![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Дисплей тұтынушысының жұмыс орыны
Дисплей тұтынушысының жұмыс орынын жабдықтау кезінде бейнетерминалды арнайы үстелде, артқы панелі кабырғаға карап тұратындай етіп (өйткені артқы панель маңында электрлік өрісі кернеулігінің максимальды деңгейі тіркелген) орналастыру керек, экран терезеге немесе басқа да экранда жарқырауықтар беретін тікелей жарық көздеріне қарама қарсы орналастырыл-мауы тиіс. Бөлмедегі жарықтандыру жағдайы көрулік комфорттылықты сақтауда үлкен орын алады, және жоғарыда көрсетілгендей гигиеналық нормативтерге сөйкес жетілген болуы керек. Бір жағынан экраннан ақпараттарды қабылдауға еш нәрсе кедергі келтірмеуі керек, ал екінші жағынан – тұтынушы клавиатураны, өзі жұмыс істейтін қағаздағы сөз жолдарын, сонымен қатар, жұмыс уақытында араласуына тура келетін адамдарды және айналасындағы жағдайды жақсы көріп отыруы керек.
Дисплей тұтынушыларының жұмыс орындарыны тікелей терезеге жақындықта орналастыруға болмайды. Барлық жағдайда да монитордың экраны жарқырауықтар бермейтіндей етіп, ал атап айтқанда - тікелей жақынырақ етіп, терезеге бұрыш жасап орналастыру керек. Жасанды жарықтандыру аса жарық болмауы керек. Бөлмені жарықтандыратын жалпы шамдармен қоса, тек қана тұтынушы жұмыс істейтін сөз жолдарын жарықтандыратын, қатты шыра қалпақты жақсы жергілікті, жарық шамдар (60 Вт кем емес) қолданылады. Мұның қағидасы түсінікті болуы керек: яғни, дисплей экранына мүмкіндігінше аз жарық түсуі керек. Мұның бәрі дисплей тұтынушысының жұмыс орнын ұйымдастыруына және дұрыс еңбек тәртібіне ерекше талаптар қояды. Монитормен жұмыс істеуді бастамас бұрын тұтқалардың көмегімен экранда ең комфортты контрастылық және жарықтықты калыптастырып алу қажет. Олар жеке дара таңдалынып алынады, яғни аса төмен контрастылық және жоғары жарық болуы тез шаршауға алып келуі мүмкін. Түрлі түсті мониторлар үшін де фон мен сөз жолдарының ең жиі кездесетін түс жұптары жеке дара таңдалынып алынады, ең жиі оппозиттік деп аталатын түстер қолданылады, оларға ақ-қара, сары-көк, қызыл-жасыл жатады. Бөлек түстерді қабылдауда көздің түс сезуші затында өтетін химиялық реакциялар жүреді. Бұл заттың ыдырауында ақ, қызыл және сары түстерді, қайта қалпына келуінде - қара, жасыл және көк түстерді сезіну болады. Дисплей тұтынушысының жұмыс орнындағы жарықты режимді таңдауда 40 жастан асқан адамдарда көру жүйесінде жасқа байланысты өзгерістер (қарашықтың тарылуы, мөлдір қабықтың сарғаюы, көрулік белсенділіктің және торлы қабықтың контрастты сезімталдылығының төмендеуі) пайда болатынын ескеру керек. Бұның бәрі экранның жарықтығын күшейтуді және жұмыс орнын (қағаздағы сөз жолдарын) қосымша жарықтандыруды талап етеді. Жеке дербес компьютерлері бар жұмыс орындарын орналастырудың ұсынылмайтын және ұсынылатын варианттары а) ұсынылатыны
