![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Мал шарушылығындағы жұмысшылар аурушаңдығы
Мал өсірушілер ауруларының құрылымы мен деңгейі аумақтың климатты географиялық ерекшеліктеріне, дәрігерлік қызмет көрсетулеріне, мал өсірушілердің жас және жыныстық құрамына, мал өсіру өндірісінің мамандандырылуы мен басқа да факторларларына байланысты. Мал өсірушілердің денсаулықтарының еңбек жағдайларының гигиеналық ерекшеліктеріне негізделген жалпы басымдылықтар байқалуда. Сүт-тауар кешендері мен фермаларында жұмыс жасайтындардың ауруға шалдығу деңгейі жоғары. Машинамен сауу шараларының арасында перифериялық жүйке жүйесі және тірек-қозғалыс аппараттарының (бел аурулары, құяң, вегетативті полиневрит, артрит, миозит, тендовагинит) аурулары жиі кездеседі. Шошқа әсіру кешендеріндегі операторлардың, ірі қара малды азықтандыратын операторлар және әсіресе құс өсірушілерде тыныс алу мүшелерінің аурулары орын алады. Барлық мал өсірушілерде тым артық салмақтың болуы гипертония ауруларымен және вегетативті+-тамыр дистониясы, жүрек-тамыр жүйесі ауруларына соқтырады. Ескі тонзиллит, ринит, фарингит, отит сияқты ЛОР аурулары мал өсірушілер қатарында айтарлықтай орын алады. Уақытша еңбекке жарамсыз болып саналатын аурулар қатарына ас қорыту мүшелерінің, тері және тері асты ұлпалар аурулары жатады. Мал өсіруші әйелдер гинекологиялық созылмалы ауруларына шалдығады және қайталап ауырады. Мал өсіруші-операторларда аллергиялық ауруларда жиі кездеседі. Биологиялық белсенді заттардың мал азықтандыру кешендері мен сүт-тауар фермаларындағы жағдайлармен салыстырғанда құс өсіру мен шошқа өсіру кешендерде аллергиялық әсер ету деңгейі жоғары. Бұл құстар мен шошқаларға беретін азық құрамында биологиялық белсенді заттардың (антибиотиктер, дәруменді белок концентраттар және т.б.) тым көп екендігімен түсіндіріледі. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, құс өсірушілерде ерекше кәсіби аллергиялық аурулар деңгейі жоғары екені байқалады. Аллергиялық аурулардың орын алған жері тыныс алу мүшелері (аллергиялық ринопатия, ескі демікпелі бронхит, бронха демікпесі) және көз аурулары (аллергиялық конъюктевит); тері аурулары мен қышыма түрлері жиі кездеседі. Аллергиялық аурулары байқалған адамдарда үлпілдектер мен қауырсындарға, азық түрлері аллергияны қоздыра түседі. Мал өсірушілердің арасында кәсіби жұқпалы аурулардың тіркеліп тұрғандары да кездеседі. Кәсіби еңбек өтілі мен мал өсірушілер еңбек жағдайына қарай жиі кездесетін аурулар түрі мен деңгейі анықталған. Мал өсірушілер денсаулық жағдайына қарай анықталған аурулар сипаттамасы аурудың кәсіби әрекет жағдайымен байланысын және кешенді денсаулық сақтау іс шараларын жетілдіру қажет екендігін атап көрсетіп отыру қажет.. САУЫҚТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ Мал өсірушілердің ауру деңгейін төмендету және еңбек жағдайын сауықтыру ұтымды жобалық-құрылыстық, техникалық технологиялық шешімдер, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу және енгізу арқылы жасалуы тиіс. Құрылыс және технологиялық нормалардың технологиялық жобалануы (ОНТП-1-77 және ОНТП-2-77) мал өсіру кешендерін пайдалануға берумен қатар құрылыс және жобалауда