Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Оғамдық ғимараттардың жүктемелері



4.33. Қоғамдық ғимараттардағы жұмыстық жа­рықтандырудың қоректендіру желілері мен кірме­лері­нің жүктемесін есептеу үшін сұраныс коэффи­циентін 2—қосымша, 2.5—кестеден қабылдау керек.

4.34. Ғимараттарды көшіру және апаттық жарық­тандыру, витринаны жарықтандыру және жарнама­лық жарықтандырудың топталған тораптарын есеп­теу үшін сұраныс коэффициентін 1—ге тең деп қабыл­дау керек.

4.35. Залдардағы, клубтардағы және мәдениет сарайларындағы қойылым жарықтандыруын қорек­тендіретін желілердегі электрлік жүктемелерді есеп­теу үшін сұраныс коэффициентін эстраданы реттел­мелі жарықтандыру үшін 0,35—ке, реттелмейтін үшін 0,2—ге тең деп қабылдау керек.

4.36. Розеткаларды қоректендіретін желілердің есептік электрлік жүктемесін (Ре.р.) мына формула­мен анықтау керек, кВт:

 

Ре.р.= Кс.р. х Рб.р. х п

 

мұнда: Кс.р. – есептік сұраныс коэффициенті, 2—қосымша, 2.6—кестеден қабылданады.

Рб.р. – розетканың белгіленген қуаты, 0,06 кВт деп қабылданады (соның ішінде оргтехниканы қосу үшін);

п – розеткалар саны.

4.37. Жалпы жарықтандыру мен розетка торап­тарын аралас қоректендірген кездегі есептік жүкте­мені (Ре.ар.), мына формуламен анықтау керек, кВт:

 

Ре. ар.= Ре.ж+Ре.р

 

мұнда: Ре.ж. – жалпы жарықтандыру желілері­нің есептік жүктемесі, кВт;

Ре.р. – розетка тораптарының есептік жүкте­ме­сі, кВт.

4.38. Күштік қоректендіру желілері мен кірме­лердегі есептік жүктемені (Ре.к.), мына формуламен анықтаған жөн, кВт: (сонымен бірге 4.40, 4.41, 4.7—т. қараңыз).

Ре.к.= Кс.к. х Рб.к.

 

мұнда: Кс.к. – есептік сұраныс коэффициенті;

Рб.к. – электрқабылдағыштардың белгіленген қуаты (өртке қарсы құрылғылар мен резервтегіден басқасы), кВт.

4.39. Қоғамдық ғимараттардағы күштік электрлік тораптары қоректендіру және тарату желілерінің кір­мелер жүктемелерін есептеу үшін сұраныс коэффи­циентін 2—қосымша, 2.6, 2.7—кестеден анықтау керек.

4.40. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны мен азық—түлік блогындағы технологиялық жабдықтар мен ыдыс жуатын машиналардың есептік жүктемесін (Ре.к.) мына формуламен анықтау керек, кВт:

 

Ре.к.= Ре.п.м. + 0,65Ре.т. > Ре.т.,

 

мұнда: Ре.п.м. – ыдыс жуатын машиналардың есептік жүктемесі, 2—қосымша, 2.8—кестеден қабыл­данатын сұраныс коэффициентімен анықталады.

Ре.т. – технологиялық жабдықтың есептік жүк­те­­месі, 2—қосымша, 2.9—кестеден қабылданатын сұ­ра­ныс коэффициентімен анықталады.

4.41. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның кір­месіндегі қоректендіру және жарықтандыру желілері­нің қосынды есептік жүктемесін (Ре.қ.) мына форму­ламен анықтау керек, кВт:

 

Ре.қ.= Ре.т. + 0,6 Ре.с.т.,

 

мұнда: Ре.с.т. – сантехникалық жабдықтар мен тоңазытқыш машиналардың есептік жүктемесі, 2—қо­сымша, 2.4—кесте, 1—ұстаным және 2.9—кестеге 2—ес­керту арқылы қабылданған сұраныс коэффи­циен­ті­мен анықталады.

Мекемелерде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қызмет көрсетуге арналған кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердегі, сондай—ақ оқу орындарындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, күштік кірмелеріндегі есептік жүктемені жоғарыда келтіріл­ген формулаға 0,7 коэффициентін қолданып анықта­у керек.

