Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тірек –қимыл жүйесі» модулі



Нұсқа

Жағдайлық есеп

Науқас Волкова М.,29 жаста, танертеннен бастап жарты күнге дейін қозғала алмаушылыққа, қозғалғанда және тыныштықта қол-бас буындарының ауруына шағымданды.. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауыр. Температура -37,5С. Тірек-қимыл аппараты: Ұсақ буындардың айқын деформациясы және дефигурациясы. Қол-бастары «морждың жүзбеқанаты» тәрізді, сүйек арасы бұлшықеттерінің атрофиясы. Пальпациялағанда ауырсыну және ісініу, проксимальды бунақаралық буындар аймағында тері асты түйіндер байқалады.

1.Қандай базисті препаратты науқасты емдеуге тағайындау қажет? (циклоспорин, азатиоприн, метотрексат)

2. Қандай базисті препарат –фолий қышқылдың антагонисті - науқасты емдеуге тағайындалу қажет? (метотрексат)

3.Қандай базисті препарат – эндогенді пуриндердің аналогы - науқасты емдеуде ұсынуға болады? (азатиоприн)

4.Әсер ету механизмі NFAT тежеумен байланысты, қандай базисті препаратты науқасқа тағайындауға болады? (циклоспорин)

5. Қандай базисті препарат –пуринді синтездің ингибиторы науқасқа тағайындауға болады? (азатиоприн)

6.Қандай базисті препарат, кальцийневринді және ИЛ – 2 синтезін тежейді және науқасқа тағайындауға болады? (циклоспорин)

7.Пациентке тағайындалған қандай гормональды препарат, буын ішіне енгізіледі? (метилпреднизолон)

Нұсқа

Жағдайлық есеп (ДОА)

Науқас Искакова Б.53 кешке жақын тізе буындарының ауыруына, қозғалыстын шектелуіне шағымданды. Буындағы аурудын пайда болуын механикалық ауыртпалықпен байланыстырады, тиыштық кезінде ауырсыну азаяды. Байқауда тізе буындары ісінікі, пальпациялауда ауырсыну бар, қозғалыста крепитация байқалады. Дисталды бунақ аралық буындарда тығыз симметриялық түйінді жуандалу байқалды.

1. Қабынуға қарсы және иммунодепрессивті белсенділігі бар қандай препаратты науқасқа тағайындауға болады? (преднизолон, метилпреднизолон)

2. Қандай препаратты пациентке тағайындағанда, пептикалық ойық жара пайда болу қаупі жоғарлайды? (диклофенак натрия, ибупрофен)

3. Қандай СЕҚҚЗ ЦОГға ұзақ әсер ететін ингибитор болып табылады және науқасқа ұсыну мүмкін? (диклофенак натрия)

4. Қандай таңдамалы ЦОГ-2 ингибиторы пациентте таңғы құрысуды, буындардың ісінуін азайтады және буындардың ауырсынуын бәсеңдетеді ? (нимесулид)

5. Қандай таңдамалы ЦОГ ингибиторы, ауырсыну синдромын төмендетуге ықпал етеді және зақымдалған буындарда қозғалу көлемін көбейтеді? диклофенак натрия, ибупрофен)

6. Қандай препарат ЦОГ тежеуіне байланысты қабынуға қарсы простагландиндердің түзілуін азайтады, ауырсынуды және зақымдалған буындардағы таңғы құрысуды төмендетеді? (диклофенак натрия, ибупрофен, нимесулид)

Нұсқа

Жағдайлық есеп (подагра)

Науқас Абрамов А. , 42 жаста, дене температурасы 38С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына, үлкен аяқ басы саусағының ісінкілігі және қызаруына,кенеттен ұстама ауруға шағымданумен емханаға түсті. Нашарлауын алкоголді соңғы үш күн қабылдаумен байланыстырады. Объективті: Тері жамылғысы дымқыл, дене температурасы 38С.. Буын асты тері көкшіл- қызыл түсті жарқырап тұр, ыстық. Буын қозғалысы ауырсынудан кенеттен шектелген. Қанның жалпы сараптамасы: лейкоциттер 11,8х10*9/л, СОЭ 36 мм/ч, қанның биох. сараптамасы: СРБ +, несеп қышқылы 0,65 ммоль/л, сиалды қышқылдар 180 бірлік.

1. Буындардың ауырсынуын азайту үшін, науқасқа қандай препарат тағайындалу қажет? (диклофенак натрия, ибупрофен, нимесулид)

2. Жедел ауырсынуды басу үшін науқасқа қандай СЕҚҚЗ тағайындау қажет (диклофенак натрия, ибупрофен, нимесулид)

3. Қандай СЕҚҚЗ өзіндік емес ЦОГ тың екі түрінде тежейді және ауырсыну синдромын басу үшін науқасқа тағайындауға болады? (диклофенак натрия, ибупрофен).

