. Оның басшысы айғайлап жұмыстаң қуып шығады.

Сұрақ: Басшысы жұмыстан шығармай не істеу керек еді?

 

№4 Есеп.

Асқаров Даурен 2-ші топ мүгедегі,бірақ оған мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылық және қандай бап бойынша кепілдік берілген?

 

№5 Есеп.

Азамат пен Бағдат екеуі мемлекеттік жұмысқа орналасамыз деп бет бұрады. Бірақ Азамат өзінің туысы арқылы конкурстен өтіп кетеді.

Сұрақ: Бұл қандай бапқа кайшы келді?

 

№6 Есеп.

Максим биылғы жылы Москвадан көшіп келді. Оны мемлекеттік жұмысқа бірден алды.

Сұрақ: Мемлекеттік жұмысқа тұру үшін қандай талаптар сай болу керек (бап бойынша)?

 

№7 Есеп.

Асхат есімді азамат Заң Университетін 2007 жылдың 4 маусымында бітірген болатын. Бірақ, ата – анасы оны өз мамандығы бойынша орналастырмайды. Ол хатшы болып қызмет атқарады.

Сұрақ: Бұл Конституцияның нешінші бабына қайшы келіп отыр?

 

№8 Есеп.

Т есімді азамат С есімді азаматтың қол астында жұмыс жасайды. Оның жұмысында барлық қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімдері түгелдей қамтылған. Бір күні Т есімді азамат жұмыс уақытында белгісіз себептермен жұмыста 3 сағат болмайды, сонымен қоса еңбек ету барысында қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімін кимей жұмысқа кірісіп, денсаулығына зиян келтіреді.

Сұрақ: Т есімді азамат жұмыс беруші С есімді азаматқа денсаулығы жөнінде шағымдана алады ма?

 

№9 Есеп.

Б есімді азамт мектепте оқитын 14 жастағы Р есімді азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алады. Бір айдан кейін жұмыс беруші Б есімді азамат 14 жастағы Р есімді азаматты аптасына 36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді.

Сұрақ: Бұл жерде қандай заңсыз оқиға көрініс тапқан?

 

№10 Есеп.

С есімді азаматша жұмыс орнына 25 минут кешігіп келді және ол бірнеше рет қайталанды.

Сұрақ: С есімді азаматтың ісі дұрыс па?

1.Тақырыбы:«Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы»

 

2.Мақсаты:

Бұл тақырып бойынша ҚР – ның азаматтарына әлеуметтік қатынастардағы заңдылықтардың түрлерін қарастыру, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік нұсқауда қойылған жоспарлары мен әлеуметтік қамтамассыз етудің құқықтық негіздерінің міндеттерін қарастыру, әлеуметтік қамтамассыздандырда берілетін зейнетақы, әлеуметтік көмек, зейнетақы жасы, еңбек стажының реттелуі және ҚР- ның «Зейнетақымен қамсыздандыру» заңын толық нақты қарастыру.

 

3. Оқыту мақсаты:

 

- Әлеуметтік қамтамасыз ету түсінігін, зейнетақы және жәрдемақы түсінігі мен түрлерін үйрену қажет, конституцияның 28 бабына нақты сипаттамасын білу қажет.

- Мемлекеттің әлеуметтік кепілдерін бағалап үйрену.

- Заңнаманы талдап зерделеу.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

 

1. ҚР әлеуметтік қамтамассыз ету құқығының түсінігі.

2. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының нысандары.

3. Зейнетақы түсінігі.

4. Зейнетақы жасы.

5. Зейнетақы мен қамтамасыз ету түсінігі.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ережелері.

 

 

7. Ортақтасқан зейнетақы қорларының ережелері.

 

5.Білім берудің және оқытудың әдістері.шағын топтар.

 

Тақырыпты ашу үшін шағын топтарға тапсырма:

1 топ.

- Әлеуметтік қамтамассыз ету құқығының түсінігі.

- Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

- ҚР Конституциясының 28-29 баптарының мазмұны.

- Ата-анасыз қалған балалардың қамқоршылардың және мүгедектерді жұмысқа орналастырудың рөлі.

 

2 топ.

- Әлеуметтік жеңілдіктерді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

- Жеңілдік берілушілер санаты.

- Зейнетақы және жәрдемақы түрлері.

- Әлеуметтік қамтамасыз ету түріндегі сақтандыру (өмірді, денсаулықты сақтандыру.)

 

3топ.

- Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының міндеттері.

- Медицина қызметкерлерінің зейнеткерлікке шығу тәртібі.

-Өндірістегі зиянды факторлармен өзара қарым-қатынас және зиянды жағдайда жұмыс істейтін тұлғалардың зейнеткерлікке шығуы.

- Баспанамен қамтамасыз ету әлеуметтік кепілдемесінің берілу тәртібі.

 

4 топ.

-Медицина қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдемелер.

- Тегін медициналық көмек беру саясатын реттеу.

- Мемлекеттің әлеуметтік саясатын құқықтық қамтамасыз ету.

-Зейнетақы жинақтау жүйесі туралы түсінік, және түрлері.

 

6.Әдебиет:

Негізгі

 

1. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Оқулық, 2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. IX бөлім 151-154 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. VIII бөлім 241-247 беттер.

3. ҚР Конституциясы II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996ж.

5. ҚР –да зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы 1998 ж.

 

Осымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.

 

7. Бақылау:

- «ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» тақырыбы бойынша тест бақылау жұмысының сұрақтары.

1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негіздері дегеніміз.

2. Құқықтың осы саласында қоғамдық қатынастардың қарастырылуы.

3. Құқықтың осы саласының ережелері мыналарды реттейді.

4. Осы құқықтың мақсатына мыналар жатады.

5 Құқықтың осы саласының қайнар көзі.

6. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі дегеніміз.

7. Жалақының минимальдық мөлшері, минимальдық көрсеткіш мынадай

мемлекеттің негізгі элементтері болып есептелінеді:

8. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық реттеуі мына шаралардан

тұрады:

9. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқық негіздері дегеніміз:

10. Зейнетақы туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің

11. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мыналардан қалыптасқан.

12. Зейнетақының түрлері .

13. Жәрдемақының түрлері.

14. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру.

15. Зейнеақымен қамсыздандыру туралы заңдардың мақсаттары.

16. Зейнетақымен қамсыздандырудың қатысушылары.

17. Зейнетақылық төлемдер 2001 жылғы шілдеден бастап жүргізілді.

18.Зейнетақы жинақ қоры мен азаматтардың арасындағы келісімнің аталуы.

19. Әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты.

20.Әлеуметтәк көмек дегеніміз.

 

 

1. Тақырыбы«Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері»

 

2. Мақсаты:

 

Қаржы құқығы пәнін үйрену нарықтық қатынастардағы қаржылық қызметтің рөлі туралы студенттердің білімін қалыптастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында қаржылық құқықтық қатынастардағы беделін қалыптастыру үшін қажет.

 

3. Оқыту мақсаты:

- Мемлекеттің қаржылық қызметінің мазмұнымен танысу, қаржылық-құқықтық нормалардың құрылымының тәсілдері және әдістерімен, реттеу саласымен танысу.

- Қаржылық құқықтық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түрлері.

- Конституцияны және нормативтік-құқықтық нормаларды қолдана отырып тақырыпты ашып үйрену.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қаржы құқығының түсінігі мен қайнар көзі.

2. Қаржылық құқығының пәні.

3. Қаржылық құқығының жүйесі.

4. Қаржылық құқығының нормалары.

5. Қаржы қызметінің түсінігі.

6. Қаржы қызметінің түрлері.

7. Қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты.

8. Қаржылық бақылаудың түрлері.

9. Қаржылық құқықтық қатынастардың объектілері.

10. Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері.кейс-стади (жағдайлық есептер)

 

№1 Есеп.

Ануар есімді азамат банкпен келісім бойынша несие алады. Белгілі бір жағдайларға байланысты Ануар несиені уақытында жаба алмағандықтан, гарант болған Самат есімді азамат төлеу керек еді, бірақ Самат есімді азамат төлеуден бас тартып отыр.

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай әрекет жасауы қажет?

 

 

№2 Есеп.

Б есімді кәсіпкер банктен 4 жыл мерзімге 1 млн. тенге несие алады. Келісім бойынша кепілдікке 3 бөлмелі пәтерін қойған. Б есімді кәсіпкер өзінің алған несиесін 1 жыл төлеп жүрді. Кенет ол дүниеден өтеді.

Сұрақ: Осы жағдайда қаржы тарапынан қандай құқықтар тудырады?

№3 Есеп.

Шағын кәсіпкерлер тобы өз бизнесін ашу мақсатымен банктен несие алған. Бірақ бизнестері жүзеге аспаған кәсіпкерлер тобы банкроттыққа ұшырап, несиені уақытында төлей алмаған.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылыққа жатады және сот істің қай жақты қорғау тиіс?

 

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2- ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. VIII- бөлімі. 126 бет.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.V бөлім 140-146 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Cалық кодексі 2001 ж.

 

Осымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

 

 

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

7. Бақылау:

- «ҚР қаржы құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтарға жауап беру.

 

1. Жалпы құқық жүйесіндегі қаржылық құқығы.

2. Қаржылық құқығының пәніне мына қоғамдық қатынастар жатады.

3. Қаржылық құқығының ережелері мына қатынастарды реттейді.

4. Қаржы құқығының негізгі қайнар көзі.

5. Қаржылық құқығының жүйесі.

6. Қаржы қызметінің мақсаттары.

7. Қаржы қызметінің мазмұны.

8. Қаржылар атқаратын функциялар.

9. Қаржылық қатынастардың мақсаттары.

10.Ақша ресурстарын есептеу және бақылау қызметі.

11.Қаржы қатынастарының негізгі белгілері.

12. Қаржы қатынастарының қосымша белгілері.

13. Қаржылық қатынастардың объектілері.

14. Қаржылық қатынастардың субъектілері.

15. Қаржылық қатынастардың мазмұны.

16. Қаржылық құқықтық қатынастардың мазмұнына енетін қосымша ережелер.

17. Қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты.

18. Қаржылық бақылаудың қосымша мақсаты.

19.Қаржылық бақылау қызметімен атқарылатын міндеттер.

20. Қаржылық бақылаудың түрлері.

 

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері

2.Мақсаты:

 

Студенттерге нақты салық құқығының түсінігін, салықтың түсінігі, оның экономикалық және құқықтық мәні, салық құқығының субъектілерін және объектілерін үйрету. Мемлекеттің салықтық қызметін, салық заңнамасының белгілері мен қағидаларын, қайнар көздерін талдау, салықтық міндеттемені орындау түсінігі, ҚР салық құқығының жүйесінің құрылымы және мемлекеттік реттеуді үйрену. Салық төлеушілердің құқықтарымен міндеттерін қарастыру, салықтық және қаржылық құқықтың қатынасы, салық салудың ерекшеліктері мен функцияларын, салықтың түрлерін, салықтық заңнама бұзылғаны үшін жауаптылықты қарастыру.

 

3.Оқытудың міндеттері:

-Мемлекеттік салықтық қызметінің мазмұнымен танысу.

-Салықтық құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түрлерін білу.

-Конституцияны және нормативтік-құқықтық нормаларды қолдана отырып тақырыпты ашып үйрену, конституцияның 35 бабын талдау.

- Кейс-стадияны мысалға алып бір мәселенің немесе тақырып бойынша сұрақтардың белгілеріне тоқталу.