4.42.Өткізгіштердің қималары мен қорғаныс аппараттарының тағайыншамаларын есептеу үшін жинағыш механизмдер электрқабылдағыштарының тарату желілерінің жүктемесін, қағида бойынша, 380/220 В кернеу үшін 9 кВт—қа тең деп және кернеуі 220 В үшін 4 кВт деп қабылдау керек. Бұл жағдайда, қорғаныс түйіспелі үшфазалық розеткаға қосылатын бір жинағыш механизмнің белгіленген қуатын 4,5 кВт—қа тең деп, бірфазалықты — 2 кВт деп қабылдау керек.

4.43. Өртке қарсы құрылғылар, резервтік электр­қозғалтқыштар мен жинағыш механизмдердің электр қабылдағыштарының қуатын 4.29-т. ұсынысы ауқы­мында есептеу керек.

4.44. Лифтілердің, көтергіштердің және тасы­малдағыштардың тарату және қоректендіру желілері­нің есептік жүктемесін 4.27-т. сәйкес анықтау керек.

4.45. Ғимарат тораптарының барлық элемент­теріндегі мәжіліс және конференц залдарының есеп­тік жүктемесін ішіндегі ең үлкен жүктемесі — зал мен төралқа орнын жарықтандыру, кинотехнология неме­се эстраданы жарықтандыру бойынша анықтау керек.

4.46. Мәжіліс және конференц залдарының кино­технологиялық жабдықтарының есептік жүктемесіне кинопроекциялық аппараттың ең үлкен біреуінің қуа­тын түзеткіш қондырғысымен қоса және жұмыс үстін­дегі дыбыс күшейткіш аппараттың қуатын сұраныс коэффициентін 1—ге тең деп қосу керек. Егер, кино­проекциялық бөлмеде экран форматы бірнешеу үшін аппаратура орнатылса, онда есептік жүктемеге ең үлкен қуатты аппаратура қосылу керек.

4.47. Бір кешенге жататын, бірақ қызмет аясы әртүрлі міндеттегі тұтынушылар үшін (мысалы, оқу бөлмелері мен шеберханалары, КТУ, арнаулы оқу орындары мен мектептер, шаштараздар, ателье, жөндеу шеберханалары, қоғамдық бөлмелер мен есептеуіш орталықтарының және т.б.), қоғамдық ғи­мараттардың (бөлмелердің) күштік кірмелеріндегі есептік жүктемені олардың жүктеме максимум­дары­ның үйлеспеуі коэффициентін 0,85—ке тең деп қа­был­дау керек. Бұл жағдайда қосынды есептік жүк­теме ең үлкен тұтынушылар тобының есептік жүк­темесінен кем болмауы керек.

4.48. Күштік және жарықтандыру электрқабыл­дағыштарын бірге қоректендіру кезінде жұмыс және апаттық режимдегі қоректендіру желілері мен кірме­лердегі есептік жүктемені (Ре.) мына формуламен анықтау керек, кВт:

 

Ре.= К(Ре.ж. + Ре.к. + К1хРе.т.ж)

 

мұнда: К – күштік электрқабылдағыштардың, тоңазытқыш жабдық пен жарықтандыруды қосқан­да, жүктемелерінің есептік максимумының үйлеспеуін ескеретін коэффициент, 2—қосымша, 2.10—кестеден қабылданады.

Ре.ж. – жарықтандыру есептік жүктемесі, кВт

Ре.к – күштік электрқабылдағыштардың есептік жүктемесі, ауабаптағыш жүйенің тоңазытқыш маши­на­­ларын қоспағанда, кВт.

Ре.т.ж. – ауабаптағыш жүйенің тоңазытқыш жаб­дық­тарының есептік жүктемесі, кВт.

4.49. Кәсіптік—техникалық училищелердің, орта оқу орындарының және мектеп—интернаттардың жа­тақханаларының есептік электрлік жүктемесі 4.21—4.31.т.т. талаптарына сәйкес, ал оның оқу кешенінің есептік жүктемесіне қатыстылығын 0,2—ге тең коэф­фициентпен анықтау керек.

