Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Параграф 1. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау жүйесін ұйымдастырудағы мектептің рөлі



ІІІ бөлім. Оқу тәрбие жұмысы процесінде ақыл ойы кемтар оқушыларды әлеуметтік тұрмыстық бейімдеу және бағдарлау.

Параграф 1. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау жүйесін ұйымдастырудағы мектептің рөлі.

Мектеп оқушыларды өз бетімен еңбек етуге дайындайды және оларға белглі бір білім көлемінберіп, мектеп курсы пәндерінің бірқатарын үйретеді. Оқушыларда қажетті адамгершілік түсініктерімен мәдениеттілік дағдылары қалыптасады. Дамуында ауытқуы бар баланың тұлға болып қалыптасуына, дамуындағы жетіспеушілікті түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу процесі бірігіп, ақыл ойы кемтар оқушыларды әлеуметтік тұрмыстық бағдарлаудың алғы шарттарын құрайды

Бірақ, катамнистикалық мәліметтер көрсеткендей, көмекші мектепті бітірген түлектердің еңбектік, тұрмыстық және психологиялық бейімделуі көбіне сәтті бола бермейді. Жұмысты жиі ауыстыру, жалақыға көңіл толмаушылыққа байланысты емес, ұжым мүшелерімен қарым қатынас орнату кезінде қиыншылықтар, мекеменің қоғамдық және мәдениетті өміріне қатысудан шеттетілу үрдістері байқалады. Көптеген мәселелер ақшаны дұрыс бөле алмау, қор жинауды жоспарлай алмау, шаруашылықты ары қарай дамыта алмаудан туындайды. Ата аналарымен бірге түратын түлектерде қамқорлықта болғаны айқын көрініп тұрады.

Қиынсыну себептері балалардың психофизикалық даму ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, мектептегі оқыту мен білім берудің жағдайына да байланысты. Егер түлектердің тұрмыстық жағдайға бейімделулеріндегі қиындықтар туралы айтатын болсақ, ол әлеуметтік тұрмыстық бағдарлауды ұйымдастырудағы педагогикалық ұжым жұмысының төмендігіне байланысты.

Әлеуметтік бейімдеу, тұлғаға әлеуметтік ортаның әр түрлі құрылым бөліктеріне белсенді қосылуға мүмкіндік беретін әлеуметтендірудің бір бөлшегі, яғни, өндірістік ұжымның қоғамдық өмірі мен еңбегіне шамалары жеткенше қатынасу, қоғамның әлеуметтік және мәдениетті өміріне кірігуге, жалпы өмір сүрудің ережелері мен қағидаларына сәйкес өз тұрмыстарын түзеу болып табылады. Әлеуметтік бейімделу тұлға мен қоғам өзара әрекеттесетін үздіксіз процесс.

Қалыпты дамып келе жатқан балалардың көптеген білім мен біліктіліктері үлкендермен, құрдастарымен қарым қатынаста, ата анасына үй тұрмысына көмектесу кезінде, өзінен кішілерге қамқорлық жасауда, әр түрлі ойындарды ойнау барысында, айналасында болып жатқан құбылыстарға еліктеуде, бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпарат ала отырып қалыптасады. Дұрыс тәрбие беріп отырған отбасының балаларында қоршаған ортасы және үй шаруашылығы туралы білімдерін кеңейтетін нақты түсініктері болады. Одан басқа, мектепте оқыту, әсіресе қоғамдық тәртіп пен көптехникалылыққа дайындау, отбасылық өмірдің психологиясы мен әдеп негіздерін оқыту жеткіншектерді өздеріне қажетті мәлімет қорымен, әдет дағдылармен қамтамасыз етеді.

Ақыл ойы зақымдалған балалар даму ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен білім мен білік дағдыларын қалыптастыра алмайды. Олардың қоршаған ортамен, үлкендермен, құрдастарымен қарым қатынас мүмкіндігінің аздығы басты рөл ойнайды. Осы балаларды өз бетімен өмір сүруге дайындауда отбасының қатынасуы аздық етеді.