зоогигиеналық принциптерге негізделіп, тиісті құжаттар мен талаптарды пайдалануға, санитарлық гигиеналық талаптарға сай технологиялық үдерістерді, өндіріс құрал жабдықтарды, жұмысшылардың еңбек жағдайын дұрыс ұйымдастыру қажет. Еңбек жағдайын сауықтырудың басты жолы, мал және құс өсірушілердің шаршап-шалдығуы мен аурушаңдық қаупін төмендету, өндіріс барысын механикаландыру мен автоматтандыру мәселелерін жетілдіру. Мысалға, сүт-тауар өндірісінде сауар алдында желіндерін жуу мен уқалау сияқты ауыртпалық түсіретін жұмыс орындарын механикаландыру мен автоматтандыру мәселелері қолға алужәне жетілдіру түбегейлі мәселе. Құс өсіру шаруашылығын өндірістік негізде оларды азықтандыру, суару, жұмыртқаларды жинау, оларды іріктеу, жуу, тауық немесе тұратын жерінің астын тазалау және сол сияқты жұмыстарды жекелеп механикаландыру сонан соң автоматты түрде орындау үдерістеріне көшу өте тиімді. Шошқа өсіру және басқа да кешендерде мал өсіруш операторлардың болашақта гигиеналық жағдайларын жақсарту мақсатында автоматты түрде суару құрылғыларын қолдану, қол жұмыстарымен орындалатын жұмыстардан босату. Ерекше ауыр жұмыс шаралар азықтандыру,станок құрылымдарын тазалау, жинастыру үшін шағын механизация құралдарын енгізу қажет. Барлық технологиялық қондығылардың бұзылып қалмауы үшін алдын ала жөндеу жұмыстарын бақылау жасап отыру және оны пайдалануға берген жағдайда істен шығып қалған құрал жабдықтарды жөндеу, сонымен бірге бір оператор атқартын іс шаралар міндетті түрде орындалатын жұмыс көлемінің артуына тіпті шектен тыс денеге ауыртпалық және нервтік эмоциялық қауырттылық әкеледі. Мал және құс шаруашылықтарында өсіретін кешендерде қажетті микроклимат параметрлерін қолдау және жай ішінде газ тәріздес зиянды заттарды желдеткіш жүйесі арқылы желдетіліп отырылуы керек. Отандық өндірістен шығарылған және кең көлемде қолдану, кең таралған типтік жайларға арналған «Климат-45» және «Климат-47» автоматтандырылған желдеткіш қондырғы пайдаланылады, ол қондырғылар қажетті ауа алмасуын және тиісті ауа қысымын (0-36°С) қамтамасыз етеді. «Климат-ЗМ» типті автоматтандырылған жылу желдеткіш қондырғылар кешені қалыпты ауа қысымын ұстап тұрумен қатар қажетті ауа ылғалдылығын да қамтиды. «Климат» типті кешеннің жұмысы зооветеринарлық нормалармен сәйкес жыл мезгілінің уақытына қарай бағдарланып жасалады. Қызметкерлерге арналған бөлмелердегі микроклимат параметрлері санитарлық нормаларға сай болады . Автоматтандырылған желдеткіштер жүйесімен қатар біріккен табиғи ауа алмасуы фрамуг, электржібергіш және басқа да қондырғылар пайдалану арқылы реттеп отыру қажет. Шығып кететін ауадан шаң мен ауа бактериялық аэрозолдерді ауадан тазарту ол ірі, ұсақ (кездемелі ОРТП) блоктардан құралған тазарту жүйесі болып табылады, ауа сүзгіші қондырғылар арқылы жасалады. Ауа алмасу процесін ұйымдастыру барысында ылғал мен газдар бөлме-жайдың жоғарғы жағына жиналып қалмауын ескеру керек, сондықтан ауаны алып кететін саңлау, алмасу қондырғылары жоғары аймақтарда орналастырылады. Одан бөлек жуу мен өздігінен ағу жүйелері арқылы бөлме-жай ішіндегі еден мен еден асты қоқыстарын тазарту арқылы ауада жағымсыз иістердің таралуына жол бермейді. Сонымен