Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Дәстүрлі әдістерді математика сабағында қолдану ерекшеліктері



Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады.

«Дәстүрлі оқыту» ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский «ұлы дидактика» еңбегінің негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде қолданылатын сынып-сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі.

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар:

- оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз сақталады;

- сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс;

- оқудың негізгі бірлігі-сабақ;

- сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды;

- сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді;

- оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет;

- оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.

Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика оқытудың мақсаттары былайша құрылған еді:

- білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену;

- ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру;

- әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы;

- адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу;

- ой еңбегіне, сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы адамдарды тәрбиелеу;

Түсіндірме-иллюстрациялық әдістің мәні дайын материалды әртүрлі құралдардың көмегімен беруінде. Мұнда мұғалім белсенді роль атқарады да, оқушының ролі бәсең – оның міндеті зейін қойып тыңдау және жазу.

Дайын информацияны берудің неғұрлым тараған тәсілдері – ьұғалімнің апуызша сөзі (әңгімелесу, әңгімелеу, түсіндіру лекция), баспасөз (оқулық, қосыымша оқу құралдары және т.б.) және көрнекі құралдар (диакинофильмдер, дайын графиктер және т.б.).

Материалды ауызша баяндау тәсілдерінің бірі – әңгімелесу. Ол барлық кластарда қолданылады. Әсіресе, әңгімелесу жаңа материялды баяндауға, оларды баяндандыруға тереңдетуге және жүйелеуге, оқушылардың білімін және үй тапсыпмаларын тексеруге қолайлы. Әңгімелесу барысында, мұғалім алдын ала дайындалған сұрақтар жүйесі бойынша жаңа материялдарды баяндауға қажетті мәселелерді қайталап, кездесетін ұғымдардың қасиеттері мен белгілеріне оқушылардың назарын ұдайы аударып отырады, осылар арқылы оларды белгілі бір заңдылықтарды анықтауға және сол заңдылықтарды тұжырымдауға әкеледі. Сондықтан мұғалім әрдайым әңгімелесудің жоспарын жасап алғаны жөн.

Математиканы оқыту процесінде әңгімелесу арқылы негізінен тарихи мәліметтерді, ғылыми жаңалықтарды, кйде материалдың кіріспесі мен қорытындысынбаяндауға болады. Мәселең әңгіме түрінде санның пайда болуы, сан ұғымының алғашқы дамуы, өлшемдер жайында геометрияның шығуы, математиканың басқа ғылымдармен байланысын, оның қолданымын, отандық немесе шетелдік математиктер жайында айтуға болады. бірақ теореманы бәлелдеуге немесе қорытындыны баяндауға әңгімені пайдаланбайды. Сондықтан әңгімені пайдалану мүмкіндігі шектеулі болгандықтан, мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.Мұғалім материалды шешен тілмен, көркем, қызық әңгімелеуі тиіс,

Математика сабақтарында әңгімелеудің бір түрі – түсіндіру жиі пайдаланылады. Она әсіресе, бір ұғымды немесе сөйлемді дәлелдегенде, негіздегенде қолданылады. Материалды түсіндіргенде пікір, ой қорыту сияқты логикалық амалдар қолданылады. Бұл әдіс теоремаларды дәлелдеуге, есеп шығаруда, ұғымдардың қасиеттері мен белгілерін баяндауда өте тиімді.

Оқыту барысында түсіндіруді әңгімелеумен үйлестіре пайдаланған жөн. Мұнда мұғалім оқушылардың белсенділігі мен ынтасын қостау мақсатымен, олардың өз пікірлерін айтуды, байқаған құбылыстарын түсіндіруді, өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуді талап еткен пайдалы.

Математиканы оқыту барысында лекция қолданылуы мүмкін. Негізінде лекция әдісін теореманы дәлелдеу кезінде жиі пайдаланады. Алайда теореманы дәлелдегенде немесе дәлелдеуді үйреткенде оқушылардың белсенді қатысуы, оқушы мен мұғалім арасында ұдайы байланыс болуы талап етіледі. Лекция кезінде бұл талаптар іске асырылмайды. Осыған орай, мектепте лекция сирек, тар шеңберде, атап айтқанда дәлелденген теореманы қайталағанда, курсың бір тарауын немесе бір бөлігін қорытындылағанда, бұрын мәлім материалға ( мәселен, ІХ класта нақты сандар теореасын енгізгенде, сегіз жылдық көлеміндегі сан туралы мағлұматтарға) шолу жасалғанда пайдаланылады.

Түсіндірме-иллюстрациялық әдісте математикалық әдебиетпен жұмыс істеуді пайдаланудың маңызы зор. Математикалық әдебиеттің тілі, баяндаудың абстрактілі,символиканың жиі кездесуі дәлелдеудің дедуктивті әдісі қолданылуы, оны оқып үйренуі едәуір қиындық туғызады. Сондықтан мұғалімнің әр оқушыны математикалық тексті өздігінен оқып иашықтандыруы тиіс.



Просмотров 5988

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!