Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



І БӨЛІМ: АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАНАТЫ 5 часть



Тәуелсіздіктің алакөбеңінде М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс сияқты бірқатар ғұламалар тәуелсіз ұлттық тарихтың іргетасын қаласа, аға буын тарихшылар Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев, Х.Әбжанов, Қ.Атабаев және т.б. ұлттық тарихты тың мазмұнмен байытып, концептуалдық тұрғыда сапалық жаңа деңгейге көтерді. Десек те, әр буынның атқарар өз міндеттері бар, бағындырар өз биігі бар. Одан артықты талап ету орынсыз. Олардың бастап берген бағытын өкшелес келе жатқан кейінгі буындағы қазақ тілді, қазақы рухты тарихшылар одан әрі жалғастырмаса ұлттық тарих базбір орыс тілді тарихшылар тұжырымдағандай «мифотворчество» деңгейінде қалып қоймайды ма?

Әрине, қол қусырып қарап отыра берсек, беделге жүгініп, бүгінгі құбылысты кешегі қоғамның әдістемесімен бағаласақ, ең бастысы тарих ғылымындағы ұлттық мүддені топтық мақсатқа жүгіндірсек төл тарихымыз ақиқатты аңыз, аңызды ақиқат деп ұсынатын балаң күйден жуық арада арылмасы хақ. Әсіресе, тәуелсіздіктің қарсаңында және алғашқы жылдары ұлттың рухын көтеруді мақсат тұтқан азаматтық тарих мазмұны одан әрі жаңа аңыздармен толыға беретін болады. Осыдан барып кейінгі буын тарихшылардың басты міндеті туындаса керек. Ол міндет – отандық тарих ғылымының мазмұнын ұлттық мүдделерді ескере отырып, әлемдік ғылыми ойдың жетістіктеріне сай теориялық және әдіснамалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеру.

Қазіргі кезде Алаш қозғалысының тарихына қатысты деректер жүйесі толық қалыптасып бітпегенімен қолда бар деректердің өзі осы тарихи болмысты қалпына келтіретін жаңа да іргелі тұжырымдар жасауға жеткілікті деп айта аламыз. Осы деректердің негізінде Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы ғылыми тұжырым негізделді. Бұл тұжырымның мәні Алаш қозғалысының географиялық ауқымын едәуір кеңейтіп, оның көтерген ұлттық идеясының жартылай жария, жартылай жасырын жағдайда өмір сүрген уақыттық шегін де ұзартуға, сол сияқты Алаш қозғалысын тұлғаландыру бағытында да көптеген жаңа есімдетді тарихи танымға қосуға мүмкіндік береді.

Алаш қозғалысы тарихының қазіргі деректік базасы тарихшы ғалымдардың білікті шығармашылық ізденістері арқылы алдағы уақытта тарихи сананы осындай тың ғылыми тұжырымдармен жаңалауда және отан тарихының мәселелерін тәуелсіздік рухында шешуге қызмет жасауы тиіс деп білеміз. Осы деректік және дәйектік негізді ғылыми игеру интеллектуалды тарихтың қалыптасуына бастау бола алады.

 

АЛАШ, ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫНЫҢ ТАНЫС БЕЙТАНЫС ӨКІЛДЕРІ

Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты Алаш қозғалысымен тарихи сабақтастықта салыстыра қарастырудың маңызы зор. Бұл екі қозғалыс бірін-бірі толықтырған, сонымен бірге бір-бірімен ерекшеліктері де көп құбылыстар болғандықтан да оларды өзара ықпалдастықта қарастырған орынды болады. Алаш қозғалысының 90 жылдығынан соңғы уақытта осы құбылыстың тарихын зерттеудің маңызы үлкен. Оның үстіне Алаш қозғалысының тарихы дегеніміз оған қатысқан жеке тұлғалардың да тарихы екендігі белгілі. Тарихи әдебиеттерде Алаш партиясына мүше немесе оған тілектестікте болған 300-ден астам жеке тұлғалардың есімдері белгілі. Бұл сан алдағы уақытта одан да ұлғаюы әбден мүмкін. Осы аталған әрбір тұлғаның өмірбаяны қалпына келтірілсе Отан тарихының мазмұны бұрынғыдан да толыға түсер еді. Әзірге Алаш қайраткерлерінің басым бөлігінің тарихи өмірбаяны қалпына келтіріле қойған жоқ. Тарихшылардың назары ауа қоймаған тұлғалардың бірі – Садық Өтегенов. Түркістан қаласында туып өсіп, Түркістан өлкесіндегі Алаш қозғалысының көрігін қыздырған С. Өтегеновтың өмірі мен қызметін зерттеудің өзектілігі осылай айқындалады.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ Түркістан мен қазақ облыстарындағы ұлт қайраткерлерінің бағдарламалық құжаттарында феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрестің дәлелдері айқындалып, билік институттарын конституциялық жолмен реформалау идеясы қалыптасты. Бұл іс-әрекетте өмірі мен қызметі өлкедегі қоғамдық-саяси оқиғалармен біте қайнасқан Алаш зиялыларының жұмылдырушылық қызметі аса зор еді.

Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында өлкедегі барлық халықтардың күш-қуатын топтастыру қажеттігі өткір сезіліп отырды. Содан да тәуелсіздік жолындағы күресте ұлттық бірлікке қол жеткізу аса маңызды болатын. Осы тұрғыда қарастырар болсақ түркілік және мұсылмандық қозғалыстардың арасында идеялық алшақтық жоқ, қайта оларды отаршылыққа қарсы күреске топтастыратын ортақ мүдде, ортақ күрес тәсілдері жеткілікті еді. Ташкентте мұғалімдер семинариясын бітірген, ескіше, жаңаша сауатты Садық Өтегенов бұндай ұлт-азаттық идеяларымен жақсы таныс болатын.

1917 ж. большевиктердің Ташкентте билікті күшпен тартып алуы Қоқан қаласында құрылған Түркістан автономиясы үкіметінің тынысын тарылта түсті. Ұлт-азаттық қозғалыстың кертартпа күштерінің өкілі Сералы Лапин большевиктермен ымыраласу жолдарын қарастырды. Өйткені большевиктік билік ұлттық мемлекеттік құрылыммен санаспады және оның талаптарына құлақ аспады. Осыған байланысты мәлімдеме жасаған Сералы Лапин 6 қаңтарда Түркістан қаласында өтуі тиіс Сырдария облысы қазақтарының съезіне қатысудан бас тартса, Мұстафа Шоқай Қоқан автономиясындағы үкіметтік дағдарысқа байланысты съезге қатыса алмады. Түркістан өлкесі қазақтарының Алаш автономиясына қосылу мәселесін күн тәртібіне қойған бұл съезге негізін Сырдария облысының делегаттары құраған 82 өкіл қатысты. Алашорда үкіметі атынан Б. Құлманов, М. Дулатов, Т. Құнанбаевтар қатысқан съездің қабылдаған шешімдері біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы ұлттық элита қызметін айшықтай түсті.

Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласы жаңа жағдайда ұлттың рухани орталығы болып танылған тарихи миссиясын осы жолы да атқарды. Алаш зиялылары съезде ұлттық мемлекеттіліктің аса маңызды белгісі – территориялық тұтастыққа қол жеткізу идеясын алғаш рет көтерді. Съездің ұйымдастыру жұмысында Түркістан қаласының азаматтары С.Өтегенов, С.Қожанов, Қ.Қожықов, С.Алдабергеновтер белсене қызмет жасаған. Бұлардың арасында С. Өтегенов пен С.Алдабергеновтер 1917 ж. Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезіне М.Шоқаймен бірге қатысып, съезд аяқталған соң Түркістанға бірге қайтқан, ежелден дос-сырлас адамдар еді.

Бірінші Жалпықазақ съезінде көтерілген қазақ даласындағы ұлттық бірлік, ұлттық мемлекеттілік түріндегі алаштық идеяны Түркістанда іске асыруда бірқатар ерекшеліктер болды. Атап айтқанда, оның ең бастысы – өлкедегі Сырдария және Жетісу облыстарын қазақ еліне қосуға бағытталды. Ұлт мүддесін ұлықтап, тәуелсіздік идеясын Түркістан өлкесінде тынбай насихаттаған қайраткерлердің бел ортасында Садық Өтегенов те болған еді.