қатар, бөлме-жайлар көлеміндегі зиянды газдар мен микроағзаларды тазартады. Малдар мен құстар орналасқан жайларда немесе орындарда жылы ауа беріліп тұрады. Өндірістік жайларды жылыту үшін арнайы бетондалған панелдері бар электрожылытқыш қолданады. Сауу дәліздеріне, сауылатын сиырды кіргізу-шығару кезінде бөлмеге кіретін суық желдің есебінен температураның күрт төмендеуінің алдын алу үшін кіру есігінде қондырғы перделер орнату керек. Жем беру цехтарындағы шаңдану мөлшерін азайтуда орынды сериялы жабдықтар орнату, жемнің мөлшерін, араласуын және тасымалдануы бойынша процесстерді барынша механикаландыру және технологиялық автоматтандыру. Жем әзірлейтін құрылғылардың орналасқан жерінде міндетті түрде технологиялық жабынды қондырғылы жергілікті шаңсорғышы бар желдеткіштер болуы керек. Ұсақ және сусымалы шаңданатын материалдардың орнын ауыстыру кезінде, пневмокөліктің көмегімен көшу жұмыстарын жүргізу керек. Газ тәрізді заттектермен ауа ластануының алдын алудың басты әдісі, бұл – бөлмеде кезекті тазалау шараларын жүргізу, бөлмені көңнен, шаңнан, микроағзалардан тазалау, жемге арналған науалардағы жем қалдықтарынан тазалау, дезинфекция жасау , тазалықта ұстап тұру жалпы санитарлық жұмыстарды атқару. Жем тарату тәсілі кезінде жұмыс жүйелі түрде беріледі, үйткені заттарды жұмылдыру көмегімен ауаны шығатын газдармен, шаңмен қосымша ластануға әкеледі. мобильді жем тасымалдауға қарағанда, жемді стационарлы тарату әдісін қолдану – шаңмен ластану, зиянды газдардың бөліну деңгейін әлдеқайда төмендетеді. Жем таратуда құрылғыларды жұмылдыру интенсивті шудың көзі. Қыс мезгілдерінде, шығу-кіру қақпасын жұмылдырылып жем тарату кезінде ашылып-жабылуы микроклиматты төмендетеді.. Гигиеналық көзқараспен қарағанда көлікті құралдар жұмылдырылыпең жем тарату көлігі – электрокар. Электрокар – басқа көліктерге қарағанда газдар мен шуды аз мөлшерде шыарады,шығатын газбен ауаны ластамайды, тракторлармен салыстырғанда шу аз болады. Мал ұстап – бағатын бөлмедегі ауаның микроағзалармен ластану деңгейін төмендету мақсатында бактериоцидті лампалар қолданылады. Қолданыста БУВ-15, БУВ-30, ЗОП, ЗОП-60 сияқты бактериоцидтік шамдар қолданылады. Шамдарды арнайы қалқалармен қоршап, қызмет көрсетуші жеке тұлғалар мен жануарларға теріс әсер ететін интенсивті және тікелей түсетін ультракүлгін сәулелерді болдырмайтын жабдықтармен қамтылады. Жағымсыз иісті азайту мақсатымен электірліжәне химиялық озондаушы қасиеті бар түрлі дезодаранттарды, мысалы: хлорлы әк, аммоний сульфаты, патенті бар арнайы «митоген» препараты, «содор», «биозин», т.б. қолданады. Малдарды ұстайтын бөлмелерді токсикалық және биологиялық активті препараттардың аэрозольдарымен өңдеу кезінде, қызмет көрсететін жеке тұлғалар, міндетті түрде респиратор мен көзілдірікті жұмыс атқару кезінде киюі керек. Пестицидтерді қолдану ереже мен техникалық регламенттің қатаң сақталуын талап етеді. Шу деңгейін азайту мақсатында: шуды оқшаулауда, шуды басуда және т.