Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАМАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР



РЫЛЫСТАҒЫ БАСШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕНТТIК ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУДЫҢ

ДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛАРЫ

МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ ПО ПРОЕКТИРОВАНИЮ ГОРОДСКИХ И

ПОСЕЛКОВЫХ ЭЛЕКТРИЧЕСКИХ СЕТЕЙ

Енгізілген күні — 01.03.2003 ж.


Осы Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республи­касы энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі жүйесінде қалалық және кенттік электр тораптарын жобалау кезіндегі жобалау құжаттамасының көлемі мен құрамын белгілейді.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Осы Әдістемелік нұсқаулар талаптары қала­дағы (аудандар мен ықшамаудандардағы) және кент­тердегі тораптар мен объектілердің ведомостволық тиістілігіне қарамай жекелеген объектілерге баратын тораптарды қоса алғанда жаңадан жобаланатын жә­не қазіргі бар, бірақ қайта құрылымданатын электр тораптары үшін орындалуы тиіс.

Әдістемелік нұсқаулар талаптары ғимараттар мен имараттардың ішкі электр тораптарына қолда­нылмайды.

1.2. Қала аумағындағы электр тораптары техно­ло­гия­лық жағынан 110 (35) кВ және одан жоғары кер-­ неулі электрмен жабдықтау тораптары және 0.38—10 кВ кернеулі тарату тораптары болып бөлінеді.

1.3. Тораптарды дамытудың әртүрлі қаржы көз­дерінің болуы, олардың ведомостваларға тиістілігі қалалар мен кенттерді электрмен жабдықтау жүйе­сіндегі бұл екі бөлімнің, қағида бойынша, жекелей дамуына әкеледі.

1.4. Қалалардағы 35 кВ және одан жоғары электр тораптарын және 0,38—10 кВ тораптарды жо­балау мен оларды салу кешенді түрде болуы керек, яғни қаладағы және оған іргелес аудандардағы бар­лық тұтынушыларды жалпы дамыту принциптерімен үй­лескен және келісілген болып орындалуы керек, әрі ең үлкен үнемділікті, электрмен жабдықтауда керекті дәрежедегі сенімділікті және электр энергиясының белгіленген сапа мөлшерін қамтамасыз етуі керек.

1.5. ЭҚЕ (1.2.11.) талаптарына сәйкес – бар­лық тұтынушылар үшін олардың ведомстволық тиіс­ті­лігіне қарамастан электр тораптары қамтитын ау­мақ­та кешенді орталықтандырылған электрмен жаб­дық­тауды қамтамасыз ету, ал жүктемесі 4—7 МВт, одан жоғары тұтынушылар үшін 35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптары деңгейінде шешілуі керек.

1.6.Қалалық электр тораптары кешеніне мына электр тораптары имараттары жатады:

10 (6) кВ желісі, қоректендіру орталығынан (ҚО) тұтынушылар кешеніне қуат беруге пайдаланыла­тын;

тарату орны (ТО) мен трансформаторлық қо­салқы станциясының (ТҚС) желілер коммутация-лана­тын тарату құрылғысы, сонымен бірге төменгі кернеу­лі тұтынушылардың жүктемесін жабуды қамта-масыз ететін жоғары кернеулі 10 (6) кВ транс-форматорлық қуат;

Ресми басылым
қаладағы (кенттегі) қоныстық аймақтағы 0,38 кВ жалпы абоненттік тораптар. Үй ішіндегі және алаң ішіндегі 0,38 кВ (және басқа төменгі кернеулі) торап­тар қалалық кешенді электр тораптарына жатқызыл­мауы керек. Қаланың өнеркәсіп аймақты аумағында 0,38 кВ тораптар, қағида бойынша, қалалық электр тораптарына жатқызылмайды.

1.7. Қалалық және кенттік электр тораптарының жобалары осы әдістемелік нұсқаулардың, электр қон­дырғыларын құру ережелерінің (ЭҚҚЕ), тиісті құры­лыс нормалары және ережелерінің (ҚНжЕ және ҚН) және басқа нормативтік құжаттардың талаптары­на сәйкес жасалынуы тиіс.

 

2. ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАМАСЫНЫҢ

КӨЛЕМI МЕН ҚҰРАМЫ

2.1.Қалалық электр тораптарын жобалау, қағида бойынша, бір сатыда — жұмыс жобасы болып орын­далуы тиіс.

