![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы
Әр түрлі саладағы дәрігерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлердің жұмысында өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ олардың бәрі де өздері жұмыс істеп жатқан өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсеріне, сондай-ақ жұмыс үрдісінің сипатымен байланысты кәсіби зияндылықтардың әсеріне ұшырайды. Дәрігер-хирургтар мен акушер-гинекологтардың еңбегі ауыр және қауыртты болып табылады. Ол ақыл-ойына түсетін, сенсорлық, эмоционалдық жүктемелер, түнгі ауысымда жұмыс істеу, жұмыс кезінде дененің мәжбүрлі қалыпта болуы, дененің еңкеюі, статикалық және жергілікті динамикалық жүктемелер сияқты еңбек үрдісінің әр түрлі факторларының тұрақты әсер етуімен жүреді. Хирургтар мен акушер-гинекологтардан тез және дұрыс диагноз қоя білуін, аурудың өте көп белгілерінің ішінен қажетті ақпаратты алу және оны бағалауды, уақыт тапшылығы жағдайында пайда болған жағдайға дұрыс шешім қабылдай алуын, операцияны, босандыруды жоғары дәрежеде жүргізуін, операция кезінде немесе босандыру кезінде пайда болуы мүмкін асқынуларға дайын болуын талап етеді. Олар науқастың өмірі үшін жауапты, ал акушер-гинекологтар және нәрестенің де өміріне жауапты. Мұның бәрі хирургия саласындағы дәрігерлерінің еңбегіне тән жоғары жүйкелік-эмоционалдық зорығлуарды көрсетеді. Операциялардың көпшілігін хирургтар түрегеп тұрған жағдайында, денесі еңкейіп тұрған күйінде орындайды, оның үстіне операциялардың жасалу ұзақтығы әр түрлі болып келеді: 1-2 сағаттардан 6-7 сағаттарға дейін. Жұмыстық кезіндегі мұндай дене қалпы едәуір статикалық зорлануға алып келеді, ал қолмен атқарылатын үзіліссіз динамикалық жұмыс – оған қатысатын бұлшықеттердің зорлануы мен қажуына әкеледі. Сенсорлық жүктемелерден жоғары, атап айтқанда көру мүшеміне түсетін (Х тараудың 5.1 бөлімін қара) тұрақты кернеулік көрудің айқын қажуына әкеп соғады. Операциялық күннен , әсіресе тәуліктік кезекшіліктерден кейін хирургия саласындағы дәрігерлер де айқын қажу дамиды, бұл көп жылдар бойы осы кәсіппен айналысатындарда тұрақты болып қалады. Оның үстіне түнгі ұйқы барлық уақытта бірдей дамыған қажуды баспайды. Әріптестерімен қолайсыз ара қатынастары, емдеудің қолайсыз аяқталуы және басқалар сияқты психогенді факторлар қажуды күшейтеді жүйкелік-эмоционалдық зорланудың бәсеңдеуін қиындатады. Еңбек үдерісі факторларынан басқа бұл салалардағы дәрігерлерге әр түрлі химиялық факторлар: наркозға арналған заттар, анестетиктер, антибиотиктер және басқа да дәрілік заттар, дезинфекциялаушы заттарда әсер етеді .Науқастардың қанында, жарасында, нәжістерінде болатын, сонымен қатар, ауадағы жүрген патогенді және шартты патогенді микрофлора сияқты биологиялық факторлар қандай да бір жұқпалы ауруды жұқтырудың немесе іріңді-септикалық үдерістер дамуының тұрақты қауіп-қатер фак- торлар болып табылады. Егер операция жасау кезінде қолданылатын болса, бұл салалардағы мамандарға рентген, лазер сәулелері, ультрадыбыс және басқа физикалық факторлар да әсер етуі мүмкін. Көрсетілген факторлардың әсер етуі гипертония ауруының, аяқтарының веналық қан тамырларының варикозды кеңеюлері, геморройдың едәуір ерте (жұмысының бірінші 5жылынан кейін-ақ) дамуының себептері болып табылады. 