![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ант қызылшасын өңдеудегі еңбек гигиенасы
Біздің елімізде қант қызылшасы өндірісі ерекше орында. Қант қызылшасы - ауылшаруашылығы саласындағы көп көлемді еңбек етуді қажет ететін: егінді өсіру, тыңайтқыш және пестицидті қолдану. Егінді өңдеу күзден басталады: органикалық және минералды тыңайтқыштарды ендіруден соң, қопсыту жұмыстары, культиваторлық өңдеу және жерді терең жырту, ол кезде қосымша тыңайтқыштар енгізу. Көктемгі топырақ өңдеу, сепкенге дейін тырмалау және культивациялау, сонымен бірге, минералдық тыңайтқыштарды машиналар көмегімен ендіру. Осылардан соң, арнаулы сепкіш машиналармен үзілмелік әдісімен себу. Сонымен, топырақты өңдеу күзден басаталады, осы жұмыстар техникалық шаралардың барлығындада механикаландырылған. Өніп шыққан өсімдіктер күтім і- ең кең көлемді еңбектің ұзақ үдерістері. Алғашқы өсімдік өскіні шыққаннан егін жиналғанға дейін – қатар аралықтарды қопсыту, өсімдік араларын сирету, шөптеу (арамшөптерден тазарту, пестицид және минералды тыңайтқыштарды) ендіру. Қол еңбегіне кететін шығын, әсіресе сирету, шөптеу технологиялық үдерістегі деңгейімен анықталады. Дәстүрлі әдістер, шаралық жұмыстар, кетпенмен қол көмегімен орындалады. Ұзақ уақыт мәжбүрлі жұмыс атқару нервті – бұлшықет аппараттарының бел-сегізкөзге түсетін ауыртпалығын тудырады. Бұл жұмыстар, көктемнің екінші жартысында, күн ысығанда; еңбектің ауыр жүктемелік категориясына жатады, мәселен, қант қызылшасының өңделуіндегі кетпенмен жұмыс істеу сағытына 4000 рет қазу жұмысымен тең. Осылардан басқа, қан қызылша егін өңдеуде топырақ құрамындағы шаң, ол әрине ауа райының құрғақ кезінде болады, күтім жұмысына минералдық тыңайтқыштар қосылады және пестицидтердің күрделі қосылыстары (диазикон, фосфомид, пиразон) қант қызылшасы ауыспалы егінінде болады. Соңғы жылдары, қант қызылшасын өңдеуге прогрессивті техноло-гиялар жасалып және ендіруде, әрине қол жұмысын жеңілдетуге үлкен көңіл бөледі. Олар: ғалымдар шығарған қант қызылшасының жаңа себілуге тиімді сорттары, бір тұқымды қызылша, ол топырақты дренаждау (жердегі топырақ массасын арнаулы илеу, онда қорек, қорғаныш, өсіру заттарын қосу). Бұндай жұмыстарға қол жеткізу біртекті етіп себу, өсінділердің шығынын арттыру, зиянды зиянкестермен аурулардан қоғануды қамтиды. Ал, өсімдіктерді кескілеу үшін арнаулы электронды автоматты кескіштерді пайдалану, ол белгілі аралықтағы өсімдіктердің араларын сақтауға мүмкіндік береді. Қант қызылшасын жинау – кешенді механикаландырылған үдеріс. Ол мынандай жүйеде: топ жапырақтарды машиналармен кесу, тамырларын қызылша жинағыш машиналарымен қазып алу, тамыр сабағымен тиеу, тасымалдау жұмыстары жүргізіледі. Қ ы з ы л ш а ж ұ м ы с ы н д а ғ ы м е х а н и з а т о р л а р д ы ң е ң б е к ж а ғ д а й ы – өзіндік физиологиялық, гигиеналық ерекшеліктері бар. Ондай жұмыстар маркердің бір іздерімен машиналармен агрегаттардың жүруін басқару, қатар аралықтарын сақтау (себу, күту, жинау кездерінде). Технологияда берілген тізбек жұмысында 5 см-ден кем емес ауытқулар сақталады. Ол шеберлікті талап етеді, тұрақты ауыртпалықта еске сақтауды, әртүрлі жұмыс кейіпінде дененің үнемі еңкейіп жүруін, қолмен істелетін еңбек қарқындылығында қажет. Қызылшада істейтін механизаторлардың еңбек ету сипатында, жұмыс жоғарғы температурада, күн өту қарқыны жоғары болғанда, жыл кезеңінің ыстығында, мамыр, маусым, шілде айларында болады. Трактор кабиналарындағы ыстық температура сыртта 12-180 С - ден 40-450 С-ге жетеді. Ал металды қоршаудағы тетіктерде 55-600 С- ға дейін жетеді. МТЗ-80/82 , Т 70-С тракторлар кабинасындағы конденционерлерді қолдану, есік, терезелерін ашып температураны 6-80 С-қа дейін төмендетуге болады. Қызылша себілетін көптеген аудандарда дер кезіндегі себу жұмыстары, сәуір айларының соңында, жинау жұмыстары кезеңдерінде (қыркүйек, қараша айының басында), кабиналардағы қорғаныш қасиеті және жылыту жүйелерінде микроклиматты ұстап тұру, трактор кабиналарында қолайлы жағдай жасау деңгейі болу керек. Қант қызылшасын өсіру технологиясында топырақты арластыруда болсын, болмасын шаңдану болады. Жұмыс орнында оның деңгейі аутқымалы, ол топырақ ылғалдылығына да байланысты. Шаңдану, қызылшаны механикалық жинау кезіндеде болады. Шаң, өзінің химиялық құрамында (90 %-ға) дейін органикалық емес, қалғаны органикалық заттар болады. Себу кездерінде шаң құрамы, күту үдерісінде де, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді ендіруде де болады. Тұрақты пестицидиер мен жанасатын механизаторлар, олар қант қызылша плантациясында шұғылданатындар. Машинаны дұрыс игере алмайтындар, техникалық қауіпсіздігін сақтамайтындар да ядохими-каттармен сол аймақта тыныс алатындардағы жіберілу деңгейі артып кетеді. Дала жұмыстарына шығатын адамдар қатаң ережелік талапты орындап, ядохимикаттардан туындайтын, сақтанатын, күтінетіні болуы керек, сақталмаса улану болады.
![]() |