![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
КЕРНЕУІ 0,4—10 (6) кВ ТОРАПТАРДЫҢ СҰЛБАЛАРЫ
9.1.Қалалық 10 (6) кВ тораптардың келешек сұлбалары мен үйлесімділігін жасау үшін барлық коммуналдық—тұрмыстық және өнеркәсіптік кешендердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауды бірлескен тиімді қамтамасыз ету керек. Техникалық-экономикалық негіздеуге сәйкес жекелеген ірі тұтынушыларды дербес электрмен жабдықтау үшін 10 (6) кВ тораптарды салуға рұқсат етіледі. 9.2. Қазіргі істеп тұрған электр тораптарын есепке ала отырып сұлбаларды жасағанда, одан арғы пайдалану кезінде болдырмау үшін қалыптасқан тораптардағы кемшіліктерді зерделеу қажет. 9.3. Қалалық электр тораптарының құрылым принципі қаланың қарастырылған ауданындағы электртұтынушылардың негізгі көлеміне қарай таңдап алынады. Жекелеген жоғары санатты тұтынушыларға (бар болғанда) талап етілген электрмен жабдықтау сенімділігін жасау үшін қабылданған құрылым тәсілі қажетті шаралармен толықтырылады. Көрсетілген шаралар жергілікті жағдайға байланысты анықталады. 9.4. Тарату тораптарындағы сұлбаларды таңдаған кезде, ҚО—ның бөліктік немесе қосарлы реактор арқылы байланысқан кернеуі 10 (6) кВ жинақтаушы шиналары немесе олардың бөліктері қалыпты және апаттық режим кезінде осы көрсетілген торап арқылы параллель қосылып кетпеуін ескеру қажет. 9.5. Желілер мен трансформаторлардың өткізгіштік қабілеті тарату тораптарының қабылданған құрылым тәсіліне, олардың жұмыстарының есептік режиміне жабдықтар мен кабельдердің апаттан кейінгі режимдегі рұқсат етілген асқын жүктемемен жұмыс істеуін есепке ала анықталады. 9.6. Сұлбаларды жасаған кезде айырғыштарда немесе жүктемені ажыратқыштарда (ТҚС—ның 10 (6) кВ тарату құрылғысында) орындалатын, көптеген күрделі коммутациялық түйіні бар көп еселенген жалғанымды тораптарға рұқсат етпеген жөн. Мұндай тораптар автоматтандыруға келмейді, апаттың және жарақаттанудың өсуіне әкеледі. 9.7. Қалалардағы 0,38 кВ төменгі кернеулі тораптар құрылымы артықшылығы бар мынандай екі сұлбадан тұратын болуы қажет: радиальді (қағида бойынша, бір және көпқабатты құрылыс аудандарындағы әуе тораптары); ілмекті (қағида бойынша, 4—5 және одан жоғары қабатты құрылыс аудандарындағы кабель тораптары). 9.8. Бірінші санатты электрқабылдағыштары бар тұтынушылардың саны көп қала аудандарында 10 (6) кВ кернеуге екіжақтан қоректенетін екі трансформаторлы ТО жоқ ТҚС сұлбасын қабылдау керек. Қалалық электр тораптарын дамыту және қайтақұрылымдау кезінде, егер екі жақтан қоректенетін екісәулелі сұлбамен салыстырғанда үнемдірек болса үшсәулелі (көпсәулелі) сұлбаларды қолдану орын алуы керек. 9.9. Жекелеген учаскелерде бірінші санатты электрқабылдағыштары бар тұтынушылар саны көп қала аудандарында,10 (6) кВ кернеуге бірінші санатты электрқабылдағыштары бар тұтынушылар саны көп учаскелерде екісәулелі екі трансформаторлы ТҚС орындау арқылы, қиыстырылған ілмекті—екісәулелі сұлбаны қабылдау керек. 9.10. Бірінші санатты электрқабылдағыштары бар жекелеген тұтынушыларды бір трансформаторлы ТҚС—лы ілмекті сұлба арқылы электрмен жабдықтау үшін 0,4 кВ кернеуге келесі сұлбаның бірін қабылдау ұсынылады: 9.10.1.ілмекті сұлба немесе екісәулелі сұлба екі жақтан әртүрлі біртрансформаторлық ТҚС—нан қоректенетін, 10 кВ бір желінің әртүрлі жартылай ілмегіне немесе 10 кВ әртүрлі магистральға қосылған, бірінші санатты электрқабылдағыштар үшін тікелей РАҚ (резервті автоматтық қосу) бар; 9.10.2. ілмекті сұлба немесе екі сәулелі сұлба екі трансформатор орнатылған ТҚС—ның біреуінің әртүрлі секциясынан бір жақтан қоректенетін және кабель желілерінің тұтынушылардың РАҚ—дан жартылай ілмекті бөлінуі іске асырылатын. 9.11. Негізінен, электрқабылдағыштары тек екінші және үшінші санатты тұтынушылары бар қала аудандарын электрмен жабдықтау үшін, 10 кВ кернеуге ТО бар немесе ТО жоқ біртрансформаторлық ТҚС—лы ілмекті сұлбаны қабылдаған жөн. 9.11.1. ТО бар сұлбаны қолдануды ҚО ара қашықтығы елеулі және электр қондырғыларының сенімділік деңгейі төмен болғанда, егер ілмекті сұлбамен орындалған, ТО жоқ сұлба 10 (6) кВ тарату тораптарында жеткілікті жоғары сенімділік деңгейін қамтамасыз етпегенде қабылдау керек. ТО бар тарату тораптарын салудың пайдалылығы техникалық-экономикалық есептеуге негізделінуі керек. 9.11.2. Екінші және үшінші санатты электрқабылдағыштары бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін 10 (6) кВ кернеуге бір трансформаторлы ТҚС бар ілмекті сұлбаны қолданған жағдайда, егер күштік және жарықтық жүктемелерін бөлек қоректендіру талап етілмесе 0,4 кВ тораптар ілмекті сұлба бойынша, ал егер ғимараттардың күштік және жарықтық жүктемелерін бөлек қоректендіру талап етілсе, онда екісәулелі сұлбамен бір жақтан қоректендіру арқылы орындалады. 9.11.3. Электр тақталары бар тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, биіктігі 9 және одан көбірек қабатты ғимараттарды, сонымен бірге 7.2.7-т. көрсетілмеген ықшамаудандардағы орталық жылу орындарын (ОЖО) қоректендіру үшін ілмекті немесе екі сәулелі сұлбалы желілердің әртүрлі ТҚС—на қосылуын орындаған жөн. Қалған жағдайларда желілердің әртүрлі ТҚС қосылуы, егер бұл тораптардың экономикалық көрсеткіштерін 5% көбірек төмендетуге әкелмейтін болса ғана ұсынылады. 9.12. Өнеркәсіптік тұтынушылар және байланыс кәсіпорындарын электрмен жабдықтау сенімділігінің талаптары ЭҚҚЕ—не, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтауды жобалаудың Нұсқауына және салалық ҚнжЕ және ҚН (ВҚН)—на сәйкес анықталады.
ТОРАПТАРДЫ ЕСЕПТЕУ.
![]() |