б. келесі шаралар қолдануда шу шығармайтын технологиялық қондырғылар керек Бұл шараларды мал шаруашылығы кешендерін жобалауда немесе құрылыс барысында ойластырылуы керек. Қондырғылардың дұрыс жұмыс істелуін тексеріп тұру керек. Желдеткіштерді ғимараттың сыртқы бетінде орналастыру керек. Ауа әкелетін желдеткіштік қондарғыларды әзірлеуде, шу шығармайтын, ауаны жайылмалы беретін ойық пленкалы материалдан әзірлейді. Операторлар азық беру мен ветеринарлы-профилактикалық шараларды жүргізу кезінде, зиянды факторлардан сақтану үшін - шудан жеке бас қорғаныш заттарын қолдануы ұсынылады. Антибиотиктерді малға егу дозасы (мөлшері) мен түрлеріне қатаң гигиеналық және ветеринарлық қадағалау жүргізу керек. Антибиотик және биологиялық активті заттармен жұмыс істейтін мал шаруашылығындағылар іш өту жағдайларының алдын алу үшін, сүтқышқылды өнімдерді тұрақты түрде қабылдайды. Бұндай өндірістік факторлармен жұмыс жасайтын адамдарға жылына бір ай «Бификол», сүтті коли- немесе лактобактерин екі ай ішінде дәруменделу ұсынылады. Бұған қоса мұрын-жұтқыншаққа профилактикалық шара ретінде натрий бикарбонаты, новокаин, эфедрин мен жасанды теңіз суымен ингаляциялау. Бұл шаралар медпункт пен профилакторияларда жүргізіледі. Жақсы механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс мекемелерінде, мысалы – заманауи құс фабрикаларында, құс операторларын жағымсыз өндірістік факторлардан оқшаулау үшін, технологиялық үдерістер, қондырғылар орналасқан бөлек-оператор бөлмесінде қолайлы микроклимат параметрлерін басқаратын операторлық бөлек технологиялық пульті орналасқан. Қондырғылардың жұмысын, құс әрекеттерін бақылау өндірістік бақылап көру құралдары немесе арнайы әйнек арқылы орындалады. Оператор бөлмесіне кіру тамбур арқылы өтеді, жуынуға және дезинфекцияға арналған заттар мен ауаны стерилдеуге арналған қондырғылары бар. Еңбек етуде шаршау,қажумен күресу - әр түрлі шаруалардың еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданылатын еңбек ету мен демалысты тиімді өткізу. Гигиеналық тұрғыда әртүрлі мал шарушылығы саласындағы операторлар үшін қолайлы типтік қолайлы режимдік сызбаның бейнеленуі ұсынылады. Машиналы сауу операторлары үшін гигиеналық жағынан тиімді болып келетін – екі ауысымды жұмыс режимі. Екі ауысымды режимді енгізу, жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылық қасиет пен техниканың үзіліссіз жұмыс жасауын талап етеді. Өйткені, тек бұл жағдайда операторлар жануарларды күту жұмыстарын уақытылы және сапалы атқара алады. Операторлардың ауысу кезегінің ең тиімдісі, бұл – апталық ауысу режимі. Аптасына 2 демалыс күні қарастырылған. Еңбек режимін ұсыну кезінде, жұмыстың ерте (сағ.4-5) басталып, жай (сағ.22-23) бітіруінен алыстау болу керек. Сүт өндірісінде бұндай режим ақталмаған. Ағымды әдіспен сүт беретін сиырларды сауу жұмыстарын сағат 6 мен 20 арасында жүргізу, сиырлардың өнімділігіне еш әсер етпейтіні ветеринария ғылымымен дәлелденген. Мал-байлайтын кешендерінде оператордың типтік режимі - 5 күндік жұмыс пен 2 күндік демалыс. Жұмыс сағаты 7 ден басталып, 17 де аяқталады, түскі асқа 2 сағат беріледі. Малдарды күтіп-бағу өзіне 24 сағаттық ағым құрайды: сағ. 7 ден 11 дейін, сағ. 15 тен 17 дейін. Шошқа өндіру кешендеріндегі операторлардың ыңғайлы типтік жұмыс режимі – 8 сағаттық ауысымды жұмыс атқару, оның ішінде регламентте көрсетілген 1 сағаттық түскі асқа үзіліс, ал 5 күндік 2 