Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Еңбек құқығының қайнар көздері



еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері - бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.Еңбек құқығыңың қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады және оларды осы нормаларды қолдаңу актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Еңбек туралы» заңы еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке қабылдау, ауыстыру, тәртіптік жаза тағайыңдау) туралы бұйрығы құқыққолдаңу актісі болып табылады.Жалпы алғаңда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін құрайды, мұңда олар өз мәні, бағыңыстылығы бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық- құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының коңвеңциялары және ұсынысатыр, Б¥¥-ңың актілері және өзге де халықаралық шарттар) және республикаңың басқа да міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотыңың нормативтік қаулыларынан, ҚР «Еңбек туралы» заңынан және өзге де заңға сәйкес актілерден (ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіңщ қаулылары, өзге де миңистрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан бастап, тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, әлеуметтік-әріптестік келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері.

В.Н.Уваров атағаңдай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі және туыңды.Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметіңің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, миңистрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.

Еңбек заңнамасы саласындағы туыңды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б.

жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізіңде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды.ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмеңдей беретін деңгейлерге сәйкес болады:Қазақстаңдық құқықтың, соның ішіңде, еңбек құқығың^ің қайнар көздерінің арасыңда ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағыңда ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.

Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.

1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағаңда артықшылық рөлге ие;

2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.

Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішіңде, еңбек құқығыңың қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітті. ҚР Конституциясы адам және азаматтың құқықтарын, бостаңдықтарын және міңдеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, наңымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция әркімнің еңбек ету бостаңдығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке тыйымды және қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын; еңбегі үшін неңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген тәсілдерді пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын мойындады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіңдерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күңдеріне, жыл сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Конституциялық нормалардың мазмұңы еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады.

Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:

■ Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

■ констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;

■ Қазақстан Республикасыңың кодекстері; заңдар; ҚР Президеңтіңщ заң күшіне ие жарлықтары;

■ Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

■ ҚР Парламеңтіңщ нормативтік қаулылары;

■ миңистрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік оргаңдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;

■ мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғарыдеңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.

ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясыңың нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.

Заңң^ің өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасыңың мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі.

Еңбек құқығың^ің маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының заңдары табылады.

ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес зандардын келесі түрлерін атап өтуге болады:

1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясыңда (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 казаңдағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);

2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында осылай танылған және Конституцияда белгіленген тәртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазаңдағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы;

3) жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «ҚР еңбек туралы» заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсаңдағы «ҚР халқын жұмыспен қамту туралы» заңы және т.б.

Сонымен қатар, еңбек құқығың^ің қайнар көздері ретіңде еңбек қатынастары саласыңдағы заңға сәйкес актілер де танылады.

Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл - ҚР Президентіңщ нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің және Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Заңға сәйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады:

1) заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі және шегінен шықпауы тиіс;

2) олар заңдарды орыңдауды ұйымдастыруға бағытталған.

ҚР Конституциясының 62-бабына сәйкес, Парламент Республикаңың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасыныщ заңдары, Парламеттщ қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарыңың қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс.

Заңға сәйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР

Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы» жарлығы.

Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие.ҚР Конституциясының 69-бабына сәйкес Үкімет өз құзыретіңдегі мәселелер бойынша қаулы, ал Премьер-министр - өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында міндетті сипатқа ие.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасыңың «ҚР еңбек туралы» заң^ің^ің орңы ерекше. Бұл акт еңбек құқығың^ің жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.

Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады: Халықты еңбекпен қамту туралы заң.

 

Жеке еңбек шарты.

Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттерi:
жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;
жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнiң) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi;
қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсiп бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзiмi;
4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегi немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайларында жұмыс iстегенi үшiн берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар; 6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;
11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi;
12) тараптардың жауапкершiлiгi көрсетiлуге тиiс.
1-1. Жеке еңбек шартын белгiленген мерзiмге жасасқанда тараптардың осы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн өзара жауапкершiлiгi белгiленуi мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгiзiлуi мүмкiн.
3. Жұмыс берушi қызметкерден осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес. (Z030387 (16-бап 2-тармақ, 4) тармақша; Z050029 (29-бап қараңыз)
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 10-бап. Жеке еңбек шартының мерзiмi1. Жеке еңбек шарты:
1) белгiсiз мерзiмге;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделгендегiден басқа жағдайларда, бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуына байланысты бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе және еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалатын қызметкерлер үшiн көзделген кепiлдiктер мен өтемақылар беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартын белгiлi бiр мерзiмге жасасуға тыйым салынады;
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзiмдiлiгiне немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкердi ауыстыру уақытына бiр жылдан кем белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, шарт белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.
3. Қызметкерге өтемақылар мен кепiлдiктердi беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартының белгiлi бiр мерзiмге жасалған фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 11-бап. Жұмысқа қабылдауға жол берiлетiн жас1. Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол берiледi.
2. Орта бiлiм алған не жалпы бiлiм беретiн оқу орнын тастап кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе қорғаншысының, қамқоршысының келiсiмiмен жеке еңбек шартын жасаса алады.
3. Ата-анасының бiрiнiң (қорғаншысының, қамқоршысының) келiсiмiмен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкiн.
4. Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының) келiсiмi жазбаша нысанда (өтiнiш) берiледi, бұл орайда, ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) кәмелетке толмаған адаммен бiрге жеке еңбек шартына қол қояды.
5. Он сегiз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауiптi (өте қауiптi) жұмыстарға қабылдауға жол берiлмейдi. 12-бап. Жеке еңбек шартын жасасу1. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемiнде екi дана етiлiп жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бiр данасы тараптар қол қойғаннан кейiн қызметкерге берiледi.
2. Жеке еңбек шартында көрсетiлген жұмыстың басталу күнi қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауының басталуы деп есептеледi.
Жеке еңбек шарты болмаған және (немесе) ол жұмыс берушiнiң тарапынан тиiстi түрде ресiмделмеген жағдайларда жеке еңбек шартының күшi жұмысқа нақты жiберiлген кезден басталады.
3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкердi жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға мiндеттi, ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етiледi.
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшiн жұмыс берушi қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттарды, жеке басының куәлiгiн (төлқұжатын), әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiктi, он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы туралы куәлiгiн, бiлiмi немесе кәсiби даярлығы туралы құжатты, және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. 5. Қызметкердiң бiрнеше жұмыс берушiмен жұмыс уақыты ұзақтығының толық болмауы көзделетiн жеке еңбек шартын жасасуға құқығы бар.
6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншiк иесi не меншiк иесi уәкiлдiк берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасасады.
7. Жеке еңбек шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу оны жасасу үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 13-бап. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттарҚызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар: еңбек кiтапшасы (ол бар болған жағдайда), жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзiндiсi немесе ұйымның басшысы (жұмыс берушi) куәландырған (қол қойған) не нотариатта куәландырылған қызметтiк тiзiмi (қызметкердiң жұмыс, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi) болып табылады.
Еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 14-бап. Жұмыс туралы және жалақы мөлшерi
туралы құжаттар беруҚызметкердiң, оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң өтiнiшi бойынша жұмыс берушi оған бес күн мерзiмнен кешiктiрмей оның мамандығы, бiлiктiлiгi, қызметi, жұмыс уақыты мен жалақысының мөлшерi көрсетiлген анықтаманы, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен оның жұмысқа көзқарасы туралы мәлiметтер жазылған мiнездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жұмыс туралы басқа да құжаттарды беруге мiндеттi. 15-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сына1. Жеке еңбек шартын жасасу кезiнде қызметкердiң оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатында тараптардың келiсiмiмен сынақ өткiзiлуi мүмкiн.
2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетiлуге тиiс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледi.
3. Сынақ кезеңiнде қызметкерлерге осы Заңның нормалары, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады.
4. Сынақ мерзiмiн үш айдан асыруға болмайды.
Қызметкер дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi 16-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтың нәтижесi1. Тараптардың бiреуi сынақ мерзiмi бiткенге дейiн жеке еңбек шартын жазбаша түрде бұзуға құқылы, бұл орайда жеке еңбек шарты хабарландырылған кезден бастап бұзылды деп есептеледi.
2. Жұмыс берушi қызметкердi сынақ мерзiмi бiтпей тұрып жоғары қызметке тағайындаған жағдайда қызметкер жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтан өткен болып есептеледi.
3. Егер сынақтың мерзiмi бiтiп, тараптардың ешқайсысы екiншi тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрi қолданылады және оны жалпы негiздерде ғана тоқтатуға жол берiледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 17-бап. Басқа жұмысқа ауыстыру Бiр ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бiрге басқа жерге ауыстыруға, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi. 18-бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыруҚызметкердi сол ұйымдағы басқа жұмыс орнына, сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшеге ауыстырған ретте, жеке еңбек шартында келiсiлген мамандық, бiлiктiлiк немесе қызмет шегiнде басқа механизмдегi немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға, егер бұл жеке еңбек шартының талаптарын өзгертуге әкеп соқпаса, қызметкердiң келiсiмi талап етiлмейдi.



Просмотров 6662

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!