4. Қандай препаратты тағайындағанда, пептикалық ойық жара пайда болу қаупі жоғарлайды? (диклофенак натрия, ибупрофен)

5. Қандай таңдамалы ЦОГ-2 ингибиторы науқаста ауырсыну синдромын бәсеңдетеді? (нимесулид)

 

Нұсқа

Жағдайлық есеп (РА )

Науқас Соколова Л., 35 жаста, аяқ-қолдарының қозғалыс көлемінін мейлінше шектелуіне, қозғалғанда және тыныштықта қол-бас буындарының тұрақты ауруына шағымданды. Науқастанғанына 10 жыл. Объективті: айқындалған буын деформациясы және дефигурациясы. Шынтақ буындары анкилозы. Қолдын ульнарлы девиациясы, сүйекаралық бұлшықетін атрофиясы. Пальпациялағанда ауырсыну және ісінкілік байқалады. Қанның жалпы сараптамасы: лейкоциттер 9,0х10*9/л, СОЭ 31 мм/ч
Қанның биох. сараптамасы: белок - 75 г/л, холестерин 4,8 ммоль/л, фибриноген- 6 г/л СРБ ++.

1.Қандай белсенді, ұзақ әсер ететін гормональды препарат кортикостероид болып табылады және науқасқа ұсынылу мүмкін? (преднизолон, метилпреднизолон)

2.Қандай гормональды препараттың минералокортикоидты белседілігі жоқ және науқасқа ұсынылу мүмкін? (преднизолон, метилпреднизолон)

3.Қабынуға қарсы және иммунодепрессивті белсенділігі бар қандай препаратты науқасқа тағайындау қажет?(преднизолон, метилпреднизолон)

4. Әсер ету механизмі NFAT тежеумен байланысты, қандай базисті препаратты науқасқа тағайындауға болады? (циклоспорин)

5. Қандай базисті препарат – пуринді синтездің ингибиторы - науқасқа тағайындалу қажет? (азатиоприн)

Нұсқа

Жағдайлық есеп

Науқас Панова Р.,36 жаста танертеннен бастап жарты күнге дейін қозғала алмаушылыққа, қозғалғанда және тыныштықта қол-бас буындарының ауруына шағымданды. Диагнозды тұжырымдау қажет. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауыр. Температурасы -37,5С. Тірек-қимыл аппараты: Ұсақ буындардың айқын деформациясы және дефигурациясы. Қол-бастары «морж жүзбеқанаты» тәрізді, сүйек арасы бұлшықеттерінің атрофиясы. Пальпациялағанда ауырсыну және ісініу, проксимальды бунақаралық буындар аймағында тері асты түйіндер байқалады.

1.Қабынуға қарсы және иммунодепрессивті белсенділігі бар қандай препарат науқасқа тағайындалу қажет?(преднизолон, метилпреднизолон)

2. Әсер ету механизмі NFAT тежеумен байланысты, қандай базисті препаратты науқасқа тағайындауға болады? (циклоспорин)

3. Қандай базисті препарат – пуринді синтездің ингибиторы - науқасқа тағайындалу қажет? (азатиоприн)

4.Қандай базисті препарат, кальцийневринді және ИЛ – 2 синтезін тежейді және науқасқа тағайындауға болады? (циклоспорин)

5.Қандай белсенді, ұзақ әсер ететін гормональды препарат, кортикостероид болып табылады және науқасқа ұсынылу мүмкін? (преднизолон, метилпреднизолон)

Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Диклофенак натрия, нимесулид, ибупрофен
Рецепт жазу     Rp.: Tabulettam Diclofenac natri 0,1 (25 мг;50 мг;75мг) Da tales doses № 30 S. 1 табл. күніне 2 рет тамақтан кейін # Rp.: Dragee Ibuprofeni 0,2 Da tales doses № 20 S. 1 дражедан күніне 3-4 рет # Rp.: Tabulettam Ibuprofeni 0,2 (0,4 г; 0,6г) Da tales doses № 20 S. 1 табл. күніне 3-4 рет # Rp.: Tabulettam Nimesulidi 0,1 (0,2 г) Da tales doses № 10 S. 1 таблеткадан күніне 2 рет тамақтан кейін  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету СЕҚҚЗ – стероидты емес қабынуға қарсы зат  
Әсер ету механизмін сипаттау.   Диклофенак натрия, ибупрофен - таңдамалы емес ЦОГ тежейді; Нимесулид – таңдамалы ЦОГ-2 ингибиторы
Қолдану көрсеткіштері   Буын синдромы (ревматоидті артрит, остеоартрит)
Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, АІЖ ойық жара ауруы, асқазаннан қан кету
Рациональды біріктірілуі   СЕҚҚЗ + төмен дозадағы ГК; СЕҚҚЗ + базисті заттар