50 және одан үлкен жастағы дәрігер- лерде жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклероздық зақымдануы мен мида қан айналымының бұзылуы жиілейді. Хирург әйел дерде жиі ана без, етеккір қызметі мен жүктілік ағымы бұзылады. Дәрілік заттарға сенсибилизация байқалуы мүмкін, ол есекжем, бронх демікпесі, дер- матиттер, экземалар және басқа да аллергоздар түрінде байқалады, сондай-ақ олармен дисбактериоз қатар жүреді. В және С гепатитімен ауру жағдайлары да жиі кездеседі. Терапия саласындағы дәрігерлердің еңбегі зорлануымен және қажуы- мен сипатталады, дегенмен олар да жүйкелік-психикалық жүктемелердің, айқындылығы дәрежесі әр түрлі статикалық және динамикалық физикалық жүктемелердің, химиялық заттардың, физикалық және биологиялық фактор- лардың әсеріне ұшырайды. Мұнда әрбір медицина саласының өзіне тән ерекше факторлары болатынын ескергені дұрыс, мысалы, дәрігер рентген- ологтардың жұмысында – бұл рентген сәулесі, физиотерапия бөлімінде, ол – ультракүлгін сәулеленуі, АЖЖ, УЖЖ, ЖЖ ток мен ЭМӨр, дәрігер психиатрларда – психикалық аурулармен қатынаста болу, дәрігердің жұқпалы аурулар жұмысында – патогенді микроорганизмдер және басқалары. Бірақ кез-келген саланың дәрігерлері қалай болған күннің өзінде де, басқа да ортада еңбек үрдісі факторларының әсеріне ұшырайды. Медбикелер мен кіші буын медициналық жеке тұлғалардың еңбегі дәрігерлер еңбегінің айтарлықтай айырмашылығы бар, бірақ орындала- тын жұмыстың сипатына байланысты оларға да, аурухана ортасына тән айқындылықтағы әр түрлі дәрежедегі химиялық, физикалық және биоло- гиялық факторлар, сондай-ақ дене жұмысының жүктемелері және жүйкелік- эмоционалдық жүктемелер әсер енеді, жеке мүшелер мен жүйелерге шамадан артық күш түсүі байқалады. Кәсіби зияндылықтардың медицина қызметкерлерінің денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, қажуды, жүйкелік-эмоционалды және дене жұмысы жүктемелерінен шамадан артық күш түсуін азайтуға, өндірістік ортаны сауықтыруға, ағазаның қарсылық күшін жоғарлатуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу қажет. Бұл шаралардың ішінде ұжымда еңбек ету және демалуды ұйымдастыруға маңызды роль беріледі. Мысалы, хирургтар мен анестезиологтарға түнгі немесе тәуліктік кезекшіліктен кейінгі күні жоспарлы операцияларды жасауына болмайды, жоспарланатын операциялардың жорамалданған ауырлық дәрежесі мен ұзақтығы бойынша айырмашылығы болуы тиіс. Үйде толық құнды ұйқы мен таза ауада болып дем алу, жаяу серуендеу, физикалық белсенді жаттығулар жасау қамтамасыз етілуі тиіс. Қолайлы микроклимат жағдайларын ұйымдастыру және жұмыс бөлмелері ауасының ластануының алдын-алу да тонусты жоғарлатып, қажудың дамуын баяулатады. Әкімшілік және медицина қызметкерлерінің өздері жұқпалы агенттерді жұқтыру мүмкіншілігінің, физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінің алдын алатын барлық гигиеналық талаптарды орындауы тиіс. Болашақ мамандығын таңдау адамның психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оның физикалық мүмкіншіліктері мен денсаулық жағдайын ескеріп жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені шешуде кезеңдік медицицналық тексерулердің алатын орны ерекше. Жыл сайын жүйелі түрде жүргізілетін медициналық тексерулер аурулардың ерте белгілерін анықтауға және тиісті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. .Жоспарға сай көптеген мемлекеттік ықыластылық біріктіріліп, ол «ҚР жұмысшылар денсаулығын қорғаудың Ұлттық бағдарламасын» анықтап бейнеленетін болуы қажет. Ұлттық бағдарламаны құруда ДДҰ-ның нұсқауларын ескере отырып мынандай негізгі кезеңдерді қамтуы тиіс: заңдылықты қамти отырып еңбекті, еңбек медицинасын қорғау, орта, кіші бизнес саласындағы жұмысшылар денсаулығын шыңдау, көшпенділер денсаулық мәселелерінде қорғау т.