2.2. Қалалық электр тораптарын дамытудың бір­саты­лық жобалауына «Қаладағы (кенттегі) 0,38—10 кВ тораптарды дамытудың техникалық—экономикалық есептеулері» деген бұрынғы атқарылған жоба алдын-дағы жұмыс негізделуі тиіс. Аталған жұмыс өз құра-мы, көлемі және қызметі жағынан “Қаладағы (кент-тегі) 0,38–10 тораптарды дамыту сұлбасымен” сәйкес.

2.3. ТЭЕ—де (тораптарды дамыту сұлбасы, жұ­мыс жобасы) мыналар қарастырылады:

қазіргі электрмен жабдықтау жүйесі;

қоректендіру орталығына (ҚО) аудандастырыл­ған активті және реактивті электр жүктемелері және оларды жабу көздері;

қалалар мен кенттердің аудандарын электрмен жабдықтау тораптарының сұлбасын таңдау, (ҚО)-ның санын, қуатын, кернеуін және тұратын орнын анықтау, керек болғанда (ТО)—ның да;

кернеуі 10 (6) кВ тораптар сұлбасының, ал керек болған жағдайда 0,38 кВ кернеулі тораптардың да параметрі мен пішіндемесін таңдау;

реактивті қуатты қарымталау;

бейтараптамалар жұмыс режимі және тораптағы сыйымдылық тогын қарымталау;

қысқа тұйықталу тогы;

электр энергиясын есепке алу;

релелік қорғаныс және тораптар автоматикасы;

найзағайдан қорғаныс және торапты жерлен­діру;

тораптарды диспетчерлендіру және телемеха­никаландыру;

тораптарды пайдалануды ұйымдастыру;

тораптардың негізгі және меншікті техникалық—экономикалық көрсеткіштерінің мәліметі (паспорты);

негізгі жабдықтар мен материалдардың тізімде­месі;

қоршаған табиғи ортаны қорғау;

құрылысты ұйымдастыру;

құрылыс бағасын есептеу.

2.4. Кескіндемелік материалдар көлемі мынаны құрайды:

жүктемелері тораптар бөлшектерінде көрсетіл­ген қала (кент) жоспарындағы110—35 кВ және одан жоғары кернеулі тораптардың электрлік жалғау сұл­басы мен пішіндемесі;

жүктемелері тораптар бөлшектерінде көрсетіл­ген қала мен кент жоспарындағы 10 (6) кВ кер­­неу­лі (керек болғанда, 0,38 кВ кернеулі тораптардың да) электрлік жалғау сұлбасы мен пішіндемесі.

2.5. Қалалардың динамикалық дамуы азамат­тық—өнеркәсіптік құрылыстағы күнделікті және келе­шек­тегі жоспарларға түзету енгізуді талап етеді, бұл ТЭЕ (сұлбасы) әзірлемесінде қарастырылған қала электр тораптарын дамытудың бастапқы ереже­лері­не өзгеріс әкеледі. Осыған байланысты қазіргі ТЭЕ—ге тұрақты түрде түзету енгізу немесе жаңадан құ­растыру керек. ТЭЕ жаңадан құрастыру немесе қа­зіргісіне түзету енгізу жобалау ұйымы мен ТЭЕ—ді бекітетін инстанцияның өзара келісімімен болуы керек.

2.6. Қалалық 0,38—10 кВ электр тораптарын да­мы­тудың әзірленген және бекітілген сұлбасының не­месе ТЭЕ негізінде құрылыс мерзімі екі жылдан аспайтын жекелеген немесе кешенді электр торап­тары имараттарының жұмыс жобасы әзірлене­ді. Бұл кезде осы құрылысты негіздеуге жеке техникалық—экономикалық есептеу талап етілмейді.

2.7. Ерекше жағдайларда (0,38—10 кВ қалалық электр тораптарын дамытудың ТЭЕ—нің бұрын бекі­тілген бастапқы ережелерінің өзгеруі) басжобалаушы және энергиямен жабдықтау ұйымы бөлімшелері­нің келісімімен нақты электр тораптары объекті­лері­нің (олардың кешендері) құрылысын негіздеу үшін әзір­ленген техникалық—экономикалық есептеу қолда­нылуы мүмкін.