 

Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Преднизолон Метилпреднизолон Дексаметазон
Рецепт жазу   Rp.: Solutionis Prednisoloni 3% - 1 ml Da tales doses numero 3 in ampullis Signa. 3 мл к/т ұстамада. # Rp.: Tabulettam Prednisoloni 0,005 Da tales doses numero 50 Signa. 2 табл. 1 таб таңертең, 1табл. түсте # Rp.: Tabulettam Methylprednisoloni 0,004 (0,016 г; 0,032 г және 0,1 г) Da tales doses № 30 S. 1 таблеткадан күніне 3 рет # Rp.:Solutionis Methylprednisoloni 4 % - 1 ml Da tales doses № 5 in S. 3 мл көк тамырға # Rp.:Suspensionis Methylprednisoloni 40% - 2 ml Da tales doses № 5 in ampullis S. 2 мл буын ішіне күніне 1 рет # Rp.: Tabulettam Dexametasoni 0,0005 (0,016 г; 0,032 г және 0,1 г) Da tales doses № 30 S. 1 таблеткадан күніне 3 рет # Rp.:Solutionis Dexametasoni 0,4 % - 5 ml Da tales doses № 5 in ampullis S. 5 мл көк тамырға  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Глюкокортикоидтар
Әсер ету механизмін сипаттау.   1. Липокортин синтезінің индукциясына байланысты фосфолипаза А2 белсенділігі тежеледі. 2. Т-лимфоциттердің түзілуін тежейді
Қолдану көрсеткіштері   Дәнекер тінінің аутоиммунды аурулары.  
Жанама әсерлері. Остеопороз, ульцерогенді әсері, АҚ жоғарлауы, стероидты диабет, Иценко-Кушинг синдромы, бүйрек үсті безінің қыртысты бөлімінің атрофиясы.
Рациональды біріктірілуі   ГК + базисты заттар  

 

Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Циклоспорин
Рецепт жазу     Rp.: Сyclosporini 0,01 (25 мг; 50 мг и 100 мг) D. t. d. № 50 in capsulis gelatinosis Signa күніне 2,5 мкг/кг бастап  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Иммунодепрессант
Әсер ету механизмін сипаттау.   Т-лимфоциттерге таңдамалы әсер етеді. Циклоспорин кальциневринмен кешен түзеді, нәтижесінде NFAT дефосфорилденбейді, қалыпты жағдайда Т-лимфоцитерді белсендіретін IL-2 саны азаяды.
Қолдану көрсеткіштері   Дәнекер тінінің аутоиммунды аурулары.  
Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, бауырдың, бүйректің, үйқы безінің қызметтерінің бұзылысы, тромбоцитопения, анемия
Рациональды біріктірілуі   Циклоспорин +ГК
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Метотрексат
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Methotrexati 0,0025 (0,005г; 0,01 г) D. t. d. № 100 Signa 1 таблеткадан күніне 3 рет # Rp.: Sol. Methotrexati 2,5-2 ml (1 – 5 ml) D. t. d. № 10 in ampullis Signa 2 мл б/е .
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Иммунодепрессант
Әсер ету механизмін сипаттау.   Антиметаболит – фолий қышқылдың аналогы, жасушалы митозды тежейді
Қолдану көрсеткіштері   Дәнекер тінінің аутоиммунды аурулары.  
Жанама әсерлері. Лейкопения, анемия, лимфопения, тромбоцитопения
Рациональды біріктірілуі   Метотрексат + төмен дозадағы ГК; метотрексат + СЕҚҚЗ
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Азатиоприн
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Azathioprini 0,05 D. t. d. № 25 S 1,5-2 мкг/кг тәулігіне.
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Иммунодепрессант
Әсер ету механизмін сипаттау.     Дәрі тегі болып табылады, өзінің биологиялық әсері бойынша 6-меркаптопуринге ұқсас, кейін тиоиозинді қышқылға айналады. Азатиоприннің иммунодепрессивті әсері антиметаболиттік әсермен байланысты.
Қолдану көрсеткіштері   Дәнекер тінінің аутоиммунды аурулары.  
Жанама әсерлері. Лейкопения, тромбоцитопения, екінші ретті инфекция, токсикалық гепатит, алопеция, аллергиялық реакциялар.
Рациональды біріктірілуі   Азатиоприн + төмен дозадағы ГК

 

 



Просмотров 2737

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!