Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тәрбие жұмысы процесіндегі оқушылардың әлеуметтік тұрмыстық бағдарлауы



Сабақтан тыс өткізілетін тәрбие жұмыстары әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабақтарын көшірмейді. Оның міндеттері айтарлықтай ауқымды. Басты міндеті тұлғаның бойында жағымды қасиеттерді қалыптастыру. Бірақ баланың интернаттағы күнделікті өмірінде әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні бойынша алған білім білік дағдылары, әр түрлі өмір сүру жағдайларына бейімделу, жағымды әдеттерді қалыптстыру сияқты әрекеттер қайталанып, бекітіліп отырады. Осылардың барлығы өз бетімен үй шаруашылығын жүргізуде ұжыммен жақсы қатынаста болуға, айналасындағы адамдармен қатынас жасау үшін қажетті болып табылады. Қойылған міндеттердің жүзеге асырылуының басты шарты ол оқушылардың күнделікті жасайтын әр түрлі тәжірибелік әрекеттері.

Зерттеулер көрсеткендей, ақыл есі кем жоғары сынып оқушылары тұрмыстық экономикалық дағдыларды дұрыс бағдарлай алмайды. Олар керекті заттарының құнын білмейді, бюджет шығынын есептей алмайды, отбасындағы қажеттіліктер мен шығындар туралы түсініктері болмайды. Оқушыларды тұрмыстық экономикалық біліктіліктері төмен. Оқушылар бір айлық шығын мен кірісті жоспарлай алмайды. Кейбіреулері тамақ мөлшерін ыдыспен сәйкестендіре алмай қиналып жатады. Қалталарында қаражаттары болса да өздеріне не керек екенін, ол ақшаны қалай жұмсау керектігі туралы үнемдеу түсініктерін қалыптастыра алмайды.

Оқушылардың тұрмыстық экономикалық білім мен білік дағдыларын қалыптастыру үшін жан жақты жұмыс жүргізу керек. Сабақтан тыс уақыттарда тәжірибелік жаттығуларға баса назар аудару керек. Мысалы заттарды сатып алу, кеткен шығынды есептеу т.б. дүкенге серуенлер жоғары орында тұруы тиіс. Экономикалық білім мен біліктіліктерін бекітудің мақсаты оқушыларда керекті затты таңдау мүмкіндігінің болуы, түрлі бланкілер толтырып, төленетін ақша көлемін есептеу. Топтағы киімдердің сақталу жағдайларын, су мен ток көздері босқа кетіп жатпағандығына назар аудартып, осыған байланысты әрекетке үйрету де өз пайдасын тигізеді. Осы бақылаулар үй ашруашылығын жүргізуде тиянақтылықты, ұқыптылықты қалыптастырады.

Балалар жаңа жағдайда әрекет етуде өз білімдерін кеңейту үшін тәжірибелерді пайдалана отырып, үй шаруашылығын басқару үйірмелеріне , шаралар ұйымдастыруға, тақырыпқа байланысты сынып сағаттарын, оқушылар жұмысының көрмесін безендіруге баларды араластыру керек. Оқушыларда іс жүргізу түсініктерін қалыптастыру үшін оны нақтылап түсіндіре отырып, оқушыларға тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалау керк. Егер бала дұрыс орындаса жұмысты бағалап, мадақтау керек. Негізінде экономикалық тәрбие беру жоғары сыныптарда жүзеге асады. Төменгі сынып оқушыларында ойыншықтарын, киімдеріне, кітаптарына т.б. заттарына ұқыпты қарауды қалыптастыру керек. Сюжетті рөлдік ойындар ойнату, баланың жеке заттардың құнын білу, жолақысын төлеу, алған заттарының ақшасын білу туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Оқушыларда әр түрлі шаруашылық жұмыстарын жүзеге асыру процесінде тұрмыстық жұмыстарды орындау тәсілімен ережелерін, үй жұмысын жеңілдететін машиналар мен құралдарды, қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері туралы білімдері бекітіледі.

