Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Оқыту әдістері мен классификациясы



Оқыту әдістері

 

Оқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. «Қалай оқыту керек?» дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Әдіс гректің mеtоdоs деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.

Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.

Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.

Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).

Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.

Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б

Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.

Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қас

Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

 

Дәстүрлі оқыту әдісі

Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі, әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.

Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық рөлі.

Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл сынып-сабақ жүйесінің белгілері.

Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес, көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:

1. Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.

2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді, сонымен «білім көшірмелерін қалыптастырады».

Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: жүйелелігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу ұйымдастыру; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпалы. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық; оқушылардың сөз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен қарау, индивиуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қоладанылады.

Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп бандау, әңгімелеп-бекіту. Бірінші – жаңа материалды игеруге оқушыны дйындау, екінші – берілген мазмұнды баяндау, үшіншіи – оқытуды аяқтау бөлімі.

Берілген әдістің тиімдігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады. Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.

Баяндау қысқа (10 минут) эмоционалды түрде болу керек. Баяндаудың тиімділігі басқа да оқыту әдісі – иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғарғы сыныпта) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алған деректер жайында болуы керек.

Әңгіменің дамытушылығы елестету , ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психикалық процесстерді белсенді күйге әкеледі. Оқушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қзығушылығын қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.

Лекция. Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материялының логикалықмазмұндалуы, ақпарат ағымының көптігі, берілген білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.

Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, обьектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материялдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті деңгейде қалыптасқан. Лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Лекция әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.

Лекцияның оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материялдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Лекцияның дамытушылық тиімдігі оқушылардың логикалық ойлау, диалектикалы ойлау тәсілдерін, мұғалім ойының нақты да абстрактілі ойлау ағымынында білу болып табылады.

Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу – өзіндік білім алудың негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай кайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.

Оқулық кітаптар оқу әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық ойлау және т.б..

Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материялдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.

Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелерге әдебиеттер таңдай білуінде.

Берілген біліктердің барлығы оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады.

Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қалыптастырып, дұрыс орындағандығы туралы мағлұмат алады.

Жаңа оқу кітаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнекті модельдерде, классификацияларда, коммуникативті түрде жинақталған материалдарда берілген. Демек, мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.

Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн . Оқушы кітаптағы мәтінді қаншама рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп беру біліктілігін меңгергенін бақылау керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.

Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтары арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендендіреді, білімбі, білікті игертудің диагностикалық танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнән, сапасын анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық құнды болып табылады Егерде бұндай демонстрпция өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді модельдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, обьектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданады.

 

 



Просмотров 21226

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!