Ұлттық элитаның көшбасшысы Ә.Бөкейханов бастаған бір топ ұлт зиялылары Минск қаласынан қазақ даласына қалыптасқан жағдайдың мән-жайын баяндап жеделхат жолдаған. Осы жеделхаттың Түркістан қаласындағы С.Өтегеновке жолдануы да оның өз кезіндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласқандығын аңғартады. Ақпан төңкерісінен соң жол таба алмай абдырап қалған ұлт-азаттық қозғалысқа тың бағыт сілтеген жеделхаттың көлемі біршама шағын болғанымен оның мазмұны өте бай.

Бұл тарихи құжаттың екі түрлі үлкен маңызын атап айтамыз: біріншіден, жеделхат жолданған тұлғалар мен жеделхатты жолдағандардың тізімі сол кездегі жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық элита өкілдерінің жеке құрамын нақтылауға көмектеседі; екіншіден, жеделхат мазмұнында көтерілген идеялар Алаш ұлт-азаттық қозғалысының саяси тұғырнамасын айқындап, ұлттық элита қызметінде басшылыққа алынғандығы. Жеделхат мазмұны ұлттың бірлігі мен тәуелсіздігі сияқты саяси күрестің өзегіне айналған ұлттың идеялардың ақпан буржуазиялық төңкерісінен әлдеқайда бұрын қалыптасып, пісіп жетілгендігін танытады.

Жеделхатқа қол қойғандардың бірі М.Дулатовтың саяси және шығармашылық қызметі Түркістан қаласымен де, Түркістан өлкесімен де тығыз байланыста дамыды. Ол 1912 ж. Семей түрмесінен шыққаннан соң Түркістан қаласын паналайды. Елге жазған хаттарында Түркістанда Садық Өтегенұлы, Қоңырқожа Қожықов, оның жұбайы Латипа Лапина деген оқыған, мәдениетті кісілермен танысқандығын» жазады. Осы хаттағы ең бір маңызды дерек, Түркістан қаласындағы қазақ, өзбек байлары мен қырғыз манаптары Міржақыпқа мол қаржы жинап берген. Орынборға келіп А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановтармен ақылдасып «Түркістанда жиналған мол қаржыны, Уфадағы «Ғалия» медресесі шәкірттерінің қосқандарын «Қазақ» газетін шығаруға бағыштаған[36].

Отаршылардың жасанған әскеріне қарсы саяси-идеялық тәсілдермен күресу – саяси қайраткерлерді қоғамдық өмірдің алдыңғы сапына шығарды. Біз сөз етіп отырған С.Өтегенов те қолына қару алып күрескен жоқ. Ол халықтың ұлттық тәуелсіздікке деген ұмтылысын қолдап-қуаттап, азаттық пен еркіндікке ұмтылған өршіл рухын шыңдауға ат салысты. Мектеп, медреседегі ағартушылық қызметін ұлттың санасын оятуға ұластыра алды. Оның Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының депутаттарын сайлауға қатысып, Алаш съездерін өткізуге атсалысуы осындай игі істердің айғағы.

М.Дулатов С.Өтегенов туралы қомақты деректер қалдырған. Ол елге жазған хаттарының бірінде былай дейді: «Түркістанда, оған таяу жердегі Қарнақ қыстағында, қазақ, өзбек, қырғыз ағайындарының арасында паналап, 1913 жылдың басына дейін сонда болдым. Түркістанда Садық Өтегенұлының үйінде тұрдым... Бұл кісі – Ташкентте оқытушылар семинариясын бітірген мұғалім, нағыз молда, өте мәдениетті қазақ зиялысы, қаламы төселген, мақалалары газеттерге басылып жүретін белсенділерден. Садық – шаруасы дәулетті дерлік кісі, елде тұратын ағайындары малдарын бағып береді. Қаладағы жеке меншігіндегі үлкен қызыл кірпіштен салынған көп бөлмелі үйінің есігі келушілерге ашық. Өздері үй-ішімен меймандос, қонақжайлықтарымен көпшілікті маңайына үйіріп отырады.

<...> Садық Түркістандағы өзінің қаржысына салдырған мектебінде балалар оқытатын. Қолы босында мені ертіп Қарнақтағы таныс өзбектерді қыдыртатын. Сонда екі-үш күн жатып келетінбіз. Сол Қарнақта тұратын ақмешіттік Қоңырқожа Қожықов, оның жұбайы Латифа Лапина деген оқыған, мәдениетті кісілермен таныстым. Біз оларда жиі қонақта болып, араласып жүрдік».[37] М. Дулатовтың бұл хаты С. Өтегеновтің қоғамдық-саяси қызметін айқындайды.

