Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Оқу үдерісінде пәннің орны



Пән агроинженериялық бағыттағы мына мамандықтар: бойынша бакалавриатурада оқылған базалық, сонымен қатар «Информатика», «Математика», «Математикалық статистика» және «Агроинженерияда модельдеу» пәндерінен алынған білімге сүйенеді. Осы бағыттағы баклаврларды магистратураға қабылдағанда, аталған пәндерде (пререквизиттер) қарастырылған, білімдерді меңгеруге және дағды қалыптастыруға жауапты магистрант деп саналады. Қажетті білімдердің және қалыптасқан дағдылардың болуы, абитуриенттерді магистратураға қабылдау сынақтарында тексеріледі.

ҚазҰАУ іске асырылған, кәсіптік циклдың базалық бөліміне жататын және осы бағыт бойынша магистрлік білім беру бағдарламалардың оқу жоспарларында қарастырылған «Бизнес-шешімдерді модельдеу» пәні - «Агроинженерияда инновациялық технологиялар» пәні үшін, оның негізін құрайтын пән болып есептеледі.

«Бизнес-шешімдерді модельдеу» оқу пәнінің мазмұны, бүтіндей ауыл шаруашылығы өндірісінің, салаларының және агроинженерлік мамандықтарының қызметтік өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып және магистранттарды аграрлық ғылымның жетістіктерін белсенді және мақсаттық бағытта пайдалануға қызықтыра отырып, қолдау көрсету арқылы аграрлық базалық және кәсіптік пәндер аймақтарында алынған кәсіптік білімдерді агробизнестің соңғы мақсатымен жүйелік байлануын қамтамасыздандырады.

Пәннің мақсаты және міндеттері. Пәнді меңгеру нәтижесіне қойылатын талаптар

Білім берудегі магистрлік бағдармаларға сәйкес магистранттардың «Бизнес-шешімдерді модельдеу» оқу пәнін меңгеру барысында келесідей мақсаттарға жету көзделінеді:

1. Зерттелетін үдерістер және құбылыстар туралы қарапайым көзқарас қалыптастыруға қабілеттілікті бекіттіру және дамыту.

1.1. Әрекеттерді зерттеу модельдерін және әдістерін қолдану арқылы жобалау әдістемесін меңгеру, сонымен бірге:

· әрекеттерді зерттеу әдістерін қолдану арқылы аграрлық техникалардың оңтайлы технологиялық параметрлерін жобалауды оқыту.

2. Жүйелік ғылыми парадигманы және келешек ғылыми жақындасуды меңгеру.

2.1. Инженерлік жүйелік қосымшаларды және ауыл шаруашылығы жүйелерін теориялық және сандық модельдеу тәсілдерін оқыту, оның ішінде :

· сызықтық және бүтін сандық программалау есептеріне алып келетін, әрекеттерді зерттеу модельдерін даярлау жөнінде әдіс-тәсілдерді оқып-зерделеу;

· динамикалық программалау, компьютерлік кейіптеу және дөңес программалау (магистранттың таңдауы бойынша) әдістерін қолдану арқылы агроинженерлік зерттеулер және даярлау есептерін құруға және шешуге дағдылану және әдіс-тәсілдерін меңгеру;

· сызықтық және бүтін сандық программалау есептерін шешу үшін программалармен қамтамасыз ету жұмыстарын меңгеру.

3. Іске жауапты қарауды дамыту, агроинженерлік инновацияларды бизнес бағасының өсу тұрғысында бағалауға қабілетті болу және оның бәсекелік жақтарын беріктеу.

4. Жоғарыда аталған магистерлік бағдарламалар оқу жоспарларында қарастырылған, құзреттіліктерді дамыту.

4.1. 1-КҚ құзреттілікті дамыту – сызықтық программалау әдісін қолдана білу, оның ішінде:

· агроқұрлымдардың оңтайлы параметрлерін модельдеу бойынша дағды қалыптастыру;

· сызықтық, сызықтық емес, көліктік типтес және бүтін сандық программалау есептерінің модельдерін даярлау, сонымен қатар аграрлық жүйенің математикалық модельдерінде агроинженерлік және экономикалық заңдар мен заңдылықтарды кешендік өрнектеу әдіс-тәсілдерін меңгеру.

4.2. 2-КҚ құзреттілікті дамыту – ақпараттық технологиялар ортасында агроинженерлік және экономикалық көрсеткіштерді жобалауда және модельдеуде әртүрлі методологиялық амалдарды қолдана білуге дайын болуы, оның ішінде:

· өсімдік және мал шаруашылығының өнімдері өндіру технологияларын модельдеу үдерісін оқытып-үйрету.

4.3. 3-КҚ құзреттілікті дамыту – агроинженерлік жүйені талдауда заманауй әдістерін қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын өзбетінше ұйымдастыра және жүргізе алуға қабілеттілігін, оның ішінде:

· инженерлік жүйені модельдеуде эксперименталдық деректерді және зертханалық зерттеу материалдарын қолдана білуді оқытып - үйрету;

· инженерлікзерттеу және жобалау жұмыстарында модельдеу әдістерін қолдана білуді оқытып-үйрету.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға 4.2 п. келтірілген модульдік бірліктер тізімімен танысу барысында қол жеткізуге болады.

Диагностикалық құралғылармен осы жұмыс бағдарламасында қарастырылған білімдерді ағымдағы бақылау, сонымен қатар аралық аттестация бойыша атқарылған істер ауқымында оқыту мақсататтарына жеткендігі тексеріледі.



Просмотров 668

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!