Жиһаз таңдау Орындық таңдау. Бәрімізге белгілі, ұзақ уақыт отырып жұмыс істеу адам үшін зиянды, сондыктан да, ыңғайлы жұмыс орындығы - ол біздің денсаулығымыз, және көңіл күйіміз, еңбекке қабілеттілігіміз, және енбек өнімділігіміз. Эргономикалы, дұрыс құрастырылған орындық адам денесінің биомеханикалық жүйесіне сәйкес келуі керек. Компьютермен жұмыс істеуде дене салмағының басым көпшілігі отырғышқа түседі. Сондықтан да, оның пішіні барлық аудан бойынша салмақтың біркелкі таралуына ықпал жасауы керек. Жұмыс орындығы негізіне қатысты еркін айналатын болуы қажет, биіктігі бойынша реттелетін және бұдан бөлек арқалықтың еңкею бұрышын (егер отырғышты да өзгерту мүмкін болса, жақсы болар еді) өзгерту мүмкіншілігі болуы қажет. Отырғыштың тысталуы да тиімді, ұзақ уақыттық дене ауыртпалығына төзімді және де таза, яғни, адам денсаулығы үшін зияны жоқ және жұмыс кезінде ыңғайлылық және комфорттылықты қамтамасыз ететін материалдардан жасалынуы тиіс. Отырғыштың ең жақсы биіктігі - аяқ өкшелері толығымен еденге тиіп тұрса, ал тізені бүгу бұрышы бұл кезде 90° құраса, отырғыштың жиегінің жұмсақ, төмен иілген пішінде болуы аса маңызды. Ол қан тамырларына түсетін қысымды болдырмауға және қан айналымын бұзбауға ықпал жасайды. Адамның омыртқасы интеграл белгісін еске салады. Демек, орындықтың арқалығы да осы қалыпты сақтауға ықпал ететіндей, сәйкес пішінде болуы керек. Орындықтың арқалығы мен отырғышы арасындағы бұрыш 90 ° -тан сәл ғана асуы керек. Кейде орындықтар бір мезгілде орындықтың арқалығы мен отырғышының еңкею бұрышын, адамның омыртқа жотасы уақыттың кез-келген сәтінде дұрыс қалпын сақтайтындай етіп өзгертуге мүмкіндік беретін арнайы механизмдермен жабдықталады. Егер орындықтың арқалығы арқаның тек төменгі жартысын ұстап тұратындай, бірақ бұл кезде жұмыс барысында қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіліп, қатты бекітілмеген болса жақсы болады. Бірқатар тұтынушылар орындықтардың шынтақ тіректер мен басты қойғыштарынсыз болғанын қалайды, олар оны босаңдық және өзіндік тәртіпсіздік белгісі деп өздерін ақтауға тырысады (жұмыс орынын еңбек етуге арналған, демалысқа емес, онда он жаға- жайлық шезлонгтарға (арқалығы көлбеу отырғыш) ұқсатып не керегі бар деп ойлайды). Ал денені босатып және газет оқу үшін олар екінші біреулерін қарапайым жұмсақ жиһаз жиынтығынан тұратын креслоларды немесе диван-төсектерді пайдаланады. Бұдан басқа олар кезеңді түрде орындықтан креслоға орын ауыстыра отырып аяқтарын кішкене болса да босатады және көздерінің монитордан дем алуына мүмкіншілік жасайды. Мұндай көзқарастың да жақсы жақтары бар, бірақ та бәрінен де комфортты реттелініп отыратың, шынтақ тірегіштері және басты қойғыштары бар жұмыс креслолары жағымдырақ, оларда кез-келген сәтте арқалыққа шалқая кету ыңғайлы, көздерді жұмып және жаңа ойлардың туындауын күтіп немесе жаңа еңбек жетістіктеріне шабыттануға мүмкіншілік алуға болады. Бұдан басқа, шынтақ тіректердің биіктігін керегінше реттеп алып (егер, әрине ол орындықтың құрастырылымымен қарастырылған болса), сөз жолдарын ұзақ уақыт теру үшін қолдарыңызды ыңғайлап қойып алсаңыз болады. Ал аяқтарды босатып және өндірістік жаттығулар жасауға сізге кез-келген сәтте болады және ол керек те, тек талабыңыз болсын және мұндай жаттығуларды орындау қажеттігін түсінсеңіз болды. Жұмыс істеу үшін, барлық қалыптары ретке келтірілетін: биіктігі, арқалығының еңкеюі, - арқалықтан отырғышқа дейінгі аралығы реттелінетін, ыңғайлы қозғалмалы креслоның болғаны маңызды. · Міндетті түрде шынтық тіректері бар креслоларды таңдаңыз, онда сіздің дене калпыңызды және қолыңызды қою калпын өзгертуге мүмкіншілік береді. · Егер шынтақ тіректер қысқа болса және қолыңызды үстелден сәл биік қоюды қамтамасыз етсе өте жақсы.
