Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ық саласы ретіндегі халықаралық ұйымдар құқығының түсінігі



Халықаралық ұйымдар құқығы.

 

ық саласы ретіндегі халықаралық ұйымдар құқығының түсінігі.

Халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің қатарына халықаралық ұйымдар жатады. Бұлар мемлекеттермен қатар халықаралық құқық субъектісі ретінде доктриналдық та, конвенциялық та тәртіпте мойындалады. Халықаралық құқықтық әде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бір-біріне өзара әсерінің неғұрлым күрделі мәселелерді үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттік егемендік пен ұлттық элементтердің арақатынасы арқылы көрінеді. Мемлекеттің егемендігі мәселесі мемлекет пен халықаралық ұйымның осы мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзіретінің бір бөлігін беруімен немесе халықаралық ұйымның белгілі бір функцияларды жүзеге асыру барысындағы құзыреттерінің ара қатынасы тұрғысында анықталады. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынастарының нысаны болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және халықаралық қатынастар қажеттіліктерінен объективті түрде туындайды. Ерекше атап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқықсубъектілігі мүше мемлекеттердің ниет білдіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құзіреттеріне, органдар құрылымына қабылданған шешімдердің заңи нәтижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.

Ұйымның жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық нәтижелердің туындауын қамтамасыз етеді. Мысалға, оны құрған мемлекеттен ерекше жаңа бір халықаралық құқық субъектісі пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың алғашқы субъектілеріне - мемлекеттер мен ұлттар, өз егемндігі үшін күресуші халықтар тән маңызды қасиетке егемендікке емес. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кіре отырып өзінің егемендік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекет пен ұлттық ұйымдардың өза-ра байланыс сипаты мемлекеттік егемендіктің жіктелуіне әкеледі деп айту дұрыс емес. Егемендік - бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-құқық қасиеті, және де ол саяси режим, құзірет, билік механизмі сияқты құқықтық институттарда жүзеге асады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында шектеу тек бір ғана критерий бойынша жүргізіледі, ол- құзіреттілік (Халықаралық даму және қайта құру Банкінде, халықаралық валюталық қорда - бұл экономикалық сұрақтар, БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесінде - бұл бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға байланысты сұрақтар болып келеді)

Халықаралық ұйым - халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық жүйенің объективті қажетті көрінісі. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне әсер ететін және олардың көптеген бағыттарда дамуын белгілей-тін факторлар мен жағдайлар жүйелері бар.

Оларға:

-шаруашылық қызметтің интернационализациясын

-ғылыми-техникалық процессін

-қазіргі кездегі маңызды мәселелердің глобальды сипатын жатқызуға болады

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынасының бірден-бір маңызды құқықтық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғұрлым басым, актуалды сипатқа қазіргі кездегі глобальды мәселелер ие. Сонымен қатар халықаралық ұйымдарегеменді мемлекеттермен қатар халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеуде маңызды роль ойнайтындығы жалпыға мәлім.

19 ғ-ң орта шеніне қарай қоғам дамуының объективті қажеттіліктері тұрақты қызмет ететін халықаралық ұйымдардың - халықаралық әкімшілік одақтардың пайда болуына әкелді. Халықаралық ұйымдардың қазіргі кездегі даму кезеңі біршама заңдылықтарға ие. Оларға: әртүрлі қоғамдық құрылымдары бар мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүруі, колониалдық жүйенің құлауы , шаруашылық, саяси-ғылыми және мәдени өмірдің ин-тернационализациясы және егеменді мемлекеттердің өмір сүруі жатады.

Халықаралық ұйымдардың құрылуының объективті негізі баржәне дүние жүзілік қауымдастықтың нақтылы қажеттіліктері-нентуындайды. Олар халықаралық ұйымдардың құқықтық рет-теудің ортақ әдісі шеңберіндегі халықаралық қарым-қатынастар-ға әсер етудің спецификалық әдісіболып табылады Бұл халықара-лық ұйымдар құқығын халықаралық құқықтың дербес саласы ретінде бөліп қарастыруда маңызды рольге ие болады

Халықаралық ұйымдар құқығының күрделі нормативтік құ-рылымы бар. Жалпы халықаралық құқықтың қағидалары - бейбіт өмір сүру қағидасы, мемлекет егемемендігіне құрмет, мем-лекеттердің теңдігі мен ішкі істеріне араласпау сияқты қағидалар жататын jus cogens қағидалары халықаралық ұйымдар құқығының да қағидалары болып табылады. Мысалға жоғарыда аталып өткен қағидалардың көпшілігі БҰҰ-ң Жарғысының 2-ші бабының маз-мұнын құрайды және де онда нақты бір халықаралық ұйым қыз-метінің қағидалары анықталады. Көп уақыт бойы халықаралық шарт құқығының теориясында екі негізгі бағыт орын алды:

- халықаралық ұйымдар құқығын тек қана БҰҰ-ң құқығына жатқызу - бұл концепцияны жақтаушылардың ойынша - жаңа құқық болып табылады және де жалпы халықаралық құқықтан дербес өмір сүреді дейді.

- халықаралық ұйымдар құқығының түсінігі БҰҰ-ң құқы-ғы ұғымынан әлдеқайда кең; және де бұл құқықты жал-пы халықаралық құқықтан бөліп қарау және оның жалпы халықаралық құқықпен қатар өмір сүру мүмкіншілігінің бар екендігін мойындайды.

Халықаралық ұйымдар құқығы- халықаралық ұйымдардың құрылуы, құқықтық жағдайы және қызметіне қатысты мәселе-лрді реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін қазіргі халықаралық құқықтың саласы болып табылады.

Халықаралық ұйымдар құқығы көбінесе халықаралық құқықтың саласы ретінде танылады. Сонымен қатар бұрынғыдай халықаралық құқық жуйесінің ішкі құрылымына соның ішінде, халықаралық ұйымдар құқығының мұнда алатын орны мәселесі әлі де болса шешілмеген. 19-ң орта шенінде тұрақты қызмет ету-ші халықаралық ұйымдардың пайда болғанына дейін халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып тікелей мемле-кеттер арасындағы қатынастар есептеліп келді. Кейіннен келе, яғни халықаралық ұйымдардың пайда болуымен бірге халықара-лық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қатынастар пайда бола-ды. Оларға:

- мемлекеттердің халықаралық ұйымдар мүшесі ретіндегі өзара қарым-қатынастары;

- мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;

- халықаралық ұйымның оның мүшесі болып табылмайтын басқа да мемлекеттермен қарым-қатынасы жатады;



Просмотров 607

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!