Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



І БӨЛІМ: АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАНАТЫ 10 часть



Қазақстандағы топшылдық күрестің сипаты және салдары туралы оның өзі былай дейді: «В такой обстановке группировки были неизбежны, и они в Казахстане приняли форму узаконенного метода партийной работы. Об этом очень многое могли бы рассказать тт. Ежов и Нанейшвили, все руководящее влияние которых тогда было построено главным образом на учете соотношений групп и умелом "сбалансировании" групп. Я всегда протестовал против узаконения групп, но это всегда невольно принимало форму требования монопольного господства своей группы, поскольку на деле выходило, что я сам руководил одной из групп. Не хватало бесспорно авторитетного, без сомнения, вне группы и выше группы стоящего руководителя. Об этом в своем письме на имя т. Сталина и т. Куйбышева 6 июня 1925 г. я писал следующее: "По-моему основы работы должны заключаться в учете местных условий, выявлении нужд мест и обслуживании их, проводя в то же время без зигзагов общеполитическую линию партии, преподаваемую в директивах ЦК».[90] Ол өз хатында топтардың арасында «Өлкелік Комитеттің тепе-теңдік ұстауы, тығылмашақ ойнауы және дипломатиялық сыпайылық жасауы жағдайында, сенімсіздік ахуалы мен қателіктерді таяқтың ұшымен және дөрекі тәсілдермен» топшылдықты жеңу мүмкін емес екендігін атап көрсетеді.

Қазақстандағы топтық күресті БК(б)П ОК қызметінде орын алған саяси күреспен салыстыруға болады. Орталықтағы және аймақтардағы билеуші саяси элитаның басым бөлігін «ескі гвардия» құрағанымен 1920 жылдан 1930 жылдардың басына дейін биліктің жоғарғы эшелонының өз ішінде жікшілдік сипатты белгіге айналған. Мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төндіреді деген бұндай жікшілдікті жою үшін басқару аппаратын тазарту қажеттілігі айқын сезілді. Партияның Х съезінде (1921 ж.) «Партияның бірлігі туралы» қаулы қабылданып, онда партия қатарында фракция ұйымдастыруға тиым салынды, кез келген деңгейдегі сайланбалы орган басшыларын үштен екі дауыспен партия қатарынан шығаруға Орталық Комитет пен Орталық Бақылау комиссиясына құқық берілді. Съезд шешімдерінде экономикалық бағыт жұмсартылғанымен саяси тәртіп күшейе түсті. 1930 ж. Саяси Бюро құрамынан А.Рыков пен С.Сырцов шығарылғаннан кейін биліктің жоғарғы эшелонында тек басты бағытты жақтаушылар ғана қалды. Солай дей тұрғанымен де саяси элитаның ішкі құрылымы іштей топтасқандық сипат ала алмады, қайта ол саяси алыс-беріс жасайтын алыпсатарлар қауымдастығына көбірек ұқсады. Осыған байланысты В.Молотов Лениннің кезінде-ақ «Саяси Бюроның әрбір мүшесінің арқасында өз жақтастарының тобы»[91] болатын еді деп еске алады. Осылайша жікке бөлініп тұрған жоғары басқару эшелонындағы бірлікті Лениннің беделі сақтап тұрғандай еді. Лениннің қазасынан соң билеуші номенклатураның арасындағы ішкі қарама-қайшылық күшейе түсті. Алғашқы кезде элитаішілік күрестің басты себебі елдегі модернизацияны іске асыру концепциясы және билік үшін күрес түрінде маңызды сипат алса, Саяси Бюро құрамы оппозициялық күштерден тазарған кезде бұл күрес асқынғанда ведомстволық мүдде үшін қақтығыспен шектеледі. Бұл жағдай биліктің жоғары эшелонындағы алауыздық және тартыс мақсаттарының ұсақтығы түрінде көрініс тауып, элита қызметінің тиімділігін барынша төмендетіп жібереді. Орталық биліктің қызметінде орын алған даму барысында айналып өтуге болмайтын бұндай саяси ахуал қазақ қоғамында жоғарыда айтылғандай топшылдық күрес түрінде барынша түрленіп, көрініс тапты.

