![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Жүрек тамыр жүйесі» модулі
Тыныс алу жүйесі» модулі Нұсқа Жағдайлық есеп - СОӨА ХОБЛ (эмфизема) 39 жастағы науқас Ветров Ю. аралас түрі ентігеді, аз қақырықпен жөтеледі. 20жастан бастап 2 пачкадан күніне темекі шегеді. Қарауда: бөшке тәрізді кеуде, өкпе перкуссияда қорапша дыбыс естіледі. Қосымша зерттеуде – ЭТЖ - 20мм/сағ. Қанда - рО2 – 60 с.б.мм. және рСО2 – 50 с.б.мм.
Ипратропиум)
Нұсқа Жағдайлық есеп - СОӨА ХОБЛ (эмфизема) 45 жастағы науқас Шарипов К., бойы 175 см, соңғы 3 жыл мазалайтын қақырықпен жөтелге, экспираторлы ентігуге шағымданады, жүрек қағады. . 15 жастан бастап күніне 2 пачкадан темекі шегеді.Объективті мәліметтер: кеуде бөшке тәрізді түрі, перкуссияда қорапша дыбыс анықталады. ДСЛ-12мл/1 с.б.мм./мин?. Күшейген дем шығаруда ауа тасқынның көлемді жылдамдығы 50% және 75% деңгейінде, ӨӨС міндетті шамасынан 40% төмен. 1. Метилксантиндердің қандай туындысын осы жағдайда науқасқа тағайындауға болады ? (аминофиллин) 2. Мес жасушадан аллергия медиаторларын бөлінуін алдын алатын, аурудың өршуінен сақтандыратын, қандай препаратты науқасқа тағайындауға болады? (кромолин натрия (интал) 3.Бронхтарға тікелей әсер ететін және бронхтардың бітелуінің патогенетикалық бөліміне ықпал ететін, қандай гормональды препаратты науқасқа тағайындауға болады? (беклометазон, преднизолон) 4.Сіздің таңдауыңызда сальбутамол және ипратропиум бромид. Бұл жағдайда науқасқа қандай бронходилятатор тиімді? (ипратропиум бромид) 5.Тағайындалған қандай бронходилататор пациентке келесі жанама әсерлер шақырады: тремор, тахикардия, аритмия? (сальбутамол, фенотерол, тербуталин) Жағдайлық есеп - пневмония 32 жастағы науқас Сулейменов А.жедел ауырып қалды, 390 дейін дене қызуы көтеріледі, кілегей-іріңді қақырықпен жөтеледі, жөтелгенде және терең дем алғанда кеуденің оң жартысында ауырсыну байқалады. Тыныс алу сыртқы, ТҚЖ-24/мин. Перкуссияда оң жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Қан талдауында: эритроциттер 5,2х1012/л, лейкоциттер 18,0х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Фибриноген-8г/л. С-реактивті ақуыз белок+++. 1. Қандай препарат, ДНҚ –гиразаны және топоизомераза 4 тежейді, бактериальды жасушада ДНҚ синтезін бұзады және осы жағдайда қолданылады? (левофлоксацин) 2. Ферментті әсер ету механизмі бар, қандай синтетикалық микробқа қарсы препарат, науқаста клиникалық суреттемені қалыптастыруына ықпал етеді?(левофлоксацин) 3. Әсер ету спектрі кең, қандай фторхинолон науқасқа тағайындалу қажет? (левофлоксацин) 4. Әсер ету спектрі кең, қандай цефалоспорин осы клиникалық жағдайда ұсынылады? (цефтриаксон) 5. Қандай қорғалған жартылай синтетикалық пенициллинді науқасқа тағайындауға болады? (амоксиклав) 6.Қандай антибиотик, бактерияның 50 – S суббірлігін тежейді, транслокация үрдісін тоқтатады және осы жағдайда тағайындалу қажет? (азитромицин, кларитромицин) 7. Қандай қорғалған жартылай синтетикалық пенициллинді науқасқа тағайындауға болады? (амоксиклав) Нұсқа Жағдайлық есеп – БД 20 жастағы науқас Нургожина М. тұтқыр қақырықпен шығуымен, қиындаған дем шығарумен кезеңді пайда болатын тұншығу ұстамасына шағымданады. Ұстамалар соңғы 2 жыл пайда болды, жанұяда ит пайда болуымен байланыстырады. Зерттеудің мәліметтері: ДСЛ-20мл/1 с.б.мм/мин. Тесттің нәтижесі «тасқын/көлем ілмегі»: көлемді жылдамдығының жоғары шекарасы өзгермеген, ауа тасқынның көлемді жылдамдығы 25% деңгейінде, ЖЕЛ өзгермеген, ауа тасқынның көлемді жылдамдығы 50 және 75% деңгейінде, ӨӨС төмендеген. 