б. Еңбек ету жағдай және кәсіби аурушаңдықпен ауыратындар жұмысшылардың денсаулығын қорғау, ол осы күндегі қолданыстағы заң актілері мен құқықтық нормалық құжаттардың республикалық маңызы бар. Сол құжаттардың негізінде республикадағы профпатологиялық орталықтар құрылған, оның құрылымдарында (өлкелік бөлімшелерді) олардың міндеттері, шешілетін мәселелері анықталған; медициналық ұйымдарда профпатология-лық кабинеттердің ережелері бекітілген, медициналық тұлғалардың штаттық нормативтер, жүктемеліктері бекітілген. Жұмысшылардық медициналық қызметін қамтып қалыптастыруда, жұмысшылар еңбегіне зияндылық жағдайының маңыздылығында профилак-тикалық орталықтар бөлімдерінде, жұмысшыларқалалық, аудандық поликлиникасында толық жетілдіруге мынандай міндеттер қойылады: 1) Мемлекеттік еңбекті қорғау «Мемлекеттік еңбек қызметі туралы» конвек-цияны ратификациялау; 2) ДДҰ-медициналық еңбек туралы. Стратегиясын орындау; 3) ДМ, ЕМ-нің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын үйлесімділікпен әрекеттеріне сай басшылыққа алу; 4) ҚР ның медициналық еңбек қызметін ұйымдастыру және ендіру, ол ДМ, ДДҰ, еңбек әлеуметтік қоғау министрлігімен үйлестірілген шешімін орындау. Медициналық еңбек қызметінің ҚР-дағы ұйымдастырылу мақсаты : 1) Еліміздің басым экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарлануы; 2) Еңбек және денсаулық сақтаудың халықаралық конвенцияның жолын ұстау; 3) ҚР Денсаулық сақтау және Еңбек кодексі нормасын сақтау; 4) ҚР санитарлық ережелер мен норма заңдылығын сақтау; 5) Министрлік пен ведомоствалар мүддесінде, сектор аралық және үйле-сімділік әрекет интеграциясының ынтымақтастығы мен өзара әрекетте болу; 6) ҚР еңбек медицина қызметіндегі ұйымдық-функционалды құрылымдары тұрақты ғылыми-практикалық нормативті негізде болуы; 7) Профилактикада, диагностикада, емдеуде, әлеуметтік патологиялық аурушаңдықтағы ауруларды сауықтыруда, жаңа әдістемелікті пайдалану; 8) Барлық МСЭҚ-ның аумақтық ұйымдары, денсаулық сақтау, медици-налық қызмет, мекемелері, сонымен бірге қол жеткен толық жетістіктерімен еңбек әлеуметтік қорғаудық аумақтық ұйымдары мен өзара әрекет ету; 9) Еңбек медицинасында ғылым мен практика жетістіктерінхабардарету. Жоғарыда көрсетілген факторлардан басқа, адамдардың өз денсаулықтарына өмір сүру жай-күйі де әсер етеді. Тұрғылықты халыққа дәстүрлі өмір сүру қалпына өз денсаулықтарын ұстау, шыңдалу, жағдайының болмауы да себепкер. Өлімге әкелетін жағдайлары дұрыс тамақтанбау, режим сақтамау сияқты зиянды әрекеттер , өлуге душар болатындығы әсіресе жастар арасында жиі кездеседі. Осының бәріне әсер ететіні тұрмыстық әлеуметтік жәй-күйі, қоғамдық норма ережесін бұзу, жұмыстағы еңбек ету жағдайының болмауы, нақтылы медициналық көмектің нашар көрсетілуі де себепкер.Ал, кәсіби уттанулар қорғасын, сынап, көміртегінің қос тотығы, хлор, фосформен жұмыс істегендер уланады.Адам дамуының индексі (АДИ), 2007-жылы төмен болған еді. Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 65 жас болса, экономикалық көшпелі уақыт кезінде басқа елдерде орта жас 68,2 %-ды құрайды Бүгінге дейін медициналық етіп жүргендерге қалптастырылған нормативтік құжаттар жоқ. Нормативтік-құқықтық көрсетілген құжаттарды талдау негізінде, жұмысшылар денсаулығын сақтауда және оны шыңдауда, өндірістің зиянды факторлары мен жанасудағы әрекетінде, тұтастай алғанда онымен айналысатын әртүрлі ведомостволар: а) денсаулық сақтау ұйымдары; б) мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау; в) еңбекті, әлеуметтік қорғау министрлігі; г) еңбектің мемлекеттік инспекциясы; д) сонымен бірге әртүрлі формадағы құқықтық ұйымдар (жұмыс берушілер, жұмысты орындаушылар). Осы аталған құжаттар өзара байланысы біріктірілмеген, әр қилы, араларында жұмысшылар денсаулығын қорғау, зиянды өндірістік факторлардың әсері деген мәселеде үйлестірілмеген. Сондықтан осындай мәселелер, оның тактикасы ҚР үкіметінде жасалуы керек. Мемлекеттік саясат, жұмысшылардың профилактикалық қамтылуы, жұмысшылардың зиянды өндірістік факторларымен жанасуда, қоғамдық денсаулықты шыңдауда негізгі фактор мемлекетіміздің экономикалық өсуіне және ұлттық қауіпсіздікті сақтауға арналған. Ерекшелеп айтатынымыз, көптеген ірі өндірісті мекемелерде, ұйымдастыр-ылған медициналық ведомоствалық ұйымдарда өз бетімен алынған медициналық әрекеттер туралы лицензиялар бар. Әліде болса өткізілетін медициналық профилактикалық алдын-ала қарау, өткізу тиімділігі төмен, көтерілген күрделі еңбек проблемалық мәселелерге біртұтастықпен қарайды. Республикадағы осындай кезеңдердегі мәселелерге талдау жасай отырып, соңғы уақытта кәсіби аурушаңдықты ескере отырып профилактикалық қызметтің жаңа ұйымдық-технологиялық моделін енгізу. Медицинада еңбек қызметін ұйымдастыру кезеңдерінің, республикада меди-цина еңбек қызметінің ұйымдастырылуы үшін: 1-кезең – толық құжаттар пакеті, ҚР ДСМ бұйрығымен қазақстандағы меди-циналық еңбек қызметі шектеушілігі өңделіп келісілген және бекітілген, 2- кезең – республикадағы еңбек медицина қызметі дамуы және ұйымдық кешенді жоспары өңделген, 3- кезең – қаржылық, кадр және медициналық, технологиялық қызмет қоры анықталған және ол еліміз өлкелеріне таратылған; 4- кезең – медициналық еңбек және оның кешенді жоспар құрылу әрекеті мен дамуы, аумақтық ұйымдастыру қызметімен келісілген, 5- кезең – еліміздегі еңбек медицина қызметінің ұйымдастырылуында келелі және қазіргі мәселелер шешімінде республикалық семинар, кеңестер өткізун; үйлестіру кеңесінде болады,оның арнаулы құрылымдары және еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің қатынасуымен өтеді. Үйлесімдік Кеңестің негізгі ұйымдық әдістемелік және үйлестіру әрекеті, ол тұрғындардың еңбекке қабілеттілігіне медициналық жәрдем көрсету негізінде . Қазіргі кезеңде, еңбек медицинасы жүйесінде профилактикалық әрекет ер-екше маңызға ие,әсіресе өндірістік зиянды және қауіпті факторлар мен кәсіп-тік аурушаңдық жағдайда, еліміздің экономикалық өсуінің тұрақтылығында. ҚР-дағы әлеуметтік экономикалық дамудың деңгейін есепке ала отырып, тұрақты еңбек медицинасын кезеңмен, медициналық бірліктіктер аумағында белгілі жүйемен өткізудің 4- деңгейі бар: 1- деңгей, Республикадағы еңбек медицина орталығы; 2- деңгей, облыстық еңбек медицина орталығы; 3- деңгей, қалалық (аудандық) еңбек медицинасы; 4- деңгей, медициналық қызмет, цехтың денсаулық сақтау пункті,ұйымдары. Мұндай медициналық еңбек орталықтар қызметі сызбасы (1). Белгілісі, медициналық еңбек қызметінің әр өлкедегі нақтылы тұтыну мен жағ- дайын есептесе, құрылымдары әрқилы болады. МЕО-ның аумақтық медициналық. еңбек қызметінің құрамы (2-сурет) амбулаториялық, поликлиникалық және стационарлы (күндізгі) бөлімдерден тұрады. 6-кезең - еңбек медицина қызмет әрекетіне сәйкес есеп беру және болашағы туралы жоспарының мониторингісі. Тұрғындардың еңбекке қабілеттілігі, денсаулығын сақтау мәселелер монинторг тұрақтылығы үшін, тұрақты үйлестіру әрекеті және ҚР ДСМ
![]() |