Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының ұстанымы 2 часть



Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді және 1867-68 жылдар реформасына сәйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен жүктелген еді.

1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда "село тұрғындары мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы" делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс ауыртпалығын бастан кешуге, мәжбүрлікке душар етті.

XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында "Петербург шартына" қол қойылды. Шарттағы 17 статьяның алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында: "Іле аймағының тұрғындарына Қытай қол астындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады"-деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты – оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек және Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.

Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Шелек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары құрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар сайланды.

Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды.

Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы әкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан әрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.

 

Лекция 3-4.

1. Қазақ зиялыларының бірінші орыс революциясы жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі

2. Мемлекеттік Дума және қазақ зиялылары.

 

1.Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің идеологы Дж. Неру былай деп жазған: «біз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық бірақ біздің күресімізге дем берген үлттық сезім жүргізілген әліде жылатып отыр; ол әрбір азиялықтың жүрегіне жылу үялатады, өйткені өткең кездегі отаршылдық туралы естелік оның ақыл -ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен, үлтшылдық Азияның кез -келген бөлігінде әлі де нақтыкүш болып отыр. Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық саны - сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс - ханы үрпағы Ресейдің либерал демократиялық қозғалысының жоғары биліктің қайраткері, бүрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Алихан Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтүрсынов, М.Дулатов және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктестеріне айналды.

2. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары - билердің, батырладың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды. Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара - шаруалардың жұмысшылардың, қала демократиясының мүдделері де білдіреді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығнан азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемінің, оның деимократиялық және отрашылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат, егеменді автономиялық үлттық мемлдекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
Ақпан революциясынан кейін, 1905 жылдан бастап өмір сүрген, алаш қозғалысы қапйта жанданды. 1917 жылғы сәуір - мамыр айларында «Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті.

Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін - өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын мәселелер жиынтығын қарады.
Олардың қатарында азық - түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін - өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап айтқанда, съезд облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет деп тапты. Қазақтардың орыстармен өзара қатынастарын реттеу әдістері босқөындарды Қытайдан қайтару әдістері арнайы қаралды.
Қазақтардың Семей облыстық съезі (27.ІҮ-7.У.1917) Бүкілқазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын қүру туралы өз көзқарасын ұсынды. Съезд Ресейлік бірінші Құрылтай жиналысында Ұлы Ресейді мекендейтін үлыстардың еркіндігі, теңдігі мен туысқандығы баянды етілуі тиіс және оларға өздерінің еаяси өмірін үлттық, түқрмыстық, мәдени, экономикалық тарихи - географиялық ерекшеліктеріне сәйкес қайта құруға мүмкіндік берілуге тиіс деп санады. Съезд дворян-помещиктер үстемдігі түсында қүрылып, ескі режимнің саясатын қолдап келген, қазіргі кезде күні өткен, халыққа мүлде пайдасы жоқ және зиянды шаруа бастықтарды, становойлық приставтар, урядниктер мен дала генерал-губернаторлығы институттарының таралуын талап етті.

1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда, Жалпы қазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарымен ішкі Бөкей Ордасының делегаттары қатысты.Съезд мемлекеттік басқару нысаны, қазақ облыстары автономиясын, жері мәселесін халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін, мәселелерін және т.б. қарады.Көріп отырғанымыздай қазақтың демократиясын жұртшылығын қазақ мемлекеттігі демократиялық реформалар ұлттық саяси өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғы шарттар жасау проблемалары толғандырды. Съезд қазақтың "Алаш" саяси партиясын қүру туралы мәселе қарап оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты."Мемлекеттік басқару нысаны" мәселесі бойынша съезд "Ресейде демократияшыл федерациялық , парламенттік республика болуға тиіс "-деп жазды. Съезд қазақ облыстары "облыстық ұлттық – аймақтық автономия алуға тиіс " деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916-жылғы оқиғаларға қатысып, Жетісу казактар мен уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындарға үшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді. Съезд өлке еңбекшілерін Жетісудың ашыққан қазақ халқын тез арада және шын мәнәнде көмек үйымдастыруға шақырды. Акпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті.1917 жылғы Сәуір айында Түркістан,Башқұртстан,Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.