· Арқалығы биік емес, максимум жауырыныңызға дейін болатын креслоларды таңдаңыз. Мұндай кресло тым ыңғайлы және жұмыс кезінде тұлғаның дұрыс калыптасуына ықпал жасайды. · Аяктарыңызды бос ұстау үшін және олар ұйып қалмас үшін, еңкею қойғыштарды қолданған дұрыс. · Есіңізде болсын егер сіздің аяқтарыңыз еденге жетпей тұрса, онда міндетті түрде бүкірейіп отыратын боласыз. Жұмыс үстелін таңдау Өте жиі компьютерлік үстелдерға, шын мәнінде компьютерлік кондырғыларға арналған әмбебап жылжымалы тұғыр сияқты болып қабылданып кеткен бұйымдарды атайды. Ол жерге дербес компьютерден басқа бір нәрсені сиғызу мүмкін емес. Компьютеріңіз үшін «стационарлы» жұмыс үстелін таңдауда, ережеге сай, келесі қағидаларды басшылыққа алады: 1. Үстел, көзімізден тиісті қашықтықта мониторды орналастыра алатындай, сонымен қатар, клавиатураны үстелдің шетінен 20-25 см аралықта орналастыруға болатындай және «тышқанмен» кілемшені ыңғайлы етіп с иғызатындай кең болуы керек. 2. Мониторды орнатқаннан кейін үстел үстінде басқа да ұсақ-түйек заттар үшін орын қалуы тиіс: құжаттарға, анықтамаларға, кітаптарға, бір шыны-аяқ кофеге және т. б., басқаша айтқанда жұмыс барысында қажеттілігі болатын ғана емес, сондай-ақ, оны жетістікті орындау үшін комфортты жағдайлар жасайтын барлық заттарға орын жеткілікті болуы керек. Соның ішінде, олар адамның қолы жететін ортаңғы аумақта (радиусы 35-40 см болатын сектор, шынтақ денеге тиіп тұрған күйінде қол жеткізуге болатын аудан ) немесе қашықтық (радиусы 70-90 см болатын, денені сәл ғана алға еңкейтіп барып қолға ілінетін аудан) аумақта орналастырылады. Және де қол жеткізудің ортаңғы аумағына қаншалықты көп аудан келсе, ол соншалықты жақсы болады. Осы талаптарға сәйкес, ең тиімді жұмыс орыны деп, үстелінің пішіні негізінің орта бөлігінде жартылай деңгелек сияқтанып кесілген, біртекті үш бүрышты еске салатын компьютерлік үстел саналады. Ережеге сай, мұндай үстелдерды бөлменің бұрышын орналастырады. Мұндай үлгідегі үстел асты кеңістіктер жиі үш бөлікке бөлінеді: жүйелік блокқа, аяқтарға және принтердің астына қоятын сөреге арналған бөліктер. Үстелге қосымша монитор үстінен жартылай дөңгелек стеллаждары қойылуы мүмкін.
· үстелдің қолайлы көлемдері монитор мен клавиатураның көлемдеріне байланысты болады, бірақ олардың ені 90 см-ден, ұзындығы - 160 см-ден кем болмауы тиіс. · үстелдің биіктігі бой ұзындығыңызға сәйкес реттелініп отырғаны дұрыс. Бұл шарт, егер компьютерде бала жұмыс істесе аса маңызды. · табиғи жарықтандыру кезінде үстелді терезеден алысырак, жарық сол жағынан түсетіндей етіп орналастырған жөн. · Егер қандай да бір құжаттармен жұмыс істеу керек болса, оларды экранмен бірдей жазыктықта және бірдей биіктікте болатын, жылжымалы тұғырларда орналастыру қажет.
![]() |