Демек, ұлттық саяси элита өкілдерінің топшылдық күресінің мәні мен мақсаттарына берілген партиялық билік бағасының негізсіздігін әшкерелей келе осы саяси құбылысқа жаңаша көзқарас қалыптасуы қажеттілігіне көз жеткіземіз. Ол көзқарас топшылдықты саяси құбылыс ретінде кемшілік, жетістігімен бірге саяси элитаның кеңестік билік жағдайында ұлттық мүддені қорғауға бағытталған күрес тәсілі ретінде қарастыруға негіз болады.

 

 

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РӨЛІ

Түркістандағы ұлттық элитаның бастамашылығымен 1920-25 жж. ТКП ОК және Түркаткомның баспасөз органы ретінде жарық көрген «Ақ жол» газетіне С.Қожанов, С.Оспанов, Н.Төреқұлов, С.Асфендияров, М.Дулатов, И.Тоқтыбаев, Қ.Күлетов, М.Қайыпназарұлы, С.Сәдуақасов, Ж.Арыстанов, Ө.Тұрманжанов сияқты азаматтар бірі басшы, бірі қосшы болып, басшылық жасады. Бұл аталған азаматтардың бәрі дерлік алаштық идеяның туын көтерген ұлттық элитаның көрнекті өкілдері болатын. Олар өздерінің ұлттық тұтастықты ұлықтағын саяси көзқарастары, дәстүрлы мәдени-рухани құндылықтардан бастау алған қазіргі заманғы ілгерішіл дүниетанымы бойынша кеңестік билік жасақтаған партиялық-мемлекеттік номенклатураның өлшеміне сыймайтын еді. Олардың қазақы рухты бойына сіңіріп, жаңа қоғамда ұлттық құндылықтарды таптық құндылықтардан жоғарғы қойған бағыт-бағдары газеттің саяси-идеялық мазмұнын айқындады. Ал, газетте жауапты қызмет істеген М.Дулатовпен бірге Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Мәшһүр Жүсіптің баласы Әмин Жүсіпов сияқты көптеген ұлтжанды қаламгерлердің тұрақты автор болып қатысуы да газеттің ұлттық өзегін нығайта түскені белгілі. Газет шын мәнінде Түркістандағы алаштық үлгідегі ұлттық элитаны топтастырушы идеялық орталыққа айналды. Осы газет арқылы көрнекті қайраткерлердің көтерген ұлттық идеялары Түркістандағы қалың қазақ бұқарасына жол тартып, қолдау тауып жатты.

Түркістанда «Ақ жол» газетінің халыққа кеңінен танымал болуы оның «Қазақ» газетінің ұлттық бағыттағы идеялық дәстүрін жалғастыруына байланысты деп білеміз. М. Әуезов 1923 жылы 4 ақпанда «Ақ жол» газетінде «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын»[92] деп берген бағасын осы ізгі дәстүрлерді кеңестік билік жағдайында жалғастырған «Ақ жол» газетіне де қатысты айтуға болар еді. Төрт жылдан астам шығып тұрған газет таралымының жоғары болуы оның тілінің жатықтығымен ғана емес, газет бетінде көтерген мәселелерінің ұлттық мүддені ұлықтаған өткірлігінен, халықтың көңіліндегіні айтуынан еді.

Кеңес қоғамындағы партиялық әдебиетте мемлекеттік биліктің жоғары эшелонындағы ұлттық басқару элитасының қызметіне сыңаржақ бағалар берілген. Әйтсе де, ол бағалардың арасында ақиқатқа сәуле түсіретін тұжырымдар да кездеседі. Айталық, «Ходжановтар негізінен «Ақ жол» газетінің төңірегіне топтасып, онда өздерінің ұлтшыл-уклонистік көзқарастарын жарнамалады»[93] деп топшылдыққа ұлтшылдық идеялардың негіз болғанына назар аударады. «Ақ жол» газетіне қатысты Сталиннің белгілі хатының ықпалымен жасалған бұл партиялық тұжырым ұлттық элитаның қызметіне берілген саяси бағаның өзегіне айналды. Осылайша «Ақ жол» газетіне кеңестік қоғам тарихшылары біржақты баға беріп, биліктің идеологиясы мәселені ұзақ жылдар бойы жабық тақырыпқа айналдырды.

