Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты



Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі бола отырып, мемлекеттердің әртүрлі әлеуметтік-эко-номикалық құрылымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кездегі маңызды, глобальді мәселелерді шешеді. Халық-аралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқықсубъек-тілік сипатына ие болуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық, кодмфикациялық бақылау функция-ларын жүзеге асырады. Жоғарыда айтылып өтілген функциялар-дыжүзеге асыруы халықаралық ұйымдардың, халықаралық құқықтық реттеу механизміне әсердің өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық процесске қатысады, халықаралық құқықтық санкцияларды пайдаланады. КОНСЕНСУС-шешімдерді талқылау мен қабылдау процедурасы және де оған мүше мемлекеттердің ойларын үйлестіру дауыс берусіз және қа-былданғалы отырған шешімдерге жалпы формальды қарсылық-тарының болмауы тән.

Ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының нысандары мен әдістері неғұрлым әртүрлілік сипатқа ие болып келеді. Халықара-лық ұйымдар құқық саласының нормативтік базасы ұлғайып ке-леді. Халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып халықара-лық ұйымдар құқықтық нормаларды дүниеге әкелүде. Бұл ұйымның заңшығарушылық қызметінің бірінші түрі болып табы-лады. Екінші түріне квазизаңшығарушылық қызмет жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, бі-рақ заңшығарушылық процеске қатысады. Заңшығарушылық функция қамтамасыз етіледі:

- халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар;

Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың шарттық практикасы нәтижесінде алынған нормалар санының өсу тенденциясы орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің шарттық практикасының маңызының арта түске-нін де еске алып отырады. 12 жыл бойы ( 1970ж -1982ж) халықара-лық құқық Комиссиясы мемлекеттермен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы тура-лы конвенция жоспарын дайындады. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Конвенцияда халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқыққабілеттігін белгілейтін бап бар. Бұл конвен-циялық нормаға сәйкес құқыққабілеттілік осы ұйымның сәйкес ережелерімен реттелінеді.

- халықаралық ұйымдардың заңшығарушылық процеске тікелей қатысуы;

БҰҰ-ң мамандандырылған мекемелерінің Жарғыларының сәйкес баптарына анализ жасаған кезде бұл мамандандырылған мекемелер халықаралықконвенциялар, келісімдер мен регламент-тер жоспарын қабылдауға құқықтары бар екенін анықтаймыз. Осындай заңшығарушылық процестің мақсаты болып – олардың құзіреттеріне тән шекте неғұрлым эффектілі лықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ету табылады. Бұған жетудің екі жолы бар: көпжақты конвенциялар текстін халықаралық ұйымдар ше-гінде және олардың бастауымен қабылдау және халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттердің қабылдануы.

-халықаралық ұйымдардың кодификациялықжәне бақылау функцияларын жүзеге асыруы;

БҰҰ-ң Жарғысының Преамбуласында ұйымның басты мін-деттерінің бірі «шарттар мен басқа халықаралық құқықтың қай-нар көзінен туындайтын міндеттемелерге қатысты әділеттілік пен құрмет жүзеге асатындай жағдай жасауң болып табылады. Дәл осы міндетті жүзеге асыруға халықаралық ұйымның кодифика-циялық және бақылау функциялары бағытталған.

- халықаралық құқықтың санкцияларды қолдануы арқылы;

Соңғы кезде халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын орындауға мәжбүрлеуді қамтамасыз етудегі ролі ар-тып отыр. Бұл халықаралық ұйымдар санкциялары жарғылық құжаттар, шарттар нормаларында, оның органдарының қаулыла-рында кезігуі мүмкін. Санкцияларды қолдану құқықтық мәжбүрлеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етеді. Мысалға, неғұрлым тиімді болып табылатындары:

1. Халықаралық ұйымның жарғылық құжаттарында көзделген

құқықтар мен құзыреттерді тоқтату.

2. БҰҰ-ң мамандандырылған мекемелері органдары қызметі-

не қатысудан , халықаралық ұйымдар қатысуымен өтетін ар-найы сұрақтар бойынша шарттарға қатысушылықтан шығару.

Халықаралық ұйымбұл белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызмет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқықсубъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары негізінде құ-рылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

Халықаралық ұйымның белгілеріне:

-халықаралық жарғылық шарттың болуы;

- белгілі бір мақсаттардың болуы;

-сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб квартирасы;

-мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттері;

-халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құ-рылуы;

-үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады

Классификацияның негіздеріне жатады:

-Мүшелік критерий

а) Үкіметаралық - мұндай ұйымдар мүшесі тек қана мемлекеттер бола алады. Мұндай критерийді қолдану құқықсубъектілікті анықтауда зор мағыналарға ие болады.(ООН, МОТ, ВОЗ, ЮНЕСКО)

б)Үкіметтік емес ұйымдар мүшесі ретінде заңды тұлғалар қоғам-дық ұйымдар бола алады.(Общество Красного Креста и Красного По-лумесяца, Всемирный Совет Мира, Организация Содействия ООН)

-Қызмет уақыты

а) Уақытша - бұларға халықаралық жиналыстар, халықаралық конференциялар жатады.

б) Тұрақты - бұларға қазір қызмет етуші ұйымдар - БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқызуға болады.

-Территориалдық қызметі бойынша:

а) Дүниежүзілік - оларға БҰҰ, ЮНЕСКО, Жастардың халықара-лық Кеңесі және т.т

б) Аумақтық - қызметі белгілі бір аймаққа таралатын ұйым - Араб Елдерінің Лигасы, Африканың бірлік Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, ТМД.

- Қызметінің нысанасына байланысты:

а) Шектелмеген нысаналы қызметі бар ұйымдар - БҰҰ, Араб елдерінің Лигасы

б) Құзыретіне арнайы сұрақтарды шешу кіретін ұйымдар - БҰҰ-ң барлық мамандандырылған мекемелері кіреді.

Жоғарыда аталып өткен негіздер әлі де болса толықтыруды қажет ететіндігін атап өту қажет. Бұл тізімді біздің ойымызша мыналармен толықтыруға болады: Жаңа мүшелерді қабылдау тәртібіне байланысты - ашылуы және жабылуы; қызметінің мақсаты мен қағидаларына байланысты - құқықтың құқыққа қайшы; қызмет ету аясына байланысты - жалпы құзыретті, арнайы құзыретті.



Просмотров 698

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!