 

Лекция 5.

1.Ұлт зиялыларын құдалау саясаты.

2.«Қазақ» газеті және азаттық үшін идеологиясының қалыптасуы.

3.Қазақ ұлтшылдығы /1908-1916 жж. /

1905ж.қаңтарда қарусыз халыққа қарсы оқ атқан патшаның қанды ісі жайлы хабар қазақ даласына тез тарап кетті.Қала мен ауылдарды,елдің жиналыстарында патша саясатына қарсы назарлық үндері шыға бастады. Верный қаласының, Әулиеатаның, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семей жұмысшыларымен демократиялық бағыттағы еңбекшілері наразылық шеруге шыға бастады. Қазақтың шаруаларының, орыс жұмысшылары мен қоныс аударушы шаруалардың патша үкіметіне сенімсіздігі күшейе түсті.1905жылы Семей,Торғай және Орал облыстарында аграрлы қозғалыстар жүріп өтті.1905 жылы 1-мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында демонстрациялармен жиналыстар өтті. 1905 ж жазда экономика мен өмір жағдайын жақсартуды талап еткен Қазалы мен Шалқар темір жолшылары көтерілді.

Қозғалыстар Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарының барлығын дерлік қамтып алды. Ірі бас көтеру Өспен руднигінде( Ақмола облысы)өтті,мұнда 300-ден аса жұмысшы еңбек етті,оның 265-қазақтар болды.Жалпы Спасск акцонерлік қоғамында 5000-нан аса қазақ жұмысшылар болды.

Төңкерістің қуатты тасқынынан үріккен патша үкіметі 1-қазанда манифест жариялады,онда-адам ар ұят,сөз,жиналыс,одақ бостандықтары уәде етілді.1905-ж патша атына жазылған көптеген петициялар мен жедел хат ішіннен мазмұны мен принциптілігі жағыннан Қоянды жәрмеңкесінде жазылған петиция ерекшеленеді. Төменде оның бірнеше пунктері келтірілген(барлығы 47-болды).

1.Қазақ халқына мешіт,медресе салуға, медреселерде араб,парсы, түрік тілдерін оқытуға және кітаппен газет шығару үшін баспахана тұрғызуға рұқсат ету.

2.Қазақтарды басқаратын басшылар қазақ тілін білу керек. Оларды тағайындау және орныннан алу қазақ өкілдерінің қатысуымен өтсе. Қазіргі шаруа басшыларының орнына (крестьян начальнигі) бибіт делдалдар болса. Бұл лауазымға жеткілікті білімі бар қазақтарды тағайындаса.

3.Бүкіл іс қағазы қазақ тілінде жүргізілсе, сондай-ақ хатшылармен күзетшілер,хабар тасушылар тек қазақтардан болса.

4.Бұрынғы заманан рудың игілігінде болған,одан кейін әскердің пайдасына бнрілгенЕртіс бойындағы жерлер,сондай-ақ Жоғарғы Мәртебелінің Кабинетіне тиісті жерлер бұрынғыдай ру жері ретінде мәңгілікке қазақтардықы болып қалса.

5.Қазақ ауылдарына тиісті қырдағы жерлерде тау-кен ісін ашу жердің иелерінің қазақтардың өздеріне берілсін,зауыт ашуға,шахта жасауға және т.б. ұсынылады.Егерде олар мұндай кәсіпорыннан бас тартса ғана,десятина бойынша аренда төлейтін басқа адамдар бар осы кендерді пайдалануға рұқсат берілсе.

6.Қазақ ауылдарына миссинерлердің жақындауына тиым салынса.

7.Қазақтар империяның барлық уезд,облыс, губернияларының жер сатып алуға және мемлекеттік қызметке орналасуда провославия діндегілермен тең құқығы болса.

8.Мектептерде хрестиандық діни сабақтар жүргізілмесе.

9.Қазақ – депутаттар қазақтарға қатысты мәселелер туған кезде Мемлекеттік Кеңеске қатысса.