Тапсырмаларды өз құрдастарымен немесе өздерінен кіші сынып оқушыларымен бірігіп орындау балларды қайырымдылыққа, өзгеге көмек көрсетуге, сонымен қатар үй шаруашылығын қабілетттеріне қарай ұйымдастыруға үйретеді. Мектептіңтазалығын сақтап, жөндеу жұмыстарына қатысу тәрбиеленушілерде қоғамдық заттарға ұқыпты қарауды қалыптастырады. Тұрмысқа керекті білім мен біліктіліктерді тамақ пісіруде, тігуде, тоқуда, жөндеу жұмыстарында қалыптастырып, жетекші көмегімен бекітіп, жаңа жағдайлар кезінде еркін қолданып отырады. Әлеуметтік түсініктерді қалыптастыруда серуен сабақтары маңызды рөл атқарады. Мысалы аяқ киім жөндейтін шеберханаға, тұрмыстық элект құралдарын пайдалануға, қоғамдық тамақтану орныдарына серуенге шығады. Осындай серуендерде оқушылар қызмет көрсету жұмыскерлерімен сөйлессе, бланк толтырып, түбіртек алатын сияқты қарапайым жұмыстарды орындаса, жарнама, плакаттарға қарап керекті ақпарат алып отырса серуен сабақтарының орны ерекше болады. Төменгі сыныптарда ойын іс әрекеті маңыщды орын алады. Ойын көптеген дағдыларды жүзеге асыруға мүкіндік береді. мысалы кім шапшаң бау байлайды, құстармен балықтарды тез бөліп жинау, түйме салу т.б. сияқты тапсырмаларды ұсынып жарыстыруға болады. Сюжетті рөлдік ойындардың, серуендердің, тәжірибелік әңгіме сабақтарының тақырыбын таңдауда төменгі сынып оқушылары үшін қоршаған орта құбылыстарымен заттарын таныстыру негізіндегі ауызша сөйлеу тілін дамыту бағдарламасын қолдануға болады.

Ақыл есі кем жоғары сынып оқушыларында қарым қатынасқа қажетті әлеуметтік тұрмыстық білімдер қоры шекалген болады. Оларға бейтаныс адамдармен қарым қатынасқа түсу қиын. Олар қарым қатынасқа жеңіл түскенменғ сұрақ қоюда, өз ойын жеткізуде қиналуы мүмкін. Басты қиындықтар алған білімдерін тәжірибеде қолданған кезде туындайды, әсіресе бейтаныс адамдардың арасында. Күнделікті өмірде оқушыларда мейірімділік, қарым қатынасқа жеңіл түсу, әңгімелесу сияқты тұлғалық қасиетер қалыптасу керек. Алғашқыда мақсатты түрде «туған күн», «мектеп кітапханасына бару», «киноға бару» және т.с.с. қарым қатынасты нығайтатын, оларды топта бекіту, қайталау және білім мен біліктіліктерін кеңейтетуге арналған арнайы сабақтарды өткізу керек. Сонымен қатар арнайы мамандармен фотограф, шаштараз, кәсіп орын қызметкерлерімен кездесу кештерін ұйымдастыру керек. Осындай шаралар оқушыларды дұрыс қарым қатынасқа түсуге, сұрақ қоя білуге, әңгімелесуге тәрбиелеуге бағыттайды. Бұлардан басқа мектептен тыс мекемелерге: бассейн, теарт, стадиондарғ апарып , сол жерде оқушылармен ойын ойнатып, қызметкерлермен, басқа балалармен қарым қатынасқа түсіп әңгімелесуді ұйымдастыруды кеңінен қолану керек. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау жұмысын сабақта немесе мектептен тыс орындатудың нәтижелілігі мұғаліммен тәрбиешінің жұмыс жоспарын тиімді ұйымдастыруына байланысты. Оқытумен байланыс озықтылық, қатарластық, кезектілік қағидалалры бойынша жүзеге асады. Бірінші жағдайда тәрбиеші мұғалімнің ұсыныстарын пайдалана отырып, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау бойынша серуендер, әңгіме сабақтарын өткізеді, оқушылармен бірге тақырыпқа керекті материалдар жинайды. Екінші жағдайда тәрбиешілер мұғаліммен бірге алған білім мен біліктерін толық меңгеруге мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізеді. Кезектілік әрекеті оқушылардың білімдерін кеңейтумен толықтыру үшін өткен сабақты қайталау кезінде ұсынылады.

Мектепте алған білім мен дағдыларын жүзеге асыру үшін, оқушылар тәжірибелерін үй жағдайында да қолдану керек. Мектепте әлеуметтік тұрмыстық бағдарлаудың мазмұны мен міндеттерін түсіндіру үшін ата аналарға арналған дәрістер, тәжірибелік сағаттар өткізілу керек.



Просмотров 3009

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!