- Кейс-стадиялармен тапсырмаларды орындау әдістерін үйрену: ауызша талдау, жазбаша жұмыс, рөлдік ойын т.б.

-Оқу материалын терең түсіну үшін түрлі әдістерді қолдану.

- Салықтық құқық туралы жалпы түсінік алу.

- Салық төлеушілердің құқықтарымен міндеттерін анықтау.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Салық құқығының түсінігі мен пәні.

2. Мемлекеттік салықтық қызметінің түсінігі және түрлері.

3. Салық салудың түсінігі мен функциялары.

4. Салықтың түсінігі және экономикалық-құқықтық мәні.

5. Салық жүйесі.

6. Тура және жанама салықтардың айырмашылығы.

7. Салықтық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылық.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кейс-стадия.

1 Есеп.

Шағын кәсіпкерлер тобы өз бизнесін ашу мақсатымен банктен несие алған. Бірақ бизнестері жүзеге аспаған кәсіпкерлер тобы банкроттыққа ұшырап, несиені уақытында төлей алмаған.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылыққа жатады және сот істің қай жақты қорғау тиіс?

 

Есеп 2.

Азамат Петров бірнеше ай бойы салық төлемеген, сот пен салық инспекциясыда ай сайын салық жөнінде хабарлады Жер кайтадан алынып қояды деп жеткізілген. Петров арыз жазып сотқа жүгінген. Салықтың өкілі борыштын өтеумеуі жер учаскісін тәркілеуге жатады деп хабарлады. Салық инспекциясының іс әрікеті заңды болды ма? Азамат Петровты қандай жауапкершілікке тартуға болады?

 

Есеп 3.

ЖК (жеке кәсіпкер) Р.Б. белгіленген уақытта салық органдарына салық төлеуге міндетті еді. Алайда әр түрлі себептерге байланысты төлемнен бас тартып жүрді. Құқық бұзушылықтың негізі не болып табылады? Іс әрекетке құқықтық бағалау беру.

 

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. 5 бөлім. 147-167 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

 

Осымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж

7. Бақылау:

 

- «ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

-«ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

-жағдайлық есептер

Жағдайлық есепті шешіп, осы мысал бойынша есеп құрыңыз

Төменде аталған азаматтардың қайсысы мүлік салығын төлеуден босатылады

1. Борисов-жалғыз басты зейнеткер

2. Будрайтис-Астана қ. әкімдігінде мәдениет жұмыстары бойынша кеңесші

3. Осипов – 1-ші топ мүгедегі

4. Колесников- Латвиядан келген кәсіпкер.

5. Қожахметова- 4 баланың анасы.

 

 

1. Тақырыбы:«Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері»

 

2. Мақсаты:

Тақырып бойынша жер құқығының түсінігін, жерді

қорғау мақсаттары мен жер құқықтық қатынастарын

қарастыру, мүліктік және мүліктік емес қатынастардың

жүйесін қарастыру, жер дауларын шешу тәртібін және ҚР

Конституциясының 6 бабына толық сипаттамасын

қарастыру.

 

3. Оқыту мақсаты:

- Тақырып бойынша толық және ашық жауап беріп үйрену.

- Жер заңнамасына түсінік беріп үйрену.

- Бұл саланың пәнін зерделеп үйрену.

- Жер құқықтық қатынасы қатысушыларының қызметінің құқықтылығын бағалай білу.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жалпы құқық жүйесіндегі жер құқығының түсінігі.

2. Жер құқығының нормалары.

3. Жер құқығының жалпы және ерекше бөлімдері.

4. Жер құқықтық қатынастарының түсінігі.

5. Жер құқықтық қатынастарының объектілері.

6. Жер құқықтық қатынастарының субъектілері.

7. Жерді пайдаланушылардың құқықтар мен міндеттері.

8. Жерге меншіктік құқықтық актілері.

9. Жер құқығының пәні.

10. «Жер туралы» заңның мазмұны.