Тарихшы ретінде Т.Рысқұлов қазақ басылымдарына мынадай баға береді: «кладет начало оформлению литературного казахского языка, очистки казахской литературы и языка от всех посторонных наслоений и т.д.», выступает против панисламистского уклона».[94] Т.Рысқұловтың кейіннен ұлттық басылымдарға берген бұл бағасын өзгертуін Д.Аманжолова тарих ғылымында сталиндік көзқарастың орнығуынан туындаған шарасыз әрекет деп бағалайды. Әрине, Т.Рысқұловтың бұл әрекетінде аталған фактор басты рөл атқарғанымен «Ақ жол» газетіне қатысты ұстанымы оның коммунистік идеяға негізделген саяси көзқарасының ықпалынан туғандығына көз жеткізеді.

«Ақ жол» газетінің ұлтшылдық бағытын айыптап, өзінің саяси күресінің дәлелі ретінде пайдалануға Әліби Жангелдиннің жол салып бергендігі де тарихи дәйек. Осыған байланысты Д.Аманжолова мынадай деректі ұсынады: «Для таких же верных ленинцев-сталинцев и давних врагов Алаш, как А. Джангильдин, сам факт участие в демократической национальной печати небольшевистского направления служил верным доказательством контрреволюционности, о чем он доносил В.И. Ленину в апреле 1921 г., касаясь биографии Н.Тюрекулова и С.Ходжанова – руководителей Советского Туркестана».[95]

Ал Т.Исмағамбетовтың тұжырымы бойынша «Айқап» пен «Қазақ» газеттерінің арасындағы «өткір пікірталастың» барасында «Айқап» журналының барынша радикалды, сын көзқарасы мен «Қазақ» газеті редакциясының көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық укладын біртіндеп қайта құруға негізделген барынша ұстамды көзқарасының арасындағы айырмашылық айқындала түскен. «Айқаптың» радикализмы оның редакторы және шығарушысы М.Сералиннің отырықшыландыруды жерсіз және жері аз қазақтарға жер бөліп беру арқылы шешу мәселесін қуаттаған ұлт зиялылары өкілдерін қолдаған позициясынан туындаған. Қоғамдық өмірдің мәселелерін шешудің осы радикалды және эволюциялық жолы кейіннен Ресейдегі 1918-1920 ж.ж. қазақ интеллигенциясының арасындағы және 20-жылдардағы қазақ коммунистерінің арасындағы күрестегі саяси межеленудің негізіне айналды[96]. Бұл тұжырымды ұлттық интеллигенцияның саяси межеленуінің бір ғана, онда да қосалқы сипаттағы мысалы ретінде қарастырған жөн сияқты. Әйтсе де, ол мысал ұлт зиялыларының қарама-қарсы лагерьлерге топтасып, тоталитарлық билік жағдайында аяусыз тартысқа түсуінің бастапқы тетіктерін айқындауға қызмет ете алады. «Айқап» пен «Қазақ» басылымдары төңірегіне топтасқан ұлт зиялыларының көзқарасы қазақ елінің болашағын айқындайтын тәсілдерді таңдауда екіге жарылған болса, кеңестік билік нығайған сайын ұлттық мүдде таптық мүддеге ойыса берді. Оның мәні, ұлттың өзін қанаушы мен қаналушыға бөлген кеңес қоғамының саяси тұғырнамасынан туындаған еді. «Бақытты қоғамда өмір сүруге тек жарлы-жақыбайлар ғана құқылы, жаңа қоғамда «қанаушыларға» орын жоқ. Міне, осы қағида ұлт зиялыларының қазақ қоғамын жаңалаудағы көзқарас айырмашылығын терең жарға айналдырды. Оның үстіне «социализм дамыған сайын тап күресі күшейе түседі» деген сталиндік тезис қазақ қоғамында ұлт зиялыларының арасындағы саяси тартыста барынша аяусыз сипат алды. Қазіргі тарихи танымда басы ашылып, айқындалуы тиіс тұжырым осы.