10.Өткен уақытта қазақтар туралы жағымсыз мәліметтер берілетін , яғни қазақ ұры,қазақ-даукес, қазақ-өтірікші,қазақ-жалқау деген сияқты, әрине бұл жоғарғы лауазым иелерімен бейшара қазақтар арасында түсініспеушіліктерге әкеледі.Шын мәнінде патша бодандарының арасында қазақ халқы ең шыдамды,ең төзімді ел.

2. Дала мен Түркістан аймақтық парламентарийлерімен, Ресей Мемлекттік Думасының бірінші және екінші шақырылымндағы қазақ депутаттарының тағдырымен, ел үшін еткен еңбектерімен таныстырады. Депутат-қазақтардың Дала және Түркістан аймақтарындағы қоғамдық –саяси өмірі ғана емес, күллі империядағы салмағы ой өлшеміне салынады.

Бұл ғылыми еңбекте Ресей мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының жұмысы мен құрылымы сөз етіледі.

Әлуметтік-экономикалық, саяси мәселелердің дұрыс әрі бейбіт жолмен шешілуіндегі парламентаризмнің рөлі мен көрсетіледі.

1. Ахмет БІРІМЖАН -1871 жылы туған, І және ІІ думаларға Торғай облысынан депутат болып сайланған. Екі кластық училищені, Орынбор гимназиясын және Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Біраз жылдар Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып істеген. Ағартушы –демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. 1906 жылы 2 шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.

2. Сәлімгерей ЖАНТӨРЕ – 1864 жылы туған. І Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург универсиетінің заң, Мәскеу университетінің физика- математика факультеттерінде оқыған. Губерниялық земствоның бастығы қызметін атқарған. Өзі башқұрт жерінен депутат болып сайланса да туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыстанып кетуінен қауіптенген адам.

3. Алпысбай ҚАЛМЕН-1860жылы туған , І Думаға Орал обылысанан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , Орныбор гимназиясын бітірген соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі болған. Халқының білім алып, отырықшы болуы істері оны үнемі толғандырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.

4. Дәуіт НОЯН ТҰНДЫТ-1860 жыл туған, І Думаға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқаты отбасында туып, пташа лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.

5. Шәмерден ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫ-1869 жылы туған, І және ІІ думаларға Ақмола обылысанан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты , бай адам деп көрестілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті ІІ Думаның ресми тізімнен кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халқыты қанушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.

6. Әлихан БӨКЕЙХАН -1870 жылы туған, қазақ халқының рухани көсемі. Алаш партиясының және Алашорда өкіметінің төрағасы. І думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , алдымен Қарқаралдағы Зариф молда медресесін, одан кейін төрт жылдық қалалық кәсіптік училищені және техникалық училищені бітірген. 1890 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтыга түседі. Осы жылдарда орыс демократтарымен тығыз араласып, олар Ә. Бөкейханның саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған «Қарқаралы петициясының» ұйымдастырушысы болды. Үкіметке қарсы үгіт жүргізді деген айыппен полиция 1906 жылы қаңтар айында Павлодар абақтысына қамады. Дәл осы уақытта Думаға сайлау қызу жүріп жатқан. Тек 30 сәуір күні ғана халықтың ноы сырттай Думаға сайлап қойған белгілі болған соң ғана амалсыз босатты. Бұл кезде І-ші Дума өзінің жұмысын бастап кеткен еді. Сөйтіп, халық қалаулысы оның жұмысына тым кеш келеді. Өмірінің соңғы күніне дейін Әлихан Бөкейхан халқының жоғын жоқтап, сол үшін қолынан келгеннің бәрін жасап, қызу күрес жүргізгені белгілі.

7. Темірғали НҰРЕКЕН-1858 жылы туған, ІІ Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын да өтеген, діни сауатты адам екен.

8. Тілеулі АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ -1856 жылы туған ІІ Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімді, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.