4.50. Қоғамдық ғимараттардың күштік торапта­рын есептеу үшін қуат коэффициентін мынандай деп қабылдау ұсынылады:

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны:

толық электрлендірілген …………………… — 0,98

жарым—жартылай электрлендірілген

(газтәріз­дес және қатты отынды

тақталармен) ………………………………… — 0,95

Азық—түліктік блогы бар балалар бақшасы .. — 0,98

Азық—түлік және өнеркәсіп тауарлары

дүкендері ………………………………………….... — 0,85

Азық—түліктік блогы бар жалпы

білім беретін мектеп ……………………........…… — 0,95

азық—түліктік блоксыз жалпы

білім беретін мектеп ……........………………........ — 0,9

Өзіне—өзі қызмет көрсететін кір жуатын орны бар химиялық тазалау фабрикасы ............................. — 0,7

Кәсіптік—техникалық училищелердің оқу

корпусы ................................................................. — 0,9

Металлөңдеу және ағаш өңдеуге арналған

оқу—өндірістік шеберханалары ............................. — 0,6

Мейрамханасыз қонақ үй ............................ — 0,85

Мейрамханалы қонақ үй ............................... — 0,9

Басқару ғимараттары мен мекемелері,

қаржы­лан­дыру, несие беру және мемлекеттік

сақтандыру, жобалау және конструкторлық

ұйымдар ................................................................— 0,85

Тұрмыстық қызмет көрсету ательесі ......... — 0,85

Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын­дарының тоңазытқыш жабдықтары, сорғылыр, жел­деткіштер мен ауабаптағыштар электрқозғалтқыш­тарының қуаты мынандай болғанда:

1 кВт—қа дейін ..............................................— 0,65

1 ден 4кВт—қа дейін ..................................... — 0,75

4 кВт—тан жоғары ......................................... — 0,85

Лифтілер мен басқа көтергіш жабдықтар... — 0,65

Есептеуіш машиналар (технологиялық

ауабап­та­ғышы жоқ) ............................................. — 0,65

Люминесценттік шамдарымен .................... — 0,92

Шоқтану шамдарымен ................................. — 1,0

Разрядтық шамдар (ДРЛ, ДРИ) қарымта­-

ланған іске қосу—реттеу аппаратымен (IҚРА) ... — 0,85

Сол тәрізді, қарымталанбаған (IҚРА).....— 0,3—0,5

Газбен жарықтандыру жарнама

қондырғысы................................................... — 0,35—0,4

Ескертулер:

1. Қоғамдық ғимараттарда, қуат коэффициенті 0,5 бо­латын, қуаты 30 Вт—қа дейінгі біршамды шамдалдардан басқа, қарымталанған IҚРА—мен люминесценттік шамдары бар шамдалдарды қолдану рұқсат етілмейді.

2. Желімен разрядты шамдар мен шоқтану шамдарын бірге қоректендірген кезде қуат коэффициенті қосынды ак­тивті және қосынды реактивті жүктемелерін есепке ала анықталады.

4.51. Әртүрлі міндеттегі тұтынушыларды аралас қоректендірген кезде (тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар немесе бөлмелер) қоректендіру желісінің (трансформаторлық қосалқы станцияның) есептік жүктемесі мына формуламен анықталады, кВт:

 

Ре= Рғ. макс.+ К1Рғ.1 + К2Рғ.2 + …+ КnРғ.n

 

мұнда: Рғ.макс. – желіден қоректенетін (транс­форматорлық қосалқы станциядан), ғимараттың ең үлкен жүктемесі, кВт;

Рғ.1...Рғ.n – желіден қоректенетін (трансфор­ма­торлық қосалқы станциядан), барлық ғимараттардың есептік жүктемесі, ең үлкен жүктемесі Рғ.макс. бар ғимараттан басқалары;

К1...Кn – қоғамдық ғимараттардың (бөлмелер­дің) және тұрғын үйлердің (пәтерлер мен күштік электрқабылдағыштардың) электрлік жүктемелерінің 2—қосымша, 2.11—кестеден қабылданатын ең үлкен есептік жүктемедегі (Рғ.макс.) үлесін ескеретін коэф­фициент.

4.52. Қоғамдық ғимараттардың электрлік жүкте­мелерін шамамен есептеу үшін 2—қосымша, 2.11—кестеде келтірілген ірілендірілген электрлік жүктеме­лер арқылы орындау рұқсат етіледі.

5. КЕРНЕУ МЕН ТОРАПТЫҢ



Просмотров 1530

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!