Осылайша Алаш қозғалысының кеңестік тарихнамасында «Ақ жол» газеті кеңестік билікке тартылған ұлт зиялыларын алаштық қайраткерлермен байланыстыра отырып, ұлтшылдыққа айыптаудың басты дәлелдерінің біріне айналды. И.Сталиннің «Ақ жол» газеті туралы хаты алашордашылардың қызметіне баға беруде тоталитарлық биліктің саяси ұстанымдарын орнықтырды. Хатта негізделген ұстанымдар Алаш қозғалысы тарихнамасының теориялық-әдіснамалық негізін салып берді.

Осыған байланысты 1937-1938 жж. үлкен террорға дейінгі кезеңдегі Алаш қозғалысы тарихнамасында ұлт зиялылары М.Атаниязов, Ә.Байділдин, О.Исаев, І.Қабылов, Ғ.Тоғжанов, Ш.Тоқжігітов, Ә.Жанкелдин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Х.Габилуллин, А.Кенжин және т.б. еңбектері мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалаларының бәрі бірдей сталиндік тәртіптің саяси қысымынан яки арнайы тапсырыспен жазылды деп үзілді-кесілді тұжырым жасау асығыстық болар еді. Аталған авторлардың көпшілігі қазақ қоғамының болашағын коммунистік мұраттармен байланыстырған, таптық-партиялық сенімдегі зиялылардың өкілдері еді. Олардың арасында таптық көзқараспен жазылған, теориялық дайындығы жоғары еңбектермен бірге, осы күресті желеу етіп мансапқұмарлық мақсатпен немесе жеке азаматтық қатынастары бойынша есе қайтаруды көздеген еңбектер де бар екендігі белгілі. Демек, тарихнамалық, деректанулық талдауды қажет ететін бұл деректер Алаш қозғалысының шынайы болмысын қалпына келтіруге септігі тиеді. Ал И.Голощекин бастаған А.К.Богачев, С.Брайнин, О.Исаев, И.Тимофеев, С.Мещеряков, Ғ.Тоғжанов және т.б. партиялық коменклатура өкілдерінің мақалалары мен еңбектері тарихи танымда И. Сталин хатынан кейінгі Алаш қозғалысы туралы ұстанымды орнықтыруға және онан әрі насихаттауға қызмет еткені белгілі.

Осыдан он жыл бұрын «Қазақ» газетінің материалдары жеке жинақ болып басылып шықты. Ал, әзірге «Ақ жол» газеті өзінің ізашары сияқты тұтас дереккөзі ретінде жан-жақты ғылыми танымның нысаны бола қойған жоқ. Бұл жағдай, әсте де газеттің еліміздің мәдени тарихындағы рөлінің, атқарған қызметінің төмендігінен емес. Кейбір зерттеушілердің зерттеу тақырыбына сай басылым беттерінен нақты деректер тауып, оған деректік талдау жасаған ғылыми ізденістері бар. Бірақ ол әрекеттер осындай ауқымды мұраны игеру үшін тым жеткіліксіз.

Осы мәселеге алғашқылардың бірі болып назар аударған академик С.Қасқабасов былай дейді: «тарихымыздың осынау қаралы беттерінде И.Сталиннің «Ақ жол» газеті туралы хатының ел ішінде зобалаң туғызған сүреңсіз рөлі әлі де нақты айқындала қойған жоқ. Мұны терең зерттеу осы хаттың ауыр салдарына ғылыми баға беру тарихшыларымыздың үлесі».[97] Ғалымның ұсынысын қуаттай отырып, мәселеге барынша айқындық беру үшін И. Сталин хатының салдарын емес, ең алдымен оның жазылу себебін анықтаудың ғылыми маңыздылығын айта кеткеніміз орынды болар.