9. Мұхамеджан ТЫНЫШБАЙҰЛЫ-1879 жылы туған. Қазақ арасынан шыққан тұңғыш темір жол инженері. ІІ Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Сонан соң Санк-Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен. Осы оқу орнында жүрген жылдар оның саяси көзқарасы қалыптасады. 1905 жылғы Петербордағы автономияшылар одағының І құрылтайына қатысып, «Қазақтар һәм азаттық қозғалысы » губернаторлықты жойып, азаматтық басқару жүйесіне көшу, Мемлекеттік Думаға халықтың санына сәйкес мандат беру, арождан, сөз бостандығы беру, баспахана, газет –журналдар ашу, т.б. мәселелерін көтерген. Қазақтың өз еліндегі және шетелдегі саны, қоныстану жиілігі, т.б. зерттеп, ең алғашқы ғылыми –демографиялық еңбек жазған. Кеңес одағы кезінде ол өз маманыдығы бойынша түрлі қызметтер істеді. Бірақ Алаш партиясына мүше болғандығы себепті НКВД соңына шырақ алып түсіп, 1932 жылы тұтқындап, Воронежге жер аударады. Есіл ер сол жақта көз жұмады.

10 Бақтыгерей Қаратай -Әбілқайыр ханның шөбересі .,1860 жылы туған. 2 Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын ,ал 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген . Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Орал облысынан он сегіз отбасы бірге барады. 189 жылдан туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарады. Кеңес одағы кезнде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы, 74 жасында дүниеден өтті.

11.Бақтыгерей Құлман– 1857 жылы туған. I және II Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған ауқатты адам болған. Депуттаттардың тізімінде жоғары білімді шенеулік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.

12.Молда Тайынұлы I Жетісу облысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған.Сондықтан болса керек оның есімі ресми тізімге енгізілмеген. Ол туралы басқа деректер жоқтың қасы.

 

 

Лекция 6

Қазақ зиялылары бірінші І-дүниежүзілік соғыс және 1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс

тұсында.

Қазақ зиялылары І-дүниежүзілік соғыс кезінде.Ұлт зиялыларының 1916 жылғы көтеріліс

қарсаңындағы және тұсындағы қызметі.

Көтерілістің ұлт -аралық қақтығысқа ұласуы.

1. 1914 жылғы бірінші тамызда бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Онда империалистік державалардың екі мықты тобы-Антанта (Англия, Франция, Ресей және олардың одақтастары) мен Австрия-Германия блогы (Германия, Австрия-Венгрия, Түрция және олардың сателиттері) бір-біріне қарсы шықты.
Ресей соғысқа әзірліксіз, әскери-өнеркәсіптің қуаты төмен күйде, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті; армиясының әскери-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі нашар еді. Отарлықтағы, сондай-ақ жергілікті жердегі мемлекеттік аппарат азғындағы, бюрократизмге, қазынаны ұрлауға, жемқорлыққа белшесінен батқан-ды. Әскери және азаматтық шенеуніктер арасында сатқындық жаппай етек алған. Қатардағы солдаттардың жауынгерлік қаһармандығына қарамастан, орыс армиясы жеңіліске ұшырап, шегіне берді.
2. Патша өкіметі соғыс басталған алғашқы күннен-ақ Қазақстанның барлық облыстарында “Төтенше жағдай” енгізді: жиналыстар өткізуге, стачкаларға, ереуілдерге, жұмыстар жалтауға тыйым салынды. Тек өкіметке ғана емес, тіпті жергілікті патшалық әкімшіліктерінің лауазымды адамдарына қарсы шыққандардың дарға асылатынын жариялады. Мұндай режимді түрлі шенеуніктер, болыс басқарушылары мен ауыл старшындары полицейлік және әкімшілік озбырлықты қоздыру, әр түрлі қоқанлоқылық, парақорлық, жергілікті халықты тонау үшін пайдаланды.
1914 патшалық Ресейдің дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азыған соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

 

 

Лекция 7

1917 жылғы Ақпан төңкерісі және Қазақстан

1. Ақпан революциясы және қазақ ұлт-азаттық қозғалысының жаңа міндеттері.

2. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қызметі.

3. Ә.Бокейханов Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары

Майдандарда жауды жеңу мақсатына деген сылтаумен қазақ халқын тонау, олардың жеріән тартып алу одан әрі жалғасты. Бұл әсіресе Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және Қазақстанның басқа да облыстарында күшейе түсті.
Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473.928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруашылығын кәсіпорындарға, бай-кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті. Бұл кезде әр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, онда қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық-әскери салық аслды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгілінді.
Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға қарай 2 миллион 703 мыңнан астам десятина шұрайлы жер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.
2. Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоныр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор-Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.



Просмотров 2753

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!