 

5.Білім берудің және оқытудың әдістері. жағдайлық есептер.

 

№1 есеп.

Е есімді азамат С есімді азаматтан жер сатып алады. Бірақ С есімді азамат жерді жалған құжаттармен сатылған. 2 жыл өткен соң, мемлекет оның жерін заңсыз деп тауып жерді мемлекетке қайтаруды талап етеді.

Сұрақ: Мемлекеттің ісі дұрыс па?

 

№2 есеп

Б есімді азамат өзінің Қ есімді ұлына мұра ретінде жерін қалдырады. Бұл жерді Б есімді азамат қайтыс болғаннан кейін жерді туыстары алып қояды.

Сұрақ: Бұл жер Қ есімді азаматқа беріле ме?

№3 есеп.

А есімді азамат С есімді азаматтан жерді несиеге алады. А есімді азамат өзінің несиеге алған жеріне жеміс дақылдар егеді. Бірақ ол жерге жеміс дақылдар шықпайды.

Сұрақ: А есімді азаматтың не істеуі керек?

 

№4 есеп.

М есімді азамат мемлекет тарапынан жеңілдікпен жер алды. Алған жері табиғи апат орын алатын өңірде орналасқан. Мемлекеттік органдарға өтініш жазады, өтінішке мемлекет тарапынан жауап келмеді.

Сұрақ: М есімді азаматтың не істеуі керек.

 

№5 есеп.

Асхат 5 гектар жердің иесі, ол 3 жыл бойы қатарынан жер салығын төлемеген.

Сұрақ: Асхатқа жер салығын төлемегені үшін мемлекет жері тартып алады ма?

№6 есеп.

Самат пен Қайрат есімді азаматтар бірігіп кәсіп ашуларына жер сатып алады. Өз ара кикілжің болғаннан кейін Самат жерді өз атына алғысы келді.

Сұрақ: Бұл жағдайда не істеулері керек?

 

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2- ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. XI- бөлімі. 175- бет..

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған.- Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. X- бөлімі 298-300 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Жер туралы заң 2001 ж.

6. Экологиялық сараптама туралы заңы 1997 ж.

 

Осымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

 

7. Бақылау:

- «ҚР жер құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар

1. Жалпы құқық жүйесіндегі жер құқығы.

2. Жер құқығының пәні.

3. Жер құқығының ережелері келесі қоғамдық қатынастарды реттейді.

4. Жер құқығының қайнаркөзі

5. Жер кодекстің қабылданған мерзімі.

6. Жер құқығының жалпы бөлімі.

7. Жер құқығының арнайы бөлімі.

8. Жер құқықтық қатынастары дегеніміз.

9. Жер құқықтық қатынастарының объектілері.

10. Жер құқықтық қатынастарының субъектілері.

11. Жер құқықтық қатынастарының мазмұны

12.Қандай меншік құқығының нысандары Конституцияға сәйкес дамыған.

13. Меншік құқығының мазмұны дегеніміз.

14. Жерді иелену мен пайдалану бойынша адамдардың құқықтары мен

міндеттері.

15. Жер теліміне жеке меншіктң иелік ету құқығын белгілейтін құжаттар.

16. Жер телімін азаматтарға меншіктеу құжаттары.

17. Жерге меншік құқығының реттелуі.

18. Жерге меншік құқығының тоқтатылу негіздері.

19.Жерге меншік иелерінің құқықтары

20.Жер меншігі иелерінің міндеттеріне жататын ережелер

21.Жерді пайдалануға төленетін төлемақы

22.Жер телімін сату-сатып алу аталған бағалар негізінде жүргізіледі.

23. Төлемдердің бекітілетін ставкалары.

24. Жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған жер қорғаудың жүйесі келесі шаралардан тұрады.

