Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Дәріс №018. Өндіріс тиімділігінің статистикасы
{1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері 2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау } &&& $$$002-018-001$3.2.18.1 1. 1. 1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері { Өндіріс нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері экономикалық қызмет нәтижесінің шығын немесе ресурстарға қатынасы түрінде есептеледі. Бұған еңбек өнімділігі , капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.б көрсеткіштер жатады.Экономикалық қызмет нәтижелері, олар, шығару, жалпы қосылған құн , жалпы ішкі өнім , жалпы ұлттық табыс , жалпы пайда. Аталған көрсеткіштерден басқа экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігі көрсеткіштеріне басқа да тиімділік коэффициенттері жатады: Таза қосылған құн К өндірісте тұтынылған құралдарды = -------------------------------------------------------- қолдану тиімділігі аралық тұтыну + негізгі капиталды тұтыну
жалпы пайда+өндірістегі басқа таза салықтар К өндірістегі ақылы еңбекті = ------------------------------------------------------------ қолдану жалдамалы немесе қолданбалы жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы еңбекті пайдалану дәрежесінің тиімділігі Таза пайда К ұлттық экономиканың тиімділігі = -------------------------------------------------------- өндіріс шығындары
ЖІӨ немесе ЖӨ К еңбек өнімділігі = ----------------------------------------------- Т( жұмыс істеушілердің орташа саны)
Жұмыссыздықтың әсерінен болатын өнімнің шығынын статистика былай анықтайды: ∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық = W* Ж мұндағы: Ж – жұмыссыздар саны. ∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық – жұмыссыздықтың әсерінен болатын жалпы қосылған құнның шығыны. W – еңбек өнімділігі.} &&& $$$002-018-001$3.2.18.1 1. 2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау { Еңбек өнімділігін факторлық талдау. Еңбек өнімділігі, өз кезегінде, еңбектің капиталмен және капитал қайтарымымен сипатталатын материалдық техникалық қамсыздандырылуына тәуелді. Бұл 3 көрсеткіштің байланысын формула түрінде көруге болады. W = F*f F- еңбектің капиталмен жарақтануы; f – капитал қайтарымы; а) Еңбек өнімділігін факторлық талдау. ∆ W= W1-W0= F 1f 0-F 0f0 Мұндағы: ∆ W – еңбек өнімділігнің абсолюттік өсімі. F 1f 0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес еңбектің капиталмен жарақтануы. F 0f0 – капитал қайтарымы. Соның ішінде әрбір фактордың әсерін қарастырамыз: а) еңбектің капиталмен жарақтануының өзгеруі есебінен: ∆ WF= ( F 1 – F0) f0 ә) капитал қайтарымының өзгеруі есебінен;
∆ Wf=(f1-f0 )F1 Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы. ∆ W= ∆ WF + ∆ Wf ә) Екі фактордың әсерінен болатын өнімнің абсолюттік өсімін факторлық талдау. ∆ЖҚҚ =ЖҚҚ1 – ЖҚҚ0= ∑W1T1 Мұнда: ∆ЖҚҚ – жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімі. ЖҚҚ1 ЖҚҚ0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалпы қосылғанның құнның сомасы. Енді әрбір фактордың өзгеруін зерттейміз. а) жеке кәсіпорындардың, экономикалық салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі. ∆ЖҚҚW = ∑W1 T1 - ∑W0 T1 ә)жеке кәсіпорындарда, экономикалық салаларда жұмыс істейтіндердің орташа санының өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі: ∆ЖҚҚ = ∑W0 T1 - ∑W0 T0 Жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімдерінің өзар байланысы: ∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚW+∆ЖҚҚ б) Орташа еңбек өнімділігін индекстік талдау. I W = W1/ W 0 Мұндағы: I W - - орташа еңбек өнімділігінің өзгермелі құрамды индексі. W1/ W 0—есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа еңбек өнімділігі. в)Есептелген орташа индекстер, соның ішінде үш факторлардың әсер етуі негізінде ЖҚҚ-ның абсолютті өсімі анықталады. ∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚ 1- ∆ЖҚҚ0 Оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен: а) жеке кәсіпорындардың, салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі. б) жұмысбастылардың санының өзгеруі в) жұмысбастылардың құрылымының өзгерісі г) Жұмысшылар саны мен орташа жалақының өзгеру салдарынан жалақы қорының өсіміне факторлық талдау. ∆ЖҚ = ∑ ЖҚ1 - ∑ ЖҚ0=∑Ж1Т1-∑Ж0Т0 Мұндағы: ∑ ЖҚ1∑ ЖҚ0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалақы қорлары; Ж1,Ж0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа жалақы; Т1Т0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жұмыс істейтіндердің орташа саны, оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен. А) орташа жалақының өзгеруі. ∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0 Б) жұмыс істейтіндер санының өзгеруі. ∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0 Жалақы қорының абсолюттік өсімдерінің өзара байланысы. ∆ЖҚ=∆ЖҚж+∆ЖҚт А, Ә, Б әдістемелеріне сәйкес статистика келесі көрсеткіштерді зерттейді: - орташа жалақының өзгермелі, тұрақты құрамды және құрылымдық өзгеру индекстері. - үш фактор өзгерісі есебінен жалақы қорының өсімі : жеке кәсіпорындарының , салалардың орташа жалақысы , жұмыс істейтіндердің саны және олардың құрылымы. - екі фактордың өзгеруі есебінен жалпы ішкі өнімнің абсолюттік өсімі, халықтың орташа жылдық санын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі.} $$$002-018-100$Дәріс №018.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер { 1.Экономикалық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін атаңыз. 2.Орташа еңбек өнімділігін талдау қалай жүргізіледі? 3.Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштерін айтыңыз. 4.Ұлттық экономика тиімділігі коэффициенті қалай анықталады? 5.Өндірісте тұтынылған қорларды қолдану коэффициенті қалай есептеледі? }
|