демалыспен жұмыс режимі кезінде – жұмыс сағат 8 ден 17 дейін, оның 1 сағаты(сағ.12-13) түскі асқа үзіліске беріледі. Мал шаруашылық комплекстерде малдың жасына, жынысына қарай оны күтіп-бағудың түрлі әдістері бар және бұл режимдер белгілі бір факторларға байланысты үнемі реттеліп тұрады. Бірақ, реттелу кезінде физиологиялық – гигиеналық талаптардың, еңбек жағдайы мен еңбекті бөлу нормалары мен заңдылықтары бұзылмауы тиіс. Малға қарайтын малшыларға арнайы киім кешектермен қамтиды. Мал өсіретін комплекстердің санитарлық нормалар мен ережелер өндірістік үдерістердің 3в топтарағылардың үнемі малмен жұмыс істейтіетендіктен санитарлы-тұрмыстық кешендері болу керек, құрамында: санитарлық өткізу тұрағы, әйелдерге арналған жеке бас гигеналық бөлмесі, асхана, және т.б.болады. С шаруашылығы
Құс шаруашылығы өндірісінде өндірістік үдерісс ағымды типте құстың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады. Негізгі өнім мен алғашқы өңделген өнім алу (құс,жұмыртқа) үшін, оларды тауықтан инкуботорлық жұмыртқа алатын бір топ, инкубациялау және балапан , өсіру, өндірістік топтарға бөледі. 55. суретТауықты торда асырау
Құс шаруашылығы өндірісінде құсты торда ұстап -бағу әдісі қолданылады (ең басты өндірістік процесстердің механикаландырылуына байланысты әр түрлі: 1, 2, 3 деңгейлі батареялық торлары (55 сурет) немесе жардегі ауыстырылмалы төсеніштер қолданылады (56 сурет). Типті құс үйшіктері құрастырылады: павильон типті және көпқабатты. Көп жағдайларда құрылымдар терезесіз, жасанды жарықтандырылады. Жарық деңгейі мен ұзақтығы жарықтандыру технологиясымен реттеледі. Мәселен, ересек жұмыртқа беретін тауықтар үшін жарықтандыру күніне 17 - 18 сағатқа созылады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде индустриялық технология ұйымдастыру үшін механикаландырылады, ал кейбір жағдайларда - негізгі технологиялық үдерістер жануарларды азықтандыру және суару, көң шығару, ветеринарлық емдеу автоматтандырылады. Су беру науалары арқылы, малдарды автоматты суғарғыштар мен орындалады. Азықтың берілу режимі мен құрамы құстың түріне, жасына, жынысына және экономикалық жағдайларға байланысты болады.
56 сурет ашық аулада ұстау Жемді азықты дайындау оны әзірлеу азық цехында жүргізіледі. Жем тарату тракторлар немесе автокөлік негізінде құбырлар, конвейер таспалары және ұялы тасымалдағыштары арқылы жүзеге асырылады. Малдарды тегіс бетті еденде қарап-күткенде көңнен тазалау үшін механикалық конвейерлер пайдаланылады. Төсемсіз саңылаулы еденде (сурет 57) мал көңін, заманауи мал шаруашылығы кешенінде қолданылатын гидравликалық тазалағыш жүйелерін қолданып тазалайды (өздігінен ағып кету, сумен жуу, т.б.). Малға арналған өндірістік ғимараттарда жағымды микроклимат қамтамасыз ету, артық жылу, ылғалдылық пен газды жою үшін ауа алмасу желдеткіштермен жабдықталады. Өндірістік шошқа шаруашылықтары көбінесе механикалық ауа алмастыру мен жылыту қондырғылары арқылы саңылаулардағы ластанған ауаны жояды. Мегежін-шошқаларға арналған едендер қосымша электірлік жылу жүйесімен жабдықталады. Мал ұстауға арналған үй-жайлар, әдетте, тек табиғи желдету жүйесімен (сорғыш шахталар) жабдықталған және олармен жылтылмайды.
![]() |