Осыған байланысты мектепте жүзеге асырылатын мақсатты бағытталған тәрбиелеудің рөлі өте маңызды. Бәрінен бұрын, оқушыларға көп жағдайлы әсер етудің бірегей жүйесі болу керек. Оны әлеуметтік тұрмыстық бағдарлаудың, еңбекке оқытудың арнайы сабақтары, сабақ үстінде немесе сабақтан тыс жүзеге асатын жалпы білім беретін пәндер және тәрбие жұмыстары құрайды.

Әлеуметтік тұрмыстық білімдермен біліктердің жинақталуы біртіндеп, кезектілікпен және жүйелілікпен жүруі тиіс. Соңғылары балалармен жан жақты, күнделікті жұмысты ұсынады. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлаудың тәжірибелік бағытының міндетті шарты, оның мазмұнымен құрылымының мағыналылығы, оқушылардың жеке және типологиялық ерекшелілігі есепке алу болып табылады.

Жұмыстың кешенділігінің мысалы жоғары сынып оқушыларын отбасындағы шаруашылыққа дайындауға арналған педагогикалық шаралар болып табылады. Құрамына төмендегі тізімдер кіреді:

· Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні бойынша үй шаруашылығының экономикасын басқару туралы білімдерін қалыптастыру негізінде математика сабақтарын жүргізу;

· Тұрмыстық экономикалық білім мен тәжірибелерін бекітуге арналған сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстар;

· Оқушыларды үнемдеуге тәрбиелеудің сұрақтары негізінде тәрбиешілер мен педагогтардың әдістемелік дайындықтарын жетілдіру;

· Оқушылардың үй шаруашылығына деген қызығушылығын арттыруда үй шаруашылығын тиімді ұйымдастырудың ата аналарға арналған педагогикалық оқулықтары;

· Көрнекі құралдарды пайдалану: тақырыптық стендтар, үйірме жұмыстарының көрмесі, ақпарат беттері.

Жүйенің бастапқы сатысы оқушыларды әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау курсы болып табылады. Бұлар балаларды өз бетімен өмір сүріп, еңбек етуге тәжірибе жүзінде дайындауға, әлеуметтік бейімделуге әсер ететін білім мен тәжірибелерді қалыптастыруға, оқушылардың жалпы дамуының жоғарылауына бағытталған арнайы түзету сабақтары. Сабақтар оқушыларда өз өзіне қызмет ету, үй шаруашылығын жүргізу, өздерін қоршаған ортада бағдарлау дағдыларын дамытуға және жүзеге асыруға бағытталған. Оқушылардың экономикалық тәрбиесі мен білімі, адамгершілік әдептілік қағидалары, таныс немесе бейтаныс адамдармен сөйлесу дағдысы жетіледі, оқушылардың шығармашылық талғамын шыңдау жұмыстары да жүргізіледі. Әр түрлі ұжымдардың, мекемелердің, тұрмыстық қызмет кәсіпорындарының, сауданың, байланыстың, көліктердің, медициналық көмектің қызметтерін пайдалана алу біліктерін дамыту қарастырылған. Педагог оқушылар өткен сабақтар бойынша қажетті білім мен білік дағдыларын тәжірибелі әрекеттерде белсенді қолдана алатынын есепке алу керек. Кез келген отбасының, адамның тұрмысы күнделікті үй жұмыстарын орындаумен тығыз байланысты. Үй шаруашылығында еңбек түрлері әр түрлі болып келеді: дүкенде сауда жасау, тамақ дайындау, үйді тазалау және т.б. жауапты міндеттердің бірі ол кішкентай балаларды күту болып табылады.

Көмекші мектептің жоғары сынып оқушылары тұрмыстық еңбектің әр түрлерін жасай алмайтындарын тәжірибе көрсетіп отыр. Олар тек жұмыстық орындалу барысын кезектілікпен немесе толықтай айту кезінде ғана емес, тәжірибе жүзінде көрсетуде де қиналады. Мұғалім өз алдына әр оқушының физикалық және интелектуалды мүмкіндіктеріне қарамастан,олар киім күтудің, тамақ жасаудың, ұй тазалаудың негізгі тәсілдерін меңгертуді мақсат етіп қою керек.