«Қазақ» газеті 1918 жылдың 16 қыркүйегінде ең соңғы 265 санынан соң өз шығуын тоқтатты. Оның көп себептерінің ең бастысы кеңестік биліктің қысымы болғандығы белгілі. Ал 1920 ж. 18 сәуірден бастап жарық көріп, 7 желтоқсаннан бастап «Ақ жол» атымен шыға бастаған газет «Қазақ» көтерген алаштық идеяның жығылған туын іліп әкеткендей еді. «Ақ жол» – кеңес өкіметінің езілген ұлттарға теңдік пен бостандық беруге уәде еткен саяси мәлімдемесінен бұрын жаңа қоғамдық тәртіпте ұлт мүддесін қорғаған ұлттық элитаның саяси еркінің жемісі болатын. Осы тұрғыда қарастырғанда ұлттық-демократиялық және таптық-партиялық саяси құндылықтарды ұлықтауы бойынша жікке бөлінген екі жақтың мүддесі тоқайласқандай болғанымен, олардың қарым-қатынасында жақындасудан бұрын кейін аяусыз саяси тартысқа ұласқан жатырқаушылық әрекеттер басым түсіп жатты.

Екі газеттің жарық көрген уақыты мен қоғамдық ортасын салыстырар болсақ, «Ақ жол» газеті жаңа жағдайда ұлттық саяси ойды сапалық жаңа деңгейге көтере алды деп бағалауға болады. Өйткені, «Қазақ» газетінде көтерілген идеялар «Ақ жолдың» қызметінде большевиктік билік нығайған кеңестік қоғамның нақты өмір шындығымен бетпе-бет келіп, іс жүзінде сыннан өтіп жатты. Отарлық биліктің езгісінен ұлттық мүддені қорғап, саяси күрес майданына шыққан «Қазақ» газетімен салыстырғанда «Ақ жолдың» жағдайы бір жағынан жеңіл, екінші жағынан күрделі болды. Жеңіл болатыны, газет республикадағы саяси билік пен өкіметтің ресми органы болғандықтан оның материалдық-техникалық жарақтануы біршама жоғары болғаны рас. Оның өзі де баспасөз төңірегіндегі ұлтжанды азаматтардың жанқиярлық еңбегінің нәтижесі.

Газет жағдайының күрделілігі Түркістандағы қалыптасқан саяси ахуалдың қарама-қайшылықты сипатынан туындады. Өлкеде өз саяси қарсыластарын түрлі жолдармен ығыстырған большевиктер жеке дара билікке қол жеткізді. Ұлттық элитаның саяси күресінде басымдыққа ие болған түркілік, мұсылмандық, түркістандық бірлік идеялары бөздей сетінеп, этносаяси мүддеге қарай ойыса берді. Кеңестік билікпен келісімге келе алмаған ұлттық күштердің басым бөлігі басмашылық қозғалысқа бет бұрса, Түркістан ұлттық элитасының Мұстафа Шоқай бастаған үркердей тобы саяси мұғажырлық жағдайда коммунистік билікке қарсы бітіспес күрес бастады. Ал жаңадан қалыптасып келе жатқан паритялық номенклатураның ұлттық кадрлары саяси әрекетте таптық, интернационалдық талаптарды батыл қоя бастады да отарлыққа қарсы бірлікті таптық төзімсіздікпен алмастырды. Міне, осы саяси процестердің бәріне де «Ақ жол» газеті үн қосып, солардың арасынан ұлттық мақсат пен мұратты қалың бұқараға жеткізіп отырды. Осындай күрделі саяси ахуалда қиыннан жол тауып, халықтың үлкен сұранысына ие болған «Ақ жол» газеті өлкедегі алаштық элитаның қолдауына сүйеніп, кең тарауға мүмкіндік алды. Әйтсе де, газет үшін бұндай қолайлы жағдай тым ұзаққа созылған жоқ.

