![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Клавиатураның орналастырылуы
ПК-дің клавиатурасымен жұмыс істеуде өзіңіздің қолдарыңызға көңіл аударыңыз: қол басы үстел үстінде жатады, ал саусақтар одан биікке көтерілген -тамырларды оңай қысып тастауға және сіңірлерді созуға болатын, аса табиғи емес қалып. Білезіктер клавиатура алдында үстелге тиіп тұруы мүмкін, бірақ ешқашанда оларға таянуға болмайды. Клавиатура үстелдің ең шетінде - қолдардың созылмалы тартылуына алып келетін тәсіл (туннелдік синдром). Бірақ та клавиатураны әрі карай қашықтау итеріп қойып, білезіктердің демалуы үшін жастықшалар таңдап ала отырып, бұл аурудың алдын ала алмайсыз. Ең бастысы шынтақ пен қол басы үстел бетіне параллель бір сызық құруына қадағалау жасау керек. Бұл жағдайда сөз жолдарын теруде салмақ қол басына емес шынтаққа түседі. Қолыңызды клавиатураға қойған кезіңізде иықтарыңызды бос ұстауыңыз керек, ал қолдарыңыз шамамен 90°қа бүгілген болуы керек. Ол қалыпты қан айналымын қамтамасыз етеді. Егер креслода шынтақ тіректер болса, олар шынтаққа тіреліп тұрмайтынына және мойын омыртқаларыңызды қысып, иықтарды тым биік көтермейтініне көз жеткізіңіз. Бұдан басқа клавиатураны, басыңызды қайта-қайта бұрмас үшін монитордың қарсы алдына үстелдің ең кең бөлігіне орналастырғаныңыз дұрыс. Ол мойныңыздың, иықтарыңыздың және арқаңыздың, басыңызды әлсін-әлсін бұра бергеннен ауырып қалуына жол бермейді. «Тышқанның» орналастырылуы.Тек клавиатура ғана бізде жағымсыз сезімдер тудырмайды, сонымен бірге, «тышқан» жаңа ауруларға әкелумен үрейлендіреді. Ол компьютерлік ауру RSI (Repetitive Strain Injury - жарақаттанушылық сипаттағы сіңірлердің созылмалы созылуы). Бұл ауру, компьютерлік графикамен айналысатын тұтынушыларда кездеседі. Олар әрдайым қолдарымен біртекті жұмыстар орындайды, ал адам қолының басы мұндай жүктемеге мүлде бейімделмеген. Демек, «тышқанмен» жұмыс істеу үшін жұмыс үстелінде қолдың дұрыс қойылуын қаматамасыз ететін кеңістік жеткілікті болады. Монитордың орналастырылуы.Көптеген медициналық анықтамаларда, көзден монитордың экранына дейінгі аралық 70 см-ден кем болмауы тиіс екендігі дәлелденген. Басқалай айтқанда, қолдарыңызды алға созып оған әрең жететіндей отыруыңыз керек. Ертеде мұндай шекара үлгілердің зиянды сәулеленуімен және компьютерді ашудың төменгі жиілігімен қамтамасыздалатын. Бірақ, дамытылған дисплейлер үй жағдайында пайдалануда мүлдем қауіпсіз, сондықтан да, монитордың қолайлы орналастырылуы, бәрінен бұрын, біздің елімізде қарастырылмағанына көп болған қатаң нормативтермен емес, ыңғайлылығымен анықталуы тиіс. Экранның дұрыс жарықтандырылуы көп жағдайларда үстелдің сәйкес орналастырылуынен анықталады, ол жарқырақтарды жұмсартуы тиіс және де: үлкен мониторлар (диагоналы 17 дюйм және одан да жоғары) салмағы өте үлкен болады, сондықтанда оларды ПК-дің денесіне (desktop типі) орналастыруға болмайды. Монитор
1. Экран жазықтығы тік немесе сізге еңкейтіліп орналастырылуы керек, ол мойын және арқа бұлшықеттерінің кернеулігігін алдын алуға мүмкіншілік береді. Экрандағы таңбаларды қолайлы ажыратуды камтамасыз ететін көру бұрышы, 15-20° градус шамасында болады. 2. Егер сіздің компьютеріңіз desktop [десктоп] денесінде орындалған болса, онда оған мониторды қоюға болмайды, себебі мониторға жоғарыдан төменге қарай қарау керек. Оған мониторды біріншісінен төмен орналастырылған екінші үстел үстінде орналастыру ықпал жасайды.
![]() |