Қаланың зиялыларымен сыйласып, мектеп, медреселерін аралаған жазушының Сұлтанбек Қожановпен таныстығы осы кезден басталған. Осыған байланысты «дәл осы кезде орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген Сұлтанбектің Міржақыпқа жолығып, одан аса құнды пікір естіп, өміріне азық боларлық нәр бағдар тапқаны атап көрсетерлік нәрсе»[38] деген академик Р. Бердібайдың пікіріне ден қоюға болады. Өйткені, Сұлтанбек Міржақыпқа қамқор болған С. Өтегеновты өзіне ұстаз тұтқан және олар жақын араласқан.

Кейін бұл үшеуінің жолы 1921 ж. Ташкентте түйіседі. Олардың арасында ұлттық мүдде төңірегінде терең түсіністік орнағанын аңғарамыз. С.Қожанов ұлттық элитаның жоғарғы эшелонындағы басқару элитасының өкілі болса, М.Дулатов республикадағы шығармашылық элитаның көрнекті өкілі еді. Ал билік құрылымдарында ешқандай ресми лауазым атқармаған Садық Өтегенов туралы Т.Рысқұлов 1924 жылы И.Сталинге жазған хаттарының бірінде мынадай мәлімет береді: «Құрметті, бірақ айлакер, монархиялық бағытты жақтайтын шал. Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтерінің қайраткері. 1913 ж. Петербургке Романовтар отбасының тойына барған. Қожановтың барлық құпиясын біледі. Ол Өтегеновтың тәрбиесін алған. Өзі Қожановтың барлық тағайындаулар бойынша даладағы жаршысы. Болыс болғысы келетіндер Өтегеновке тәуелді. Көптеген коммунистер тек сол арқылы қызмет алады. Өтегенов жанжалдасқан коммунистерді бітістіруші ақсақал қызметін атқарады. Ол менен қандай қызметті қалайтынымды айтуды сұрап, оны Қожанов арқылы орындайтындығын айтты».[39] Т. Рысқұловтың бұл мінездемесі С. Өтегеновтың Түркістан этноэлитасының жеке құрамында шешуші қызмет атқарған ықпалды тұлға болғандығын айғақтайды.

С.Өтегенов пен М.Дулатовтың арасында тығыз ынтымақтастыққа ұласқан байланыс болғандығына деректік айғақтар кездеседі. Мысалы, М.Дулатов 1 қаңтар 1929 ж. тергеу хаттамасында 1920 ж. қарашасында Ташкентке келіп, «Ақжол» газетіне хатшы болып жұмысқа кіріскендігін, ол газеттің мазмұны жөнінде баспасөз беттерінде түрлі әңгімелер мен пікірталастар өрбігенімен олардың өзі қызмет істеген кезеңге қатысы жоқ екендігін жазады.[40] Міржақыптың тергеушіге белгілі себептермен жалтара жауап беріп көптеген кісілердің аттарын ауызға алмауы түсінікті. Т. Рысқұлов оны Қожановтың жақын досы, бұрын бірге жұмыс жасаған, қазір де олар идеялық және практикалық байланыста дей келіп, «Дулатов 1921 ж. Ташкентке шақырылып, «Ақ жолдың» басшылығына тағайындалды»[41] деп жазады. Әрине, бұл шақырудың С.Қожанов пен С.Өтегеновтың тарапынан болғандығын аңғару қиын емес.

Садық Өтегеновтың Мұстафа Шоқаймен байланысы саяси-идеялық қана емес, туыстық, жолдастық сипат алады. Елде қалған Шоқайдың достары оған хат жазып тұрған. Мысалы, сондай хаттардың бірі туралы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тағы бір көрнекті тұлғасы А.З.Валиди «бұл бізге жеткен бірінші сәлем хат» дейді, бірақ ол М. Шоқайдың оған дейін де Түркістанмен астыртын түрде хабарласып тұратынын білмейтін. Осыған байланысты белгілі тарихшы К.Есмағамбетов былай деп жазады: «Германиядағы түркістандық студенттерді бақылауға алған кеңес елшілігінің хабарларында Ғ.Бірімжановпен бірге Лапин Мұңайтпастың есімі де аталады және ол С.Қожановтың «қайнысы» деп көрсетіледі. Әңгіме Лапин Мұңайтпастың баласы Әбдірахман (Лапиннің немересі) туралы екендігі, ал оның С.Қожановқа «балдыз» болып келетіндігі, Сұлтанбектің ол арқылы М.Шоқайдың амандық-саулығын біліп тұрғандығы мәлім. Әбдірахман 1920 жылы Түркістанда Сыр бойындағы жалайыр Садық Өтегеновтың қызы Сараға үйленеді. Айналып келгенде, бұлардың барлығы да (Қ.Қожықов, С.Өтегенов, С.Асфендияров, Лапиндер) М.Шоқаймен көптен бері таныс адамдар болатын. Әбдірахман – Орта Азия мемлекеттік университетінің тұңғыш түлегі, ол бұл оқу орнын Ғ.Бірімжанов, Ескендір Мангелдин, Мұстафа Бөкейханов, Сүлеймен Есқараевтармен бірге бітіреді».[42]