Өлкеде күшейе түскен большевиктік билік баспасөзге партиялық басшылық түрінде өз үстемдігін орнатуға бағытталған тегеурінді әрекет жүргізді. Осы партиялық бағытты топшылдықпен күрестегі өз мүддесіне ұтымды пайдаланған Т.Рысқұлов ұлттық бағыттылығы айқын «Ақ жол» газетін айыптайды. Оның 1924 ж. сәуір айында И.Сталинге жазған хаттарында «Ақ жол» газетіне қатысты келтірген деректері осындай тұжырым жасауға итермелейді. Т.Рысқұлов ұлттық элита өкілдерін «бірліктуылықтар», «алашордашылар», ұлтшылдар және контрреволюционерлер деп айыптауы арқылы 1924 ж. өзінде Түркістанда алаштық идеяның белсенді жұмыс жүргізгендігін куәландырып отыр. Ал қазіргі уақытта оның осы жазбалары тарихи құбылыстың сырын ашатын құнды дерек маңызына ие болды.

Ғылыми айналымға ұсынылып ортырған Т.Рысқұловтың деректетіне талдау жасау Алаш қозғалысындағы «Ақ жол» газетінің атқарған рөлін айқындауға қызмет етеді. Тарихи танымға тосын естілетін өткір дәйектердің Алаш қозғалысының тарихи болмысын қалпына келтіруге септігі тиеді. Халықтың жүрегіне жақын газетке ат қоюда коммунистер әлдеқандай коммунистік есім ұсынған, ал Жанша Досмұхамедов бастаған ұлтшыл тұлғалар қазақтар коммунизмді түсінбейді, содан да оған ақ та, қызыл да емес «Ақ жол» деген атау беруді ұсынады. Осы мәселеге қатысты Т. Рысқұлов “Ақ жол” яғни тура жол немесе жарық жол дегенді білдіреді, қазақтар, мысалы қырғыз дәруіштері-дуаналар ақ дегенді құдаймен теңдестіреді»[98] деп партиялық билік пен жазалаушы орган басшылығының назарын газет атының діни мазмұнына қарай бұрады. Газеттің атауы жөнінде осы күмән 1925 жылы Өлкелік партия комитеті тапсырмасымен Нахымжанның «Ақ жол» газеті туралы арнайы жазған пікірінде қалқып шығады. Ол «Ақ жол» «белый путь» па, әлде «светлый путь» па анық емес» деген желеумен газет атын өзгертуді ұсынған.[99] Бұл деректерден газет атауының халыққа өте ұғынықты болуымен бірге ондағы көтерілген мәселелердің де соншалықты түсінікті болғандығын көреміз. Оның себебі қайсы дегенде, газеттің идеялық бағытын белгілеген ұлттық элитаның халықтың қалың ортасынан шыққандығы, содан да олардың қоғамды жаңартудағы ұстанымдары қазан төңкерісінің таптық идеяларынан әлдеқайда түсінікті болуынан дейміз.

М.Дулатов 1 қаңтар 1929 ж. тергеу хаттамасында 1920 ж. қарашасында Ташкентке келіп, «Ақжол» газетіне хатшы болып жұмысқа кіріскендігін, ол газеттің мазмұны жөнінде баспасөз беттерінде түрлі әңгімелер мен пікірталастар өрбігенімен олардың өзі қызмет істеген кезеңге қатысты жоқ екендігін жазады.[100] Міржақыптың тергеушіге белгілі себептермен жалтара жауап беруі түсінікті. Т.Рысқұлов оны Қожановтың жақын досы, бұрын бірге жұмыс жасаған, қазір де олар идеялық және практикалық байланыста дей келіп, «Дулатов 1921 жылы Ташкентке шақырылып «Ақ жол» газетінің басшылығына тағайындалды. Осы жылы «Ақ жол» газетінің бас мақалалары мен негізгі мақалаларының бәрін дерлік Дулатов жазды. «Алаш орданың» идеялары ашық жүргізілді»[101] деген мәліметтерді алға тартады. Хат авторының газет басшылары арасынан ұлтшыл қайраткер ретінде М. Дулатовтың тұлғасына баса мән беруі бұнымен шектелмейді.