1. 4-6 сағат әсер ететін қандай β2 –адреномиметик, науқасқа ингаляция жолымен тағайындалды? (сальбутамол, фенотерол, тербуталин) 2.Егер пациентте тұншығу ұстамалары бақылаусыз байқалынса , ұзақ әсер ететін қандай β2-агонистін тағайындауға болады? (сальмотерол, формотерол) 3.β2-адренорецепторларды белсендіретін қандай препаратты, науқаста тек тұншығу ұстамаларын алдын алу және емдеу үшін тағайындау қажет? (сальмотерол, фенотерол) 4.Қандай гормональды емес қабынуға қарсы препаратты тұншығу ұстамасын алдын алу үшін, пациентке тағайындау қажет? (кромолин натрия (интал) 5.Қандай α – және β-адренорецепторлардың агонисті, бронхтардың түйілуін төмендетеді, тамырлардың тонусын, жүректі ынталандырады және жедел тұншығу ұстамасын басу үшін тағайындауға болады? (адреналина гидрохлорид) Нұсқа Жағдайлық есеп (крупты пневмония) 48 жастағы науқас Соколов С. Қан жолақтармен сарғыш түсі қақырықпен жөтеледі, 38,5 0С дейін дене қызуы көтеріледі, терең дем алғанда және жөтелгенде кеуденің оң жартысында ауырсыну болады. Дем алу сыртқы түрі, ТҚЖ-26/мин. Перкуссияда сол жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады. Қақырық талдауында: мөлшері 25,0 түсі –тотық түсті, тұтқыр консистенциясы. Микроскопиялық зерттеуде: лейкоциттер 10-15 көру аймағында, эритроциттер 15-20 көру аймағында, альвеолярлы жасушалар -3-6 көру аймағында
1. Қандай препарат, ДНҚ –гиразаны және топоизомераза 4 тежейді, бактериальді жасушада ДНҚ синтезін бұзады және осы жағдайда қолданылады? 2. Ферментті әсер ету механизмі бар, қандай синтетикалық микробқа қарсы препарат, науқаста клиникалық суреттемені қалыптастыруына ықпал етеді? 3. Әсер ету спектрі кең, қандай фторхинолонды науқасқа тағайындау қажет? 4. Әсер ету спектрі кең, қандай цефалоспорин осы клиникалық жағдайда ұсынылады? 5. Қандай қорғалған жартылай синтетикалық пенициллинді науқасқа тағайындауға болады? 6. Қандай антибиотик, бактерияның 50 – S суббірлігін тежейді, транслокация үрдісін тоқтатады және осы жағдайда тағайындалу қажет?
Жүрек тамыр жүйесі» модулі Нұсқа Жағдайлық есеп (Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі, СЖЖ) Сізге науқас Агушина М., 24 жастағы науқас , ентігуге.шамалы физикалық күш түскенде пайда болатын жүрек соғуына және аяқтарының ісінуіне шағымданып келді. Бала кезінде жиі баспамен ауырған,14 жасында буындарының ауырсынуы болған. 1. Пациентте байқалатын ісінулерді ең тиімді төмендететін қандай препарат? (фуросемид, индапамид) 2. Қандай диуретик, Генле ілмегінің өрлемелі бөлімінде Na+Cl- - ко-транспортерді тежейді және науқасқа тағайындалады?(фуросемид) 3. Қандай препарат, альдостеронның қызметтік антагонисті болып табылады, науқасқа тағайындалу қажет? (спиронолактон) 4. Қандай препарат, миокардтағы метаболиттік үрдістерді жақсартады және науқасқа ұсынылады? (триметазидим) 5. Кардиопротекторлы және нефропротекторлы әсері бар қандай препарат науқасқа ұсынылады?(эналаприл, лизиноприл, периндоприл) Нұсқа Жағдайлық есеп (Митральды қақпақшаның стенозы,СЖЖ) 33 жастағы науқас Соколова Р – да ентігу және жүрек соғысының күшеюі байқалады. Жиі баспамен ауырған. Пульс 92/мин, ритмді. АҚ 100/60 мм сынап бағанасы бойынша. Қалпы ортопноэ, еріндері аздап көгерген. Өкпе үстінде әлсіреген везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде – әлсіз дыбысты ылғалды сырылдар естіледі.