2.8. Жобалауға дайындық кезінде бастапқы де­рек­терді жинамай тұрып қалалық электр тораптары­ның табиғи көлемін алдын ала бағалау үшін «0,38—10 кВ қалалық электр тораптарының сұлбасын дамыту­ға әзірлеудің әдістемелік нұсқауларында» келтірілген көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады (1—қосымша, 1.1—1.8-кестелер). Бұл аталған әдістеме қалалық (кент­тік) 1000 тұрғынға шаққандағы, меншікті көрсет­кіштер жүйесін қамтиды.

 

 

ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАМАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР

3.1. Қалалық электр тораптарының сұлбасын (ТЭЕ, жұмыс жобасы) әзірлеуге арналған бастапқы деректер мына материалдар:

3.1.1. Әзірлеуге белгіленген тәртіппен берілген, келісілген және бекітілген тапсырма;

3.1.2. Қаланы (қала типті кентті) дамытудың бас жоспары, қазіргі және алдағыны есептеу кезеңіндегі тұрмыстық—азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстар­ды орналастырудың нақты жоспарлау жобасы, бұл құжаттарды пайдалану шарты, есептеу кезеңіне бай­ланыстырылған қажетті түзетулер мен қосымша талап­тар;

3.1.3. Есептеу кезеңіндегі қаланы дамытудың не­гізгі көрсеткіштері туралы анықтама (халық саны, тұрғын үй қорының шамасы, олардың қоныстық ай­мақта таралуы, қаланы инженерлік қамтамасыз етуді дамыту жүйесінің негізгі көрсеткіштері, өндірістік қуа­ты мен дислокациясы көрсетілген электр энер­гиясын тұтынушылардың барлық санаттарының құрылысын жасау және шоғырлануын кеңейту көзделген тізбесі);

3.1.4.Өткен бірнеше жыл ішіндегі бүкіл қала (кент) бойынша электр энергиясын босату және жеке­леген тұтынушылардың есеп беру жүктемелері, олар­­­дың санаттары туралы энергия өткізу бөлім­ше­сінің жүйеленген материалдары.

3.1.5. Қаладағы (кенттегі) электр энергиясының жаңа тұтынушылары мен қазіргілерін дамыту туралы материалдар (сауалнама—өтінім және жаңа қуат қо­су­дың техникалық шарттары, құрылысы жүріп жатқан және қайта құрылымдағы объектілердің сыртқы электр жабдықтау сұлбасының жобалау құжаттары);

3.1.6. Қаладағы 10 (6) кВ қазіргі бар, салынып жатқан және жоспардағы тораптар туралы деректер (жоспар—сұлбалар және коммутациялық сұлбалары, барлық имараттардың параметрі, торап жұмысының өзіне тән нүктелерінде жүктемелерді өлшеу, бөл-шектеу және жою т.б. көзделінген имараттар туралы материалдар).

3.2. Жобалаудың негізі ретінде келісілген қала­ның бас жоспарында (немесе басқа жоспарланған материалда), мыналар орындалуы керек: құрылыс қабаттылығына байланысты, тұрмыстық тамақ дай­ындау үшін қабылданған энергия тасымалдаушылар, ыстық сумен жабдықтау, жылыту, электр аспап­тары­мен жарақтандыру бойынша қоныстық аймақты ау­дан­дастыру; қалалық маңызы бар қоғамдық ғима­раттардың, өнеркәсіптік және тағы басқа объектілер (қазіргі және жаңа) экспликациясының болуы; тұрғын құрылыстың жобалау көлемін олардың әрбіреуіндегі тұрғын үйдің пайдалану көлемін көрсетіп, нақты алаңға байланыстыру.

3.3. Қазіргі электр тораптарының жоспар сұлба­сында салынатын электр тораптары имараттары, жоспарланғандары және салынуы жорамалданған­дары түсірілуі керек.

3.4. Егерде, тапсырыс беруші сұлбаны әзірлеу үшін (ТЭЕ) бастапқы деректерді беруге мүмкіндігі жоқ болса, онда жобалау ұйымына осы материалдарды жинау, жүйелеу және талдау жұмыстары үшін қосым­ша еңбекақы төлеп, тапсырма беруіне болады.

3.5. Техникалық тексерудің материалдары белгі­ленген тәртіп бойынша ресімделеді және жобалау ұйымының мұрағатында сақталады.

 

 



Просмотров 2234

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!