«Осы Дулатовтың буржуазиялық ұлтшылдықтан өзге ештеңе табуға болмайтын мақалалары кейінгі 1922-1923-1924 жылдары «Ақ жолда» жарияланды». «Ақ жолды» құрушы ретінде Дулатовтың портреті «Ақ жолдың» 1922-1923 жылдардағы мерекелік сандарында 2 рет Қожановпен қатар жарияланды»[102] деген деректер Алаш қайраткері М. Дулатовтың кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдық әрекетін қоюлата түскендей.

«Ақ жолдың» қызметіне тағылған айыптардың бірі онда жер-су реформасының жүргізілу барысын насихаттаған материалдардың жарық көруі. Осыған байланысты газет «барлық орыс отаршыларын қуу керек» деп жазады. «Оның үстіне қырғыз кедейлерімен тіл табыса алатын аз да болса кедей топтарының болуына қарамастан шаруалардың бәрін «жау» деп қарастырады» дей келіп «Алматыдан жер-су реформасының барысы туралы Жандосов Дулатовқа жеделхат жолдаған. Осы жеделхатты жариялаған алашордашыл Дулатов қырғыз коммунистеріне нұсқау сипатында орыстарды талқандай отырып, «мүмкіндігінше орыс поселкелерін аямау керектігі жөнінде көлемді мақала жазады»[103] дегенде Т.Рысқұлов М.Дулатовты сынай отырып, өзінің интернационалдық көзқарасын алға тартады.

Шын мәнінде, М.Дулатовтың «Ақ жол» газеті арқылы Түркістанда ұлттық идеяның орнығуы, кеңес өкіметінің мемлекеттік билік құрылымдары туралы қоғамдық пікір қалыптастыруда атқарған қызметі «Қазақ» газетіндегі қызметінің жаңа жағдайдағы жалғасы болды. Бұл пікірді алғашқылардың бірі болып айтқан Т.Рысқұлов еді. Ол «Ақ жол» - Дулатов еңбегінің нәтижесі, «алашордашыл» «Қазақты» жалғастырған оның перзенті. «Қарғыс атқан Орынбордан» қуылған алашордашылар Түркістанда өз қызметтеріне кең өріс тапты»[104] деген баға береді. М.Дулатовтың «Ақ жол» газетінде жарияланған «Қазақ зиялылары» мақаласында партиялық тазалаудағы ұлт қайраткерлерін қуғындаудың негізгі дәлелдерінің біріне айналған ұлтшылдық ұғымына түсіндірме жасап, оны саяси айыптаудан арашалайды. «Біздің қазақ-қырғыздың оқығандары санаулы. Партияда бары да, жоғы да бәрімізге белгілі. Бізден коммунистер шыға бастағанына әлі екі-үш жылдан асқан жоқ. ... біздің қазақта да өтірік коммунистер, партияны ластап жүргендер арасында шын жұртшыл, еңбекшіл тапқа шын жаны ашитын, кеңес үкіметіне ынта, көңілмен қызмет етіп жүргендер де жоқ емес... Шын айтқанда, күні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандардың ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді?» – дей келіп, қазақтың арасында шын ұлтшылдардың аздығына тоқталады. Ол «Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дәрежеқұмар, парашыл, шағымшыл еді» – деген пікірі арқылы ұлтшылдық ұғымын қоғамдағы дегдарлықтың басты белгісі мағынасында қолданады. Соған байланысты «Біздің қазір ортақшыл болып отырғандар кімдер? Мұнан кейін де болса бола алатындар кімдер? Бұл сұрауларға берілетін жауап әркімге-ақ анық-ау деймін: бізден қазір шын коммунист болдым деп отырғандар (өтірік коммунистерді айтпаймын) – кешегі ұлтшылдар. Мұнан кейін де шын коммунист болуға жарайтындар – тағы да сол бұрынғы ұлтшылдар. Үшіншісі – қазіргі жаңа талап жас буын»[105] деген тұжырым жасайды.



Просмотров 1084

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!