Парижде елін, жерін аңсаған Мұстафа Шоқай өткен күндерді еске алып, досы Садық Өтегенов туралы мынадай мақала жазады: «Петербургке қайтып оралған соң, түркістандық Өтегенұлы Садық деген досымның өзінің Петебургке келмек екенін айтып жолдаған бір телеграммасын алдым. Келетін күні мен оны вокзалға барып қарсы алдым. Екеуіміз мен тұрған жерге келдік. «Аздаған алтын ақша әкелдім. Түрік елшісіне өз қолыммен табыс етуім керек еді» деді ол маған ентігін басып үлгермей жатып. Ол кезде Түркияның Петербургтегі елшісі Тұрхан паша болатын. Арада екі күн өткен соң, кешке таман көшеде адам аяғы саябырлаған кезде, Садық екеуіміз Түркия Елшілігіне келіп Тұрхан пашаның қабылдауында болдық. Түрік елшісі кең қабылдау бөлмесінің ішінде оңаша отырып, бізді мұқият тыңдады. Садық оған түрік жаралыларын емдеу үшін шалғайдағы Түркістанда тұратын түрік қандастары жинаған азын-аулақ ақша әкелгенін айтқанда, елшінің көңілі босап, көздерінен жас парлады. Оған қосылып Садық екеуіміз де жылап алдық... Қадірлі Садық, сен қазір қайда жүр екенсің? Әлде Түркістанның қазіргі қожайындары жағынан итжеккенге кеттің бе? Жоқ әлде аштан өліп қалдың ба?..».[43] Мұстафа қойған бұл сұрақтың жауабы алашшыл азаматтардың бәрін де қызықтырары сөзсіз. «Қазақ» газетін шығаруға ақша жиып берген, «Алыстағы бауырыма» деп Мағжан ақын үн қосқан түркілік бірлік идеясына қадари-халінше қол көмегін аямаған ұлтжанды Садық итжеккенге айдалған жоқ. Аштан да өлмеді.

1874 жылы қазіргі Түркістан қаласында туған Өтегенов Садық Қалмұхаммедұлы 1937 жылдың 19 қарашасында Ішкі істер халық комиссариаты облыстық басқармасы «Үштігінің» шешімімен сотталып, атылған. 1957 жылдың 17 шілдесінде ақталған.[44] Түркістандық Алаш қайраткерінің үстінен жүргізілген қылмыстық істің нақты мазмұны белгісіз. Оған тағылған айыптың ең бастысы – оның Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болғандығы. ОГПУ органдарының қолында алашордашылар туралы көптеген мәліметтер жинақталғаны белгілі. Бұл арнаулы органдар С. Өтегеновтың да ұлтшылдық қызметіне қатысты деректерді молынан жинаған болса керек. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің архивінде сақталған С.Өтегеновтың жеке ісі көптеген құнды деректерді жарыққа шығарар еді. Бұл деректердің маңыздылығы – Түркістан қаласының да Алаш қозғалысының іргелі орталықтарының бірі болғандығын деректік негізде дәлелдейді.