Жерді тиімді пайдалану мақсатында жерді қорғау жер құқығының маңызды ережесі

25. Жер заңдарын бұзғаны үшін жер қатынастарының субъектілері қандай заңды жауапкершіліктерге тартылады

 

1. Тақырыбы:« Экологиялық құқығының жалпы ережелері»

 

2. Мақсаты: Экологиялық құқықты оқу экологиялық құқықтың негіздерін, реттеу пәнін, экологиялық құқықтың мақсаты мен міндеттерін, экологиялық құқық бұзушылық түсінігін, экологиялық-құқықтық жауаптылықтың қолдану шарттарын үйренуге мүмкіндік береді.

 

3. Оқыту мақсаты:

-Тақырып бойынша презентация құрып үйрену, оларды қорғау.

- ҚР Конституциясының 6,38 баптарын талдап дағдылану.

- Экологиялық құқығының негіздерін, қайнар көздерін оқыту.

- Экологиялық құқық бұзушылықтардың түрлерін және олар үшін берілетін жауаптылық мөлшерін талдап үйрену.

- Тақырып бойынша толық және ашық жауап беріп үйрену.

- Ауызша дұрыс жауап беріп дағдылану.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Экология құқығының түсінігі.

2. Экология құқығының пәні.

3. Экология құқығының қайнар көздері.

4. Экология құқығының жүйесі.

5. Экология құқығының әдістері.

6. Табиғатты қорғау заңнамасының негізі мақсаты.

7. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

8. Экологиялық жауаптылықтың түсінігі және түрлері.

9. Экология құқығын қолдану аясындағы қызметі.

10. Табиғатты қорғаудың қағидалары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Презентация.

 

Презентация сұрақтары:

1. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі, олардың объектілері мен субъектілері.

2. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұны (қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.)

3. Экологиялық құқық бойынша құқықбұзушылықтардың түрлері.

4. Экологиялық құқықбұзушылық үшін, оларды қолдану шарттары бойынша заңды жауаптылық түрлері.

5. Экологиялық-құқықтық жауаптылықты қолдану негіздері мен шарттары.

 

6. Әдебиет:

Негізгі

1.Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. XI бөлімі 174-176 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. X бөлімі 280-297 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. «Экология сараптама туралы» заңы 1997ж.

6. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997ж.

7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы 1997ж.

 

Осымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.

 

7. Бақылау:

-«Экологиялық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

1. Экологиялық құқықтың түсінігі.

2. Экологиялық құқықтың пәні.

3. Экологиялық құқықтың қайнар көзі.

4. Экологиялық құқықтың белгілері.

5. Экологиялық құқықтың мақсаттары.

6. Экологиялық құқықтың нормалары.

7. Экологиялық құқықтың жүйесі.

8. Экологиялық-құқықтық қатынастардың объектілері.

9. Экологиялық-құқықтық қатынастардың субъектілері.

10. Табиғатты қорғау заңнамасының мақсаттары.

11. Экологиялық құқықбұзушылықтың түсінігі.

12. Экологиялық құқықбұзушылықтың түрлері.

13. Экологиялық құқықтық жауаптылықтың түсінігі.

14. Экологиялық құқықтық жауаптылықтың түрлері.

 

 

 

1. Тақырыбы:«Қазақстан Республикасықылмыстық құқығының негіздері»

 

2. Мақсаты:

Осы тақырыпты оқып бұл саланың ерекшеліктері мен мақсаттарын түсінуге мүмкіндік береді, қылмыстың ұғымын түсінуге, оның құрамын, объектісі мен субъектісін, объективтік жағы мен субъективтік жағын, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шарттарын, жаза түрлерін қарастырады.

 

3. Оқыту мақсаты:

-Бұл саланың ерекшеліктерін зерделеу.

- Қылмыс әрекетін бағалап үйрену,қылмыстық жауаптылықты қолдану шарттарын айыру, қылмыстық жазалардың түрлерін қолдану.

- ҚР қылмыстық заңнамасына толық талдау жасау.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қылмыстық құқығының түсінігі мен қайнар көзі.

2. Қылмыстық құқығының пәні.

