Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Компьютер» және балалар



Әдетте шаршаған бала енжар және зейінсіз болады, ол мазасыз болып келеді. «Компьютерлік» шаршау өте басқаша көрінеді. Бұл жағдайда балалар шамадан тыс белсенді және эмоционалды болады. Олар, ереже бойынша монитор алдында отыруын рахаттана жалғастыра отырып, шаршағанын жасырады. Компьютер табиғатында адам психикасына эмоционалды әсер «бағдарламаланған». Әсіресе, экранда болып жатқандарға балалар өте ұшқыр қарайды. Бағдарламалар киындығы, тартымдылығы, жастық мүмкіншілігі бойынша қаншалыкты жақсы тенестірілген болғанның өзінде де (дамытушы оқытушы немесе ойын бағдарламалары) балада психологиялық кернеулік – немесе теріс жан дүниесіндегі күйзелістерін тудыратыны сөзсіз. Ал компьютермен ұзақ уақыт қатынаста болу мазасыздықка алып келеді. Олардың мінезі, денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктері және т.с.с. Әртүрлі болуы сияқты эмоционалдылық қабылдаушылық деңгейі және күйзелу дәрежесі де балалар да әртүрлі болады. Сондықтан да, шаршау мерзімдері де әркилы болады – бір балаларда ол жарты сағат, басқаларында – 10 минут, үшіншілері компьютерден өте оңай бас тартуы мүмкін.

Балалардың компьютермен қатынасу тәртібін реттей отырын, оның жеке ерекшеліктерін ескеру керек: ол баяу ма, әлде тез бе, әсерлі ме, әлде тежелген бе, өзіне сенімді ме әлде сенімсіз бе және т. с. с.

Балаларда бұл қасиеттерді қалай көруге болады және ауыртпалық қарқындылығын қалай анықтауға болады?

Жүйке жүйесі жылдам қозғалатын балалар батыл және сенімді қимылдайды. Сауалдарға қателерден қорықпай тез жауап береді, бірақ ережеге сай, дүрыс жауап бермейді. Жұмысқа дайындықсы з және алдын ала ойланбай кіріседі, асығыс істейді, көптеген қателер жібереді, жұмысын «көрер көзге» сапасыз істейді, жиі алаңдайды.

Қимыл-козғалысы төмен балалар бәрін абайлап «істейді, бір нәрсе сұрасаң үндемейді, сауалды және жауабын мұқият ойластырып барып жауап береді. Бәрін анық, дәл істейді, жұмысының біркелкі ырғақтығын қалай отырып, орындаған жұмысының дүрыстығын тексереді. Егер олардың уақытын қысып, тез жұмыс істеуге мәжбүр етсе, олар тез шаршайды.

Қимыл қозғалысы төмен балалар шаршағанынен қоса пассивті бола түседі, ол туралы оның дене қалпы бойынша айтуға болады: олар аяқтарын жинап алып немесе бар денесімен үстелге сүйеніп жартылай жатады, сабаққа қызығушылығы болмайды, отырғышта тықыршып тыныш отыра алмайды, кайта-қайта қозғала береді, көңіл-күйі нашарлайды. Қозғалысты балаларда шаршау жүйке-бұлшықеттік кернеуліктің жоғарылауымен көрінеді. Бұл кезде моторлы реакциялары күшейеді ( бала орнынан атып тұрады, секіреді, алақандарын соғады), ал эмоционалдыларда өршиді (олар жылайды немесе күледі, айқайлайды, өлең айтады, тез көңілі қалып немесе тез көнілденеді), Компьютермен араласудан шаршайтын балалардың эмоционалды және моторлы реакциялары, физикалық немесе ақыл-ойлық ұқсас реакциялардан, мысалға айтсақ ұзын диктант жазу кезіндегі реакциялардан айтарлықтай өзгешеленеді. Бұлшыкеттері шаршағанда бала керіледі, иықтарын жазады, есінейді, партаға жатады. Компьютерде жұмыс істеу кезінде, бұлшық ет шаршауына жүйкелік - эмоционалдық кернеулік қосылғанда, ол кезінде, бұлшық ет жиырылады, қолдарын, аяқтарын селкілдетеді, басын иықтарына созып қояды, үстелге кеудесімен жатып алады немесе кенеттен атып тұрады, секіреді, алақандарын соғады, бөлшекті жұдырығымен ұрып сындырады, тұрады.

Компьютерлік ойындар қабылдауды айтарлықтай белсендіреді – бала жеңіл қозғыш болады. Сонымен бірге, «дөңгелек жота» синдромы әдеттегі сабақтарға қарағанда компьютердің алдында отырғанда ерте дамиды.

Жұмысқа кабілеттіліктің шыңына жеткеннен кейін балада әдетте оның төмендеуі болады. Бірақ бала оны байқамайды, мұнда ағзаның функционалдық қорларының біртіндеп жоғалуымен байланысты болатын үлкен қауіп жатады. Шаршаған баланың компьютермен одан әрі сөйлесуі одан сайын көбейе түсетін физиологиялық шығындардың құнымен бірдей болады. Осы келтірілгендерден басқа, компьютерде жұмыс істеуден зорығу одан әрі сабақты жалғастырудан бас тартумен аяқталады. Сондықтан да, баланы өз уақытында тоқтату, оның зейінін басқа бір нәрсеге ауыстыру аса маңызды болып табылады.

Компьютерде жұмыс істеу, және ең бірінші кезекте қызықтырушы ойындар, өте көп күшті алады және оларды қалпына келтіру үшін уақыт талап етеді. XIX ғасырда қалыптастырылған, «тозу заңына» сәйкес шаршау, оны туғызған ауыртпалықтарына қарағанда тез өседі, сондықтан да, демалған ағзаға қарағанда, шаршаған ағзаға сол бір жұмыс қымбатқа түседі. Онымен қоса, жүйкелік-эмоционалдық ауыртпалық пен көрудің зорығуы, жинақтала келе, одан арғы іс әрекетіне теріс әсерін көрсетеді. Компьютерлік класста жұмыс істеген, төменгі сынып оқушыларының шектен тыс қозғыштығы мен басқару қиындығына мұғалімдер жиі шағым айтпауы тиіс.

Өкінішке орай, іс жүзінде ересектер баланың жағдайына, оның компьютерде жұмыс істеу тәртібіне онша көңіл бөлмейді – және ол тек гигиена мәселелері туралы хабардар болмауынан немесе компьютердің ағзаға әсері жөнінде жеткіліксіз ақпаратты болуынан ғана емес, ол баршамызды, түйсігіміздің, денідүрыс ойлауымыздың, өзіндік сеніміміздің дәлеліне қарсы – өзімізге нұқсан келтіре отырып шешім қабылдауымызға мәжбүр етеді. Ол біздің тек бір сәттік жақсылықты ғана ойлау әдетімізден шыққан шығар. Ал еңбек және демалыс гигиенасы болса балалық шақтан бастап тәрбиеленуі тиіс.

 



Просмотров 1742

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!