20-жылдары ұлттық элита арасында кең өріс алған топшылдық күрес мазмұны жағынан өте күрделі процесс. Оны жеке тұлғалардың қоғамдық-саяси әрекетімен ғана байланыстыру мәселенің шынайы табиғатын аша алмайды. Оған тұтастай теориялық-әдіснамалық негіз керек. Олай дейтініміз, осы топшылдық күреске голощекиндік идеологиялық жүйе жершілдік, рушылдық мазмұн беріп келген. Қазіргі кезде Отан тарихында айқын байқалып отырған әдіснамалық дағдарыс жағдайында кейбір тарихшылар осы тұжырымдаманы одан әрі жалғастыруда. Мәселеге тарихи объективтілік қағидасымен көз салар болсақ, осы топшылдық күрестің ең басты қозғаушы факторы – рушылдық та, жершілдік те емес, таптық көзқарас екендігіне тарихи деректерден көптеген дәйектер тапқан болар едік. Сондай дәйектердің бірі – С.Өтегеновтың рулық пиғылдан жоғары ұлттық сана деңгейіндегі қоғамдық-саяси әрекеті деп білеміз.

Еліміздің тәуелсіздігі үшін қызмет еткен С.Өтегенов сияқты Алаш қайраткерлерінің ғибратты ғұмыры мен жасаған еңбектері егемен еліміздің болашақ қайраткер тұлғаларының ұлтжандылық рухта тәрбие алуына идеялық тұрғыда үлгі-өнеге болары хақ. Ұлттық тарихымыздағы рухани құндылықтарды сақтап, өткен тарихымызды үнемі таразылап, болашаққа нық сеніммен қадам басуымыз керек. Сол үшін де ұлттық тарихымызды тануымыз, ұлт мүддесі үшін тоталитарлық қоғамның қысымына қарсы шыққан алаштық үлгідегі тұлғаларымыздың өнегесі ұлықталуы қажет.

Түркістан және Алаш ұлт-азаттық қозғалыстарына белсене араласқан қайраткерлердің бірі – Қожықов Қоңырқожа (1880-1938). Ол Ақмешіт қаласында туған. Қаладағы 4 сыныптық орыс-бұратана мектебін, 1905 ж. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. Перовск, Андижан қалаларында, Қарнақ қыстағында жәдиттік мектептер ұйымдастырып, қазақ мектептеріне арналған тұңғыш «Әліппені» 1912 ж. Орынбор қаласында Фатих Каримидің баспасынан жарыққа жарыққа шығарды. 1912 ж. осы баспадан А.Қасымов, С.Жәңгіровпен бірге «Русие патшалығында Романов нәсілінен хүкімранлық қылған патшалардың тарихлары» атты еңбегі жарық көрді. Оның қоғамдық-саяси қызметі Түркістан өлкесімен тығыз байланысты болды. «Кеңес» үйірмесінің бюро мүшесі ретінде Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына белсене араласады.

Т.Рысқұлов Қ.Қожықовқа: «Қырғыз ақсүйектері «қожадан» шыққан. Бұрынғы Қоқан автономиялық үкіметінің мүшесі. Көрнекті алашордашыл, Шоқаевтың көмекшісі. 1913 ж. Романовтар әулетінің мерекесі кезінде қырғыз тілінде патшаның портретімен кітапша шығарған. Керенскийдің Уақытша үкіметінің Ферғана аудандарының бірінде комиссары болған. 1921 ж. Жер істері халкомына мүше, кейіннен орынбасары болып, Жетісу облысындағы жер реформасын басқарды және елдің бәріне орыстарды «табысты тоқпақтаудамыз» деп айтады. 1922 ж. жерге орналастыруды басқарды, қазір Жерге орналастыру басқармасында жұмыс істейді. Қожықов Қожановпен бір пәтерде тұрады. Осы Қожықов, Қожанов, Асфендияров, Тоқтыбаевтар танымал Лапиннің қыздарына үйленген және олар қырғыз халқын ең алдымен осы туыстық белгісі бойынша бірлесіп басқарады. Қожықов бірнеше рет Түркатком мүшелігіне сайланды және «Қосшы» Орталық Комитеті басшыларының бірі. 1921 ж. Қожанов пен Асфендияровтың кепілдемесімен тіпті партия қатарына өтті, бірақ кейіннен оны есептен шығарды. Қазір Қожановты дәл осы Қожықов басқарады. (Ол өте тәжірбиелі адам). Қызметкерлер Қожановқа келгенде, ол оны алдымен мәселеге келісіп алу үшін Қожықовқа жұмсайды, оған көбіне үкіметтік, тіпті партиялық хаттамалар да пікір сұрау үшін беріледі» деген саяси мінездеме береді.



Просмотров 1637

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!