Тұрмыстық еңбек, кез келген еңбек әрекеті сияқты жасалынатын жұмысты саралау, оны жоспарлау, жүзеге асыруды талап етеді. Оқушыларды жалпы еңбек біліктіліктеріне оқыта отырып, мұғалім олардың бойына тек қана үш шаруашылығын өз беттерімен жасауды қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар көмекші мектептің маңызды міндеттерінің бірі олигофрен балалардың ақыл ой қызметіндегі кемшіліктерді түзетуді шешеді. Тәжірибелік әдістер қатарына шынайы жағдайды сипаттау жатығуы жатады. Бұл әрекеттер әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабақтарында кеңінен қолданылады. Осылайша, жаттығулар арқылы әр түрлі жұмыстарды жасау кезіндегі қозғалыс тәсілдері қалыптасады.

Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағы тек үй шаруашылығын жүргізу біліктерін меңгеруге қатысты емес. Пәннің міндеттері айтарлықтай кең. Әрқашан интернатта болатын ақыл есі кем бірқатар оқушылар халыққа қызмет көрсететін мекемелерге көп бармайды. Оқушыларда мекемелердегі, кәсіпорындардағы қызмет көрсетулерді тиімді қолдану, өздерін қалыпты ұстау, міндеттелген тапсырмаларға дұрыс әрекет ету біліктерін қалыптастыру әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағында айтылады. Қажетті білімдерді балалар педагог өткізетін әңгіме сағаттарында меңгере алады, шынайы жағдайды сипаттау кезінде практикалық жұмыстар мен жаттығулар көмегімен бекітеді. Сонымен қатар, алға қойған міндеттердің сәтті орындалуына оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып өткізген, әрекетті жеке немесе топпен орындау формасы әсер етеді.

Леуметтік тұрмыстық бағдарлаудың жүйелі әрекеті, жұмысты осы бағытта балалардың алғаш мектепке келген кезінен бастау керектігін талап етеді. І ІМ сыныптарда оқыту барысында өткізілетін дайындық жұмыстары, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағымен байналысты жалпы білім беру пәндері мен кәсіби еңбекке дайындайтын пән аралық байланыс ұйымдастыру қажет.

Жалпы білім беру пәндерін оқыту оқушыларға өмірлеріне керекті белгілі бір білім мен білік дағдыларын береді, жалпы ой өрісін кеңейтеді, мәдениетті қажеттіліктерін қалыптастырады, мысалы, оқуға, әуен тыңдауға, кинофильм көруге деген қызығушылығы адамгершілік әдеп қағидаларын тәрбиелейді. Әр оқу пәні әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау курсымен өзіндік байланыста болады. Мысалы ауызша сөйлеу тілін дамытуда қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен, денсаулық сақтау, көлікте, мекемелер т.б. тақырыптар негізінде сұрақтарға жауап беріледі. Осылайша оқушыларда төртінші сыныпта әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау бойынша бағдарлама материалын қабылдау базасы қалыптасады.

Айталық, әр сабақтың үстінде әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мәселелері қарастырылсын деп талап қоюға болмайды. Бірақ көптеген пәндердің бағдарламалары осымәселелерді шешу бөлімдерін қоса алады. Осыған сәйкес математика сабағы лкен рөл ойнай алады. Себебі қарапайым экономикалық немесе шаруашылық есебін жүргізгенде көлем, өлшем бірлік т.б. тапсырмаларын кеңінен қолдануға болады.

Көмекші мектепте еңбекке оқыту оқушыларды өз бетімен еңбек етіп, өмір сүруге дайындау мақсатында жүзеге асады. Бірақ осы жағдайда өз тұрмысын ұйымдастыра алатын жеткіншектерге байланысты сұрақтарға басты назар аударту керек. Осылайша оқушыларды стандартты бейімделмеген нұсқаулармен оқытуға болады. Көбіне жөндеу жұмыстарына, есеп жүргізуге көңіл бөлу керек.



Просмотров 5193

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!