3. Қылмыстық құқығының функциялары.

4. Қылмыстық заңнаманың қайнар көздері.

5. Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

6. Қылмысты саралау және олардың айырмашылықтары.

7. Қылмыстың объектісі және объективтік жағы.

8. Қылмыстың субъектісі және субъективтік жағы.

9. Қылмыстық жауаптылықты қолдану түсінігі, негіздері.

10. Қылмыстық жауаптылықты қолдану шарттары.

11. Қылмыстық жазалардың түсінігі, белгілері.

12. Қылмыстық жазаның түрлері.

 

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс істеу.

 

1 Жұп.

-Қылмыстық құқықты реттеу пәні.

-Қылмыстық құқық жүйесі (жалпы және ерекше бөлімдері)

2 Жұп.

- Қылмыстық құқықтық қатынас туралы түсінік, олардың объектілері және субъектілері.

- Қылмыс белгісіне қатысты айыпты деп тану түсінігі (қасақана, абайсызда,жанама).

3 Жұп.

- Адам өмірге қарсы қылмыстар, олардың объектілері мен субъектілеріне сипаттама (адам өлтіру, адам тонау).

- Адамның денсаулығына қарсы қылмыс,олардың объектілері мен субъектілеріне сипаттама (медицина және фармацевтика қызметтерімен заңсыз айналысу).

4 Жұп.

- Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар.

- Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар.

 

5 Жұп.

- Қазақстандағы өлім жазасына кесілудегі мораторидың рөлі.

- ҚР –да амнистияның қолдану тәртібі.

 

6 Жұп.

-Қоғамдағы болатын қылмыстарды реттеудегі қылмыстық құқықтық әрекеттерінің іс-шаралары.

- Жазаны өтеусіз қылмыстық жауапкершіліктің туындау ерекшеліктері.

 

7 Жұп.

-Батыс Европа және АҚШ елдеріндегі қылмыспен күрес тәжірибелері.

-Оңтүстік –шығыс Азия елдеріндегі қылмыспен күрес тәжірибелері.

 

 

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -

248 бет. X- бөлімі 156-167 беттер..

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы:Жеті

жарғы. 2007.-304 бет. VI бөлім 170-189 беттер.

3. ҚР Конституциясы.II бөлім. Адам және Азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Қылмыстық кодексі жалпы бөлімі 1997 ж.

6. ҚР Қылмыстық кодексі ерекше бөлімі 1997 ж.

 

Осымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

 

7. Бақылау:

- «ҚР қылмыстық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- жағдайлық есептер.

1. Жалпықұқық жүйесіндегі қылмыстық құқық.

2. Қылмыстық құқықтың пәні.

3. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері.

4. Қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты.

5. Қылмыстық құқықтың қосымша мақсаты.

6. Қылмыстық құқықтың жүйесі.

7. ҚР қылмыстық Кодексінің қабылданған мерзімі.

8. Қылмыстық құқық көптеген құқықтық ережелерден қалыптасқан.

9. Қоғамдық қатынастарға қарсы қылмыстарды қылмыстық кодекс реттейді.

10. Қылмыстық кодекс түрлі ережелерді белгілейді.

11. Қылмыс құрамы.

12. Қылмыстың объективтік жағының сипаттамасы.

13. Себеп, кінә, мақсат.

14. Құқыққа кайшылық,ерекше қоғамдық қауіпсіздік, кінәлілік, жазалау сипатталады.

15. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шараларының ерекшелігімен қылмыстық құқық бойынша жазалау.

16. Қылмыстық жауапкершілікке жалпы ережелер бойынша белгілі жастан таратылады.

17. ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік.

18. Белгілі жасқа жеткен, есі дұрыс тұлғаның жауаптылыққа тартылуы.

19. Қылмыстық жауапкершілікті заңды жауаптылықтың түрі ретінде қарастырады.

20. ҚР Қылмыстық кодексі қабылданды.

 



Просмотров 4983

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!