1. Қандай кардиотоникалық препарат АІЖ жылдам сіңіріледі, максималді әсері 4 сағаттан кейін байқалады, 6 күн әсер етеді және пациентке ұсынылу мүмкін? (дигоксин) 2. Қандай диуретик – альдостеронның антагонист, пациентті емдеуге ұсынылады?(спиронолактон) 3. Қандай диуретик, люминальды мембранада Na+ Сl- ко-транспортерді тежеу нәтижесінде орташа белсенділікке ие, және пациентке ұсынылу мүмкін? (дихлотиазид) 4. Пациентке тағайындалған қандай диуретикалық зат, шөлдеу, гипокалиемия, ішкі құлақтың зақымдалуын, бұлшықет әлсіздігін шақыру мүмкін? (фуросемид) 5. Қандай препарат ЦОГ- 1 қайтымсыз тежеу нәтижесінде тромб түзілу қаупін төмендетеді? (ацетилсалицил қышқылы) Нұсқа Жағдайлық есеп (Аорта жеткіліксіздігі.СЖЖ) Науқас Васичуха Л. 48 жаста, жүректің созылмалы ревматикалық ауруынан зардап шегеді, ентігу, бас айналу, жүрек соғысы, төс арты аймағында қысып ауыру байқалады. АҚ 160/30мм сынап бағанасы бойынша. Науқасты қарағанда «Каротид биі», эпигастральды пульсация анықталады. Аускальтация кезінде өкпенің төменгі бөліктерінде дыбысы әлсіз ылғалды сырылдар байқалады. 1. Қандай препарат кардиопротекторлы әсерге ие, ферментті әсер ету механизмі бар және науқасқа ұсынылуы мүмкін? (эналаприл, лизиноприл, периндоприл) 2. Қандай диуретик – альдостеронның антагонист, пациентті емдеуге ұсынылады?(спиронолактон) 3. Қандай диуретик, люминальды мембранада Na+ Сl- ко-транспортерді тежеу нәтижесінде орташа белсенділікке ие, және пациентке ұсынылу мүмкін? (дихлотиазид) 4. Қандай препарат кардиомиоцитерде күш қуаттың тепетеңдігін тұрақтандырады, липидтердің асқын тотығуын бәсеңдетеді және пациентке ұсынылады? (триметазидим) 5. Ренин-ангиотензинді жүйеге әсер ететін қандай препарат, берілген науқаста жүрек қағуды, төс аймағының басып ауырсынуын және АҚ төмендету үшін қолдану тиімді ? (эналаприл, лизиноприл, периндоприл, эпросартан, лозаратан)
Нұсқа Жағдайлық есеп (Аорта стенозы СЖЖ) Науқас Сидоров М, 39 жаста бас айналуға, төс артында қысып ауырсынуға және физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағымданады. 15 жыл бұрын ревматикалық шабуылды басынан кешкен. Терісі бозарған, пульсі аз және ақырын, АҚ 120/80 мм сынап бағанасы бойынша. Жүрек түртпесі пальпация арқылы VI қабырғааралықта анықталады. Оң жақ II қабырғааралықта систолалық «мысық пырылы» анықталады. Аяқ – қолдары ісінеді. 1. АТ1 рецепторын тежейтін қандай препаратты, науқасқа тағайындауға болады? (эпросартан, лозаратан) 2. Жүрек алды күштемені төмендететін қандай коронарокеңейткіш препаратын төс аймағының басып ауырсынуын азайту үшін науқасқа тағайындауға болады ? (нитроглицерин) 3. Пациенттегі байқалатын ісінулерді тиімді төмедететін, қандай препарат? (фуросемид, дихлотиазид, спиронолактон, индапамид) 4. Қандай препарат, ангиотензин - 2 (жанама) альдостеронның түзілуін төмендетеді, және науқасқа тағайындауға болады? (эналаприл, лизиноприл, периндоприл) 5. Пациентке тағайындалған қандай препарат, ренин-ангиотензинді жүйеге әсер ету арқылы жүрек алды және жүректен кейінгі жүктемені төмендетеді? (эналаприл, лизиноприл, периндоприл, эпросартан, лозаратан) Нұсқа Науқас Шнайдер В, 44 жаста, аз жүктеме кезіндегі ентігуге, жүрек соғысына және аяқ қолдарының ісінуіне шағымданып түскен. Бала кезінде жедел ревматикалық қызбаны басынан өткізген. Объективті: Қалпы ортопноэ, артериялық пусльтің толуы әлсіз, жүрек шекарасы солға кеңейген. 1. Пациентте байқалатын ісінулерді ең тиімді төмендететін қандай препарат? (фуросемид, индапамид) 2. Қандай диуретик, Генле ілмегінің өрлемелі бөлімінде Na+Cl- - ко-транспортерді тежейді және науқасқа тағайындалады?(фуросемид) 3. Қандай препарат, альдостеронның қызметтік антагонисті болып табылады, науқасқа тағайындалу қажет? (спиронолактон) 4. Қандай препарат, миокардтағы метаболиттік үрдістерді жақсартады және науқасқа ұсынылады? (триметазидим) 5. Кардиопротекторлы және нефропротекторлы әсері бар қандай препарат науқасқа ұсынылады?(эналаприл, лизиноприл, периндоприл)
![]() |